КҮМБЕЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Категориясы: Өнертабысты
Кейбір ғимараттар мен құрылыстардың төбесінің тіреусіз дөңес етіп жабылғанын көруге болады. Муны күмбез деп атайды. Күмбез көбінесе шеңберленіп, кейде көп қырлы етіп жасалады. Күмбез ғимарат төбесін жаба отырып, үстіңгі салмақтың қабырғаға біркелкі таралып түсуін қамтамасыз етеді.
Күмбез жасау б.з.б. III ғасырдан белгілі. Күмбез жасау ісі алғашқыда шыбықтарды иіп, балшықпен сылап, күрке жасау негізінде пайда болған. Уақыт өте келе күмбезді тастан және кірпіштен қалап жасайтын болған. Дөңес әрі үшкілденіп келетін күмбез жауын-шашыннан жақсы қорғайтын. Күмбез арқылы ғимараттың төбесін тіреусіз жабуға болатындығы және күмбездің ғимараттың сырт пішінін әсем әрі биік етіп көрсететін қасиеті оны кеңінен пайдалануға себеп болды.
Төбесі күмбезбен жабылған мазарларды да қазақтар күмбез деп атайды. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін сақталған күмбезді ғимараттар қатарына Жошы хан күмбезі, Алаша хан күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, т.б. көптеген мазарлар жатады.
Кейінгі жылдары да Қазақстанда төбесі күмбезді көптеген ғимараттар: «Арасан» емдеу-сауықтыру кешені, Оқушылар сарайы, Қазақтың Мемлекеттік орталық мүражайы, Ақтаудағы сауда-орталықғимараты, Алматыдағы Орталықмешіт, Астанадағы Президент салтанат сарайы, т.б. салынды.
Жарияланған-2015-11-23 19:39:29 Қаралды-10243
ҚАЙЫҢ - ҚҰЯН ЖӘНЕ РЕВМАТИЗМ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ

Қазақстанда қайыңның 15 түрі өседі. Соның бірі - қотыр қайың.
ФРЕСКА ҚАЙ КЕЗДЕРДЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН?

Ең ерте кездерден бастап осы заманға дейін суретшілер монументтік бейнелеу өнерінде фреска әдісін кеңінен пайдаланады. Ол италия тіліндегі «fresco» «Шикі», «жаңа жасалынған» деген сөзден шыққан.
ӨГЕЙШӨП – ШАШҚА ЖАҒЫМДЫ

Өгейшөптің жапырақтары тер шығарады, қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді.
Жержаңғақ динамиттің ингредиенті болып табылады

Сіздер динамиттің жержаңғақтың көмегімен жасауға болатындығын білдіңіздер ма?
КЕРАМИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРЛЕРДІҢ БІРІ

Адамдар атам заманның өзінде-ақ саздан ыдыстар жасауды білген. Бертін келе оны су жібермейтін берік болу үшін пешке сап күйдіруді үйренген.