UF

ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ

Категориясы: Тағам


Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.

Сілікпе массасын қайнату тәртібі мынандай: қазанға 24 литр су құйып, оған қум шекер ерітіледі. Алынған ерітіндіге лимон немесе шарап-тас қышқылы қосылады. Олар алдын-ала 1:1 қатынаста жылы суға ерітіледі. Осылай алынған қант ерітіндісін тесіктері 1,5 миллиметрден аспайтын сүзгімен сүзеді де қайната бастайды.

Сүзілген крахмал 6 литр салқын суға салынып ерітіліп, үстіне сондай мөлшерде қайнаған су қуйылады да ол қант шырынына қосылады. Қайнатқан кезде масса ағаш қалақпен үздіксіз араластырылып отырылады. Сонда оның түбі күймейді.

Қайнату процесі 3-3,5 сағатқа созылады. Масса ылғал қалдығы 20-21 процентке жеткенше қайнатылады да содан соң оған ванилин қосылып, әбден араластырылады.

Қайнатылған масса ыстық күйінде дюралюминий немесе биіктігі 20 мм, тот баспайтын ыдысқа құйылады. Ол ыдыстар алдын-ала сарымаймен немесе өсімдік майымен майланады.

Салқындатылғаннан кейін массаның үстіне қант ұлпасы себіліп, мөлшері 3 х 3 см етіліп төрт бұрыштап кесіледі.

Бір килограмын жасау үшін 500,0 грамм қант, 200,0 грамм жүгері крахмалы, 205,0 грамм қант ұлпасы (үстіне себуге), 1,0 грамм лимон қышқылы және 0,1 грамм ванилин жұмсалады.

Ыдысқа салар алдында тағамның бетіне қант ұлпасы мол себіледі, содан пергамент қағаз төселген жәшікке салынады.

Ванильді рахат-лукум тік бұрышты кубик формалы болады, бетіне қант улпасы себілуі керек. Түсі крем түсінен ақ сарыға дейін ауытқиды, дәмі тәтті, иісі жағымды, қосылған заттардың дәмі анық білініп туруы қажет. Қоюлығы сілікпе сияқты аздап созылып турады.

Рахат-лукумның құрғақ, температурасы 18 градус және салыстырмалы ылғалдығы 75 процент жерде сақталу мерзімі - 10 күн.

  Жарияланған-2016-03-01 14:56:50     Қаралды-2213

Мәлімет сізге көмек берді ма

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ

...

Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮМӘЛЛӘК

...

Бидайды су себелеп дымқылдап, үш күндей жауып қойып өндіру керек. Сол аздап өнген бидайдың 2-3 сантиметрдей көгі кесіліп тасталады да, қалған ақ түсті дәні жиналып алынып үстіне су салып езіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАРИХ... ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ... МАҒЫНАСЫ...

...

Олимпиада ойындары бүкіл әлем халқын бұл оқиғаны тыныстап тамашалауға мәжбүрлейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ ҚОСЫЛҒАН, БАЛ ЖАҒЫЛҒАН РУЛЕТ

...

Дайын қамыр мөлшері 20 х 25 сантиметрден келетіндей етіліп жайылады. Оның бір шеті екінші шетінен жұқалау болуы керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ

...

Үстірт қорығы 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылды. Үстірт қорығы Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЙЫТЫЛҒАН БАДАМ

...

Бұл - тазартылған бадам дәндері батырылған кілегей помадасынан тұратын дөңгелек формалы тағам. Бетіне карамель массасынан көз салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »