UF

ЕСКЕРТКІШ

Категориясы: Өнер


 

Э.Фальконе. 1716-1791 жж. Бірінші Петрге ескерткіш.

Салт аттының тегеурінді қолы құз-құяның ұшар басына жете бере асаудың басын әзер тартып тоқтатты. Екінші қолын алыс қиырларға қарай сілтепті. Басын ұстауынан, отырысынан алапат күш пен ұланғайыр жігер сезіледі. Бұл - Бірінші Петрдің ескерткіші.

Ескерткіш - белгілі бір атақты адам мен тарихи оқиғаның құрметіне қойылған монументтік тас мүсін. Ол әлгі адам мен әлгі оқиғаны мәңгі есте қалдыруға қызымет етеді.

Бірінші Петрдің ескерткішін атақты француз мүсіншісі Этьен Фальконе жасаған. Ол 1766 жылы II Екатеринаның шақыруымен арбамен жол жүріп Парижден Петербургқа келді. Онымен бірге шәкірті, мүсінші әйел Мария Калло да келді.

Оларға берілген кішкене шеберханада бірден қызу жұмыс басталды. Фальконе Петрдің өмірін зерттеді, портреттерімен танысты, олардан көшірме суреттер салды. Оның өтініші бойынша арнайы жартас жасалып, оған сол замандағы шабандоз жігіттер атпен шауып шығып, құзға құлай бере атын тоқтатып көрсетеді. Алдыңғы аяғымен көкке шапшып әзер тоқтаған сыңар езу аттарды, оның үстіндегі жүрек жұтқан шабандоздың отырысын мүсінші ерінбей зерттеп, суретке түсіре берді.

Мүсінші ескерткіш жобасын жасау үстінде Бірінші Петрдің басын келтіре алмағанын байқады. Оны жасап көруді өзінің шәкіртіне тапсырды. Талантты бойжеткен оны бір түннің ішінде жасап шықты. Ол жасаған Петрдің от пен жігерге толы дидары соншалықты әдемі, соншалықты әсерлі!

Мүсінші белгілі бір адамның ескерткішін жасағанда, оның басқа адамдарға ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән, ала бөтен ерекшеліктерін қарастырып бағады. Фальконе де Петрді Россияның ұлы өзгертушісі етіп бейнеледі.

Екі қолын артына ұстап, басын сәл еңкейтіп, ойға шомған Пушкин біздің көз алдымызда тұр. Ол құдды бір өзінің болашақ жырының таңғажайып ырғағына елтігендей, тұңғиық ой үстінде. Бұл - Москвадағы ақын атындағы алаңға қойылған атақты ескерткіш. Оны жасаған мүсінші А. М. Опекушин. Ол ақынның сырт келбетін де, ішкі жан дүниесін де айнытпай жеткізе білген.

 

Москвадағы Қызыл алаңда Василий Блаженный храмының қасында Кремльге қарап И.П. Мартостың Минин мен Пожарскийге қойған ескерткіші тұр.

Мүсінші тарихты тыңғылықты зерттеп, Россияны поляк басқыншыларынан азат еткен нағыз ерлердің кісі тамсанарлық бейнесін жасай білді.

Мартос бұл ескерткішті жасауға 14 жыл уақыт жіберді. Екі мүсін жасалып болған соң Петербургтен су жолы арқылы Москваға әкелінді. 1818 жылы 20 февральда ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды.

 

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

 

 

 

 

  Жарияланған-2016-11-03 13:35:14     Қаралды-2605

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАКУ ПАХЛАВАСЫ

...

Бұл тоқаш қамырынан жасалатын тағам. Формасы қиғаш төрт бұрышты, ішіне алты қабат жаңғақ салынған және қант-бал шырыны сіңірілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

...

Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

...

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның қиыр солтүстігінде орналасқан. Облыс 1936 жылы 29 шілдеде құрылды. 1997 жылы кұрамына Көкшетау облысы қосылып, 1999 жылы оның үш ауданы мен Көкшетау қаласы Ақмола облысына берілді. Солтүстік Қазақстан облысының құра

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫ

...

Азот қышқылы - түссіз сұйық. Азот қышқылы барлық металдарға әсер етеді, күшті тотықтандырғыш.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЧЖАН ЦЯНЬ

...

Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық одақтар мен ертедегі мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымы, олардың өзара және Орталық Азиядағы көне иелектермен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді бізге Чжан Цянь жеткізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »