ГРЕК ЖАҢҒАҒЫНАН ЖАСАЛҒАН КӘЗИНЕК
Категориясы: Тағам
Шыныдай жылтыр қатты, қант-сірне шырынында қайнатылған грек жаңғағынан түратын тағам. Мөлшері 40х40 мм төрт бұрышты болады.
Бұл да бадам кәзинегі сияқты дайындалады. Қақпағы тығыз жабылатын қаңылтыр қораптарға салынады да қағазбен желімделіп тасталады.
Бір килограмм кәзинекке 347,6 грамм қант, 173,8 грамм сірне, 556,2 грамм грек жаңғағының дәні, 0,17 грамм ванилин, майлау үшін 5,2 грамм сарымай жұмсалады.
Бір килограмында кемінде 65 данасы болады. Ылғалдылығы - 3 процент, қорапқа салғандағы массасы - 3 килограм, ең ұзақ сақталатын мер зімі - 3 ай.
Жарияланған-2016-02-23 14:29:31 Қаралды-1248
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ

Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан.
ШЕКЕР-ЛУКУМ

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.
Адамдар тұрмайтын тамаша қалалар

Заманауи адамы көп әлемде тұрып, планетаның адамдар тұрмайтын қалаларының бар екендігіне сену өте қиын. Бірақ, естігенге таңқаларлықтай болғанымен, шын мәнісінде осындай қалалар бар.
ҚАРА АЛХОРЫ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

Күріш күрмегінен тазартылып, жуылады, кептіріліп қуырылады. Мұқият жуылған қара алхоры жартылай дайын болғанша қайнатылады да дәндері алынып тасталып, жіңішкелеп тілінеді.
ЖАҢҒАҚ ПЕН ЖҮЗІМНЕН ЖАСАЛҒАН ДОМАЛАҚ

Тазартылып, қуырылған грек жаңғағы, іріктеліп, жуылып кептірілген жүзім (сүйегінен арылтылған) және кепкен нан ет тартатын машинадан екі рет өткізіледі.
СҮЗБЕ МАССАСЫ

Сүзбе жақсылап араластырылып, үккішпен үгітіледі де қаймақ, қант қосылып, бәрі жақсылап араластырылады.