UF

ЯМАЙКА (Jamaica) - Орталық Америкадағы мемлекет (1962 жылдан тәуелсіз). Кариб теңізіндегі өзі аттас аралдар мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Жері 11,5 мың км2. Халқы 2,9 млн. (2019). Астанасы және басты порты - Кингстон қ. Әкімшілік жағынан 3 графтыққа бөлінеді. Ұлыбритан Ынтымағы құрамына кіреді.

Мемлекеттік құрылысы. Ямайка - Ұлыбритания Ынтымағы құрамындағы мемлекет. Қазіргі конституциясы 1962 жылы қабылданған. Мемлекеттік басшысы - генерал-губернатор. Оны Ямайка премьер-министрінің ұсынысы бойынша британдық король тағайындайды. Генерал-губернатордың жанынан кеңесші орган ретінде Құпия совет құрылған, оның 6 мүшесін генерал-губернатор (премьер-министрдің кеңесімен) тағайындайды. Заң шығаратын жоғары өкімет органы - екі палаталы парламент (өкілдер палатасы және сенат). Өкіметтің атқарушы функциясы премьер-министрдің басшылығындағы министрлер кабинетіне жүктеледі. Сот жүйесіне: Жоғары және Апелляциялық соттар жатады. Соттың төменгі инстанциялары да құрылған.

Табиғаты. Ямайканың солтүстік жағасы жартасты, түзу, оңтүстігі едәуір тілімделген. Аралдың көшшлік бөлігін әк тасты таулы қыраттар алып жатыр. Батысынан шығысына қарай жас шөгінділерден және кристалл жыныстардан түзілген қатпарлы таулар кесіп өтеді (биік жері Блу-Маунтин. 2292 м-ге жуық). Оңтүстік және батыс жағалауы - аллювийлі ойпат. Ыссы, родондық бұлақтар көп. Пайдалы қазындылары - боксит, темір рудасы, корғасын, марганец. Климаты тропиктік, ылғалды. Қаңтардың орташа температурасы 24°С, шілдеде 28°С-қа жуық. Жыллық жауын-шашыны 1800-2000 мм. Жауынды маусымы мамыр-маусым-қыркүйек-қазан айлары. Құрғақ маусымы қаңтардан сәуірге дейін. Ірі өзені - Блэк-Ривер, төменгі ағысында кеме жүзеді. Аралдың орталығында және таудың солтүстік-шығыс беткейінде мәнгі жасыл тропиктік орман өседі. Жазықта саванна өсімдігі басым. Жері күлгінделген қызыл (тауда), қызыл қоңыр топырақты (жазықта) болып келеді. Жарқанат, үй қояны, крокодил және тасбақа мекендейді.

Халқының көпшілігі ямайкалықтар (80%-і негрлер), олардан басқа үнділер, қытайлар, ағылшындар тұрады. Ресми тілі - ағылшын тілі. Діни нанымы - христиандык. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 172 адамнан (1974). Ірі қалалары - Кингстон. Монтего-Бей, Спаниш-Таун.

Тарихы. Ямайканың ғылымға мәлім ең көне тұрғындары алғашкы қауымдық құрылыстағы үндістер болған. Негізгі кәсібі – егіншілік, оған қосымша аңшылық, балықшылық. 1494 жылы аралды X. Колумб ашып, оны Сантьяго деп атаған. Кейін Ямайка (үндістің «Хаймака» - бұлақтар аралы деген сөзінен) атанып кеткен. 1509 жылдан Испаниянын отарлауы үндістерді жаппай қырғынға ұшыратты (1611 жылы 74 үндіс қалды). 1513 жылдан бастап қант құрағы, кофе плантацияларыпа Африкадан құлдар әкеліне бастады. 1670 жыл Мадрид шарты бойынша Испанпя Ямайканы Англияның билігіне беруге көнді.

17 ғасырдың 70 жылдарынан қант құрағы, кофе, индиго бұрынғыдан артық өндіріліп, Африкадан құлдар көп әкелінді. 18 ғасырда Ямайка шикі қант өндіруден дүние жүзінде 1-орынға шықты. Аяусыз қанау құлдардың наразылығын туғызды. 17 ғасырдың 2-жартысында олар 5 рет, келесі 130 жылда 27 рет көтеріліс жасады. Аралдың қойнауында қашқын құлдар мен олардың ұрпақтарының - марундардың тәуелсіз қауымдары жүздеген жыл бойы отаршылдарға қарсы қарулы күрес жүргізді. Гаитиде революцияның жеңуі (1804), Оңтүстік Американың кейбір республикаларында құлдықтың жойылуы Ямайкада құлдардың жаңа қозғалысын туғызды (1806, 1808, 1809, 1815, 1823-1824, 1831-1832). Соның нәтижесінде 1833 жылғы заң бойынша құлдық (1838 жылы біржолата) жойылды. 1884 жылы ямайкалықтар Заң шығару советі мүшелерінің біразын сайлауға право алды.

1867 жылы Солтүстік Америка компаниясы Ямайкада банан плантациясын ұйымдастырды. 70 жылдардың аяғында сыртқа банан шығарудан Ямайка 1-орын алды. Елде ауыл шаруашылық пролетариаты пайда болды. Өнеркәсіп мешеу қалды. 1908 жылы ұйымдасқан кәсіподақтар жұмысшыларды аз қамтыды.

Ұлы революциясының ықпалымен Ямайкада антиимпериалистік ұлт-азаттық қозғалысы өрістеді. Көптеген кәсіподақтар құрылды. Транспорт жұмысшыларының (1919, 1923), докерлердің (1929) ереуілдері өтті. 30 жылдардың 2-жартысында экономикалық дағдарысқа байланысты ереуілдер көбейді, жаңадан бірнеше кәсіподақ құрылды. 1938 жылы мамырда  Кингстонда жаппай ереуіл болды. Қозғалыс бүкіл аралға тарады. 1938 жылы қыркүйекте кәсіподақтарға шек қою жойылды, саяси партиялар құруға рұқсат етілді. Сол айдың ішінде Халықтық ұлттық партия (ХҰП) және екі ірі кәсіподақ (Кәсіподақ конгресі және Бустамантеде өнеркәсіп жұмысшыларының кәсіподағы), ал 1943 жылы Ямайка лейбористік партиясы (ЯЛП) ұйымдасты.

2-дүние жүзілік соғыс кезінде (1939-1945) Англиямен арадағы шарт бойынша АҚШ Ямайкада соғыс базасын салды. 1943 жылы Ямайка халқы жалпыға бірдей сайлау правосын алды, ал 1944 жылы елді басқару жүйесіне реформа жасаттырды. Алғашқы сайлауда ЯЛП үкімет басына келді. 1954 жылы Жұмыссыздар советі құрылды, «Бостандық жолындағы халық қозғалысы» (БЖХҚ) атты прогресшіл партия қалыптасты. 1958 жылы Ямайка Вест-Үндістан Федерациясына (ВҮФ) кірді. 1959 жылы Ямайкада тұңғыш Министр Советі құрылды. Елдің толық тәуелсіздік алуы жолындағы күрес күшейді. 1961 жылы қыркүйекте референдумның нәтижесінде Ямайка ВҮФ-тен шықты. 1962 жылы 6 тамызда Англия Ямайкаға тәуелсіздік беруге мәжбүр болды. Сол жылы Ямайка БҰҰ мүшелігіне қабылданды. 1963 жылы Ямайка АҚШ-пен келісім жасап, одан соғыс көмегін, экономикалық жәрдем алуға келісті. 60 жылдардың аяғында Ямайкада жұмысшы қозғалысы күшейді. БЖХҚ партиясы АҚШ пен Англияның аралдағы соғыс базаларын жоюды талап етті. 1969 жылы Ямайка Америка мемлекеттерінің ұйымына кірді. 70 жылдары студенттердің, негрлердің қозғалысы туды. 1972 жылы үкімет басына ХҰП келді. Ямайка халықаралық шиеленістерді бәсеңдетуді, Кубамен қарым-қатынасты қалпына келтіру саясатын қолдады. 1972 жылы ол Кубамен дипломатиялық қатынас орнатты. 1973 жылы Кариб теңізі аймағының жаңа саяси-экономикалық ұйымы - Кариб бірлестігіне кірді.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Халықтық ұлттық партия, 1938 жылы құрылған. Социалистік Интернационалға кіреді. Ямайка лейбористік партиясы, 1943 жылы ұйымдасқан. Бостандық жолындағы халық қозғалысы, 1954 жылы құрылған; Xалықтық саяси партия, 1961 жылы құрылған. Бустаманте өндір істік одағы, 1938 жылы құрылған. Кәсіподақтар конгресі, 1938 жылы құрылған. Жұмысшылардың ұлттық одағы, 1952 жылы құрылды. Ямайка кәсіподақтарының федерациясы, 1953 жылы құрылған. Тәуелсіз кәсіподақтар қимылы советі, 1968 жылы құрылған.

