ВАНИЛЬДІ КИХЕЛАХ
Категориясы: Тағам
Қамырдан жасалған құырма сияқты тағам осылай аталады. Бұл тағам қамырға химиялық қопсытқыш қосып дайындалады. Тиісті шикізаттардың ұннан басқасы алдын-ала микс машинаға салып біртекті массаға айналғанша араластырылады. Содан соң оған үн қосылады. Иленген қамырдың температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы 20-23 процент.
Қамыр 3-3,5 килограмнан бөлініп, қамыр жаятын машинаға салынады да 4-6 миллиметр қалыңдықта жайылады, үстіне жұмыртқа жағылып құм шекер себіледі. Содан соң қабаттар 40-45 миллиметр қалыңдықта қиғаш төрт бұрыштап кесіледі. Олар табақтарға салынады да пеш температурасы 200-220 градусқа жеткізіліп, 10-12 минут бойы пісіріледі.
Пісіріліп салқындатылған тағам түбіне қағаз төселген астаушаларға салынады.
Кихелахтың формасы қиғаш төрт бұрышты, ақшыл, құм шекер себілген, мортылдақ, бірақ үгітілмейді, ваниль иісі шығып тұрады. Ылғалдылығы – 8-10 процент.
Бір килограмм ванильді кихелах жасауға 544,2 грамм жоғары сортты ұн, 326,5 грамм құм шекер, үстіне себетін 54,4 грамм құм шекер, 70,7 грамм сарымай, 13,6 грамм құрғақ сүт, 81,6 грамм жұмыртқа, 0,3 грамм ванилин, 0,8 грамм аммоний және үстіне жағатын 16,3 грамм жұмыртқа жұмсалады. Егер қаймағы алынбаған сүт қолданылатын болса, үстіне су қосылады.
Жарияланған-2016-03-02 10:34:40 Қаралды-1350
ҚОС АЛУА

Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.
Амстердамда елес кораблі болған

Амстердамда жарық Фестивалі шеңберінде каналдардың бірінде елес кораблі пайда болды. Бірақ жергілікті тұрғындарға және саяхатшыларға қорқудың қажеті болмады. Себебі бұл жай ғана өзара қиылысқан төрт бұрқақтың көмегімен жасалған әдемі бір кескін еді.
АРПА - ДӘРІЛІК ӨСІМДІК

Арпа – биіктігі жарты метрге жететін, көпшілікке белгілі, бір жылдық, шөп тектес дақыл.
БАДАМ ҚАНТ

Тазартылған тұтас бадамнан тұратын, сырты балқыған қантпен қапталған тағам. Беті бұжыр, түсі қоңыр болады.
Кейбір кесірткелер қанмен атқылай алады

Бақа сияқты кесірткелер — игуана тәрізді тұқымдастардың қысқа аяқты және қысқа құйрықты кесірткелер түрі, жыртқыштардан қорғайтын бірегей қабілеті бар.
«КОУС», «КҮПУ» ДЕГЕН НЕ?

ХVІ ғасырдың басында әйгілі Магеллан Қытайдың оңтүстік пұшпағын басып өткенде отыз күн ойын-сауық болыпты.