UF

ҚАРАТАУ

Категориясы: Табиғат


Қазақ жерінде Қаратау атты таулар бірнешеу. Ең көлемдісі - Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының орталығындағы орташа тау. Алыстан қарайып көрінетіндіктен Қаратау деп аталған. Ең биік жері - Мыңжылқыдағы Бессаз шыңы. Өзендерге, көлдерге тапшы. Негізгі өзендері - Бөген және Арыс салалары. Олар көктемгі еріген қар суымен молаяды. Таудың төбесі тегіс, көбінесе мал жайылады.

Бөген өзенінің жоғарғы жағындағы сайда «Әулие» деп аталатын үңгір бар. Үңгір миллиондаған жылдар бұрын пайда болған. Тереңдігі - 30 метр, ұзындығы - 150 метр. Үңгірдің топырағы тыңайтқыштарга бай. Ертеде құстардың мекені болған.

Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері (Төле, Әйтеке. Қазыбек) Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды. Жоңгар шапқыншылығы кезіндегі қазак халқының басынан өткізген қасіретті «Ақтабан шүбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1725 жж.) жылдары халық өлеңі «Елім-ай» осы Қаратау жерінде туған.

  Жарияланған-2015-11-25 18:20:06     Қаралды-11824

Мәлімет сізге көмек берді ма

АНАР ШӘРБӘТІ

...

Жас анардан сығып алынған шырын тот баспайтын ыдысқа құйылады. 1 стакан жылы суға қант езіледі. Олар шырынға қосылады да отқа қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

...

Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨТЕЛКЕЛЕРДЕН ІШУ ҚАУІПСІЗ БЕ?

...

Дүкенде суды таңдағанда, оның әртүрлі бөтелкелерде сатылатынын байқайсыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҮЛДІРГЕН ПЮРЕСІ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

...

Тазартылып, жуылған күріш суға салынады. Ол шала пісіріледі де сүт құйылып, әбден қайнатылады. Үстіне сарымай салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ҰРЫС ЖАБДЫҚТАРЫ

...

Ядролық ұрыс жабдықтары - зақымдаушы әрекеті ядролық жарылыстың энергиясын пайдалануға негізделген ұрыс жабдықтары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАД НУГАСЫ

...

Шайқалған кәмпит массасына жаңғақ пен какао қосылған тағам осылай аталады. Жаңғақ дәні жақсылап іріктеліп, бөгде қоспалардан, қабықтарынан, бұзылған дәндерінен тазартылады да соңынан жаңғақ жармалағышқа салынып жармаланады. Какао ұнтағы еленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »