ШАЙТАНКӨЛ
Категориясы: Табиғат
Қазақстанның ең әдемі, көрікті жерлерінің бірі - Қарқаралы. Қарқаралы сілеміндегі көлдер мен өзендер, таулар мен қайыңды-қарағайлы ормандар ерекше сұлулықтарымен көз тартады. Бұғылы, Шаңкөз, Мәтен, Әулие, Қызыларай таулары ғажап көрінісімен көңіліңді баурайды.
Қарқаралы жері - тұнып тұрған аңыз-ертегі. Солардың ішінде Шайтанкөлдің адам білгісіз керемет сыры бар.
Шайтанкөл биіктігі шамамен 1200 м болатын Бұғылы тауының ең биік аңғарында, тау шыңында орналасқан. Оның бір беткейі еңкіштеу. Ал екінші жағы құлама тік жар. Таудың ең биігінде шағын тостағанға ұқсайтын мөп-мөлдір көл жатыр. Ұзындығы - 60 м, көлденеңі - 40 м.
Бұл көлдің Шайтанкөл аталуы тегін емес. Себебі тостағанның орта тұсы қап-қара болып, иірімденіп жатады. Көлге түсіп шомылуға адам өзінен-өзі жүрексінеді. Тағы бір қызығы - көлдің қарсы жақ жағалауларының арасының алыс еместігіне қарамастан, кейде келесі жағадағы адамдар көрінбейді. «Шайтан алып кетті ме, қайда кетті?» дегеннен Шайтанкөл атанып кеткен екен дейді.
Шайтанкөлдің таудың ұшар басына орналасуының өзі табиғаттың құдіреттілігі.
Жарияланған-2015-11-25 20:47:26 Қаралды-15425
ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ТУРАЛЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ФАКТІЛЕР
Біздің әлем таңғажайып және қызықты және бұл туралы көптеген дәлелдер бар.
ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?
Бүкіл күн жүйесіндегі ең үлкен, ең ауыр планета – Юпитер (Есекқырған) екен.
ҚЫПШАҚТАР
Қыпшақтар - түркі тілдес тайпалар. Қыпшақтар VII ғасырдан бері белгілі. Қимақтармен X ғасырға дейін тығыз қатынаста болып, олардың тайпалық одағына, кейіннен мемлекетінің құрамына кіреді.
ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!
«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.
ҮСТІРТТІҢ ТАС МҮСІНДЕРІ
Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау облысы аумағында орналасқан көтеріңкі, жазық келген Үстірт және оның кемерлерінің пішіндері адам қызығарлықтай. Дүние жүзінде теңдесі жоқ қыраттар мен кемерлер мыңдаған жылдар бойы жел мен судың әсеріне ұшырап, адам т
КОНЬКИ МҰЗДА СЫРҒАНАЙДЫ АЛ ЕДЕНДЕ НЕГЕ СЫРҒАНАМАЙДЫ?
Сен аяғыңа коньки байлап жатып, оның мұз бетінде сырғанауы табиғат заңдарымен толық үйлесетіні жөнінде ойланып бас қатырмайсың да.