КІЛЕГЕЙ ТАЯҚШАСЫ
Категориясы: Тағам
Бұл - жаңғақ қосылып кілегей помадасынан жасалған тағам.
Лещина жаңғағын алдын-ала жаңғақ жармалағышқа салып немесе ет тартқыштан өткізіп жармалайды. Құмшекер мен сүттен кілегей помадасы қайнатылады. Оны оттан алуға 10-15 минут қалғанда сірне қосылады. 115-120 градусқа дейін қайнатылған шырын арнайы столға жайылып, 40-45 градусқа дейін салқындатылады. Содан соң шырынды сарымай қоса отырып, машинамен немесе қолмен ашық қоңыр түсті ұсақ кристалды масса түзілгенше бұлғау керек. Дайын помаданың ылғалдылығы 8-12 процент болуға тиіс. Майдың бір бөлігі мен помаданың бір бөлігі (130 г май мен 200 г помаданы) кілегей таяқшасын бедерлеп әсемдеуге қолданылады. Дайын помада жаңғақтың ұсақ етіп жармаланған дәнімен араластырылады, иленеді және әр бөлігінің салмағы 700 грамнан келетіндей етіліп бөліктерге бөлінеді. Содан соң оларды жазып, диаметрі 60-70 мм, ұзындығы 200-220 мм таяқша шығатын формаға салу қажет. Формаға салынып дайын болған тағам қағаз төселген металл табақшаларға қойылып кептіріледі. Содан соң бедерлеуге қалдырылған масса дайындалады. Ол үшін май мен помада қолмен немесе микс-машинамен мұқият араластырылады. Содан соң металл елекпен еленеді. Қажеттілік туып жатса қыздырылады. Әсемдеу бедерлері тағамңың бетіне тұтас тегіс етіліп жайылады да үстіне помада жағылады. Әсемдеу бедерлері салқындағаннан кейін кілегей таяқшалар алдын-ала қағаз төселген кондитер астаушаларына салынады.
Бір килограмм кілегей таяқшасына 615,3 грамм қант, 35,0 грамм сірне, 615,3 грамм көп тұрып қалмаған сүт, 128,5 грамм сарымай және 155,8 грамм жаңғақ дәні жұмсалады.
Бұл тағам міндетті түрде формалы болады. Беті қыртыс-қыртыс келеді. Помадамен бедерлеп әсемделеді. Түсі - қоңыр. Ылғалдылығы 7,5 процент. Ыдысқа салғандағы салмағы - 6 килограмм. Ең ұзақ сақталатын мерзімі - 20 күн.
Жарияланған-2016-02-29 16:33:07 Қаралды-1987
ТАБАН

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.
ҚАБАТТАЛҒАН ПАХЛАВА

Ішіне жаңғақ салып, ашытқы қосылған қамырдан жасалған май мен балға салынған тағам осылай аталады.
СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ

Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.
АСҚАБАҚТАН, АЛМАДАН ЖӘНЕ ҚАУЫННАН ЖАСАЛҒАН САЛАТ

Асқабақ ұсақталып туралады да балмен араластырылады.
БЕХИ ДУЛМА (ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН АЙВА)

Піскен айва жемісінің түктері алынып тасталып, ортасы дәнімен алынады да салқын сумен шайылады.
ЖАҢҒАҚ-БАЛ КЕКСІ

Бал қантпен, жұмыртқамен, ұнмен араластырылып, төртке бөлінген грек жаңғағының дәндері және мейіз қосылады. Бұл масса алдын-ала май жағылып, дайындалған кекс формасына салынып пісіріледі.