МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ
Категориясы: Технологии
Мұнай - Жер шарының шөгінді қабатында таралған жанғыш майлы сұйық зат. Түсі ашық қоңырдан қараға дейін өзгеретін мұнай жер бетінен 1,2-2,0 км-ден 5-15 км және одан да тереңде жатады. Ол газ тәрізді көмірсутектерімен бірге түзіліп, бірге жүреді. Сондықтан оны мұнайлы-газды алап дейді.
Мұнайды өндіру үшін бұрғылау мұнарасы орнатылады. Ол бұрғылау аспабынан (бұрғыбас), кен орнындағы қозғалтқыштардан, сондай-ақ жалғастырмалы құбырларды түсіруге және көтеруге арналған ұңғыма үстіне орнатылған көтергіш құралынан тұрады. Мұнараның биіктігі 9 метрден 60 метрге дейін жетеді. Ол көбіне пирамида тәрізді келеді.
Құбырлар арқылы мұнай ұңғымадан жоғары сору арқылы немесе әр түрлі реагенттер (ауа, газ) жіберу арқылы көтеріледі.
Табиғатта газдың да түрлері өте көп. Өндіру әдісі мұнайға ұқсас. Олар жанғыш және жанбайтын болып бөлінеді. Тұрмыста және өнеркәсіпте біз табиғи газдың метан, этан, пропан сияқты түрлерін пайдаланамыз.
Жер жүзінде жыл сайын 4,5 млрд тонна мұнай және 3,5 трлн м3 газ өндіріледі.
Жарияланған-2015-11-26 15:34:29 Қаралды-9252
ЖҮЗІМ МЕН ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА
Алма жуылады. Ортасындағы өзегі ойылып алынып, бірнеше жерінен тілінеді. Іріктелген сүйексіз жүзім жуылып, жармаланған жаңғаққа қосылады.
ТЕРІ МЕН БЫЛҒАРЫДАН ТІГІЛГЕН КИІМДЕР КҮТІМІ
Қандай киім болса да оның ажары таймай, қалы бұзылмай сақталуы киюшісіне байланысты.
ЖАҚТАУ
Суретші кенепке (холст) сурет салу үшін, ол теп-тегіс боп керіліп жату керек. Ол үшін жақтау жасалады.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ РАКУРС
Егер біз адамға не төменнен, не жоғарыдан қарар болсақ, оның әдеттегі кейпіне ұқсамай, өзгеріп сала бергенін байқаймыз. Өзінің денесінің бізге жақын тұрған бөлігі үлкейіп, алыс тұрған бөлігі кішірейіп кеткендей көреміз.
АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК
Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.