UF

Кіріспе

 

Сауын сиыр шаруашылығында сүт өнімінің мол және экономикалық жағынан нәтижелі болуы сиыр табынының құрамына байланысты. Осыған байланысты сиыр табынында оларды ұстау мерзімін анықтау және мезгілінде сиыр табынының жас малмен толықтырып, кәрілерін уақытында шығарудың маңызы зор. Малдың өсуі, табынның сапасы және құрамы, сондай-ақ қалыптасуына байланысты.

Осы уақытқа дейін малдан өнімді көп алу үшін оның санын көбейту қажет болды, мұндай жағдайда әр сиыр табында 10-12 жыл пайдаланып, тек жылына 8%-ын ғана табыннан шығаратын. Көптеген зерттеулер бойынша сиырлар алты рет бұзаулағаннан кейін 1 кг сүт өндіруге 25% азық өлшемі артық жұмсалғаны байқалады. Сондықтан кәрі сиыр сүтінің өзіндік бағасы жас сиырларға қарағанда жоғарылау, әрине мұндай жағдайда оларды сиыр табынында ұстаудың қажеті шамалы. Сонымен сиыр табынындағы сиыр жасының шаруашылық экономикасына тигізетін әсері зор.

Көптеген асыл тұқымды сиыр шаруашылығының тәжірибелері бойынша жылына 8-10% кәрі сиыр шығарылады, оның орны жас сиырмен толықтырылады, ал осындай жағдайда сиыр табынын асылдандыру өте қиын, себебі табында сүтті аз беретін сиырлар қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда сиырлар тек шығу тегі арқылы сұрыпталады, көбіне Бұл тәсілден көп қателеседі, себебі сүт өнімінің тұқым қуалаушылық коэффициенті өте төмен. Ал сиырлардың дамуын, желін бөліктерінің біркелкілігін, тез сауылуын сұрыптау қиынға түседі.[1]

Еліміздегі және шетелдегі көптеген тәжірибелер бойынша сиыр табыны жылына бірінші рет бұзаулаған жас сиырлармен 25% толықтырылады, әрі осындай мөлшерде кәрі, ауру, сүт өнімі аз сиырлар сиыр табынынан бөлінеді. Сондықтан көптеген асыл тұқымды шаруашылыктарда қазіргі уақытта әрбір 100 сиыр 25-30%о бұзаулайтын жас сиырлармен толықтырылып, сүті төмен сиырлар сиыр табынынан шығарылуда. Ол үшін бірінші рет бұзаулаған сиырларды 3-4 айдың ішінде бақылау арқылы сүтін анықтау қажет, аса сүттісін сиыр табынын толықтыру үшін қалдырылған жөн. Мұндай жағдайда жыл сайын сиыр табынынан 25-27% сиыр шығарылады, оның ішінде 8-10% кәрі сиырлар, 5-6%о қысыр сиырлар және 11-13% сүтсіз сиырлар. Ф.Ф.Эйснердің деректері бойынша мұндай шаралардың сиыр табынының өнімін жоғарылату үшін маңызы зор. Іріктеп алу керек, төртіншіден, мемлекеттік асыл тұқымды мал станциаларына қарасты және аймағындағы шаруашылықтарда жаңа тұқымды мал фермаларын ұйымдастыру керек. Осындай үрдісте үлкен шаруашылықтар жаңадан асыл тұқымды мал зауытына айналады да, асыл тұқымды мал фермалары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары болады. Егер әр 100 сиыр мен қашардан жылына 90-100 бұзаудан алынса, оларды ұрықтандыру үшін таза тұқымды бұқалар пайдаланылса, онда аз уақытта асыл тұқымды мал фермалары маңайындағы шаруашылықтарды таза тұқымды бұқалармен қамтамасыз етсе, онда асыл тұқымды мал фермалары мол өнімді сиырлармен сүт комплекстерін де қамтамасыз етеді.

Ғалымдардың мәліметтері және селекциалық жұмыс бойынша қырдың қызыл, алатау, қара-ала, қызыл-ала сиырларының алдағы жылдары асыл тұқымды мал шаруашылықтарында сүті 3500-4500 кг, сүтінің майлылығы 3,75-4,1% болса, мал фермаларында сүті 3500-4000 кг сүтінің майлылығы 3,75-4,1%, сүт комплекстерінде сүті 3500-4000 кг, сүтінің майлылығы 3,75-4,1%, ал тауарлы фермаларда сүті 3000-3500 кг, сүтінің майлылығы 3,75-4,1%) болады. Сауын сиырлардың сүті көбейген сайын, оның өніміне азық өлшемі де аз жұмсалады. Мысалы, жылына алынатын 1500 кг сүт үшін оның 1 кг-на 1,7 азық өлшемі жұмсалса, 3000 кг сүт алу үшін, оның 1 кг-на 1,2 кг, ал 4500-5000 кг сүт сауылған уақытта 1 кг өндіруге 0,9 кг азық өлшемі жұмсалады. Сиыр сүтінің өнімі оның тірідей салмағына да байланысты. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтардағы сүтті сиырлардың тірідей салмағы жоғары болумен қатар, сүті де жоғары. Қырдың қызыл, қара-ала, қызыл-ала, алатау, симментал, әулиеата сиырларының қолайлы орташа тірідей салмағы 500-600 кг болуы тиіс. Сиыр сүтінің және тірідей салмағының жоғары болуы төлді дұрыс өсіруге байланысты. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында төлді өсіргенде, олардың тірідей салмағы, сол тұқымының 1 класс стандартынан 10-15% артық болуға тиіс. Сондай-ақ бұл шаруашылықтарда 6 айлығына дейін тәулігіне ұрғашы бұзаулар 700-800 г, еркек бұзаулар 900-1000 г, 6 айлығынан 12 айлығына дейін 500-600 және 600-700 г салмақ қосатын болу керек. Ал, тауарлы фермаларда ұрғашы бұзаулар 6 айға дейін 600 г, 6 айлығынан 12 айлығына дейін 500 г, 12 айлығынан 18 айлығына дейін 400 г салмақ қосып, 18 айлығында (бірінші рет ұрықтандыру алдында) тірідей салмағы 360-380 кг жетуі тиіс. [2]. Шаруашылықгардың мамандандырылуы және шоғырландырылуы. Сүтті сиыр шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі бір саласы, шаруашылықтарда сүт өнімінің көбеюі жем-шөптің қорына байланысты және малды асылдандырумен қатар сүтті сиыр шаруашылығының мамандандырылуы мен шоғырлануының да маңызы зор. Бұлардың бір артықшылығы - ол шаруашылықты жаңа технологиялық өндірістік негізінде дамытуға мүмкіндік береді. Көптеген авторлардың зерттеулеріне қарағанда бірқатар шаруашылықтарда мамандандыру және шоғырландыру нәтижесінде сүт өнімінің өзіндік құны едәуір төмендеген. Сондықтан шаруашылықтарға сиырларды көп шоғырландырылған пайдалы.

Курстық жобаның мақсаты: Сүт өндіру фермаларында прогрессивті технологияны қолданудың жолы, ол комплексті механикаландыруды жүзеге асыру және сүт өнімділігін арттыру болып табылады.

Курстық жобаның міндеті: басқа шаруашылықтардан және сүт комплекстерінен ұрғашы бұзауларды алып, оларды ұрықтандыру жасына дейін өсіру, сондай-ақ жоспарлы линиядан шыққан элита — рекорд және элита класты бұқалардың ұрпағымен қашарларды қолдан ұрықтандыру, оларды бұзаулауға дайындау мен оларды сүтейту және басқа шаруашылықтар мен сүт кешендерін бірінші рет бұзаулаған сиырлармен қамтамасыз ету.

 

1 Негізгі бөлім

  Әдебиетке шолу

1.1.1 Сапалы сүт алу және алғашқы өңдеу

 

Қ.Ш. Нұрғазы мағлуматы бойынша сиыр фермаларында сапалы сүт алу үшін, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Ал, сауыншылар, басқа да сүт өңдеуші жұмысшылар жеке-жеке гигиенаны дұрыс сақтауы қажет. Сүтті алғашқы өңдеу оны тазалаудан және суытудан басталады. Сүтті алғашқы өңдеу ГОСТ- тың талабына сай болуы қажет. Сүттің өңдеу температурасы 100°С кем болмау қажет. I сортты сүттің қышқылдығы 16-180 Т, ал тазалығы -бірінші топқа, редуктазасы - 1 класқа сай болуы қажет. II сортты сүттің қышқылдығы 16-200 Т, ал тазалығы бойынша екінші топқа, редуктазасы - 2 кластан төмен болмауы керек. I және II сортқа жататын сүттің тығыздығы (плотность) - 1,027 кем болмауы қажет.

1847 ж. Блондо сүт қышқылын ашу процестерінде түзілу мүмкіндіктерін көрсетті. Сүт қышқылына Л. Пастердің ең алғашқы микробиологиялық еңбектері арналған. 1868ж. Шульце сүт қышқылды бактериялардың шарап зауыттарында қолданылатын ашытқылардан алуға болатынын дәлелдеді. Бірақ та таза сүт қышқылды бактериялар тек 1877ж. табылды. Сонда Листер streftococcus lacfis бактериясын бөліп алды. Сол кездерде Дельбрнек сүт қышқылды ашуға қолайлы температураны анықтауға тырысты. Ол, салыстырмалы түрдегі жоғарғы температура, сүт қышқылының түзілуіне мейілінше қолайлы деген тұжырымдама жасады. [3]

Ең алғашқы болып өнеркәсіп масштабтарында сүт қышқылын алған Эвери болды. Сол кездерде нан жабуға қолданатын ұнтақты даярлаудағы, қолданылатын шарап қышқылды кальцийді сүт қышқылды кальциге ауыстыруға талпыныстар жасады. Бұл талпыныстар нәтижесіз болғынымен, сүт қышқылының басқабағытта, яғни жаңа салалардағы қолдануы арта түсті. 1887ж. бастап сүт қышқылын, ашыту процестері арқылы өндіру қарпынды дымыды. Нәтижесінде сүт қышқылын өндіру, өнеркәсіптің негізгі саласына айнала бастады. Қазіргі кездегі сүт қышқылын өнеркәсіпте – жүгері қанты, меласса және сүт сүзбесі арқылы алады.

Әрбір шаруашылықтағы сүтті алғашқы рет өңдейтін сүт бөлмесі болуы тиіс, оның негізгі міндеті сүтті тазалау және суыту, сонымен қатар, түскен сүтті есепке алу және сатуға ар-налған сүтті есепке алу.

Машинамен сауатын операторлардың алдында көптеген жауапты істер бар. Оған: сапалы сүт алу және сауу аппаратын күту, тазалау және сиыр желінін бақылау. Сиырларды сауып біткеннен кейін, сауын аппаратын жылы сумен шаю қажет. [4]

Жаңа сауылған сүтте биологиялық ерекше заттар бар, оған лизоцим және лактонин жатады, олар зиянды микробтардың көбеюіне кедергі жарайды. Сүттің температурасы дұрыс жағдайда, жақсы заттардың әсері 2 сағатқа дейін сақталады, ал сүтті салқындатқан уақытта, оның жақсы қасиеті көпке созылады. Сондықтан сүтті сауып болысымен оларды салқындату қажет. Сүтті салқындатудың ең оңай жолы, сүті бар флягтарды, суық ағынды суларға қою, ал екінші жолы компрессорлық қондырғыларды пайдалану. Әрине, ең алғашқы жүмыс, сүтті әр түрлі қоқыстардан тазарту және тезірек суыту. Сүтті тазарту үшін, флягқа құяр алдында фильтрден өткізеді. Фильтрден өткізу үшін, марло және лавсанды пайдаланады.

Сиырларды машинамен сауған уақытында, сауын қондырғыларында сүтті тазалау автоматты түрде өтеді.

Сүт фермасында технологиялық жұмыстарды механикаландыру

Сүт өндіру фермаларында прогрессивті технологияны қол-данудың жолы, ол комплексті механикаландыруды пайдалана білу. Сүтті сиырларды байлап үстау уақытында сүтті өндіру үшін ең тиімді технология кешенді механикаландыруды қолдану. Оған: сумен қамтамасыз ету және автоматты түрде суару, сиырларды сауу, мал азығын дайындау және тарату, қиын та-зарту жатады.

Сумен қамтамасыз ету әр шаруашылықтың жеке ісі, жалпы су қүбырына қосу арқылы және басқа да түрлері бар. Сиырлардың сиыр қорасында жеке-жеке суаратын автосуарғышы болады [2].

Сиырларды машинамен сауу, түрған орнында тасымалды сауу аппараты арқылы өтсе, олардың сүтін флягқа жинайды. Жаз айларында сиырларды сауу УДС-ЗА қондырғысы арқылы өтеді. Машинамен сауу алдында, сиырлардың желінін және емшегін бағалайды, олардың желіндері астау, тегене жөне дөңгелек тәрізді, ал емшектері цилиндір, немесе конус тәрізді болуы шарт. Осындай машинамен саууға бейімді сиырларды екі тактылы машина аппаратымен сауады. Сиырларды механикаландыру тәсілімен сауу, олардың сүтін алғашқы өңдеумен ұштастыру арқылы өтеді, оған сүтті тазарту және суыту жатады.

Мал азығын механикаландыру арқылы дайындау, оның са-пасы және рационының қүрамына байланысты. Оған: азықты үстау, жемдерді бір-бірімен араластыру, тамыр түйнекті азықтарды тазарту және оларды кесу т.б. жұмыстар. Ал, өте ірі шаруашылықтарда механикаландырылған азық цехтары болады.

Мал азығын тарату, механикаландырылған мобильді механизмдер арқылы іске асады.

Малдың қиын жинау механикаландырылған транспортерлар арқылы іске асып, қи қорына жиналады.

Үздіксіз-цех тәсілімен сүт өндіру арнайы цехтарды ұйымдастыру арқылы өтеді. Онда сиырлардың физиологиялық жағдайына қарай, бір цехтан екінші цехқа ауыстыру сауын маусымына, сауын мезгіліне және сиырлардың буаздығына байланысты өтеді.

Ал, сиырларды азықтандыру күнтәртібі әр цехта өзінше өтеді, ер цехтағы малдардың өзінше ерекшелігі болады. Осындай сүт өндіру тәсілі, сиырларды сүтейту үшін және сиырларды бұзаулату үшін маңызы зор. Сиырларды үздіксіз — цехта ұстап, сүт өндіру үшін, оны төрт цехқа бөлген: суалу, бұзаулату, сүтейту және қашыру, сүт өндіру. Сиырлардың әр цехта болу мерзімі, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. [5]

 

  1. Өнім бағыты және даму түрі

 

Қобылбаев Қ.П қазіргі уақытта малды жаңа технологиялық әдіспен бағып күтуде және оларды сүт кешендерінде жаңа тәсілмен азықтандырып, одан әрі асылдандыруда, олардың біркелкі болуы қажет. Сүтті сиырлардың стандарты, типі, дене пішіні өлшемдері, тірідей салмағы, өнімі, сауу машинасымен сауғанда сауылу жылдамдығы, сиыр желінінің сауу машинасына бейімділігі бірдей болған жөн. Сүт кешендеріндегі сиырдың сырт пішінін, еттілігі, сүйегінің беріктігі, аяқтары жақсы жетілмесе, жаңа өндірістік технологиялық сүт өндіру тәсіліне сәйкес келмейді. Сондықтан, сүтті сиыр тұқымына өндірістік технологиялық жолмен өсіру үшін, біріншіден, сырт пішіні жалпақтау және конституциясы мықты болуы керек; екіншіден, малға жем-шөпті көп беріп, одан алынатын сүт өнімін молайту керек; үшіншіден, организімі түрлі ауруларға қарсы тұра алатын төл алған жөн; төртіншіден, сиыр машинамен саууға және механикаландырылған қоражайға бейім болуы керек; бесіншіден, стандарт көрсеткіштері, дене өлшемі, тірідей салмағы. Сүті, сауылу жылдамдығы, азықтандырылу мезгілі бірдей болғаны дұрыс. Алтыншыдан, пішіні — сүтті типке сәйкес, денесі жалпақтау болғаны жөн. Мал сүйегі жақсы жетілуі, конституциясы мықты, кірегі терең әрі кең болуы тиіс. Дене құрылысында кемшілігі бар малды технологиялық сүт кешендерінде ұстауға болмайды. Ол кемшілікке мыналар жатады: көкірегі қысыңқы, шоқтығы биік, құйымшағы биік, конституциясы осал, және әр түрлі ауруларға шалдыққыш. Жаңа технологиялык, сүт кешендерінде бағып күтуі үшін, қырдың қызыл сиырының, әулиеата сиырларынын дене пішіні бір-біріне ұқсас, дене өлшемі мынандай болуы дұрыс: шоқығының биіктігі - 128-130, қүймышағының биіктігі - 133-135, кеуде тереңдігі - 70-71, кеуде ені 43-44, сербегінің ені - 50-52, таяқпен өлшегенде денесінің қиғаш ұзындығы - 154-155, жіліншік орамы — 18,5-19 см.

Ал дене құрлысының индекстері: Ұзындық индексі -120, кеуде индексі -61-62, жамбасы мен кеуде индексі -88-86, шомбалдық индексі -146-147 және сүйектілік индексі -14,5-14,6% болғаны жөн. Жаңа технологиялық сүт кешендеріндегі бұл сиырлардың желіні өте көлемді, дәнекер ткані көп, тостаған және дөңгелек тәрізді болу керек. Желінінің көлем өлшемі 130, ені 35 және ұзындығы 40 см кем болмауы керек, ері желін бөліктері тең дамығаны жөн, артқы екі бөлігінен 53-55% сүт сауылуға, ал емшегі цилиндір немесе конус тәрізді болуға тиіс. Емшек ұзындығы - 6-9, ені 2,2-2,8, ал емшектерінің ара қашықтығы 7-15 см, жерден биіктігі 50 см-ден жоғары болғаны дұрыс. Жаңа технологиялық сүт кешендеріндегі сиырлар тез сауылғыш және сүтті толығымен беруі қажет. Сүттің сиыр желінінен бөлінуін уақыт мерзімімен анықтайды. Сиырдың тез сауылғыштығы мен сауылатын алғашқы 3 минутының аралығындағы тығыз байланыс бар, Бұл байланыстың корреляция коэффиценті 0,52-0,88. Сиырдың тез сауылғыштығы онын сауылу уақытына, жалпы тәулік сүтінің «Елочка» және «Тандем» қондырғыларында саууға жарайтындығын, егер сиырдың сауылғыштығы минутына 1 кг-артық болса, содан білеміз. Сауылу уақыты сиырлардың сауу рефлекісіне сай келуі керек. [6]

Асыл тұқымды сиырлардың тез сауылғыш қасиеттері өздерінің ұрпақтарында да сақтаудың маңызы зор. Ғалымдардың дерегі бойынша Қазақстанда жоспарлы түрде өсірілет қырдың қызыл сиырының және әулиеата сиырларын. Типке жататын тез сауылғыш стандарт көрсеткіші болғаны жөн. Асыл тұқымды мал зауыттарында сауын сиырлардың тез сауылуы минутына 1,8-2,0 кг, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында 1,7-1,8 кг, асыл тұқымды мал фермасында 1,6-1,8 кг, сүт кешенінде 1,5-1,6 кг, тауарлы фермаларында 1,4-1,5 кг болады. Бұл стандарт көрсеткіштері, сиырларды одан әрі асылдандырған уакытта, жаңадан бұқа мен сиыр линияларын шығарғанда еске алынуы керек.

Қара ала, қырдың қызыл, алатау, симментал, сиырларын қолайлы сүтті типке асылдандыру жұмысы тұқымды таза өсіру тәсілімен жұпталып және сұрыпталып тұруы қажет. Асыл тұқымды табындарда сиырдың селекциялық тобы бөлінсе, тауарлы шаруашылық табындарынан асыл тұқымды сүтті типке жататын топ бөлінеді. Селекциялық топқа жататын қырдың қызыл сиыры сүтінің майлылығы 3,8, әулиеата сиырынікі 3,8% жоғары, сол сияқты сүт көрсеткіші I класс стандартынан 10-15% жоғары болуы тиіс. Өте сүтті сиыр сүтінің майлылығы одан 0,1-0,2% кем болса да, селекциялық топқа жатқызылады.

Сүтті типке жататын бұқа конституциясы мықты және дене пішінін бейнелейтін экстерьерінің кемшіліктері болмауы керек.

Ірі бұқалардың тірідей салмағы 900 кг-нан артық, бұқалық қасиеті және ұрығы жақсы болуы керек. Асыл тұқымды бұқалар өзінің жақсы қасиеттерін ұрпақтарына Бұлжытпай беруі тиіс. Келешекте сүт кешендері және механикаландырылған фермалар бақылау қорасынан сыннан өткен және технологияға жақсы бейімделген малдармен толықтырылып отыруы керек. [7]

 

1.2 Технологиялық бөлім

 

1.2.1  Шаруашылыққа сиптатама

 

 

«Ағайын» шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандыру және сұрыптау» тақырыбы бойынша Май ауданы «Ағайын» шаруа қожалығында келісім-шартты (№10ГЗ) жұмыс атқарылды..          

Шаруашылықтық келісім-шарт жұмысы Павлодар облысы Май аданы Баскөль ауылындағы «Ағайын» шаруа қожалығында жүргізілді. Онда өсірілетін 148 бас симментал тұқымды малдардың жас аралықтары:18 - құнажын, 13 - үш жасар, 37 - төрт жасар, 45 - бес жасар, 17 - алты жасар, 11 - жеті жасар, ал 7 - сегіз жастан жоғары ана малдар біздің ғылыми-тәжірибе орталығының нұсқауымен қолдан ұрықтандырылды, тік ішек арқылы жатыр мойнын ұстап (ректоцервикальдық) тәсіл арқылы. Күйіті келген ана малдарға «Асыл-түлік» АҚ-да Франция технологиясымен 0,25 мл. түтікше (пайет) күйінде дайындалып қатырылған шәуетті пайдаландық.

Сурет 1. Амур атты бұқасы

Ата малдың сипаттамасы - Амур атты бұқа № 11613, тұқымы симментал, линиясы - Верный, қандылығы 7/8 сим., шығу тегі Калмышенский асыл тұқымды зауд, шешесінің өнімділігі - 4950 кг. 3,8 %, шешесінің шешесі мен әкесінің өнімділігі - 5948 кг. 4,37 %.

Тік ішек арқылы ұрытандырылған 148 баст ана малды жылдың төрт мегілі бойынша ұрықтандырылғанын зеріттедік. Зерттеу есебі бойынша қыста 28 бас, көктемде 70 бас, жазда 22 бас, күзде 18 бас ана мал ұрықтандырылған. Бұл көрсеткішке қарағанда қыста 18,9 %, 48,2 %, 14,8 %, 12,1 %-ды көрсетіп отыр.

Жалпы ана малдың ұрық тоқтау дәрежесі 91 %. Дегенмен, зерттеу көрсетіп тәжірибе дәлелдегендей ересек сиыр мен құнажын топтарын бірінші рет ұрықтандырған қорытындыға қарағанда 71 % құнажындарға, 57 % сиырларға ұрық тоқтаған. Екі топты салыстыратын болсақ сиырға қарағанда, құнажындарға ұрық тоқтау дәрежесі 16 % жоғары екенін дәлелдеп отыр. Екінші рет ұрықтандырғанда құнажындардың барлығы іштенген, ал ересек сиырлар үшінші рет ұрықтандырылғаннан.

