UF

РЕПЕЙНИК – РЕВМАТИЗМ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Категориясы: Өсімдікті


РЕПЕЙНИК – РЕПЕЙНИК ОБЫКНОВЕННЫЙ

Репейник – биіктігі 1 метрге жуық, көп жылдық, шөп тектес есімдік. Сабағын төмен қарап ұйысқаң, қолға қатты тиетін түк басқан. Жапырақтары әр жерінен қауырсын тәрізді тілімделген, жоғарғы жағынан қарағанда жасыл түсті, төменгі жағынан қарағанда жасыл сұр түсті. Жапырақтарының кейбіреулері жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті. Гүлдері ұзынша келген, масақ тәрізді, сабағының жоғарғы жағында шоғырланған. Гүлдері алтындай сары түсті, гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен.

Репейник маусым айынан шілде айына дейін гүлдейді. Тұрғын үйлердің маңайында, бұталардың арасында, ормандардың шетінде өседі. Дәрілік мақсат үшін оның жер бетіндегі бөлігін жинайды. Құрамында илік заттар, эфир майлары, К витамині, пигменттер, ащы заттар, қышқылдар бар. Халық медицинасында бауырдың, өт қалтасының, асқазанның және ішектің ауруларын, сонымен қатар геморрой, ревматизм ауруларын емдеу үшін қолданылады. Оның тұнбасын балмен қосып қақырыққа қан араласып түскенде, бауырдың және өт қалтасының ауруларына байланысты өт жүрмей қалғанда, бүйрекке құм пайда болғанда пайдаланады. Ауыз уылғанда оны шаю үшін қолданылады.


Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Өсімдіктің ұнтақталған 40 грамын 2 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Балды әркім өзінің қалағанынша қосады.

  Жарияланған-2016-07-14 22:34:25     Қаралды-3625

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?

...

Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ЛУКУМ

...

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ ӘЙЕЛ МАТЕМАТИКТЕР БОЛДЫ МА?

...

Гипатия (370-415) антикалық дәуірдің алғашқы атақты әйел ғалымы болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ПЕЧЕНЬЕСІ

...

Кастрюльге қант, ұнтақталған жаңғақ және жұмыртқаның сары уызы салынып араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Әдемі – ақымақ дегенді білдірмейді

...

Егер сіз тіпті ескі американдық киноларға қызықпайтын болсаңыз да, сізге керемет әдемі актриса Хеди Ламаррдың түрі таныс шығар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ АЛУАСЫ

...

Қуырылған күнжіт дәні мен көпіршітілген белоктан жасалатын диаметрі 25-30 мм, ұзындығы 80-90 мм таяқшалар түріндегі тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »