КҮЙМЕСГҮЛ
Категориясы: Өсімдікті
Күймесгүл - көпжылдық, өте улы өсімдік. Бұтақты сабағын қалың түк басқан. Гүлі күлгін қызғылт түсті. Жағымсыз иісі болғандықтан, мал да жемейді. Ұлпасынан қатты күйдіргіш зат бөлінеді. Жаңбырлы күндері гүлін бұтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін күйдіріп жібереді. Орны қара дақ болып, көпке дейін кетпейді. Егер өсімдікті өртесе, жанып біткен кезде ешқандай өзгеріс болмағанын көреміз. Себебі отқа лап етіп жанатын - құрамындағы өте көп эфир майы. Осы қасиетіне байланысты өсімдік күймесгүл атанған.
Жарияланған-2015-11-26 14:24:10 Қаралды-3043
МҮКЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Мүкжидектің құрамында қант көп, лимон, бензой және хинин қышқылдары, пектин заттары, бояу заттары, С витамині бар. Халықтық медицинада - мүкжидек экстракты, сиробы, шырыны безгек ауруларымен ауырған адамның температурасын төмендетуге, құрқұлақ ауруын емде
«КАРАМЕЛЬДЕНГЕН БАДАМ» КӘМПИТІ

Бадам дәндері ыстық сумен шарпылып, қабығы аршылады да қоңыр тартқанша қуырылады.
БҮЛДІРГЕН ТҮРЛЕРІН ЕГУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ӨНІМ АЛУ

Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын өсімдік, қар қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын ауалы аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы жартылай жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын кө
БЕС САЛАЛЫ САСЫҚ ШӨП

Бес салалы сасық шөп – биіктіғі 1,5 метрге жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.