Біздің зерттеу нәтижесінен мынадай қорытынды шығаруға болады:

1) 148 бас симментал тұқымды ана малдардың 18,9 % қыста, 48,2 % көктемде,  14,8 % жазда, 12,1 % күз мезгілінде ұрықтандырылған;

2) ұрықтандырылған ана малдардың ұрық тоқтау дәрежесі 91 %. Жуан сиыр мен құнажын топтарын бірінші рет ұрықтандырғанда, сиырларға 57 %, құнажындарға 71 % ұрық тоқтағанын байқаймыз. Сиырға қарағанда, құнажындардың ұрық тоқтау дәрежесі 16 % жоғары;

3) Екінші рет ұрықтандыру арқылы құнажындардың барлығы іштенген, ал жуан сиырлар үшінші рет ұрықтандырылғаннан кейін буаз болған.

Жергілікті малға берілетін жем-азығы рационы (шөп + 3,0 кг қоспажем) бойынша сүт өнімі мөлшері тек 18,0-29,0 % құрады. Ал жергілікті рационға 8,0 кг сүрлем мен 5,0 кг  қоспажемді қосымша бергенде өнім мөлшері 48,0-56,0 %-ға дейін артты.

Осы себепті, жергілікті рацион мөлшеріне қосымша аир лотус өсімдігінен дайындалған сүрлем мен қоспажемді берген кезде бір айдағы қосымша сүт мөлшері 4,0-6,0 л дейін өсетіні белгілі болды.

 

1.2.2 Сүт фермасында технологиялық жұмыстарды механикаландыру

 

Сүт өндіру фермаларында прогрессивті технологияны қолданудың жолы, ол комплексті механикаландыруды пайдалана білу. Сүтті сиырларды байлап ұстау уақытында сүтті үшін ең тиімді технология кешенді механикаландыруды қолдану. Оған: сумен қамтамасыз ету және автоматты түрде сиырларды сауу, мал азығын дайындау және тарату, қиын тазарту жатады.

Сумен қамтамасыз ету әр шаруашылықтың жеке ісі, жалпы су қүбырына қосу аркылы және баска да түрлері бар. Сиырлардың сиыр қорасында жеке-жеке суаратын автосуарғыш болады.

Сиырларды машинамен сауу, түрған орныңда тасымалды сауу аппараты арқылы өтсе, олардың сүтін флягқа жинайды. Жаз айларында сиырларды сауу УДС-ЗА қондырғысы арқылы өтеді. Машинамен сауу алдында, сиырлардың желінін және емшегін бағалайды, олардың желіндері астау, тегене және дөңгелек тәрізді, ал емшектері цилиндір, немесе конус тәрізді болуы шарт. Осындай машинамен саууға бейімді сиырларды екі тактылы машина аппаратымен сауады. Сиырларды механика тәсілімен сауу, олардың сүтін алғашқы өңдеумен үштастыру арқылы өтеді, оған сүтті тазарту және суыту жатады.

Мал азығын механикаландыру арқылы дайындау, оның сапасы және рационының құрамына байланысты. Оған: азықты ұстау, жемдерді бір-бірімен араластыру, тамыр түйнекті азықтарды тазарту және оларды кесу т.б. жұмыстар. Ал, өте ірі шаруашылықтарда механикаландырылған азық цехтары болады.

Мал азығын тарату, механикаландырылған мобильді механизмдер арқылы іске асады.

Малдың қиын жинау механикаландырылған транспортерлар арқылы іске асып, қи қорына жиналады. [8]

Малдарды азықтандырғанда, олардың рационында витаминдер мен минералды заттардың болуын қадағалайды. Қолда ұстау мезгілдерінде азық рационында шөптің әр түрінің, сүрлемнің, тамыр түйнекті және арнайы қоспа жемнің бар екенін қадағалайды. Жаз айларында жазғы жайылым және қосымша жемді пайдаланады.

Бұзаулау цехында 4 секция бар: бұзаулауға дейінгі 10 күн; бұзаулау 1-2 күндік; бұзаулағаннан кейінгі 14-15 күн, төртінші секция (профилакторий) бұзаулардың туғаннан кейінгі 20 күні.

Бұзаулау секциясы 9 м2 мөлшерімен есептелінеді. Жаңа туған бұзаулар өз енесінің сүтін емеді. Бұзаулағанға дейінгі секцияда сиырларды байлап ұстайды. Оларды сапалы шөппен және 1,5-1,8 кг сұйытылған жеммен қамтамасыз етеді.

Жалпы сиырларды азықтандыру, олардың физиологиялық ерекшелігіне сәйкес болу жағдайын қарастырады. Алғашқы 3-4 күнде сиырларға сапалы шөп беріп, одан кейін жемді қоса бастайды. Сиырлар бұзаулаған күннен 14 тәулік өткенде толық рационға көшіріледі. Бұзаулау цехында операторлардың жұмысы үш сменадан тұрады және қосымша мал дәрігерлік бақылауда болады.

Сиырларды сүтейту және кашыру цехына малдар 14-15 күннен кейін әкелінеді. Бұл цехта сиырларды азықтандыру мэселесіне көп көңіл бөлінеді, тәуліктік сүтіне қарай, сүтейту үшін косымша 1,5-2 азық өлшемін артық береді. Сиырлардың сүтіне қарай, оларды үш топқа бөледі: аса сүтті, орташа сүтті және аз сүтті — деп. Сиырларды сүттілігіне қарап әр деңгейде азықтандырады. Шөпті, сабанды, сүрлемді барлық топтағы си-ырларға бірдей таратса, ал жемді және тамыр түйнекті азықтарды, сиырлардың сүттілігіне қарай қамтамасыз етеді. Сиырларды сүтейту цехында әр сиырдың сүтін жеке есептейді. Күнделікті сиырларды серуендетуге шығарады, әрі сиырларды мезгілді уақытында қашыруын қадағалайды.

Сиырларды сүтейту және қашыру цехынан кейін, оларды топ-тобымен сүт өндіру цехына ауыстырады. Бұл цехта сиырлардың сүттілігінін жоғары деңгейде болуын қадағалап, олардың буаздығын және уақытында суалуын қадағалайды. [9]

 

1.2.3 Тұмса сиырларды сүтейту

Егер шаруашылықта арнайы бақылау қорасы болмаса онда сиыр қораларынан орын әзірлейді. Шағылыстырылған қашарлар сиыр табынынын 25-30%, сиыр табыны 1000 сиырдан тұрса бақылау қорасынын сыйымдылығы 250 мал орны болады. Алғашқы бұзаулайтын сиырлар бақылау қорасында 3 айға дейін сыннан өтіп, олардың сүті анықталады. Әсіресе, сүттілігіне, сүтінің майлылығы мен белогына, желінінің жақсы жетілуіне,   сүтіне   азық   өлшемінің   аз   жұмсалуына,   сондай-ақ   жаңа технология   бойынша   механикаландырылған   сиыр   қораларына   карай бейімділігіне көп көңіл бөледі. Осы бақылау қорасында асыл тұқымды бұқалардың ұрпақтарының өнімділігін бағалайды. Бақылау қорасындағы қашарлар   тәжірибелі   сауыншыларға   бекітіледі   (әр   сауыншыға   25-30 қашардан).   Сауыншылар   оларды   бұзаулатуға  әзірлейді,   бұзаулағаннан кейін, оларға сүтейту шараларын қолданады. Оларды бақылау қорасында байлап ұстайды,  күніне бір рет (далаға 4-4,5  км жерге) бақташылар серуендетеді. Әсіресе қашарлардың желініне көп көңіл бөлініп, таңертеңгі және кешкі сиыр саууда желінін жақсы жетілдіру үшін уқалайды. Осының нәтижесінде қашар желінінің дәнекер тканьдары жақсы өседі және төрт бөлігі бірдей қалыптасады, емшектері де жетіліп машинамен саууға рефлекс тудырады. [10]

Профессор А.С. Всяких сиыр желінін мақсатты дамытуды үш кезеңге бөледі:

Бірінші айда Алғашқы аптада желінді уқалайтын орындағы станокқа үйретеді. Ол үшін желіні мен емшегі аз ғана уқаланады. Екінші аптада желіннін әр бөлігін (екі колмен бірдей уқалайды) 4-5 минуттан уқалайды, емшегі аздап-аздап созылып, тартылады. Үшінші аптада желінінің әр бөлігін екі қолмен бірдей уқалайды, жоғарыдан төмен қарай уқалап, емшегін төмен тартады, сипалайды, мұндай өдіс 4-5 минутқа созылады. Төртінші аптада желінінің алдыңғы екі бөлігіне көп көңіл бөледі, себебі артқы екі бөлігіне карағанда олар нашарлау жетіледі. Бұл аптада да уқалау әдістерін жоғарыда айтылғандай қайталайды. Уқалауды бітер кезінде желінді жоғары көтереді, мұндай әсер бұзаудың сиырды емгеніне үқсайды. Уқалау 5-6 минутқа созылады.

Екінші айда желінді уқалау толығымен өтеді, әрбір бөлігіне екі қолдың алақанымен жоғарыдан төмен немесе керісінше уқалайды. Ең алдымен желіннін сол жағын, содан соң оң жағын уқалап, желінді төменнен жоғары қарай бірнеше рет итерумен аяқтайды. Әсіресе желіннің алдыңғы бөліктеріне көп көңіл бөледі. Екінші айда сиыр желінінің әр уқалауына 6 минут бөлген дұрыс.

Үшінші айда. Екінші айда желінді қалай уқаласа үшінші айда оны қайталайды. Бұл айдың үшінші аптасынан бастап уқалауды азайтады және уқалағанда тек қана төменнен жоғары қарай баяулатады, кейде 3-4 минуттай ғана сипайды. Бұзаулауына 15-20 күн калғанда желін уқалауды тоқтатады. Бұл уақытта оларды сауу апаратында үйретеді. Ең алдымен сауу машинасын жанына қояды, олар көреді және кейде иіскейді. Екі күннен кейін апаратты жүргізеді, оны жүргізген уақытта оған қалай әсер еткенін бақылайды. Мал бұған енгенен кейін, олардың емшегіне сауу стакандарын кигізіп, тез суырып алады.

Қашар желінінің жақсы жетілуіне және алғашқы бұзаулаған
сиырлардың сүтеюіне малды дұрыс азықтандыру мен күтіп-бағудың маңызы зор. Бұзаулау  алдында сиырды  күніне бірнеше рет далада серуендетудің пайдасы бар.Қашарға бұзаулау алдында беретін азык өлшемі буаз сиырларға берілетіннен кем болмауы керек. Оларды бұзаулауына 10-15 күн қалғанда сиыр қорадағы бұзаулау бөлмесіне әкеледі. [11]

Бұзаулағаннан кейін және қалыпты орнына түскен соң алғашқы бұзаулаған сиырларды машинамен саууға даярлайды, сауар алдында желінін уқалап, сонан соң жылы сумен жуады. Бұзаулау бөлмесінен кейін бақылау қорасына орналастырып, Мұнда машинамен сауылады. Сиырларды сүтейтудің дұрыс тәсілі зоотехникалық нормамен, өнімділігіне қарай азықтандыру. Қыс айларында шөптің бірнеше түрін, шөп   ұнын,   жүгері   сүрлемін,   тамыр   түйнек   —   жемістілерді,   ал   жаз айларында өнімі мол жайылымды және қосымша көк шөп берген дұрыс. Алғашқы бұзаулаған сиырлардың жылдық азық құрамында: жайылым және сүрлем — 45-50, көлемді азық (шөп, сабан) — 26-30% болуға тиіс. Олардың әрбір 1 кг сүтіне 200-400 г жем беріледі, ал қалған көлемді, сүрлемді және көк азықтарды барлығына бірдей береді. Рационы 10 күнде 1 рет өзгертіліп тұрады. Әсіресе, сиырдың сүттілігіне, тірідей және күнделікті қосатын салмағына қарайды. Бұл сиырларды сүтейту үшін бұзаулағанына 15-20 күннен соң азық құрамына қосымша 2-3 кг азық өлшемі есебінен береді.

Мысалы, алғашқы бұзаулаған сиырлардан тәулігіне 10 кг сүт сауу үшін, тәулігіне: шөп — 6 кг, шөп ұнтағы — 8 кг, жүгері сүрлемі — 16 кг, тамыр түйнек-жемістілер — 10 кг, жем — 3 кг, өсімдік ұнтағы - 1 кг берілуі тиіс, қосымша түз, бор, сүйек ұны беріледі. ал тәулігіне 20 кг сүт сауу үшін: шөпті — 8 кг, шөп ұнтағы — 10 кг, жүгері сүрлемін — 20 кг, тамыр-түйнек — жемістілерді — 15 кг. жемді — 8 кг және өсімдік ұнын — 1 кг-нан беру ұсынылады.

Сиырлардың сүті артқан сайын, берілетін азықтың мөлшері де көбеюге тиіс, әйтпесе сиырдан сүт көп сауылмайды. Әрине бақылау қорасындағы сиырдың жем-шөп рационы өзгеріп тұруы қажет, азык құрамы әр түрлі болғаны жөн. Негізгі мақсат алғашқы бұзаулаған қырдың қызыл сиырынан және әулиеата сиырынан жылына әр қайсысынан 3000-3500 кг дейін сүт сауу, 10 кг өндірілген сүт үшін 1,1-1,25 кг азык, өлшемі және 110-125:1 қорытылатын протеин жұмсалу кажет. Малдың жеген азығы айына 3 рет өлшеніп, есептеледі. Ол азықты өлшеу арқылы қанша мал азығы және қорытылатын протейн 305 күн ішін; жұмсалғанын білеміз. Сондай-ақ ай сайын сауылған сүт және 1 кг сауылған сүтке қанша азық өлшемі, қорытылатын протеин жұмсалғаны есептеледі.

Алғашқы бұзаулаған сиырдың сүт өнімін анықтау үшін айына үш рет бақылау сауу жүргізіледі, ал сүтінің майлылығын және белогын айына бір рет екі тәуліктегі сүтінен анықтайды. Екінші айдың жартысында (40-50 күндері) сиыр желінінің және емшегініц сырт пішіні бағаланады, желін өлшемдерін алады, сиырлардың тез сауылғыштығы анықталады. Бұл сиырларды сүтейткені үшін сауыншыларға қосымша ақы төлейді. [12]

Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы зерттеулері бойынша мұндай сиырларды бір шаруашылыққа шоғырландырса, оларды сүтейтуде жеңілірек болады. Қашарларды зоотехникалық мөлшермең азықтандыру арқылы, олардың сүт өнімін 15-20% арттыруға болады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан обылысы «Мамлют» асыл тұқымды мал зауытында алғашқы бұзаулаған 80 сиырдың сүті 212 кг дейін жетсе, сүтінің майлылығы 3,82% болған. Сиарды осылай сүтейту нәтижесінде әрбір сиырдан 450 кг қосымша сүт сауылған, ал сүтінің майлылығы 0,1% артқан.

Тәжірибе шаруашылықтарында алғашқы бұзаулаған сиыр бақылау
қораларына көшірілгеннен кейін, 1,5-2 ай желіндерін уқалау нәтижесінде, желіні уқаланбаған сиыр мен салыстырғанда сүті 368 кг немесе    17% артқан.Солтүстік Қазақстан облысы «Бишкуль» тәжірибе стансында   алғашқы   бұзаулайтын   сиырлар   жақсы   дайындалған   соның нәтижесінде олардан орта есепнен 4678 кг сүт сауылған.

Зертеулерге қарағанда бақылау қорасынан алғашқы бұзау сиырлардың желін көлемі үлкен және ондағы дәнекер көп, түрі тостаған немесе дөңгелек тәрізді болып келсе, сүті жақсы сауылған және машинамен саууға да қолайлы болған. Қораларды бұзаулатуға дайындаудың және олардың келешекте сақа сиырға айналғанда сүтті болуына әсерін тигізеді.

Алғашқы бұзаулаған сиырдан 3000 кг сүт сауылса, сақа сиырға айналғанда жылына 5000 кг сүт алуға болады.

Асыл тұқымды шаруашылықтарда бақылау қорасы бар болса, қосымша әрбір 100 басқа 1 лаборант және 1 техник жұмыс істеуге бөлінеді. Лаборант ай сайын сиыр сүтінің майлылығын, ондағы белокті, желінінің әр бөлігінен шығатын сүтін, тез сауылғыштығын, желіннің морфологиялық — физиологиялық ерекшелігін, өлшемін анықтайды. Техник он күн сайын малдың жеген азығын есептейді, ай сайын сиыр желінін бақылайды және сүт мөлшерін анықтайды, құжаттарды жөнге келтіреді, сонан соң алғашқы бұзаулаған сиырларды қолдан ұрықтандырады. Тауарлы шаруашылықтардың бақылау қораларында да үнемі сүт өнімін және сүтінің майлылығын, желіннің морфологиялық-физиологиялық ерекшелігін сауын сиыр машинамен саууға жарай ма, жоқ па соны анықтайды. [13]

Негізгі сиыр табынын жақсы өскен, сүтті типке жататын, желіні тостаған және дөңгелек тәрізді, төрт бөлігі бірдей жетілген, емшектері цилиндір тәрізді, ұзындығы 6-8 см, машинамен саууға қолайлы алғашқы бұзаулаған сиырлармен толықтыруға болады. Ал тез семіретін және сүтін үнемі азайтатын сиырларды мал бордақылау табынына қосады. Сиырлардың тұяғына көңіл бөлген жөн, себебі жаңа технологиялық жағдайда сиырлар көбінесе темір еденде болады. Сондықтан олардың тұяқтарын үнемі бақылап, сынықтарын кесіп, ретке келтіріп отыру қажет. Сонда сиырлардың тез семіруіне жағдай жасалады.

Бақылау қорасында алі ашқы бұзаулаған сиырларды сүтейтудің нәтижесінде бұқаларды өз ұрпақтары бойынша бағалау жүзеге асады. Жаңа технологиялық жағдайларда бұқалардың өз ұрпақтарында жақсы қасиеттері сақталатындығы анықталады.

Сонымен бақылау қорасының нәтижелі екендігін:

бірінші — сиырлардың сүтейгендігінен;

екінші — жаңа технологиялық өндірістік типке бейімделгендігінен;

үшінші — алғашқы бұзаулаған сиырларға сүтейту шараларын қолданып, оларды өндірістік табындарға дайындауға мүмкіншілік туғанынан;

төртінші - бұқаларды өз ұрпақтарының касиеті бойынша бағалаудан анықтаймыз.

Сауын    сиыр    шаруашылығын    жаңа    технологиялық    жағдайда  өркендетуге сиыр тұқымын және өнімін жақсартуға малды асылдандырудың маңызы зор және малды асылдандырудың тәсілі де, селекциялық бағытта өзгереді. Егер бірнеше жыл бүрын сауын сиырлардың сүттілігіне және сүтінің майына ғана көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта сүт белогына, желіннің түріне, сүт сауылғыштығына, сүтке жұмсалған жем-шөп мөлшеріне, дене пішінінің типіне және әр түрлі ауруларға шалдықпауына қарайды.

Осыларды орындауда сиырды жақсы азықтандыра отырып, үнемі бір бағытта сұрыптау керек.

Мұндағы негізгі мақсат сиыр табынынан сүті аз сиырларды шығарып, сүттілерін және ұрпақтарында тұқым қуалаушылық жақсы қасиетін сақтайтын сиырларды қалдыру қажет. Ауру және кәрі сиырлар сүтсіз және сүтінің майлылығы аз сиырлар (сүтінің майлылығы сиыр табынының көрсеткіштерінен 0,2-0,3% кем болса табыннан шығарылады, әрі сиыр табынынан дене пішіні кысыңқы, конституциясы нәзік, экстерьерінің кемістігі бар сиырлар да шығарылады. [14]

Т.Б. Гиматдиновтың 1976 зертеуі бойынша қырдың қызыл сиыры табыны орта есеппен майлылығы 3,7%, 4000 кг сүт берсе, 305 күннің ішінде майлылығы 3,7% кем, 2400 кг-нан сүт берген сақа сиырлар бұл табыннан шығарылады. Сиыр табынын толықтыратын тайынша-қашарлардың сүті енелерінің сүтінен 100 кг артық болуы қажет.Асыл тұқымды бұқашық енелерінің көрсеткіштері де 1,5-2есе артық болуы шарт. Мысалы, табындағы сиырлардың сүті 3000 кг, сүтінің майлылығы 3,8% болса, асыл тұқымды бұқашықтардың енелерінің сүті 5000 кг, сүтінің майлылығы 4% кем болмауы тиіс. Мұндағы негізгі мақсат, сиыр табынының орташа сүт көрсеткіші артқан сайын, сұрыпталатын сиыр сүтінің де стандарт көрсеткіші арта береді. Егер табындағы сиырлардың сүт көрсеткіштері әр түрлі болса, сүті аз сиырларды жыл аяғында табыннан шығарады. Сиыр табынынан кәрі сиырлардың 10 және сүті аз сиырлардың 5-10 пайызы шығарылады.

Сиыр табынында сүтінің майлылығы жоғары, ал сүті аз сиырлар да, керісінше, сүтінің майлылығы төмен, ал сүті табын керсеткішінің сүтіне тең, немесе сүтті сиырларда да кездеседі. Ал сүті өте майлы және сүті орташа сиырлар табыннан шығарылмайды, себебі сүті мен сүтінің майлылығын таза майға айналдырғанда көрсеткіші канағаттанарлықтай болады. Сүті өте майлы сиырларды сүтейткен жөн, ал аса сүтті сиыр, бірақ сүтінің майлылығы төмен сиырларды, сүт майлылығын арттыру үшін, майлылығына жақсы әсер ететін жем-шөппен азықтандыру қажет. Мал сұрыптау кезінде сауын сиырлардан бір маусымда ай сайын қанша сүт сауылатынын ескерген жөн. Кейбір сиырлар бірінші айдан бастап кейінгі айларға дейін сүтін азайта береді, ал басқалары 3-4 айдан кейін бірден азайтып жібереді. Ай сайын біркелкі сүт беретін сиырлардың сүті әр уақытта да жоғары және олардан үнемі сүт көп алынады. Сондықтан сиыр табынында ай сайын сүтін 5-6 пайыздай азайтатын сиырларды қалдырған дұрыс.

Сүт кешендерінде сұрыптау төсілін қолданып, біркелкі сүт  сауылатын сиыр табынын қүрастыруға болады. Егер сиыр сүтті болып, олардан жылына бұзау алынса, сиыр табынының жақсы болғаны. Әсіресе, сүт комплексіндегі сиырлардың ірі, тірідей салмағы ауыр болғаны жөн, себебі мұндай сиырлардан көп сүт сауылады. [15]

Сиырлар мен қашарларды тірідей салмағы арқылы сұрыптағанда олардың стандарт көрсеткішіне қарайды. Сиыр табынын толықтыруға арналған олардың тірідей салмағы 1-класс стандартынан кем болмауы шарт.

Малдың экстерьері және конституциясына қарай сұрыпталғанда сүйектерінің мықтылығына, еттілігіне, көкірегіні: тереңдігі мен кеңдігіне, жалпы дене құрылысының жақсы дамуына қарайды. Себебі мұндай мал өте төзімді және ауруларға шалдықпайтын болады, ұрпақ беру қабілеті жақсы және өніде жоғары.

Мал кешендерінің барлық алаңы (қора ішіндегі, азықтандыру аланындағы т.б. едендері) асфалътталған. Соның салдарынан мал тұяғы тез қажалады, сондықтан оларды тұяғы жақсы жетілуіне қарап та сұрыптайды.

Сиырды өніміне қарай сұрыптаумен бірге, олардың желінінін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне де қарайды. Әсіресе желінінің сыртқы пішініне көп көңіл бөлінеді, олардың бөліктерінің тең және жақсы өсуіне, желінінің денеге дұрыс орналасуына қарап та сұрыптайды.

Сұрыптаудан нашарлары бөлінгеннен кейін, қалған сиырларда тауарлы шаруашылықтарда екі топқа бөледі: асыл тұқымды және өндірістік. Асыл тұқымды топқа өнімі жоғары сақа сиырларды береді (сүті мен сүтінің майлылығы сиыр табыны көрсеткішінен едәуір жоғары). Бұл топқа қырдың қызыл сиырының және әулиеата сиырларының сүт көрсеткіштері және сүтінің майлылығы мен белогі 1 класс стандартынан жоғарғысы кіргізіледі. [16]

Тауарлы шаруашылықтардағы сиыр табынының асыл тұқымды тобына алғашқыда сақа сиырлардың сүт көрсеткіштері 2700-3000 килограмға жетсе, ал қырдың қызыл сиыры сүтінің майлылығы 3,7, әулиеата сиыры сүтінің майлылығы 3,8 пайыздан асса кіргізуге болады. Ал сиырлардың тірілей салмағы 500 килограмнан артуы, экстерьерін бағалағанда 8,5 балдан жоғары болуы тиіс. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда, көп жылды бонитировка материалдарын зерттеуден кейін, олардағы сиыр табынын бір қалыпқа келтірген жөн. Асыл тұқымды малдан селекциялық топ қүрылады, Бұл топқа өнімі жоғары линиялардан шыққан мал кіруге тиіс. Селекциялық топтан табынды толықтыратын қашарлар мен жас бұқалар алынады. Селекциялық топқа енгізілмеген қашарлар басқа шаруашылықтарға берілсе, еркек бұзаулары етке тапсыру үшін бордақыла-нады. Сондай-ақ селекциялық топтан мемлекеттік тұқым мал станциясын асыл тұқымды бұқамен қамтамасыз ету үшін сүтті, шығу тегі жақсы, мал өнімді линияда тараған сиыр бөлінеді. Малды бонитировкалау кезінде асыл-тұқымды өсіретін шаруашылықтардағы селекциялық топтың материалдарын  жеке  есептеген  жөн,  Профессор  Т.Ф.   Тавилдарованың дерегі бойынша қырдың қызыл сиырының селекциялық тобы бірнеше топтан тұрады:

Бірінші топ — «сүтті және сүті өте майлы» — сүті асыл тұқымды сиыр сүтінен жоғары, сүтінін майлылығы 4 пайыздан артық;

Екінші топ — «сүтті» - сүті едәуір артық, ал сүтінің майлылығы 3,8-3,9 пайыз;

Үшінші топ - сүті «өте майлы» — сүті азырақ, ал сүтінің майлылығы 4 пайыздан жоғары.

Әр топтың өзіне тән тірідей салмағының стандарт көрсеткіші болады. Әрі сиырдың дене пішіні, дене құрылысы үқыпты сипатталуы керек және әрбір 100 кг тірідей салмағына қанша сүт өндірілетінін аныктауға тиіс. Сонымен катар бұқа және сиыр линиясын анықтаған жөн. Ол үшін, ең алдымен сиырларды туыстас топтарға, сонан соң өніміне қарай үш топқа бөледі, одан линиясын анықтайды.

Сиырлар қолдан ұрықтандырылады, бір бұқа ұрығы мен бірнеше жүздеген сиыр ұрықтандырылып, төл алынады, сондықтан бұқаны сұрыптауға көп көңіл бөледі. Әсіресе мемлекеттік тұңғыш мал станциясындағы бұқалардың жыныстық қабілеті жақсы болғаны жөн.

Еркек бұзауды ең алдымен олардың шығу тегі (қандай линиялардан немесе қандай туыстас топтардан, енесінің сүті қандай), өсіп жетілу көрсеткіші бойынша сұрыптайды. Олардан тұқымдық бұқа үшін: таза тұқымдысын, дене пішіні әдемісін, тірідей салмағы 10 айлығынан бастап 1-класс стандартынан 10 пайыздай асатындарын, өсу кезінде тәулігіне 800-1000 г салмақ қосатынын және конституциясының мықтысын ескеріп калдырады. Әсіресе, шығу тегіндегі, ене сүтінің майлылығыпа көңіл бөлінеді. Мәселен, қырдың қызыл сиырының еркек бұзауларын жоғарыдай сұрыптағанда, ене сүтінің майлылығы 4,0, ал латыш қызыл сиыры еркек бұзауының ене сүтінің майлылығы 4,2 және әулиеата сиыры еркек бұзауынын ене сүтінің майлылығы 4,1 пайыздан артық болуға тиіс. [17]

 

1.2.4 Сүтті ірі қараны ұстау тәсілдер

 

Сүтті ірі қараны қыста және жазда ұстау тәсілдері, шаруашылықтың табиғи-эканомикалық жағдайына және қабылданған сүтті өндіру технологиясына байланысты.

Мал азығымен молымен қамтамасыз етілген шаруашылықтарда, қыста мал қорада, ал жаз айларында табиғи және екпе жайылымдарды пайдалану арқылы ұсталынады.

Жері көп жыртылған аймақтарда малдарды көбінесе қолда - лагерлік тәсілді қолданып ұстайды. Онда жазғы айларда жеңіл калқан, сиырды сауатын орындар және де басқа да бөлмелер қамтамасыз етіледі.

Қолда лагерлік тәсілмен ұстаудың өз ерекшеліктері бар, малдың күтіміне, жағдайына жақсы әсер етеді, сонымен катар, ветеринарлық — санитарлық жұмыстарды сапалы жүрпзуге мүмкіндік туады.

Сауын сиырларды көп жылдық екпе жайылымда ұстаудың нәтижесінде, әр сиырдан тәулігіне 14-18 кг сүт саууға болады, әрине ондай жағдайда жем аз жұмсалынады. Осындай жағдайда әр сиырға 0,2-0,3 га жайылым бөлінеді.

Малдарды қолда ұстаған уақыттарында, оларды мезгілді уақытында тәулігіне бір рет серуендетіп тұру қажет, ал серуендеудің маңызы зор, себебі жалпы малдың денсаулығы жақсарып, уақытында бұзаудың жеңіл тууына көп себебін тигізеді.

Малды бос ұстау тәсілінің ерекшелігі, оларды топ-тобымен ұстайды, малдар емін-еркін қорада жүреді және серуендеу алаңында болады. Малды бос ұстаудың ерекшелігі, барлық жұмысты механизация күшімен атқаруға болады, әрі 1 т сүт өндіруге еңбек шығыны аз жұмсалынады. Малды бос ұстау мезгілдерінде көлемді және сүрлем азықтарын топ-тобы бойынша таратады, тек қана жемді жеке-жеке, сауу мерзгілінде мөлшерлі түрде таратады.

Әр түрлі табиғи — эканомикалық аймақтарда, малдарды бос ұстаудың өзінше ерекшеліктері бар. Жылылау аймақтарда жартылай ашық қораларда ұстайды, серуендеу алаңдарында ірі, сабақты, сүрлем және көк майса азықтарды таратады. Ал солтүстік аймақтарда малдар қораларда ұсталынады, оларға мал азығын сол қорада таратып, серуендеуіне де мүмкіндік туғызады. Әрине малдарды азықтандыру үшін, оларды топ-топқа бөледі: буаз, суалған сиырлар, бұзаулайтын қорадағы сиырлар, жаңа бұзаулаған сиырлар, аса сүтті сиырлар, жалпы сауын сиырлар болып. Бұзаулайтын қорада әр сиыр байлаулы болады, әр қайсысын жеке-жеке сауады. [18]

Малды бокста бос ұстау тәсілінің көптеген ерекшеліктері бар. Сиырларды топ-тобымен секцияларда ұстайды, әр секцияда 25-50 сиырдан келеді. Малдардың дем алуы үшін әр секцияда жеке-жеке бокстары бар, ал бокстарының едені металл торлардан тұрады. Полдың астында ки қоры бар, бір жыл өткенше толады, сосын оларды биотермалык тәсілмен өңдейді, одан кейін оларды егін алкаптарына шығарады. Қи қорынан қиды арнайы машинамен шығарады. Малдарды бокста бос ұстау тәсілі көптеген Ресей шаруашылыктарында қолданылады. Әсіресе, 800-1200 бас сиырлар бар сүт кешендерінде, осы тәсіл ерекше жақсы дамыған.

Арнайы қораларда сиырларды «ёлочка» қондырғысында сауады, онда сиырларға жем таратылады. Бұл арнайы қорада сауын алды алаңы, сүт жинау бөлмесі, сиырларды колдан ұрықтандыру бөлмесі және жұмысшылар бөлмесі бар. Ауаның суык мезгілдерінде сиырлар боксы бар қорада болады, ал жылы-мезгілдерінде серуендеу алаңына шығарады.

Малдарды бос ұстау мезгілдерінде, олардың экологиялық ерекшеліктерін ескереді. Әрбір қалыптасқан топтардың лидерлері болады, қалғаны соған төуелді. Ал, осы топты өзгертсе, малдарда стресс пайда болады, сол себептен олардың физиологиялық функциясы өзгеріп, сүт өнімі төмендейді. Сол топқа жаңадан сиырды енгізсе, олардың орташа сүті 5% және одан көп төмендеуі  мүмкін.  Бір топтан,  олардың лидерлерін шығарып тастаса, ол топта да стресс пайда оолады. Егерде, тәуліктік кесте өзгерсе, олда стресс болуға және сиырлардың сүттілігінің төмендеуіне әсер етеді. Осындай қолайсыз жағдайлар болмау үшін, олардың қүрылған топтарын өзгертпеу кажет және күнделікті кестелерін де өзгертпеу керек.

Өндірістік дамуда сүтті малды азықтандыру. Сиыр шаруашылығын өндірістік негізінде өркендету үшін кем шөп мол болғаны жөн, сонда мал толық азықтандырылады. Сауын сиырларды дұрыс азықтандыру арқылы сүт өнімін көбейтіп, оның сапасын жақсартуға болады. Ол үшін сауын сиырларын жыл бойы рационы мол жем-шөппен дұрыс азықтандырып, жем-шөп құрамы организм мұқтажын толық қамтамасыз етіп отыру тиіс.

Сауын сиыр шаруашылықтарындағы қырдың қызыл, қара ала, алатау, симментал және әулиеата сиырлары шоғырланған аймақтардың табиғи және экономикалық жағдайына байланысты жем-шөп корын әрбір шаруашылық өздері қамтамасыз етуі керек.

Рацион құрамын бағалағанда, оның сапасына, азық өлшемінің өзіндік құнына және сиырлардын сүт өніміне қарап бағалайды. Ал сауын сиырлардың сүтіне қарап бағалайды. Сауын сиыр өнімі көбейген сайын, рацион құрамының сапасы да жақсара түсуі қажет. Осы тәсіл сауын сиырлардан сүтті алуға мүмкіндік беріп, оларды бағып-күтуге жұмсалатын шығын азая түседі.

Сауын сиырларды азықтандыруда ғылыми негізделген сауын сиырлардың сүт өніміне қарай бір жылда жұмсалатын азық өлшемі колданылып келеді.

Сауын сиыр шаруашылықтары үшін, олардың азық өлшемінің мөлшеріне қарап, әр сиырға қажетті жем-шөпті есептеп білуге болады. Солтүстіктегі облыс шаруашылықтарында сиыр кыс айларында қорада 215 күн болса, жайлымда 150 күн бағылады, ал оңтүстіктегі облыс шаруашы-лықтарында, керісінше сиыр қыста қорада 150 күн болса, жайлымда 215 күн бағылып жүр. Әрине, бір сауын сиырдың жылдық азық мөлшерін есептегенде, олардың сүт өніміне және тірідей салмағына да қарайды. Қыс айларында бір сауын сиырларға тәулігіне 8-10 кг шөп, 4-6 кг пішендеме, 25-40 кг сүрлем (жүгері, қызылша, т.б.) және 3-5 кг әр түрлі жем беріледі. [19]

Сауын сиырлардың сүті көбейген сайын жүгері сүрлемін аз, ал қызылшаны көбірек береді. К,ызылшаның сиыр сүтін көбейтуде маңызы зор, әрі азық құрамын толықтырып, жем-шөптің толық пайдалануына жақсы әсер етеді. Қыс айларында мал рационында жүгері сүрлемі көп болса, аздап қызылша косады, өзара катынасы 1:1-1,5 болады. Егер сиырдан тәулігіне 10-12 кг сүт сауылса, 0,5-1 кг қызылша берілуі кажет.

Сауын сиырдың сүт өніміне, жем-шөптегі қорытылатын протеин мөлшеріне қарай, әрбір кг сүт үшін 200-350 грамға дейін жем береді. Әрбір килограмм азық өлшеміне 100-115 грамм корытылатын протеин болғаны жөн. Егер, азык құрамында қорытылатын протеин аз болса, сауылатын сүт мөлшері азайып, мал азығы көп жұмсалады.

Ғылыми зерттеулер бойынша мал азығы құрамында қорытылатын протеин жеткіліксіз болса, сауылатын сүт 10-20% кемиді, әрі 1 центнер сүт алу үшін азық өлшемі  15-18% көп жұмсалады. Жем-шөп құрамын протеинмен толық қамтамасыз ету үшін жемге белогі көп, косындылары араластырған жөн. Сауын сиырларды азықтандырғанда жем қоспасында өсімдік ұны және белок, вигамиң т.б. минералды заттар көп болғаны дұрыс.

Азық құрамындағы клетчатка құрғақ заттың 22-25%-дан аспағаны жөн. Клетчатка мөлшерден көп болса, шөп пен сабан сапасының төмен екендігі байқалады, әрі күрғақ заттың қорытылуын және сиыр сүтін азайтады.

Егер жем-шөпте протеин жетіспейтін болса, қосымша синтетикалық азотты қолданған жөн, синтетикалық азот 25-3096-ға дейінгі қажетті протеинді толықтырады. Әрине, кристалды синтетикалық азотты арнайы нүсқау бойынша, бірнеше тәсілмен пайдаланады: дақылды азықтармен, жем қоспаларымен, сүрлеммен т.б. әдістермен.

Тәулігіне 15-20 кг сүт беретін сиырдың азық құрамында 85-100 г кальций, 60-75 г фосфор, 525-650 мг каротин болғаны жөн. Егер мал азығында фосфор, кальций жетіспейтін болса, онда преципитат (дикальции фосфат), сүйек ұнын, динатрий - фосфат, диаммоний фосфат т.б. минералды заттарды қосады.

Сауын сиыр рационында витаминді азықтардың болғаны жөн. Қыс айларында шөпте, сүрледе, өсімдік ұнында, сэбізде каротин көп болады. Әсіресе сауын сиырды қыс айларында құрамында «Д» витамині бар жем-шөппен қамтамасыз ету қажет. Себебі көптеген мал азықтарында «Д» витамині аздау, ал сауын сиыр сүт өніміне қарай, тәулігіне 8-25 мың мөлшеріндей қажет етеді. Әсіресе азық құрамында жақсы шөп жеткіліксіз болса, Д витамині бар жем-шөп өте қажет. Д витамині дрожжада көп болады, сондықтан оны әр сиырға 7-10 күнде бір рет тәулігіне 0,5-1 килограмнан берген жөн. Жем-шөп құрамындағы әрбір кг құрғақ затта 0,1 мг кобальт, 0,1 мг йод, 8-12 мг мыс, 10-12 мг корғасын және 40-60 мг марганец болуы кажет. [20]

Сауын сиырлардың сүт өнімін арттыруда оларды бұзаулауға дұрыс дайындаған жөн. Ол үшін сиырларды уақытында суалту (50-60 күн бүрын) қажет және суалған кезінде жақсылап азықтандырады.

Сиыр шаруашылығында сауын сиырларды сүтейтудің маңызы зор. Сауын сиырларды мөлшерлеп азықтандыру үшін, оларды азықтандыру класына бөліп, сүт өніміне, тірідей салмағына, сауылу маусымына, жасына және қоңдылығына қарайды. Табындағы сиырларды кластап топқа бөледі. Егер сиырлардың орташа тірідей салмағы, сол табындағы сиырдың тірідей салмағынан 50-100 кг артық болса, онда оларды ең жоғарғы және тірідей салмағы кем болса, төменгі азықтандыру класына жатқызады. Сауын сиырлардың алғашқы 1 -2 ай сауылу кезіңде, сондай-ак, бірінші және екінші рет бұзаулаған сиырлардың азықтандыру класы бір, екі саты жоғары болады. Әр азықтандыру класының жеке рационы болады, Бұл рацион жоспарлы түрде сауылатын сүт мөлшеріне сәйкес келуі шарт. Бір айда рацион құрамын екі рет ауыстырады.

Сауын сиыр рационын жасау үшін, олардың жасына, өніміне қарайды, әрі шаруашылыктағы жем-шөпті үнемді жұмсау мақсатымен, жем-шөптің агрохимиялық және мал дәрігерлік лабораторияларда сапасын зерттейді.

В.А. Вернигор, Б.А. Гайворонский, К.У. Хван, М.К. Шамринов зерттеулері бойынша, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан обылысының шаруашылықтарында сауын сиырлар сүрлеммен және жеммен көбірек азықтандырылады. Соның салларынан сүтті сиырларға протеин 15-20, қант 35-40 және Д витамині 50% жетіспейді. Сондықтан осы жетіспейтін заттарды толықтыру үшін, рацион құрамын өзгерту керек. Ол үшін пішіндеме дайындаудың маңызы зор. Солтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу мал-шаруашылығы институтының зерттеуі бойынша сауын сиырларға пішівдеме көп берілетіндіктен, барлық жем-шөптің 16% жұмсалса, ал сүрлемді көбірек бергенде жем-шөп көп шығын болған. Әсіресе, қырдың қызыл сиырларына пішіндеме мен жем көбірек берілсе, азық құрамындағы углевод тез қорытылады, әрі организмі азотты заттарды толық сіңіреді. Әсіресе пішіндемені сауын сиырға бергенде, организм кальцийді, фосфорды жақсы сіңірген. Кейбір ғалымдардың зерттеулері бойынша азық құрамында 45% дейін пішіндеме болғаны жөн. Жаз айларында сауын сиырларды жайлымда бақса, сүт өнімі көбейіп, оны өсіруге қаржы аз жұмсалады. Солтүстіктегі облыстардың шаруашылыктарында жазғы жайылым онша көп емес, сондықтан көп жылдық шөптерден екпе жайылым ұйымдастырудың және жазда көк шөп дайындаудың маңызы зор.

Мысалы, Акмола Ауыл шаруашылығы институтының тәжірибе шаруашылығында сауын сиырларға жаз айларында қосымша көк шөп берілген, соның нәтижесінде әрбір сиырдың тәуліктік сүті 1-1,5 кг көбейген.

Егер жаз айларында әрбір сиыр 900-1000 кг сүт берсе, қажетті көк шөптің 60-50%-ын жайылым шөбі қамтамасыз ете алады, ал сиырдан бүдан да көп сүт сауылатын болса, онда мүқтажын екпе шөп арқылы 50-60% қамтамасыз етуге болады. Ақмола Ауыл шаруашылығы институтының тәжірибе шаруашылығында сауын сиырларға жаз айларында қосымша көк шөп берілген, соның нәтижесінде әрбір сиырдың тәуліктік сүті 1-1,5 кг көбейген. Кейбір ғалымдардың зерттеулері бойынша азық құрамында 45% дейін пішіндеме болғаны жөн. Жаз айларында сауын сиырларды жайлымда бокса, сүт өнімі көбейіп, оны өсіруге қаржы аз жұмсалады. Сауын сиырлардың тәуліктік сүті көбейген сайын, екпе шөп көлемі де үлғаюға тиісті. Сауын сиыр табынында және санына қарай, екпе шөп жайылымы да жоспарланады. [21]

Сауын сиырларға екпе шөп жайылымын жоспарлау үшін мынадай мөлшер болады.

Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының зерттеулері бойынша, солтүстіктегі облыстардың шаруашылықтарына екпе шөп үшін қолданылатын бірнеше өсімдіктер ұсынылган. Бұл ұсынылган өсімдіктер сауын сиырлардың қажетін толық өтейді. Оған табиги жайылым, көп жылдық өсімдіктер, бір жылдық өсімдіктер, көк гүлді беде, сары бас беде, жүгері, арпа, сүлы, т.б. Әрбір сауын сиыр тәулігіне жайлымның 60-65 кг өсімдігін пайдалану керек. Жайылым шөбі сауын сиырларга жазгы лагерьде беріледі, жазгы лагерь жайылымының ортасында болғаны жөн, лагерьден жайылымның қашықтығы 3 километрден аспауы керек.

Кесте1-Сиырлардың сүт өніміне байланысты көк шөпті кажетсінуі

Тәуліктік сүті, кг

Қажетті көк шөп, кг

8

10

12

14

16

18

Суалған сиырлар

45-50

55-60

60-65

65-70

70-75

75-80

 

 

Жазғы жайылымдар бірнеше өріске бөлініп, кезек-кезек пай-даланылады, жалпы жайылым 8-16 өріске бөлінеді, әр өріске кемінде мал 2-3 күн жайылады. Екпе шөп жайылымының өсімдіктері тапталып қалмау үшін, жаңбырлы күндері мал табиғи жайылымға шығарылмайды. Жайылымды өріске бөліп жаюдың маңызы зор, себебі жайылымның өнімі барған сайын көбейеді. Егер бірінші өрісте мал бір айдан кейін қайта оралатын болса, осы уақыт ішінде алғашқы өрістің өсімдіктері қайтадан шығып, мал жайылуға келеді. Сонымен әрбір өріс жаз бойы 3-4 рет пайдаланылады. Көптеген шаруашылықтарда екпе шөп жайылымдары өріс-өріске бөлінеді де, өріс сыммен қоршалады.

Жаз айларында сауын сиырлардың физиологиялық қалпын қан сары суындағы белогын, фосфорын және каротинін бақылау арқылы анықтайды.

Бұқа ұрпағының сапалы болуы, көп жыл пайдаланылуы, оларды дұрыс азықтандырып, жақсы күтуге байланысты. Әсіресе, оларды азықтандырғанда тәулігіне қанша сиырды қашыратынын еске алған жөн. Егер бұқа тәулігіне көп сиыр кашыратын болса, оны жақсы азықтандыру қажет. 1 кг азық өлшеміне 120-140 г қорытылатын протеин беріледі. Асыл тұқымды бұқалардың рацион құрамында сапалы шөптің, сүрлемінің және жемнің бірнеше түрі болғаны жөн. Жем үлесі 40-45%-дан кем болмауы керек. Тәулігіне бұқаның әрбір 100 кг тірідей салмағына: 0,8-1 кг шөп, 1-1,5 кг қызылша, 0,8-1 кг сүрлем және 5 кг жем коспасын берген жөн. Қыс айларында бұқаның рацион құрамын есептегенде әрбір ІОО.г қорытылған протеинге 125-110 г қант, ал жаз айларында 70-110 г қант болғаны жөн. Бұқа ұрығының сапалы болуы, жем-шөп сапасына байланысты, әсіресе жем-шөпте витамин және минералды заттар жеткілікті болганы жөн. Сондықтан бұқа рационына қан, сүйек ұнын қосып, тәулігіне 50-ден 400 грамға  дейін  береді.   Қыс   айларында,   егер   бұқа  шағылыстыруға  көп пайдаланылатын болса, рационға дрожжа, өсімдік ү_нын және А, В, Е витаминдерін енгізген жөн. Ал, жаз айларында бұқаны жеммен және кек шөппен жақсы азықтандырады.

Бұқаның тірідей салмағын анықтау үшін, айына бір рет өлшеп тұрады.

Республика сиыр шаруашылығында бұқаның сиыр табынындағы саны аз. Егер шаруашылықтар қолдан ұрықтандыру тәсіліне көшсе, ол шаруашылықта бұқаның болмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда бұқаның аса бағалысы мемлекеттік мал асылдандыру станцияларында болады. Бұл шаруашылыққа оңайға түседі. [22]

Жем-шөп дайындау. Сүтті сиыр тұқымын одан әрі асылдандыру үшін оларға сапалы азық беру қажет. Жем-шөп құрамында белок, витамин және минералды заттар жеткілікті болғаны жөн. Ол үшін жем-шөпті мол дайындайды. Жем-шөп дайындау көптеген сиыр шаруашылықтарында әлі де болса жеткіліксіз. Мәселен, Солтүстік облысының сүтті сиыр шаруашылықтары әр малға 35-40 центнер азық өлшемі есебінде дайындау керек, ал іс жүзінде осыдан 10-15% кем дайындалады.

Жем-шөп дайындау азық сапасын жақсартудан, жайылым мен егістерді суарудан, көп жылдық екпе шөп жайылымын жасаудан, көк шөпті дайындаудан және егістік жем-шөптің өнімін арттырудан басталады.

Шаруашылықтар жем-шөп дайындаумен қатар, олардың сапасын жақсарту да негізгі мәселе. Ол үшін жем-шөп ұнын. пішіндемені, сүрлем т.б. жемнің бірнеше түрін, мал жеуге жақсы дайындағаны жөн.

Көк шөптен шөп ұнын дайындау пайдалы. Шөп ұны сіңімді және организмнің биологиялық қасиетін қамтамасыз ете алады. Шөп ұнының бір килограмында 0,80-0,85 азық өлшемі және 200 г дейін қорытылатын протеин, 200-350 мг каротин болады. Жем шөп құрамына шөп ұнын кіргізу нәтижесінде жем де ысырапсыз пайдаланылады.

Шөп ұнын дайындау көп жылдық шөп егуден басталады, ал жылдық шөпті егістік дақылдардың бірнеше түрімен араласқан жөн. Шөп ұны көп сақталса, сапасы да нашарлайды, кіресе протеині мен витаминдері азаяды. Шөп ұнын дайындап тау үшін жеке, кең орын қажет. Егер көк шөпті біріктіріп, шу немесе түйіршік ретінде дайындаса, ол жақсы сақталады сапасы болады. Мұндай жағдайда, жем-шөп дайындауды механикаландыруға да, оның өзіндік құнын арзандатуға да айлы.

Көптеген шаруашылықтарда шөп ұнын арнаулы агрегаттар дайындайды. Сапалы жем-шөп дайындаудың тағы бір тәсілі түріне қарай жеке-жеке дайындау. Ол үшін егістік дақылды (сүлы, арпа, бидай) жоғары температурада кептіреді. Жемшөпті жеке-жеке дайындағанда ол сапалы болып, витаминдері өзгермейді. Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу мал шаруашылығы институтының мәліметтері бойынша 1 кг жеке азықта 0,7-0,8 азық өлшемі болады, көп сақтағанда сапасына онша өзгермейді.

Кейінгі уақытта пішендеме дайындалып жүр. Оны жемшөптің қай қайсысынан   болса   да   дайындауға   болады.   Күйіс   қайыратын   ірі   қара пішендеменің азықтық маңызы зор, себебі ол организмге биологиылық әсерін тигізеді. Сондықтан пішендеме ірі қара үшін шөппен сабанды алмастыра салады, әрі қоректілігі және сіңімділігі жағынан едәуір артық. Жақсы сапалы дайындалған пішендеме құрамында 40-60 құрғақ зат бар. Әсіресе оны сауын сиырлар мен төл жақсы жейді. Тәулігіне бір сиырга 15 кг 5-7 кг ға дейін пішендеме жұмсалады. Оның құрамы, сүрлемге қарағанда қышқылы аз және шөптен гөрі дымқылдау, сол себепті мал оны сүйсіне жейді. Сонымен жем шөп құрамына оны енгізу нәтижесінде сиыр сүті молайып, оның өзіндік құны кемиді.

Жүгері сүрлемі де қолайлы мал азығы, одан да сапалы сүрлем дайындалады. Тәжірибе жүзінде сүрлемді жер бетінде үйіп дайындағаннан, жерді қазып, бетонды оларды дайындағанқолайлы болып жүр. Себебі көптеген ғылыми-зерттеу бойынша жер бетінде дайындалған жүгері сүрлемінің 45-50% ысырапқа үшырайды, ал орға салынған жүгері сүрлемінің тек 18-20% ғана ысырап болады.

Көлемді азықты, сүрлемді, көк шөпті дайындаумен қатар, бұларды малға жеуге әзірлеп берудің де маңызы зор. Жем-шөпті малға әзірлеп беруде жем-шөп цехының көп пайдасы бар, себебі Мұнда жем-шөп ысырапсыз дайындалады және белокты, минералды витаминдерді қосуға қолайлы. Жемді малға үстеме азық ретінде берген жөн.

Сиырды сауу тәсілдері. Сиырды сауудың желінінің дамуына көп әсері бар, әсіресе желін ұлпасы жақсы дамып, сүттің түзілуі жақсарады.

Сиырларды қолмен және машинамен сауады. Сиырларды сауар алдында уқапайды (массаж), оның сүтінің көбеюіне әсері зор, сауу қарқыны күшейеді, сиырлар 4-5 минуттай сауылады. [23]

Машинамен сауудың маңызы зор, ол үшін үш тактылы және екі тактылы сауу машиналарын қолданады. Сиырларды сауу арнайы бөлмеде, ал жаз айларында жазғы лагерде УДС-ЗА қондырғысы арқылы сауады. Сиырларды машинамен сауу үшін, оның желіндері мен емшектерінің аурулары болмауы қажет. Машинамен сауарда сауу стакандарының мөлшері сиыр емшектерінің мөлшеріне және түріне сәйкес келуі керек. Сауар алдында сиыр желінін жылы сумен жуады, ал судың температурасы 40-45°С болуы қажет содан кейін құрғақ шүберекпен жуып, уқалауға дайындайды, ал 1 минут өткеннен кейін сауын стакандарын емшегіне кіргізеді. Сауу қарқыны жақсы болу үшін, сиыр емшегін сауу стаканына кіргізер алдында, ол жылы болу керек және сауын стаканын жылы дезинфекция жасайтын сүйыққа батырады. Желінді соңғы сипалауды сауу бітер уакытында жүргізіледі.

Әрине, сауу әдістемесі сақталынбаса, сауу қарқыны бүзылып сиырлардың сүті мен майлылығы төмендейді. Сиырларды сауу үшін, тәулігіне неше рет сауу керек соны дұрыс анықтаған жөн, сиырлардың желінінің аумағы және сүт сыйымдылығын анықтаған жөн. Сиыр желіні сүтке жақсы толуы керек.

Қазіргі уакытта сиырларды тәулігіне үш рет, немесе екі рет сауады. Әрине, тәжірибе жүзінде, сиырларды тәулігіне үш рет сауса, одан екі рет сауғандағыдан 5-15% сүтті көп алады, ал оның биологиялықта және экономикалықта маңызы бар. Сиырларды үш рет сауғанда 1 т сүтке еңбек шығыны 20-30%) көтеріледі.

 

1.2.5 Сүт өндіру технологиялары

 

Пастерленген сүт технологиясы. Сүттің сипаттамасы

Пастерленген сүтті ұсақ ыдыстарда (құмыра мен пакеттерде), сонымен қатар флягтар мен цистерналарға құйып өндіреді. Оны МЕСТ 13277-79 сәйкес өндіреді.

Қалалық сүт зауыттарында пастерленген сүтін төмендегі технологиялық кесте бойынша өндіреді.

Шикізатты қабылдау. Майлылығы 2,5 және 3,2% пастерленген сүтті өндіру үшін сапасы бойынша екінші сорттан төмен емес тұтас сүті және қышқылдығы 19°Т жоғары емес, тығыздығы 1030 кг/м3 төмен емес майсыз көк сүт және майдың массалық үлесі 30 %, қышқылдығы 24°Т жоғары емес кілегей қолданылады. Қаймағы алынбаған сүтті нормалау үшін жоғары майлылықтағы кілегей алу әдісімен өндірілген сары майдан алынған іркітті кеңінен ңолданады. Күз-қыс мезгілдерінде зауытқа сүттің келіп түсуі азайған кезде, сонымен қатар кейбір аймақтарда климаттың жағдайына байланысты сүт мүлдем болмаған кезде пастерленген сүтті өндіру үшін жоғары сапалы сүт қалбырлары пайдаланылады. Оларға шашыраңқы әдіспен алынған құрғақ жоғары сүрыпты қаймағы алынбаған сүт, құрғақ жоғары сұрыпты кілегей және құрғақ майсыз көк сүт, қойылтылған майсыз көк сүт жатады.

Майдың массалық үлесі 3,5% пастерленген сүт өндіру үшін сапасы бойынша екінші сорттан төмен емес ңаймағы алынбаған сүт, кілегей және майсыз көк сүт қолданылады. Майлылығы 6% пастерленген сүт өндіруге арналған нормаланған қоспаны тек сапасы бо-йынша бірінші сорттан төмен емес ңаймағы алынбаған сүттен және кілегей мен майсыз көк сүттен дайындай-ды. Майсыз пастерленген сүтті өндіру үшін майсыз көк сүтті немесе шашыраңқы әдіспен өндірілген құрғақ майсыз көк сүтті пайдаланады.

Шикізаттың барлың түрлері сапасы бойынша және стандарттардың талаптарына сәйкес сапасы бойынша қабылданады.

Шикізатты нормалау. Пастерленген сүттің барлық түрлеріне шикізатты майлылығы бойынша нормалайды. Қоспаның майлылығы дайын өнімнің майлылығынан 0,05% көп болуы керек. Процесті нормалаушы-сепараторда немесе араластыру жолымен ваннада жүргізеді. Майдың массалық үлесі 2,5-3,2% пастерленген сүтті өндірген кезде ңаймағы алынбаған түтас сүттің массасын анықтайды.

М=100 • Н • М I (Р • М )

Мұнда Н — 1 т. пастерленген сүтті өндіруге кеткен шикізаттың шығынының нормасы, кг;

М, - пастерленген сүттің құрамындағы майдың массалық үлесі, %;

Р - құрғақ сүттің ерігіштігі, %;

М - құрғақ қаймағы алынбаған сүттің құрамындағы майдың массалық үлесі, %.

Есептелінген ңүрғақ қаймағы алынбаған сүтті ерітуге қажетті судың массасын Мс келесідей анықтайды:

М = Н-СпР/100

Судағы құрғақ сүттің еруі екі қабырғалы араластырғышы бар ванналарда жүреді. Аз мөлшердегі ңүрғақ сүтті қалпына келтіру үшін арнайы қондырғыны ңолданады. Құрғақ сүтті температурасы 38-42 °С жылы суда ерітеді. Төмен температурада ңүрғақ сүттің еруі баяулайды, өте жоғары температурада ұнтақтың ірі түйіршіктері пайда болады да, еруге кедергі тигізеді. Процесті жылдамдату үшін құрғақ сүт пен судың қоспасын үздіксіз араластырады немесе ортадан тепкіш сораптың көмегімен циркуляциялайды.

Алынған қалпына келтірілген сүтті ерімей ңалған ірі түйіршіктерден металл сүзгідітің көмегімен тазалайды. Металл сүзгіштің диаметрі 3 мм-ден аспауы керек. Ерітіп тазалағаннан кейін ңаішына келтірілген сүтті тез арада 5-8 °С-ңа дейін салңындатып, сыйымдылыққа жіберіп, құрғақ сүттің бөліпектері толығымен еруі үшін 3-4 сағат аралығында үстайды. Ұстау аяқталғаннан кейін ңалпына келтірілген сүттің құрамы тексеріледі және ңажет болған жағдайда нормалауды жүргізеді. [25]

Қалпына келтірілген сүттен нормаланған қоспаны құрастыру үшін оған қаймағы алынбаған пастерленген сүтті енгізу ұсынылады.

Сүтті тазалау, гомогенизациялау, пастерлеу және салқындату. Осы операциялар ағында, арнайы желілерде орындалады. Осы желі қатпарлы пастеризатор-салқындатқыш қондырғысынан, сүт тазалағыш сепаратордан және гомогенизатордан тұрады. Нормалаудан кейін қоспа сыйымдылықтан пастеризатор-салқындатңыш қондырғысының бірінші рекуперация секциясына келіп, 40-45 °С температураға дейін қыздырылады. Қыздырылған сүт сүт тазалағыш сепараторға жіберіліп, механикалық ластардан тазартылады. Рекуперацияның екінші секциясында сүт 60 С-қа дейін қыздырылып гоомогенизаторға жіберіледі. Сүттің консистенциясы мен д әмін жаңсарту үшін сүтті 12,5-2,5 мПа қысыммен гомогенизациялайды. Гомогенизатордан сүт қайтадан пастеризатор-салқындатқыш қондырғысына келіп, 76-78 °С температурада 20 сек. үсталып пастер-ленеді. Сумен және тұздықпен салқындату секцияларында сүт 4-6 °С-ңа дейін салңындатылып, ыдысқа құйылуға дейінгі арнайы сыйымдылыңта сақталынады. Дайын өнімнің сапасы органолептикалық және физика-химиялың көрсеткіштері бойынша тексеріледі. Пастерленген сүтті ыдысқа құюға дейін 6 сағат сақтайды. [24]

Дәруменделген сүттің құрамы, органолептикалың және физика-химиялық көрсеткіштері пастерленген сүттің көрсеткіштерімен бірдей. Сүттің ңүрамын-дағы С дәруменінің мөлшері 1000 мл сүтке 10 мг. Дәруменделген сүт сапалы сиыр сүтіне аскорбин қышқылын қосу арқылы ендіріледі. Сүттің қыш-ңылдығы 18 °Т жоғары болмауы керек, себебі қосы-латын аскорбин ңышңылы сүттің қышқылдығын жоғарыл атад ы.

Аскорбин ңышқылын тазаланған және нормаланған сүтке келесідей ңосады: мектепке дейінгі балаларға арналған 1000 л сүтке 100 гр; басқа жастағы балалар мен ересек адамдарға арналған 1000 л сүтке 200 грамм.

Дәруменделген сүтті ендірудің технологиялық процесі пастерленген сүтті өндірудегі операциялардан тұрады. Дәруменделген сүтті дайындау кезінде аскорбин қышқылын резервуардағы пастерленген салқындатылған сүтке дәрумен ұнтағын баяулап себу арқылы қосады. Сүтті үздіксіз араластырады. Аскорбин қышқылын қосқаннан кейінгі араластыру ұзақтығы араластырғыш пен сыйымдылықтың конструкциясына байланысты 15-20 минутты құрайды. Араластырудан кейін дәруменделген сүтті 30-40 минут ұстайды. Одан кейін оны ңүмыраларға немесе қағаз пакеттерге құяды. Сүт құйылған   құмыраларды   алюминий   қақпақтармен.

 

2 Тіршілік қауіпсіздігі

 

Тіршілік қауіпсіздігі және өндірістік - санитарлық шаралар жиынтығы ірі қара шаруашылығын зооантропозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.

Ірі қара шаруашылығында еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.

Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады.ірі қарамен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.

Кезеңі нұсқау іріқара шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болу фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық арашылар қатысады.

Ірі қара шаруашылығында еңбек шарты қора - жай ауасының зиянды
газдармен, шаң - тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына,
температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа
байланысты    болады. Соған байланысты ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Ірі қара шаруашылығының еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, көңді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықтарта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора - жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.Сондықтан да ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Ірі қара шаруашылығыдағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім - бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.

Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.

Санитарлық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі.Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта - матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.

Ауру ірі қарамен , өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді.Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақтылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек.

Ірі қарамен жұмыс істеуге 18 - ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора - жайларында тамақ жеуге және ауру ірі қарадан алынған шикі сүтті ішуге тыйым салынады.

Қызмет көрсетушілер ауру ірі қараны күту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарасыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100 - 150 мг/л белсенді хлоры бар ерітіндімен зарасыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.

Зараданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп
жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ерітіндіге немесе 2 пайыз сода ерітіндісіне салып қояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.

Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан ірі қара шошынып, адам денесіне тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.

Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақтылы ішқұрт тасымалдауға тексеріледі.

Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекцияық ерітінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі керек.

Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветеринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі.Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер киеді.

Дезертінділермен және аэрозольдермен жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауданы аэрозольмен дезинфекциялаумен желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі.

Дезинфекция немесе аэрзольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды. Мұндай жағдайда қора - жайлардың есіктеріне кіруге болмайды деген ескертпе жазулар ілінеді.

Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды .Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және ірі қараны жіберуге рүқсат етіледі.

Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды.

Ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.

Туберкулезбен , бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар ірі қарамен жұмыс істеуге жіберілмейді.

Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі ет арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін.

Ветеринариялық мамандар үнемі ауру ірі қараны және өлекселермен тікелей қатыса болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтауы ас қажет.

Ветеринариялық - санитариялық өткелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді.І рі шаруашылықтарда осындай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге алып кетуге немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.

Ірі қара шаруашылығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклимат жасау ( температура, ылғалдылық, ауаның газды құрамы, жарықтандыру ) , тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру араны оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.

Ірі қараны аурудан сақтаудың бірден - бір жолы - санитариялық -гигиеналық ережелерді мүлтіксіз орындау, арнайы жоспар бойынша өз уақтысында дезинфекциялық, дератизациялану және өлексені үнемі утильдеу шараларын дер кезінде жүргізу мал кәсіпорындарын аурудан сақтаудың кепілі.

 

Қорытынды

 

Қазіргі уақытта малды жаңа технологиялық әдіспен бағып күтуде және оларды сүт кешендерінде жаңа тәсілмен азықтандырып, одан әрі асылдандыруда, олардың біркелкі болуы қажет. Сүтті сиырлардың стандарты, типі, дене пішіні өлшемдері, тірідей салмағы, өнімі, сауу машинасымен сауғанда сауылу жылдамдығы, сиыр желінінің сауу машинасына бейімділігі бірдей болған жөн. Сүт кешендеріндегі сиырдың сырт пішінін, еттілігі, сүйегінің беріктігі, аяқтары жақсы жетілмесе, жаңа өндірістік технологиялық сүт өндіру тәсіліне сәйкес келмейді. Сондықтан, сүтті сиыр тұқымына өндірістік технологиялық жолмен өсіру үшін, біріншіден, сырт пішіні жалпақтау және конституциясы мықты болуы керек; екіншіден, малға жем-шөпті көп беріп, одан алынатын сүт өнімін молайту керек; үшіншіден, организімі түрлі ауруларға қарсы тұра алатын төл алған жөн; төртіншіден, сиыр машинамен саууға және механикаландырылған қоражайға бейім болуы керек; бесіншіден, стандарт көрсеткіштері, дене өлшемі, тірідей салмағы.

Сауын сиыр шаруашылығында сүт өнімінің мол және экономикалық жағынан нәтижелі болуы сиыр табынының құрамына байланысты. Осыған байланысты сиыр табынында оларды ұстау мерзімін анықтау және мезгілінде сиыр табынының жас малмен толықтырып, кәрілерін уақытында шығарудың маңызы зор. Малдың өсуі, табынның сапасы және құрамы, сондай-ақ қалыптасуына байланысты.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қобылбаев Қ.П Ірі қараны бордақылау - Алматы Қайнар 1995 ж, 45-65 беттер
  2. Оразбеков Ж , Төлебаева Б.К Ірі қара шаруашылығы -Алматы Қайнар 1991 ж, 78-85 беттер
  3. Ысқақбаев Б.Б Сиырды қолда өсіру -Алматы Қайнар 1987 ж, 36-54 беттер
  4. Төреханов А.Ә, Каримов Ж.К, Даленов Ш.Д, Найманов Д.Қ, Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф 2006 ж, 251-269 беттер.
  5.  Бусев Г.С. Итоги выращивания и откорма молодняка крупного рогатого скота,  молочных  н  малочно-мясных  пород  //Новое  по  откорму  и  нагулу крупного рогаггого скота н овец. -М., 1956. -С. 67-69.
  6.  Вишневский М.В. Закономерности роста желудочно-кишечного тракта в онтогенезе крупного рогатого скота //Животноводство. -М., 1960. -№7. -С.33-37.
  7. Григорьев Н.Г., Гаганов А.П.  Влияние концентрации обменной энергии рациона   качества   мясо   откармливаемых   бычков   //Молочное   и   мясное скотоводство. -М, 1989. -Вып.12. -№9. -C.16 .
  8.  Девяткин А.Н. Ірі қараны комплекстерде өсіріп, бордақылау. -Алматы: Қайнар, 1980. -200 6.
  9.  Дьяков CM. Высокопитательные корма в рационах молодняка крупного рогатого  скота на откорм //Молочное  и мясное  скотоводство.  -М.,   1990. -Вып.12.-№8.-СЛ8.
  10.  Жузенов Ш.А., Жазылбекова Н.А., Жусупов М. Эффективность произ-водства говядины в зависимости от съемной живой массы бычков казахской белоголовой  породы //Животноводство,  кормопроизводство  и  ветеринария. -Алматы: Бастау, 2006. -№2. -С.72-73.
  11.  Жузенов Ш.А., Жусупов М., Кулиев Т.М. Как правильно выращивать бычков казахской белоголовой породы до высокой кондиции //Агроинформ. -Астана, 2006. -№8. -С. 17-18.
  12.  Журавская Н.К., Алехина Л.Т., Отряшенкова Л.М. Исследование и контроль качества мяса и мясопродуктов. -М.: Агропромиздат, 1985. -С.63.
  13.  Зарпуллаев   Ш.Н., Жуманбаев А.С., Алиханов Ж. Интенсивное выращивание, откорм и мясная продуктивность некондиционного молодняка крупного рогатого скота //Научные основы развития сельского хозяйства на юге Казахстана: сб.науч.трудов ЮКИНИИСХ. -Алматы: Бастау, 2001. -С.204-216.
  14.  Зарпуллаев Ш.Н., Алиханов Ж. Интенсивные  методы  подготовки некондиционного молодняка крупного рогатого скота на мясо //Матер.межд. науч.-практ.конф. -Алматы, 2000. -C.112-113.
  15.  Карманов А.Г. Влияние типа кормления молодняка крупного рогатого скота на формирование сельского хозяйства. -М., 1961. -Т.З. -С.87-92.
  16.  Комаров Л.Л. Производство говядины при разных формах специализации. -М., 1971.-187 с.
  17.  Кравченко А.И.Влияние разного уровня протеина и его заменителей на  откормочные и мясные качества тонкорунных ягнят //Проблемы интенсифи-кации овцеводства. -Ставрополь, 1974. -С. 158-160.
  18.  Кулешов   П.Н.   Влияние   питания   на   формы   тела   и   на  характер  продуктивности //Избранные работы. -М., 1949. -С.247-262.
  19.   Кулиев Г.К. Рост и развитие скелета некоторых пород овец в отгонно-горных условиях Азербайджана. -Баку: Изд. АН АзССР, 1979. -№3. -59 с.
  20.   Левантин Д.А. Теория и практика повышения мясной продуктивности в скотоводстве. -М.: Колос, 1966. -С.232-236.
  21.  Левантин Д.Л. Влияние питания на рост, развитие и мясные качества молодняка симментальской породы //Советская зоотехния. -М.,  1950. -№1. -С.52-62.
  22.  Левантин Д.Л. Возрастные изменения костяка крупного рогатого скота //Сб.науч.трудов ин-та морфологии им.А.Н.Северцова. -М.: AH CCCP, 1957. -ВЫП.П.-С.98-Ю7.
  23.  Левантин Д.Л. Производство говядины //Справочник. -М.: Агропром-издат, 1987. -223 с.
  24.  Левантин Д.Л. Пути увеличения производства говядины. -М.: Гос.изд-во с.-х. литературы, 1958. -С. 7-8.
  25.  Левантин Д.Л. Теория и практика повышения мясной продуктивности в скотоводстве. —М.: Колос, 1966. —132 с.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-08-17 17:26:10     Қаралды-9041

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »