БЕХИ ДУЛМА (ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН АЙВА)
Категориясы: Тағам
Піскен айва жемісінің түктері алынып тасталып, ортасы дәнімен алынады да салқын сумен шайылады. Грек жаңғағының дәні ет тартатын машинадан өткізіліп, қант қосып араластырылады. Осы массамен дайындалып қойылған айва жемісінің іші толтырылады. Содан соң олар бу кастрюлінің қабаттарына салынып, 30-35 минут бойы буға пісіріледі. Шай дастарқанына қойылатын тағам. Халықтық медицинада салқын тигенде қолданылатын дәру болып та табылады.
Бұл тағамға 1 килограмм айва, 300 грамм грек жаңғағының дәні, 200 грамм қант жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 19:15:45 Қаралды-2608
ДІРІЛДЕКТІ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?
Үйітіліп, әбден тазартылған сиырдың сирағы бірнеше бөлікке бөлінеді де кастрюльге салынып, су құйылады.
ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?
Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.
Дәм қабық (корица) қосылған бисквит
Бұл тағам шайқалған қамырдан жасалады да арасына дәм қабық салынады.
ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?
Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.
МҮКЖИДЕК КӘМПИТІ
Мүкжидектің іріктеп алынып, жуылған жемістері кастрюльге салынып, үстіне су (1 килограмм жеміске 1 стакан) құйылады да жұмсарғанша қайнатылады.