UF

ПАШМАҚ

Категориясы: Тағам


Бұл - әбден қайнатылған карамель массасынан жіп-жіңішке жіп сияқты етіп созылып жасалған, бір-бірінен оңай ажырайтын тағам. Түсі - ақ.

Карамель массасын қайнатпастан бұрын арнайы, майы деп аталатын массаны дайындап алу ұсынылады. Ол сарымай мен ұннан жасалады. Қазанға сарымай салынып қайнағанша қыздырылады да ұн себіліп, ұдайы араластырылып отырылады. Масса ылғалы әбден кеткенше, шамамен 15-20 минут қайнатылады. Түбі күйіп кетпес үшін оны үнемі араластырып отырған дұрыс. Пісірілген масса ылғалдылығы 3,5-4 проценттен аспауы тиіс.

Дайындалған май температурасы 70-80 градус кезінде (салқындап қалған болса, қыздырып) пайдаланылады.

Карамель массасы сірнесіз әзірленеді. Қайнатудың ортасында қосылатын сірке эссенциясының әсерінен қант ішінара инверсияға ұшырап (ажырап) отыратын болғандықтан, сөйтіп инвертті қант түзілетіндіктен карамель массасы қантқа айналмайды. Азғана суға қант (құмшекер) ерітіліп, 10 минут қайнатылады да содан соң сірке эссенциясы қосылады, ол масса тағы да 10-12 минут қайнатылады. Одан әрі ылғалдылығы 1,5-1,7 процент карамель алынғанша қайнатыла береді. Бастап қайнатқанда температура 100-105 градус, соңында 135-145 градус болуы керек.

Дайын болған карамель массасын арнайы столға жайып, 80-90 градусқа дейін салқындатылады, машинамен немесе қолмен ақ жібектей «жіп» болғанша созылады. «Жіптер» бір-бірімен жабысып қалмас үшін ұн қосылған май жағылады. Оларды бөліп-бөліп сілкеді. Сонда жіптей тартылмай қалған карамель массасы болмауы тиіс.

Бөлінген жіптер жалпақ қаңылтыр қораптарға (мөлшері 350х200х70 мм) салынады. Олардың қақпақтары тығыз жабылуы керек. Қораптарға салынған дайын өнімнің бетін ауыр да тегіс затпен басып тегістеп, қақпағы жабылады да, ішіне ауа кірмейтіндей етіп қағазбен желімдеп тасталады. Қорапқа 1 килограмм пашмақ кетеді.

Бір килограмм пашмаққа 916,0 грамм қант, 2,9 грамм сірке эссенциясы, 66 грамм сарымай, 66 грамм жоғары сортты бидай ұны жұмсалады.

Пашмақтың ылғалдылығы 2,5 процент, массасы - 1 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 15 күн.

  Жарияланған-2016-02-22 18:40:17     Қаралды-1524

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТТЕН ЖАСАЛҒАН СІЛІКПЕ

...

Қантқа қосып араластырылған жұмыртқаның сары уызы қайнатылған жылы сүтпен бірте-бірте ерітіліп, ыстың суға қойылады да, ұдайы араластырыла отырып, аздап қоюландырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӨКТЕН ЖАСАЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

...

Сөк әбден тазартылып, жылы суға салып жуылады. Суын сарқып төккен соң торға салып дегдітіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОЙБЫ ТАРИХЫНАН

...

Дойбы ойынының да тарихы өте ертеден басталатын өнер өнер беуге толық дәлел бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰМАЙ ҰЯСЫ

...

Сауыр мен Сайхан тауларын қақ жарып ағып жатқан өзеннің бойында құз жартас бар. Мұнда алып құс ұясының орны жатыр. Әбден сарғайып, көнеріп кеткен үлкен ағаш бұтақтарынан және шөп қалдықтарынан жиылған ұяны халык «Құмай ұясы» деп атайды. «Ұя осындай үлкен

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖІР ОЙЛАСЫ

...

Жеміс массасы мен жаңғақты қант-сірне шырынына қосып қайнатып, бадам және грек жаңғағымен әшекейлеген тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ

...

Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »