ҚҰРҒАҚ ЖЕМІСТЕРДІ АРАЛАСТЫРЫП ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Категориясы: Тағам
Кептірілген алма, алмұрт, сүйегі алынған алхоры, басқа да жемістер жылы сумен жуылып, ыдысқа салынады, қайнаған сумен шарпылып, қақпағы жабылады да, бір сағат ішінде бірнеше рет араластырылады. Содан соң тар көзді пышағы салынған, ет тартатын машинкадан өткізіледі де қант қосылады. Бәрі шағын қазанға салынып, аздаған су немесе жеміс тұнбасы құйылады да, салқындатылады. Сөйтіп алдын-ала май жағылып қойылған тақтайға немесе шереге жағылады. Жағылған массаның қалыңдығы 0,4 сантиметрден 1 сантиметрге дейін болу керек. Содан соң ол күн көзіне қойып кептіріледі. Әбден кепкен тағамды пышақпен алуға болады.
Дайын тағам түтікше сияқты етіліп оралады немесе шоколад секілді кесіледі. Бұл тағамды құрғақ жерде сақтау қажет.
Ащы жемістерден жасалатын кәмпитке қант қосылады.
Шикізаттар мөлшері әркімнің қалауынша салынады.
Жарияланған-2016-03-11 14:29:21 Қаралды-2131
ТАРЫ ТАЛҚАНЫ
Тарыны талқандап, сары-маймен, қант ұлпасымен араластырып, бұлғау керек. Бұл тағам көбінесе шай дастарқанына қойылады.
СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ
Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.
АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН
Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп.
АСҚАБАҚТАН, АЛМАДАН ЖӘНЕ ҚАУЫННАН ЖАСАЛҒАН САЛАТ
Асқабақ ұсақталып туралады да балмен араластырылады.
ГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Гравюра - бетін белгілі бір өрнек салынған ағаш тақтайдан көшірілген бедер сурет. «graver» - французша бірдеңені ою, нақыштау деген сөз.
ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.