UF

ҚАЙЫҢ - ҚҰЯН ЖӘНЕ РЕВМАТИЗМ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ

Категориясы: Өсімдікті


ҚАЙЫҢ – БЕРЕЗА БОРОДАВЧАТАЯ

Қазақстанда қайыңның 15 түрі өседі. Соның бірі - қотыр қайың. Ол - биіктігі 20 метрге дейін жететін тегіс, жылтыр ақ қабықты ағаш. Қабығында көлденең қара сызықтары бар. Бұтақтары жіңішке, майысқақ. Жапырақтары тықыр, кезектесе орналасқан, үш бұрышты немесе ромбы тәрізді, сағақтары ұзын. Гүлдері - гүл шоғына жиналып, сырғаға ұқсап салбырап тұрады. Аталық гүлдерінің ұзындығы 6 сантиметрге жуық, 2-3-тен бұтақтардың ұштарына орналасып, жерге қарай иіліп тұрады. Аналық гүлдері кішілеу, жеке-жеке орналасқан. Мамыр айында гүлдеп, тамыз-қыркүйек айында тұқым береді.

Қотыр қайыңның түкті қайың деп аталатын тағы бір түрі бар. Оның жапырақтарының екі жағында да мақпалдай түгі болады. Бұтақтарында қотыр қайыңның бұтақтарындағыдай желім тәрізді сүйелдері болмайды. Қазақстанда қайыңның бұл екі түрі Оралдан Алтайға дейін, Алматы облысынан Жоңғар Алатауына дейінгі аралықтарға кеңінен таралған. Дәрілік мақсатқа қайыңның жапырағын, бүршігін, қабығын пайдаланады. Ерте көктемде опың шырынын да алады.

Қайыңның жас жапырағы мен бүршігінде микроб өлтіретін заттар бар, сонымен бірге оның құрамында эфир майлары да, смола да, сапониндер де, витаминдер де аз емес. Қайыңның бүршіктерін ерте көктемде жинайды. Ал жапырақтарын мамыр айында ағаш гүлдеген кезде жинап алып, көлеңкеде кептіреді.

Қайыңның бүршігі мен жапырағы несеп пен өт айдайтын дәрі ретінде колданылады. Оны бүйрек пен несеп жолдары қабынғанда, жүрек бұлшық еттерінің қызметі нашарлап, денені ісік шалғанда пайдаланса, өте жақсы нәтиже береді. Ол үшін 1 шай касық қайың бүршігін қайнап тұрған жарты стакан суға салып тұндырады да, әр ішкенде 2 қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бірақ бүршіктің құрамындағы желімді заттардың бүйректі тітіркендіруі мүмкін. Сондықтан оны қайнатып ішкен кезде әлсін-әлсін дәрігердің бақылауынан өтіп тұрған дұрыс.

Қайың жапырағын несеп айдайтын дәрі ретінде қолданған жағдайда ол бүйректі тітіркендірмейді.


Қолдану тәсілі. 20 грамм қайың жапырағын 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады, суығаннан кейін ас содасын пышақтың ұшына іліп алып, тұнбаға қосады да, араластырып, 6 сағат тағы да тұндырып қояды. Сонда жапырақтың құрамындағы кейбір керексіз заттар стаканның түбіне шөгеді. Стакандағы бар тұнбаны сүзіп алып, 3 бөлікке бөледі де, 1 күн ішінде 3 рет ішіп тауысады.

Құяң және ревматизм ауруларын емдеу үшін қайың жапырағынан ванна жасап пайдалануға да болады. Оның бүршіктерінің спиртті ертіндісімен есекжемді, дене сыртындағы жараларды және асқазанның әр түрлі ауруларын емдеуге де болады. Қайыңның шырыны денедегі зат алмасу процесін жақсартады, ол - сонымен бірге витамині көп тамаша сусын. Қүніне қайың шырынының 3-4 стаканын ішуге болады.

Қайыңның қарамайы (деготь) әр түрлі тері ауруларын, қышыма қотырларды емдеуге қолданылады, ол «Вишневский» майының құрамында да бар. Шаш түсе бастаған жағдайда қайың жапырағының тұнбасымен басты жуса, өте жақсы нәтиже береді. Ал онымен көп терлейтін аяқты да жууға болады. Қайың жапырағын қара күйеге қарсы қолданған да жөн.

  Жарияланған-2016-07-13 16:39:42     Қаралды-6940

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛЬБОМ СӨЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Егер ежелгі римдіктен «Альбомның» не екенін сұрасаң, ол: «Альбом - ақ тақта. Латынша «альбум» - аппақ деген сөз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВАНИЛЬДІ ШЕКЕР-ПЕНДЕР

...

Құмшекер мен сірнеден шырын дайындалады да, 135-145 градусқа дейін қайнатылады. Дайын карамель массасын арнаулы столда 80-90 градусқа дейін салқындатып, аз-аздап ванилин қосылады. Содан соң илеп, машинамен не қолмен ақ жібектей болғанша тартылады, оның ше

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«АССОРТИ» РАХАТ-ЛУКУМЫ

...

Бұл - жеміс мармелады сияқты тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАРҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙДЫ?

...

Бұл мақалада барқыт киімдерді тазалау жолдары қарастырылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕНЕСАРЫ ХАН

...

Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушыс

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛДАР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

...

Егер судың мөлдірлігі тап ауа сияқты болса, онда кемемен жүзіп келе жатып тереңдегі небір тау жоталары мен шатқал шыңдарды, тіп-тік құлама жартастарды көруге болар еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »