ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА
Категориясы: Өсімдікті
ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – ГЛЕДИЧИЯ ТРЕХИГЛАЯ
Үштікенді гледичия – биіктігі 40 метрге дейін баратын, тамыры жер бетіне жақын орналасқан, ағаш тәрізді өсімдік. Бұтақтары көп. Жұмыртқаға ұқсас майда тілік жапырақшалары болады. Өсімдіктің өн бойында ұзын-ұзын тікендері бар. Жасыл түсті, иісі аңқыған гүлдері сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады.
Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша. Жемісі – қызыл қоңыр түсті. Ұзындығы жарты метрге жуық қауашақ. Эллипс тәрізді, сопақша келген тұқымдары сол қауашақтарының ішіндегі ұяларда болады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Жемісі қыркүйек-қазан айларында піседі. Өсімдік бақта қолдан егіледі.
Дәрі жасау үшін өсімдіктің жас жапырақтарын сағақтарымен қосып, бүршіктері енді ашыла бергенде, сәуір айының аяқ жағына таман жинап алады. Жапырақтарды жинауды одан кешіктіруге болмайды, өйткені дәрілік қасиеттері жойылып кетеді. Құрамында трикантин атты алкалоид, флавоноидтар, С витамині, сапониндер бар. Трикантин қан тамырларын кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді. Өсімдіктен жасалған дәрілермен асқазанға, ұлтабарға шыққан жараны, іштің қатты бүріп ауырғанын, іштің қатуын емдейді.
Жарияланған-2016-07-15 17:36:09 Қаралды-3241
ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.
САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.
ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ

Шалкиіз Тіленшіұлы - қазақтың ортағасырлық жыраулық поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шамамен 1465-1560 жылдары өмір сүрген ол Батыс Қазақстан жерінде дүниеге келген. Шалкиіздің шығармаларына Қазтуған, Асан Қайғы және Қодан Тайшы ақындардың жырла
ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

Шапқы - түрлі металды қыздырып не құрғақ күйінде кесуге, шабуға, жаруға арналған асыл аспап. Шапқының да бірнеше түрі болады.
ӘЛЕМНІҢ 9 ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АҒАШТАР

Өсімдіктердің мыңдаған түрлері жер шарының түкпір-түкпірінде өсетін ғаламат ағаштар, оның ішінде 9 түрлері төменде келтірілген.
ЖАҢҒЫРЫҚ ҚАЙДА ТЫҒЫЛҒАН?

Шынында да, қызық, біздің ормандағы, таудағы, бос бөлмедегі айқайымызға құдды мазақ қылғандай қайталап үн қататын кім?