UF

ЖЕРДІҢ СЕРІГІ - АҢЫЗ АЙ

Категориясы: Ғарыш


Біздің планетамыздың бірден-бір табиғи серігі. Ол Жерден 4 есе кіші, 6 есе жеңіл. Айдың төбесіндегі аспан үнемі қап-қараңғы болып тұрады, сондықтан Күн жарқырап тұрған күндізгі уақытта да оның төбесінен жұлдызды көруге болады.

Ай бетінде тау көп, бірақ олар Жердегі таулардан өзгеше. Ортада - үлкен шоқы, ал оның жан-жағын қабырға сыртындағы қамал сияқты биік-биік жоталар қоршап тұрады. Мұндай таулар «шеңберлі» деп аталады. Осыған ұқсас таулар Күн системасына кіретін басқа да планеталарда, мысалы, Марста, Меркурийде бар.

Бұл - АЙДАҒЫ ТЕҢІЗДЕР.

Теңіз деп аталғанымен бұларда ешқашан су болған емес. Олар әлгі атауды өздерінің қап-қара түстеріне байланысты алған. Ай бетінде метеориттердің соғылуынан пайда болған шұқырлар (кратерлер) көп, жарықтар мен үшкір-үшкір тастар да жетерлік. Демек, Ай бетінде абайлап жүруге тура келер еді.

Луноход Жерден беріліп турған буйрық бойынша ешкімнің қатысуынсыз, дербес жұмыс жасады. Кейін оған көмекке тағы бір автоматты барлаушы - Луноход-2 ушып келді. Мұнда ол тура бір жыл бойы жұмыс істеді, Ай бетімен 37 шақырым жол жүрді.

Мынау - ЛУНОХОД, автоматты барлаушы. Ол мұнда корабльмен ұшып келіп қонды да, сыртқа шығып, жұмысқа кірісті. Түскен жерін бұрғылап, температураны өлшеп, әр түрлі тастар жинап, Ай бетін жан-жақты зерттеді.

Назар аудардыңдар ма, Ай бетінде секіру қандай оңай! Тасты да алысқа лақтыруға болады. Шынымен, Айға барған адам бірден осыншама күшке ие болып шыға келе ме? Жоқ, мұның құпиясы басқада. Ай Жерден 6 есе жеңіл екені естеріңде ме? Демек, оның өзіне тарту күші де Жермен салыстырғанда осыншама есе аз. Сондықтан Ай бетіне жеткізілген заттардың бәрі жеңілдей түскен, адамдар да салмағын азайтқан. Жер бетінде 84 килограмм салмағы бар адам Ай бетінде 14 килограмм-ақ болады! Міне, сондықтан да кенгуру сияқты секіру қиын емес.

Айда тіршілік етуге болмайды. Онда ауа да, су да жоқ. Әрі өте суық, бірак, адамдар болашақта Ай бетінде үй салып, ғылыми-зерттеу станцияларын орнатып, түпкілікті қонстанбақшы. Тіпті заводтар мен фабрикалар салу да ойларында бар. Дегенмен, Айда тек суық пен өткір күн сәулесінен қорғайтын арнаулы киім киіп, скафандрмен ғана жүріп тұруға болады. Себебі скафандрдың арқасында еркін дем алуға жететін ауа толтырылған баллон бар. Ал оның төбесіне бекітілген антенна адамдардың бір-бірімен радио арқылы сөйлесуіне жағдай жасайды.

  Жарияланған-2016-09-09 20:56:11     Қаралды-25778

Мәлімет сізге көмек берді ма

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРГЕ ЕҢ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

...

Кун жуйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Ол аса ыстық газдан тұратын, шар тәрізді аспан денесі болып саналады. Бүкілкүн жүйесі массасының 99,866%-і кұнде жинақталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

...

Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫ

...

1976 жылы 4 тамызда Марқакөл қорығы ашылды. Марқакөл қорығы Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Негізгі мақсаты - ормандарды, өзендер мен сұлу көлдерді табиғи қалпында сақтап қалып, онда өмір сүретін терісі бағалы жануарлард

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР ӘЛЕМІНДЕ НЕ БІР ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ТҰМСЫҚТАР БАР

...

Құстар әлемінде не бір таңқаларлық тұмсықтар бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕМІРДІ ҚАЙДАН АЛАДЫ?

...

Жер-жаһанда темір ұшан-теңіз: ол - сар шағыл құм арасынан, қызғылт-құба топырақ ішінен, қоңыр тас - кремнийден табылады. Керек десең су құрамында да бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »