UF

ЖӘҢГІР ХАН

Категориясы: Тарих



Атақты Есім хан дүние салған соң Қазақ хандығының тағына оның кіші ұлы - Жәңгір хан (шамамен 1608 - 1680 жж.) отырды.

Жәңгір хан 1645-1680 жылдар аралығында билік құрды. Жәңгір хан бүкіл өмірін құдіретті Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы құрылған. Жәңгір жас кезінде ойраттардың қолына түсіп, жеті жылдай тұтқында болады. Кейін ол серіктерімен бірге елге оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алады. Бұл кезеңдер қазақ-қалмақ арақатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болған. Ол ойрат, қалмақтармен шайқастарда батылдығымен, қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. Халық оны ерлігі, жауынгерлік жеңістері үшін «Салқам Жәңгір хан» деп атаған.

Жәңгір ханның билігі тұсындағы басты оқиға Орбұлақ шайқасы болды. Ол құрамындағы 600 сарбазымен 1643 жылы Орбұлақ мекенінде 50 мыңдық жоңғар әскерлерін күйрете жеңіп, жауды ел шетінен қуып жіберді. Бұл Қазақ хандығының тәуелсіздігіне төнген қауіпті бірер жылға кейін шегерген жеңіс еді.

Көреген де, тапқыр Жәңгір көрші түркі мемлекеттерімен тату тұрды. Жоңғар хандығына қарсы әскери одақ құрмақшы болды. Осы мақсатпен екі рет Моғолстандағы шағатайлықтарға елшілер жіберді. Самарқанд әміршісі Жалаңтөс баһадүрмен достық қарым-қатынас орнатты.

Ақылды, қайсар жауынгер Жәңгір хан өз Отанын - қазақ жерін басқыншы жоңғарлардан азат ету жолында 1680 жылы дүниеден қайтады.

Жәңгір ханның денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қойылған.

  Жарияланған-2015-11-13 17:09:17     Қаралды-10564

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТАЙТҰЯҚ – МАСКҮНЕМДІККЕ ҚАРСЫ

...

Құрамында эфир майлары, азорон, пинен, эвгенол, борнилацетат, танин, қоймалжың заттар, шайырлар, азарин деген алкалоид бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ

...

Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШҰЖЫҚ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

...

Шұжық дайындауға арналған жылқы еті 12 күн салқын жерге (34 градус) қойып сорғытылады, Бұл кезде шұжық тығылатын ішек те тұзды суға салынып қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДЫ ЕКІ РЕТ ҚАЙНАТУ ЗИЯНДЫ ЕКЕНІ РАС ПА?

...

Қайнаған кезде сұйықтық дәмі «бос» болады - оны ішу қиын, ал сусындар соншалықты хош иісті және дәмді емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫСТА ШЫРША ҚЫЛҚАНЫ НЕЛІКТЕН ЖАСЫЛ БОЛАДЫ?

...

Күздігүні барлық ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп қалады да, шыршалардын қылқандары жасыл күйінде түспей тұра береді?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САУЫСҚАН

...

Республикамыздың барлық аймағында басқа кұстармен қатар сауысқан да тіршілік етеді. Олар басқа құстардан жекеленіп, өздері ғана топтасып жүреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »