ТОҒЫМ ХАН
Категориясы: Тарих
Тоғым хан да - Жәнібек ханның ұрпағы. Жәнібектің тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы. Тоғым хан елдің орталығында, оңтүстігінде билік кұрады. Сырдария өзені бойындағы қалалар Тоғым ханға қарайды. Бірнеше жыл билік құрып, берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады. Жан-жақтан анталаған көршілерімен корғаныс соғыстарын жүргізе отырып, бар кайрат-жігерін қазақ жерін қорғауға жұмсайды. Сондай шайқастардың бірінде Әмудария өзені бойындағы Жағат деген жерде Тоғым хан жау әскерінен жеңіледі. Сол жеңілісте Тоғым ханмен бірге қазақтың 37 сұлтаны қаза табады.
Осы «уақытша әлсіреу» кезеңінде Қазақ хандығының жағдайы нашарлап, бірнеше хандыққа бөлініп кетеді. Қазақ халқының көптеген жері жау қолында қалады. Мұның бәрі - бірліктің, ынтымақтың, ауызбірліктің жоқ болуының салдары. Сол себепті келесі қазақ хандарының басты міндеті - жау қолында қалған жерлерді азат ету, елдің бірлігін нығайту, мемлекетті күшейту болды.
Жарияланған-2015-11-13 16:28:54 Қаралды-6092
Дәм қабық (корица) қосылған крандір
Тоқаш қамырынан жасалатын тағамды шығыс халқы осылай атайды.
КЕМПІРҚОСАҚТЫҢ ЖЕТІ ТҮС
Аспан төрін айқара керіп кемпірқосақ орнапты. Оның түсі қандай? Дәлірек айтсақ, онда қанша түс бар? Күн спектрі қанша түстен тұратын болса, онда да сонша түс бар.
НЕЛІКТЕН ЖАТТЫҒУЛАРДАН КЕЙІН БҰЛШЫҚЕТТЕР АУЫРАДЫ?
Ауыр физикалық күш салудан кейін бұлшықет ауыруы бәріне жақсы таныс...