ҚАСЫМ ХАН
Категориясы: Тарих
Бұрындық ханнан соң хан тағына атақты Қасым хан келеді.
Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518 жж.) - қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы.
Ол Бұрындықтың тұсында ханның атты әскерлерін басқарып, қолбасшы батыр болған. Талай шайқастарда қол бастап, жеңіске жетіп отырған. Ол қан майдандағы жеңісті ерлігімен, ел басқаруға қосқан ақыл-кеңесімен, көрші елдермен байланыс орнатудағы саясаткерлігімен, жұртты соңына ертер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмаған. Бұрындық ханның дегеніне көніп, қалтқысыз қызмет еткен. Бірақ Бұрындық елдің сенімін ақтай алмай, Самарқандқа кетуге мәжбүр болады.
Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым хан билікті өз қолына алады. Ол он жылдай хан тағында билік жүргізеді.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Қазақ халқының саны артады, жері ұлғаяды. Қазақ әскерінің де саны көбейіп, атты әскері 300 мыңға жетеді. Оның кезінде Сырдария өзені бойындағы қалалардың барлығы қазақтарға өтеді. Ол таяу көршілермен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мәскеумен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. Ешбір жау елге соғыс аша алмайды. Халық тыныш өмір сүреді. Осылайша, дүние жүзіне қазақтардың даңқы тарап кетеді. Қазак еліндегі барлық сұлтандар Қасым ханды сыйлап, оның жарлықтарын екі етпей орындайды. Сол замандағы бір тарихшы: «Бұл елде Қасым хандай күшті хан болған емес», - деп жазады. Ал, қазақ халқы болса, Қасым ханды ұмытпай, оның ел басқарудағы тәртібін «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап, бүгінге дейін айтып келеді.
Керей хан мен Жәнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап, шаңырағын көтерумен ерекшеленсе, Қасым хан - сол хандықты нығайтып, жерін кеңейтіп, халқын көбейтіп, даңқын дүние жүзіне танытумен, қазақтың тұңғыш заң ережелерінің негізін жасаумен әйгілі болған ұлы хан.
Жарияланған-2015-11-13 15:47:38 Қаралды-22498
ФАРФОР ӨНДІРІСІНІҢ СЫРЫ НЕДЕ?
Фарфор ең жоғары сападағы ең асыл керамика болып саналады.
СЕМЕИ
Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.
ШАҚЫЛДАҚ
Сүт, жұмыртқа, май, ұн, құм шекер араластырылып, тұз салынады да тұщы қамыр иленеді.
АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.
ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ 35 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ
Әлемдегі барлық нәрсе туралы 35 қызықты факт