ЖАЗУ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?
Категориясы: Тарих
Әр дәуірде адамдар тәжірибелері мен білімдерін өзгелерге әр түрлі тәсілмен беріп отырған. Адамзат тарихындағы тұңғыш кітап - бұл жартас бетіне таңбаланған тас кітаптар.
Месопотамияда тұрған адамдар бұдан сан мыңдаған жылдар бұрын балшыққа жазатын болған. Алдымен балшықтан тақта даярлаған. Тақтаның бетіне ұшталған таяқшамен сына тәріздес таңбалар түсірген. Бұл сына жазуы деп аталады. Американдық үндістер бизонның терісіне сурет-жазулар салатын болған.
Хабар-ошарды әр түрлі түйілген жіптер (кипу) арқылы да беруге болады екен.
Мынау тақтадағы бедерлер ертедегі египеттіктердің иероглифі. Мұндағы әр бедер бір- бір сөздің орнына жүреді.
Әлемнің әр түрлі елдерінде жазу материалы ретінде пергамент - жануарлардың иленген терісі пайдаланылған. Папирусқа қарағанда пергамент өте қолайлы еді: емін-еркін бүктеуге де болатын. Оның осы ерекшелігі жаңа пішінді кітаптардың пайда болуына мүмкіндік жасады. Кейбір халықтар жазу үшін қолда бар дүниелерді пайдаланды.
Ұлы Новгородтың және басқа да солтүстіктегі қалалардың ежелгі тұрғындары - қайың қабағына жазу жазған. Ал қазір дүние жүзіндегі кітаптар қағазға басылады.
Тибет кітабы қабат-қабат жиналатын жұқа тақтайшалардан жасалынған.
Жарияланған-2016-09-07 14:29:38 Қаралды-4336
ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ БАҚТАР МЕН САЯБАҚТАР

Әлемнің ең әдемі бақтар мен саябақтар виртуалды қыдыруға шақырамыз:
ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.
АТУ ҚАРУЫ

Қазақ халқының ату қаруы жақ (садақ) деп аталған Жақтар әр түрлі материалдар (ағаш, тарамыс, мүйіз, сүйек, тері, қайыңның тозы) пайдаланған бірнеше бөліктерден құралған. Жақтың жеке жасалып, атуға арналған бөлшегі - оқ.