ТҰРЫМТАЙ
Категориясы: Жануарлар
Сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстардың бірі - тұрымтай. Қазақ құсбегілері тез көндіккіштігі үшін көбінесе ұядан алып, баулып, баптайтын болған. Көгершіннен сәл-ақ үлкен, шағын құс. Тұрымтайдың бітімі сұлу, көзі мөлдір болып келеді. Дене тұркы - 30 см.
Тұрымтайдың жоны қара қоңыр, бауыры қызғылт, сұр болып келеді. Ұясын жерге, жартасқа, ағаш басына салып, 3-5 жұмыртқа басады. Балапандарын ұсақ жәндіктермен асырайды да, жетіле келе балапандарына ұсак құстар мен дала тышқандарын тасиды. Тұрымтай, әсіресе, ұсак құстарды ілетін ұшқыр құс. Онымен бөдене, бұлдырық тарғақ, қызғыш сияқты құстарды аулауға болады. Әдетте, тұрымтай алатын құсын теуіп түсіреді.
Тұрымтайды да қырғи сияқты бауырын оң қолдын алақанына жатқыза, уыстай ұстап, нысана еткен құсына тас сияқты лақтырады. Мұны құсбегілер тілінде «мүскектеп салу» дейді.
Тұрымтайдың басқа құстарда бола бермейтін бір ғажап қасиеті - адамға ерекше үйірсектігі. Міне, осындай қасиеті үшін тұрымтай қазақ құсбегілерінің сүйкімді де сүйікті құсы болған.
Жарияланған-2015-11-17 15:16:16 Қаралды-7166
СУ ТУРАЛЫ 15 ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Біз күн сайын сумен әрекеттесеміз: оны ішеміз, онымен тамақ әзірлейміз, жуынамыз, ыдыс жуамыз.
АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.
БРУНСЛИ ПЕЧЕНЬЕ

Тазаланған бадам шоколадқа қосылып, әбден ұсақталғанша үккішпен үгіледі. Жұмыртқаның ақ уызына қант қосылып, жақсылап шайқалады.
АЛХОРЫ КӘМПИТІ (пастила)

Піскен алхоры жуылып, сүйектері алынады, эмальды кастрюльге салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады.