ШОКОЛАД НУГАСЫ
Категориясы: Тағам
Шайқалған кәмпит массасына жаңғақ пен какао қосылған тағам осылай аталады.
Жаңғақ дәні жақсылап іріктеліп, бөгде қоспалардан, қабықтарынан, бұзылған дәндерінен тазартылады да соңынан жаңғақ жармалағышқа салынып жармаланады. Какао ұнтағы еленеді.
Құм шекер мен сірнеден шырын дайындалады. Ол үшін шырын 10-15 минут бойы температурасы 118-125 градусқа жеткізіліп, әлсіз карамель массасының белгілері көрінгенше қайнатылады.
Дайын шырынның үштен бір бөлігі құйып алынып, температурасы 80-90 градусқа жеткенше салқындатылады. Шырынды қайнатумен қоса жұмыртқаның белогы ақ көбік пайда болғанша шайқалады да оған жіңішкелеп қант-сірне шырынының үштен бірі құйылып отырады. Бұл кезде ол қатты-қатты араластырылады. Бұдан соң біртіндеп қалған шырын құйылады. Содан кейін бәрі универсалды шайқағыш машинаға құйылып, 15-20 минут бойы ақ көбігі атқанша шайқалады. Шайқап бола бергенде массаға жаңғақ дәндері, какао ұнтағы қосылады. Бәрі мұқият араластырылады да алдын ала ұн себіліп қойылған столдың үстіне төгіледі. Салқындатылады.
Дайын масса әрқайсысы 2-3 килограмм келетіндей етіліп бөлінеді де 10-13 милиметр қалыңдықта жайылған массаның ұзына бойына сызықтар жүргізіледі. 2-3 сағат кептіргеннен кейін мөлшері шамамен 35 х 35 миллиметрден келетіндей етіліп кесіледі. Содан соң 40-60 минут бойы кептіріледі. Дайын болған нуга түбіне қағаз төселген астаушаларға салынады.
Бір килограмм нуга жасауға 584,1 грамм құм шекер, 292,0 грамм сірне, 35,0 грамм жұмыртқаның ақ уызы 81,8 грамм кептірілген жаңғақ (бұл 84,5 грамм кептірілмеген жаңғаққа пара-пар), 58,4 грамм какао ұнтағы және бөлген кезде себу үшін 23,4 грамм жоғары сортты ұн жұмсалады.
Тағам төрт бұрышты болып келеді. Түсі қоңыр. Беті қыртысты, арасынан жаңғақ дәндері керініп тұрады. Ылғалдылығы 8-10 процент.
Жарияланған-2016-03-01 12:00:03 Қаралды-1596
КҮЙМЕСГҮЛ

Күймесгүл - көпжылдық, өте улы өсімдік. Бұтақты сабағын қалың түк басқан. Гүлі күлгін қызғылт түсті. Жағымсыз иісі болғандықтан, мал да жемейді. Ұлпасынан қатты күйдіргіш зат бөлінеді. Жаңбырлы күндері гүлін бұтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін күйдір
АУРУ ТУҒЫЗАТЫН ГРИБТЕР

Ауру туғызатын грибтер - өсімдік текті өте ұсақ организмдер, олардың көбею жолы мен құрылысы бактерияларға қарағанда өте күрделі.
ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛГЕН ҚАЙЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі - қызыл кайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.
13 ЕҢ АТАҚТЫ ФИЗИКТЕР

Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді.
ТАМИМ ИБН БАХР

IX ғасырдың басында Араб халифатының өкілі Тамим ибн Бахр Кимек (Қимақ) қағандығына саяхат жасайды. Түркі тілдес кимектер Шығыс және Орталық Қазақстан жерін, Ертістің орта алабын мекендеген. Тамим ибн Бахр Ұлы Жібек жолында орналасқан белгілі Тараз қаласы