UF

СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?

Категориясы: Табиғат


Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.

Ашық мұхит суының көтерілгенін байқау мүмкін емес. Өйткені су көтеретін толқын аса биік болмайды әрі оның жадағай етегі жүздеген шақырымға созылып жатады. Сол жадағай етек бір мезгілде жағаға барып тіреледі. Содан жайпаң жағаға қайтадан су жайылып, тіпті шарасынан асып керней түседі. Су көтерілген үстіне көтеріле береді, көтеріле береді, ақыры жағадан бірталай алыста тұрған үйлерге де жетіп қалады. Ақыры жағадан асып, шірене көтерілген тасқын судың күші бітіп кері шегінеді.

Мұхит жағалауында да осыған ұқсас құбылыс болады. Судың ең көп көтерілетін жері - мұхит шығанақтары. Ол өзі сүйір тұмсықтанып жататындықтан, мұхиттан еркін кірген толқын екі жағалаудағы жарқа-баққа қысылады да, тез көтеріле жөнеледі. Мұндай шығанақтардағы тасқын судың көтерілу деңгейі 5 қабат үйдің биіктігіне дейін барады.

Мұхит суының жағаға қарай көтерілуі неліктен? Табиғаттың осынау ғажайып құпиясының сыры тереңде, су астында жатқан болар?

Жоқ, керісінше аспанда екен. Судың көтерілуі мен қайтуын басқаратын Ай көрінеді. Сен, біздің планетамыздың Айды өзіне тартып тұрғанын жақсы білесің. Солай ма? Оған керісінше Ай да Жерді өзіне тартып тұрады. Айдың тарту күшінің ғаламаттығы сондай, ол мұхит айдынын біршама бүкірейтіп көтере түседі. Айдың тартылыс күшіне шыдамаған су аз да болса Айға қарай созылып, бейімделе береді. Ай Жерді айналған сәтте әлгі көтерілген су да магнит тартқандай Аймен бірге жылжып отырып жағаға келіп жетеді. Міне, судың көтерілуі дегеніміз осы. Ай мұхиттың басқа бір тұсын өзіне тартқан шақта манағы шірей көтерілген су қайтып, кері шегінеді, яғни Аймен бірге көтерілген су да екінші бір жаққа сапар шегеді. Алайда Айдың мұхит суын өзіне тартып, көтеріп тұруына Күннің де жәрдемдесетінін естен шығармаған жөн.

Ең ғажабы, Ай мен Күннің тартылу күші тек суға ғана емес, құрлыққа да әсер етеді екен. Осынау жұмыр жердің өзі, бүкіл қаласы, орман тоғайымен қоса тәулігіне екі рет шеңберінен созылып барып орнына түсетін көрінеді. Яғни мына сені мен біз, бүкіл көше, қала, ауыл-селомызбен бірге 30 сантиметрге көтеріліп, содан жайлап барып орнымызға келеді екенбіз. Бұл - жай көзге байқалмайтын құбылыс.

Оған қаншалықты күш қажет екенін ойлашы өзің?

Осынау ғаламат тартылыс күшін адам игілігіне пайдалануды ғалымдар ертеден бері ойластыруда. Оның кейбір амалы табылған да секілді. Көтерілген суды байлап, тоған жасау керек. Көтерілген кезде тоғаннан асып құлаған су турбинаны айналдырып, электр энергиясын өндіреді. Қайтқан кезде тоған ішіндегі су тағы да қызмет етіп, турбина доңғалағын айналдыруға тиіс. Міне, Ай өзінен қаншама алыс болғанымен, адам баласы оның да итілігін көруге талпынуда.

  Жарияланған-2016-08-26 15:45:51     Қаралды-21856

Мәлімет сізге көмек берді ма

Табиғи «Ванилинмен» бірдей хош иістендіргіш

...

Жиі қолданылатын хош исітендіргіштердің бірі – ванилин. Біз оны дәйім барлық жерде қосамыз. Пісіретіндерге, кілегейлерге, тәттілерге, дәйім барлық жеміс-жидек иістерге – барлық жерде ванилин бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Дәм қабық (корица) қосылған крандір

...

Тоқаш қамырынан жасалатын тағамды шығыс халқы осылай атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӘЙТЕРЕК

...

Астана қаласындағы сәулет өнерінің бірегей туындысы - «Бәйтерек» кешені. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы - А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Айтбалаев, инженер-конструкторы - М.Вахштейн, нтерьер дизайншысы - А.Оспанов; ал құрылысын «Имсталько

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮЙЕ ТІКЕН –

...

Түйе тікен - биіктігі 2 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, жоғарғы жағында бұтақтары көп болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫ

...

Наурызым қорығы 1934 жылы қарағайлы орман мен Қостанай облысының Наурызым ауданындағы далалы аймақтың шағын көлдерін (Наурызым, Торғай) сақтап қалу мақсатымен құрылған. Бұл жерді табиғи мұражай десе де болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »