СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Категориясы: Соғыс
Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен; 2) қуалай соққан желдің әсерінен және өзеннің теңізге құятын сағаларында; 3) су астында жер сілкінудің салдарынан пайда болады. Мұнда аса ірі толқындар көтеріліп, жойқын кушпен жағалауға соғады, толқынның биіктігі 15-30 метрге дейін кетеріліп, таралу жылдамдығы сағатыпа 400-800 километрге жетуі мүмкін. Су тасқыны белгілі дәрежеде алдын ала болжауға болады, мұның өзі күні бұрын алдын алу шаралары комплексін жоспарлап, іске асыруға мүмкіндік беріп, құтқару жұмыстарын жургізуге қолайлы жағдай жасайды.
Жарияланған-2016-02-20 15:39:58 Қаралды-37795
ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ

Юань патшалығы - 1271-1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия және Қытай аумағында салтанат құрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалаған.
ТЕМІР МЕН БОЛАТТЫҢ ҚАЙСЫСЫ ҚАТТЫ?

Пионерлер металл сынықтарын жинаған кезде олар таудай ғып бір жерге үйгендері бір емес, екі түрлі металл екенін біле бермейді, өйткені олар түрі жағынан біріне-бір өте ұқсас.
АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҚАСИЕТТЕР

Адалдық - адам бойындағы кіршіксіз ақ, таза ниет, имандылық қасиет. Атам қазақ кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне көп мән берген. «Кісінің ала жібін аттама» (яғни, ұрлық жасама), «өтірік айтпа», «біреудің ақысын жеме» деген сияқты тыйымдар арқылы балалардың адал
ҚҰЛАН

Құлан - жылқы тектес тұякты жануарлардың бірі. Құлан «Қызыл кітаптың» қызыл парағынан орын алған. Оның тірілей салмағы 250-300 кг. Етінің дәмділігіне қызыққан аңшылар оны мүлде құртып жібере жаздаған.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.
КӨКПАР

Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.