UF

Дәм қабық (корица) қосылған крандір

Категориясы: Тағам


Тоқаш қамырынан жасалатын тағамды шығыс халқы осылай атайды.

Алдын ала езілген май құм шекермен,   көмірқышқыл аммониймен, жұмыртқамен және сірнемен біркелкі масса алынғанша араластырылады. Содан соң ұн қосып тағы да араластырылып иленеді. Қамырдың ылғалдылығы 17,5-19 процент, температурасы 18-20 градус болу керек.

Қамыр 20 грамнан домалақталып, созылады да (ұзындығы 190-210 миллиметрден) крандір формасына келтіріледі. Пісірер алдында қантқа дәм қабық араластырылып бір крандірге 1,5 грамнан келетіндей есеппен үстіне себіледі. Крандірлер май жағылған табақтарға салынып, пеш температурасы 240-260 градусқа жеткізіледі де 12-15 минут бойы пісіріледі.

Пісіріліп, салқындатылған тағам астына қағаз төселген астаушаларға салынады.

Бір килограмм крандір жасау үшін 562,3 грамм жоғары сортты үн, 224,9 грамм құм шекер, үстіне себетін 84,3 грамм шекер, 84,3 грамм жұмыртқа, 168,7 грамм - сарымай, 0,6 грамм көмірқышқыл аммоний, үстіне себетін 11,2 грамм дәм қабық және 16,9 грамм сірне жұмсалады.

Бұл тағамның түсі ашық қоңыр, крендель формалы болады. Үстіне қант пен қабық араластырылып себілуге тиіс. Ылғалдылығы 5-7 процент.

  Жарияланған-2016-03-15 16:03:13     Қаралды-2559

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШЕМАХЛИН МҰТТАҚЫСЫ

...

Ішіне тәтті заттар салып, ашытқы қосылған тоқаш қамырынан жасалған тағам осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ КӘЗИНЕГІ

...

Арасында күнжіт дәні көп болатын, карамель сияңты төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты қатты, шыныдай жылтыр тағам. Дайындалуы бадам кәзинегіндей.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?

...

Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОНЬКИ - ГОЛЛАҢДИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ

...

Спорттың бұл түрін мамандар, мұз үстіндегі балет өнерінің ең тандаулысы деп жүр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРБАН АЙТ

...

Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң «Құрбан айт» мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі - осы айтта құрбандық шалынады. Ораза айттағыдай, кұрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар мешітке немесе алдын ала белгіленген бір орынға ж

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ 35 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ

...

Әлемдегі барлық нәрсе туралы 35 қызықты факт

ТОЛЫҒЫРАҚ »