ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ
Категориясы: Адамдар
Шалкиіз Тіленшіұлы - қазақтың ортағасырлық жыраулық поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шамамен 1465-1560 жылдары өмір сүрген ол Батыс Қазақстан жерінде дүниеге келген. Шалкиіздің шығармаларына Қазтуған, Асан Қайғы және Қодан Тайшы ақындардың жырлары үлкен әсер еткен.
Шалкиіз әскери ақсүйектер отбасынан шыққан. Өмірінің жарқын жылдары Темір бидің сарайында өткен. Оның кеңесшісі бола жүріп, өз халқына бидің әділдігі мен ақылгөйлігін көрсете білген. Жырау көп ел аралап, Қырым, Солтүстік Кавказ, Дон өзені бойында болған.
Шалкиіз - ұлы жыршы. Бізге жыраудың 600-ден аса өлең шумақтары жеткен. Белгілі өлеңдерінің бірі «Ер Шобан» туралы дастанында ақын батырдың ерлік істерін жырлайды. Шалкиіздің шығармалары адамға рухани күш беріп, даналық сөздері мақал мен мәтелге айналған. Ол «Дүниеге бекер келмедім десең, өмірде артыңда жақсы бір іс қалдырғаның дұрыс» деген өсиет қалдырған.
Өз халқының нағыз ұлы Шалкиіз жырау өз шығармаларында адамгершілікті, махаббат пен қайырымдылықты, өз туысына деген жанашырлық жэне Отанды сүю туралы толғанысын халқына жеткізе білген.
Жарияланған-2015-11-24 16:30:32 Қаралды-19681
ТҰЗДЫҒЫ КЕЛІССЕ - АС ДӘМДІ
Тұздық тағамға әр, нәр, сондай-ақ қышқыл дәм мен хош иіс береді.
МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?
Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.
ҚАЛАМПЫР - ГЕМОРОЙМЕН КҮРЕС
Түрлі түсті қалампыр – шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі.
ҚАЙМАҚ КЕМЕСЕ КІЛЕГЕЙ ҚҰЙЫЛЫП, ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ
Мұқият жуылған қара алхорының үстіне су құйылып, қайнағанша қыздырылады да содан соң 1,0-1,5 сағат бөктіріп қойылады. Бұдан кейін қара алхорының сүйектері алынады.