ҚАПШАҒАЙ ТАҢБАЛЫ ТАСЫ
Категориясы: Тарих
Қапшағай таңбалы тасы - Алматы каласынан солтүстікке қарай 100 км жердегі Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Қапшағай жазу-таңбалары біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың XIII ғасырлары аралығында ойып салынған. Жарқабақтағы біріне-бірі жалғаскан, бірінің үстін бірі баса орналасқан тастардың 18-інде жазулар бар. Олардың негізгі бөлігі - ежелгі тибет жазуы түріндегі дұғалар мен ежелгі түркі әліпбиімен жазылған моңғол тіліндегі жазулар. Ежелгі түркі жазбалары әлі аударылып оқылған жоқ. Қапшағай таңбалы тасы ескерткішінің ең белгілісі - Үш Бұрхан (Будда) суреті. Ежелгі дәуірлерде сақ тайпалары будда дінінде болып, Күн, Жер, Соғыс құдайларына табынған. Бұрхан суреттерінің астына ежелгі моңғол тілінде, мысалы, «Ман-Да Буддаға сыйынамын» деген дұға бар. Бұл жазуларға кейіннен моңғол, жоңғар шапқыншылықтары кезінде жаңа мәтіндер қосылған.
Жарияланған-2015-11-18 18:54:41 Қаралды-3472
ШЕКЕР-ЛУКУМ

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.
КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ

Рим империясы құлағаннан кейін бірнеше жүз жылдарға созылған орта ғасыр дәуірі орнады. Ол кезде шіркеу тек жеке адамдарға ғана емес, мемлекеттерге де өктемдік етті.
ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛГЕН ҚАЙЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі - қызыл кайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.
ТІКЕН ЖИДЕДЕН (ТОШАЛА) НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

Тошала шілде-тамызда піседі. Тошаланы тұқымымен, өркен кесінділермен, өркенді сулатып топыраққа тигізіп, шетін ылғал топырақпен көміп қою жолымен көбейтіледі.