АНИМАЛИСТ ДЕГЕН КІМ?
Категориясы: Өнер
ЖИДЕК іздеп орманды шарлап-шарлап әбден шаршаған кішкене қонжық кенет отыра кетті. Суретшінің шебер қолы қонжықтың ұйпа-тұйпа мамық жүнін, таңғала қараған аңғал көзін айнытпай жеткізген. Бұл - Евгений Иванович Чарушиннің суреті.
Кейбір суретшілердің туындыларының басты кейіпкері бірыңғай аңдар мен құстар болып келеді. Ондай суретшілерді анималистер деп атайды. Ол латынның «animal» («хайуанат») деген сөзінен шыққан.
Хайуанат дүниесі - мейлінше әр алуан әрі әсем дүние. Мәселен, кейбір құстар мен көбелектердің қанатында не бір әдемі бояулар сан құбылып, көздің жауын алады.
Бірақ осынау әдемі хайуанаттарды бейнелеу оңайға түспейді. Олар адамдар секілді суретшілердің алдына кеп, тапжылмастан сағаттар бойы отыра алмайды. Анималист суретшіге хайуанаттарды, олардың мінездері мен қылықтарын көз жазбай қадағалап жүруге тура келеді.
Біз тұратын жерлерде жан-жануарлардың бәрі ұшыраса бермейді, сондықтан да оларды еркін жүрген жерлерінен де, хайуанаттар бақшасында тұрған жерінен де қадағаламаса болмайды. Міне, темір тордың ішінде тарғыл жолбарыс ерсілі-қарсылы сенделіп жүр. Аяқ басқаны сондай мап-майда, азуын ақсита ашқан басы да онша үлкен емес.
Ал, анау ордың ар жағындағы төбешікте еңгезердей піл тұр. Оның бұжыр-бұжыр күлгін көн терісі мойыны мен екі тізесінің тұсында қатпарланып кетіпті.
Адамдар жан-жануарларды ежелден бері бейнелеп келеді. Ежелгі мысыр мүсіншісі қоладан құйған мысық неткен әсем!
Ал неміс суретшісі А.Дюрердің шығармасындағы өне бойына болат сауыт киіп алған мүйіз тұмсық қандай ғажап!
Валентин Серовтың Крылов мысалдарына салған суреттері арасында аузына ірімшік тістеген аңғал қарға да, айлакер түлкі де, сайңымазақ маймыл, Есек, Теке, маймақ Аюлар да бар. Суретші өзі кейіпкер етіп отырған жануарлардың әрқайсысына адамға тән әр қилы мінез-құлық бітіріп бейнелеген.
Белгілі совет суретшісі Василий Алексеевич Ватагин жан-жануарлар бейнесін салып қана қоймай, ағаштан ойып, тасқа қашап та бейнелеген. Оның шеберханасына кірсеңіз, жан-жағыңыздан тастан, ағаштан қашалған жолбарыстар, арыстандар, сілеусіндер, морждар және кісі күлерлік маймылдар анталай қоршап тұра қалар еді.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-02 13:02:28 Қаралды-5535
ЖАЗДЫҢ ЫСТЫҒЫНДА ШӨЛ ҚАНДЫРАТЫН СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Жаздың аптап ыстығында ішкен сап-салқын сусын мейіріңді қандырмай ма?
БАЛМҰЗДАҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТАР
БАЛМҰЗДАҚ – барлық дерлік балалардың және көптеген ересектердің сүйікті тағамы.
ҚЫМЫЗ АШЫТУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ
Қымыз дайындау үшін ең алдымен сауын биелерін іріктей білу керек. Сауылатын бие сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.
ТЕҢІЗДЕГІ ТЕЛЕГЕЙ СУ ҚАЙДАН КЕЛГЕН?
Егер глобусты шыр айналдырсақ, ол тек қана - көгілдір түсті болып көрінеді. Олай болатын себебі - оның бетіндегі сары, ақ, жасыл, қоңыр түске қарағанда көгілдір бояудың басымдығы.
ЕЖЕЛДЕН УАҚЫТ ҚАЛАЙ АНЫҚТАҒАН?
Бағзы замандарда қазіргідей сағаттар болмаған ғой. Бірақ уақытты біліп отыру адамдар үшін міндетті түрде қажет еді.
ТЕЙГЛАХ
Бұл - қантқа салып қуырған жаңғақтарға ұқсайтын, домалақтап пісіріліп қант пен балға салып қуырылған ұннан жасалатын тағам.