АБЫЛАЙ ХАН
Категориясы: Тарих
Абылай хан (1711-1781 жж.) - қазак халқының әйгілі ханы, Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен өркендеуі және сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен байланысты. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Бір ұрыста үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға «Абылайлап» шабады. Осыдан бастап ол Абылай атанып кетеді. Абылай 1711 жылы арғы тегі Шыңғыс ханның ұлы Жошыдан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келген.
Абылай әкесі Уәлиден айырылып, жетімдіктің зардабын ерте тартады. Балалық шағы мен жасөспірім кезі қуғында өтеді. Ол атақты Төле бидің бақташысы болған деп те айтады. Абылайдың аты жоңғарлармен болған шайқаста әйгілі болады. Ұрыстардың бірінде жекпе-жекте жоңғардың батыры Шарышты өлтіріп, «Абылай» деген ұранмен жауға карсы шығады. Қазақ жауынгерлеріне жігер беріп, рухтандырып, шайқаста жеңіске жетеді. Осы жеңістен соң ол Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады.
1771 жылы Түркістанда Абылайды ак киізге көтеріп, қазақтардың үш жүзінің ханы етіп тағайындайды.
Абылай Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін қалпына келтіріп, ірі мемлекетке айналдырды. Ресей мен Қытай арасында жүріп, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. Екі мемлекетпен арақатынасты бірдей ұстап, халқының өз туған жерінің қожасы, өз тағдырының иесі болуын көкседі. Оның данышпандығы мен көрегендігі арқасында кең байтақ Ұлы Далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады.
Абылай хан он жыл билік жүргізді. Осы мерзім ішінде ешкімнің қолынан келе бермейтін істерді аткарды. Ол билік жүргізген он жылдың Дала тарихына Абылай дәуірі боп кіруі тегін емес. Сол уақытты қазақ халқы зор құрметпен еске алады.
Абылай хан 1781 жылы 70 жасында өмірден қайтты. Тарихи ұлы түлғаның денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қойылған. Халық жадында ол тәуелсіз Қазақ мемлекетінің символы іспеттес.
Жарияланған-2015-11-13 18:04:35 Қаралды-18192
ҚАПШАҒАЙ ТАҢБАЛЫ ТАСЫ

Қапшағай таңбалы тасы - Алматы каласынан солтүстікке қарай 100 км жердегі Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Қапшағай жазу-таңбалары біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың XIII ғасырлары аралығында ойып салынған.
ЖЫЛ МАУСЫМДАРЫ ТУРАЛЫ

Қөктем туады, жаз шығады, күз түседі, қыс келеді. Халықтың ұғым-тусінігіне орай қалыптасқан сөз тіркесі осылай айтыла ды.
ЖАЛАҢҚАТ

Жалаңқат - бір қабат қалың металдан тұтас етіп соғылатын сауыт. Кеуделік және арқалық бөліктен тұрады. Пішіні жеңсіз кеудеше тәріздес, белден сәл ғана түсіп тұратын қысқа болады. Бұл екі бөлік бір бүйірінен топсалар арқылы, екінші бүйірінен және иықтары т
ҚАЗАНАҚ - ДИЗЕНТЕРИЯҒА ҚАРСЫ

Қазанақ – қысы-жазы көгеріп тұратын, биіктігі 1 метрге дейін жететін, бас айналдырып, кісіні есеңгіретіп тастайтындай күшті иісі бар өсімдік.
КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.
ТЕРИ АЛУАСЫ

Бұл алуа көпіршік түзгіште қой майымен және мақта майымен қосып араластырылып, көпіршітілген карамель массасынан жасалатын біркелкі талшықты масса болып табылады.