UF

ТАУШҮМІЛДЕК – ЖӨТЕЛ ПАЙДА БОЛҒАНДА

Категориясы: Өсімдікті


ТАУШҮМІЛДЕК – ПИОН УКЛОНЯЮЩИЙСЯ

Таушүмілдек – биіктігі 1 метрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры - ірі, қоңыр түсті, кейбіреулерінің салмағы 5-6 килограмға дейін жетеді. Тамырды сындырып қарағанда ішкі жағы ақ түсті болады. Аңқыған хош иісі бар, дәмі тәтті. Сабақтарының ұшында бір гүлі болады. Жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан, саусақтың салалары сияқтанып тілімделген, сағақтары қысқа. Гүлдері ірі, алқызыл түсті. Гүл тостағаншасы 5 қалақшадан тұрады, олар кейіннен өсімдіктің жемісіне жабысып жүреді. Гүл тәжісінің жапырақшалары бесеу. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Жемісі – піскенге дейін жалпақтау, бес жұлдыз тәрізді орналасқан бес қауашақ, піскеннен кейін бес жаққа жайылып кетеді. Тұқымы – эллипс тәрізді, ұзын, қара түсті, ірі. Шілде-тамыз айларында піседі. Ол көбінесе орманның шеттерінде, таулардың шалғындық беткейлерінде өседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігінің үстіңгі жағын гүлдеген кезінде, ал тамырын күзде жинап алады. Құрамында эфир майлары, салицин глюкозиді, илік заттар, алкалоидтер, смола, крахмал, қант, салицил қышқылы бар. Таушүмілдіктің тамырынан жасалған дәрілердің нерв жүйесін және ауырған жерлерді тыныштандыратын, асқазан бездерінің қышқылын көбейтетін қасиеттері бар. Осыған байланысты асқазан қабынғанда, асқазанға және ұлтабарға жара түскенде, ұйқы қашқанда, кісі қажып, нерв жүйесі әлсірегенде қолданылады.

Халық медицинасында оны бұл айтылғандарға қосымша іш өткенде, дененің әр жерімен қан кеткенде, дене қызуы көтерілгенде, жөтел пайда болғанда және ревматизм, қояншық ауруларын емдеуге қолданады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Тұнба: өсімдік тамырының ұнтақталған 2 ас қасығын 1 стакан суға салып 30 минут қайнатады да, 1 ас қасықтан 3 рет ішеді.

  Жарияланған-2016-07-15 14:47:03     Қаралды-1554

Мәлімет сізге көмек берді ма

ХОЛОПТАР - БҰЛ КІМ?

...

Холоптар – орыс мемлекетіндегі феодалдық тәуелді адамдар тобы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМДЫ ГРИЛЬЯЖ

...

Жармаланған бадам қосылған, қант-сірне шырынында қайнатылған, жалпақ төрт бұрышты шыны тәрізді қатты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ

...

Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВАНИЛЬДІ КИХЕЛАХ

...

Қамырдан жасалған құырма сияқты тағам осылай аталады. Бұл тағам қамырға химиялық қопсытқыш қосып дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАУШҮМІЛДЕК – ЖӨТЕЛ ПАЙДА БОЛҒАНДА

...

Құрамында эфир майлары, салицин глюкозиді, илік заттар, алкалоидтер, смола, крахмал, қант, салицил қышқылы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЛӨНЕРДЕ ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР

...

Шап-шағын кішкене қорапшаның жып жылтыр қақпағына алтындап өрнек салыныпты. Оның иесінің кім болғаны қазір белгісіз. Бұл бір кезде атақты Лукутин фабрикасынан шыққан темекі сауыт.

ТОЛЫҒЫРАҚ »