UF

НЕЛІКТЕН СТАКАН СЫҢҒЫРЛАП, МАСА ЫЗЫҢДАЙДЫ, АРА ГУІЛДЕЙДІ?

Категориясы: Ғылым


Шынында да, стаканға қасық ақырын ғана тиіп кетсе, дереу зың ете түседі. Неге зыңылдайды? Ол зыңыл қайдан шықты?

Бұның құпиясы оңай: қасық соғылғанда, стакан әйнегі болмашы ғана дірілдей бастайды. Сол сәтте стаканның айналасындағы ауа да дірілдеп, толқи жөнеледі. Ауаның дірілі біздің құлағымызға жетеді де, біз «зың» еткен дыбысты естиміз.

Дыбыс дегеніміз - ауаның дірілдеуі, толқуы, өзге ештеме емес. Ауа жоқ жерде дыбыс тумайды. Сондықтан Ай бетінде тұрып стаканды қасықпен соқсаң, яки тіпті қоңырау қақсаң да, «зыңылдаған» да, «даңғырлаған» да, ешқандай да дыбыс шықпақ емес. Айда ауа жоқ қой.

Стакан әйнегінің дірілдегені көзге көрінбейді. Оның есесіне, егер гитардың жуан ішегін қаттырақ түртсең, ішек қосарланғандай болып оның дірілдегені өте жақсы байқалады.

Міне, терезеден... бір жұмбақ жәндік ұшып кірді де, құлағыңның түбінен ызыңдай жөнелді: «ұшса - ызыңдайды, қонса - тым-тырыс». Бұл не? Әрине, маса. Бірақ біз жұмбақты түгел шешкеніміз жоқ. Біз әлі неліктен бұл маса ұшып жүргенде ғана ызыңдап, қонса - үнсіз қалатынын анықтауымыз керек.

Бар гәп - оның қанатында. Маса ұшқанда, оның қанаты дірілдей толқитыны әрі өте тез дірілдейтіні сонша, дыбыс шығарады. Ол дыбыс өте жіңішке, өйткені маса қанатын тым тез қағады. Оған қарағанда шыбын қанатын баяу серпиді, сондықтан оның үні жуандау. Ал араның даусы тіпті жуан - ол гуілдейді. Мұның себебі - жабайы ара қанаттарын одан да баяулау қағады (демек, ауаны баяу толқытады).

  Жарияланған-2016-09-04 13:01:00     Қаралды-7057

Мәлімет сізге көмек берді ма

«АССОРТИ» РАХАТ-ЛУКУМЫ

...

Бұл - жеміс мармелады сияқты тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОНЬКИ ТЕБУ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Көк мұз үстіндегі ұстараның жүзіндей коньки самғау кімді болса да елеңдетпей қоймайтыны баршаға аян сезім.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚҚАЛАҚ

...

Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚШЫ ТҰЙҒЫН

...

Балықшы тұйғын - қарағайлы орманның қарақшысы атанған батыл әрі жыртқыш құс. Ұясын биік кәрі ағаштың бұтақтарының діңге жақын жеріне салады. Сондықтан оны табу өте қиын. Ұясының ішіне жіңішке бұтақтарды төсейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨҚТЕМДІК ЖАНАРГҮЛ

...

Көктемдік жанаргүлдің шикізаты аптекаларда тұнба жасау үшін, ал заводтарда галенді препараттар мен гликозидтер алу үшін қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА, ӨРІК, ЖҮЗІМ КЕПТІРУ

...

Алма кептіру үшін тек піскендері ғана іріктеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »