КЕРАМИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРЛЕРДІҢ БІРІ
Категориясы: Өнер
Ежелгі Мысыр керамикасы. Б.э.д. ІІ ғ.
Адамдар атам заманның өзінде-ақ саздан ыдыстар жасауды білген. Бертін келе оны су жібермейтін берік болу үшін пешке сап күйдіруді үйренген. Алғашқы заман адамдары әлгіндей қыш құмыралардың сыртына ою-өрнек салатын болған. Сүйте-сүйте адамдар сазды шарыққа салып ыдыстар жасауды үйренген. Ол үшін әбден иленген балшық дөңгелек табақшаға қойылады да, шарық шыркөбелек айналдырылады, сонда саз балшық өз-өзінен күпсіп көтеріліп құмыра кейіпке түседі. Сырт көзге, оңай көрінгенімен, керамика ептілікті, шеберлікті керек етеді.
Ежелгі Афинада құмыра жасау өнері өте айырықша дәріптелген. Қалада су, шарап сақтайтын әйгілі афина құмыраларын жасайтын жүздеген шеберханалар болған.
Ежелгі Афинаның керамикалар.
Кейін қазба орындарынан табылған ежелгі құмыралар мен олардың сынықтары қазір аса қымбатты бұйым ретінде музейлерде сақталады. Осынау қос құлақты амфоралар, қымбат иіс май құйылатын ұзын мойын құтылар, кішкентай немесе домалақ ыдыстар - арибаллалар күні бүгінге дейін ғажайып көркімен көз тартады.
Қыш табақшаларды шеберлер саздан жасап күйдіреді де, сыртына суретшілер сан қилы өрнек салады. Төменгі жағы мен ернеуіне әшекей өрнек салынады да, бүйіріне ежелгі грек мифтерінен бір көрініс бейнеленеді.
Кейбір қыш табақтардың қызыл қоңыр сыртына мөлт қара өрнектер салынады, немесе, керісінше әшекейдегі өрнектер қызыл қоңыр боп, арғы бөлегі мөлт қара боп келеді. Ежелгі Афина шеберлері пайдаланған осы бір мөлт қара бояудың құпиясы әлі күнге ашылған емес.
Керамика өнері біздің елімізде ежелден белгілі. Әсіресе, Дағыстанның Балхар селосы шеберлерінің өнері ерекше даңққа бөленген.
М.Врубель (1856-1910 жж.). "Мизгирь" Майолика.
Керамика өнеріне орыс суретшісі М. Врубель өте қызыққан. Москва түбіндегі «Абрамцево» музейінде оның көптеген қыш бұйымдары сақтаулы. Сен мына суреттен М. Врубельдің «Мизгир» деген майоликасын көріп отырсыңдар. Майолика - керамиканың ерекше бір түрі.
Керамика сәнді бұйымдар жасау өнеріне жатады.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-03 22:22:32 Қаралды-7555
АСҚАБАҚТАН, АЛМАДАН ЖӘНЕ ҚАУЫННАН ЖАСАЛҒАН САЛАТ

Асқабақ ұсақталып туралады да балмен араластырылады.
ТҮРІК ШЕЖІРЕСІ

«Түрік шежіресі» - Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы Баһадүр ханның шығармасы. ІІІығарма 9 тараудан және алғы сөзден тұрады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). Шежіреде түркі-моңғол тайпалары, Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің, Әб
Бізге қанша уақыт ұйқы керек?

Біз ұйқы қашан біздің миымыз және денеміз демалған кезде болдаы деп ойлаймыз. Бұл олай емес; ұйқы бұл көптеген маңызды процестердің, қалыпқа келулердің және күш жұмсаулардың өтетін белсенді уақыттары. Ұйқы – денсаулыққа өте маңызды. Бірақ, шектен тыс көп
Бразилияда 100 машина жанамалап жүре беретін жол бар

Қалалық бір аңыз бар, Монументальды білік әлемдегі ең кең жол болып табылады, ол жолмен «[100 - 160] автомобильдер жанамалап жүре алады».