КОНЬКИ МҰЗДА СЫРҒАНАЙДЫ АЛ ЕДЕНДЕ НЕГЕ СЫРҒАНАМАЙДЫ?
Категориясы: Спорт
Сен аяғыңа коньки байлап жатып, оның мұз бетінде сырғанауы табиғат заңдарымен толық үйлесетіні жөнінде ойланып бас қатырмайсың да. Ал енді дәл осы конькилерден түсер із айдын бетіне ғана емес... мың сан машиналар мен станоктарға да бастайтынын білесің бе?
Ол қалайша дейсің ғой? Қарастырайық.
Сонымен, коньки неліктен кедір-бұдыр мұзда да жақсы сырғанайды, ал жап-жалтыр тақтай бетінде былқ етпейді?
Себебі не? Себеп майлағышта. Коньки... майлағышсыз мүлдем қозғалмақ емес. Иә-иә, сырғанап келе жатқан коньки табанында әрқашан майлағыш болады. Қаймыжықтай жұп-жұқа су - конькидің майлағышы, міне, мәселе қайда жатыр! Коньки табанындағы мұз үнемі жіпсіңкіреп тұрады. Болар-болмас жіпсігенмен, соның өзі-ақ айдын бетінде зымырауға жетіп жатыр. Ал енді еденді, асфальтты, тасты қандай өткір конькимен тіліп өтсең де, ешқандай майлағыш пайда болмайды.
Конькиді машина, станоктармен не жақындастыратыны енді түсінікті ме? Иә, дүниедегі машина атаулының бәріне - құйттай сағаттардан бастап, ғаламат көтергіш крандарға дейін - түп-түгел майлағыш қажет! Әрине, коньки табанындағыдай ылғал емес, басқа - майлы майлағыш!
Автомобиль, комбайн, насос, лифт, тіпті өзі жүретін ойыншықтардың тетіктеріне дейін машина майларымен майланады. Кез келген доңғалақты майлап көрші - әрі оңай, әрі тез айнала бастайды. Ал майлағышы болмаса, доңғалақтар шиқылдап, сонан соң мүлдем қирап қалады. «Адам сыйлағанды жақсы көреді, машина майлағанды жақсы көреді» дейтін мәтел тегін шықпаған.
Жарияланған-2016-09-04 12:38:13 Қаралды-2289
ШИ БАУЫРСАҚ
Сүтке, жұмыртқа қосылған сорпаға иленген қамыр созылып, ұсақтап туралады да мол етіп май құйылып
АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?
Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?
Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ
Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан.
ШАШ КҮТІМІ
Әдемі жылтыраған шаш әйелдің сәнін келтіріп қана қоймайды, оның денінің сау екендігінің де куәсі.