КҮНЖІТ ГРИЛЬЯЖЫ
Категориясы: Тағам
Бұл - күнжіт дәні мол салынған карамель сияқты тағам.
Мұның бір килограмын жасауға 435,0 грамм құмшекер, 217,5 грамм сірне, 435,0 грамм кептірілігі, тазартылған күнжіт дәні және 4,3 грамм сарымай жұмсалады.
Тағам төрт бұрыш немесе қиғаш төрт бұрыш формалы қатты, шыны сияқты, карамель массасы мен күнжіт дәнінен тұрады. Ылғалдылығы – 3-4 процент.
Шикізат әркімнің қалауынша алынады.
Жарияланған-2016-02-28 18:32:04 Қаралды-1777
ІЛЕ АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

Іле Алатауы ұлттық табиғат саябағы - Алматы қаласы іргесіндегі Алматы тау жотасында орналасқан. Саябақ табиғи кешендерді, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін қорғау мақсатында 1996 жылы құрылған.
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ

Досмұхамедов Халел (1883-1939 жж.) - қоғам және мемлекет қайраткері. Х.Досмұхамедов - тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетін жинап, насихаттаушы, аудармашы, дәрігер, ұстаз. Туған жері - казіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы.
ҚИМАҚТАР

Қимақтар - түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар одағын құрған.
ҚҰР

Кұр - орман құсы. Қазақстанда кұр, ак құр, тундра құры, сұр құр, меңіреу құр деген түрлері кездеседі. Ұяларын көбіне қайың ағашына салады. Кұрлар тобы қыс бойы бірге жүреді. Көктемнің басында бір-бірінен бөлініп, ерекше құрқылдап қораздана бастайды.
ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨҢІРІ

Қызылқұм өңірі - Әмудария (Өзбекстан) мен Сырдария (Қазақстан) өзендері аралығын алып жатқан құмды алқап. Басқаша айтқан-да, солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратаға ұласады. Қызылқұм кұмды алқабының аудан