Экономикасы. 1973 жылғы ішкі онімі 1318 млн. Ямайка доллар болды. Жан басына шаққанда 664 Ямайка долларынан келеді. Еңбек ететін халқы (1973) 621,6 мың адам, оның ішінде 33,6%-і ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында, балық аулауда және тау-кен өндірісінде, 12,9%-і өңдеу өнеркәсібінде, 7,4%-і құрылыста, 4,1%-і транспортта, байланыс және коммуналдық қызметте, 13,8%-і саудада, 17,6%-і халыққа қызмет ету саласында істейді. 1974 жылы еңбек ететін халқының 22%-тен астамы жұмыссыз болды, 40%-і маусымдық немесе уақытша жұмыс істейді.

Өнеркәсібінің негізгі саласы - тау кен өндірісі. Ямайка боксит өндіруден капиталистік дуниеде 1-орында (1957 жылдан). Ірі кен орындары 2-дүние жүзілік соғыс жылдары ашылды. 1973-1974 жылдар 15,2 млн. т боксит, 2,5 млн. т глинозем, 351 мың т гипс, 342 мың т өңделмеген қант, 400 мың т цемент өндірілді. 2,1 млрд. квт/сағ электр энергиясы алынды. Мата тоқу, киім тігу, темекі, консерв, ұн тарту, фармацевтік, сыра қайнату және 50-ден астам копра дайындайтын кәсіпорындары бар. Мұнай айыру, азық-түлік және көпшілік қолды товарлар өндіру Кингстон қаласында жэне оның төңірегінде, өңдеу өнеркәсібі (қант, ром, консерв шығару) Монтего-Бей, Спанип-Таун қалаларында шоғырланған.

Ауыл шаруашылығы. Территориясының 24%-і өңделеді, 22%-і жайылым және шалғын, 19%-тейі орман мен бұта, 35%-і темір бетон жерлер. Экспорттық дақылдары (өнімі мың т, 1974); қант қамысы 3920, банан 190, батат 16, какао 2,2, кофе 1,2. Өз тұтынулары үшін ямс, күріш, жүгері өсіреді. Қант өндірісін негізінен Ұлыбританияның «Тейт энд Лайл», банан «Юнайтед брэнде» және «Тейт энд Лайл» компаниялары бақылайды. 1974 жылғы мал саны (мың); мүйізді ірі қара 275, шошқа 222, ешкі 378.

Транспорты. Автомобиль жолының ұзындығы 15,5 мың км, темір жолының ұзындығы 389 км (1973). 1974 жылғы экспорты 581,2 млн. долл., импорты 847 млн. долл. Шетке глинозем, боксит, өңделмеген қант, банан шығарады, өзіне шикізат (машина майы т. б.), жабдықтар (транспорт жабдықтарын қоса), азық-түлік әкеледі. Негізгі сыртқы сауда серіктестері (1973 ж., %): АҢШ (экспорты 41 және импорты 39), Ұлыбритания (23 және 17), Канада (10 және 7).

Денсаулық сақтау ісі. 1974 жылғы мәлімет бойынша әр 1 мың адамға шаққанда туған бала саны 30,8, өлген адам 7,2; тірі туған (1973) әр 1 мың баладан өлгені 26,2. Адам өмірінің орташа ұзақтығы 66 жас. Жиі ұшырайтын аурулар - ішек инфекциясы, туберкулез, респираторлық инфекция. Венералық аурулар да тараған. 1973 жылы елде 7,6 мың төсектік (1 мың адамға 0,5 төсек) 33 аурухана болды, оның ішінде 7,35 мың төсектік 28 аурухана мемлекет қарамағында, қалғаны жеке меншікте. 1972 жылы 490 дәрігер (32 мың адамға 1 дәрігер), 105 тіс дәрігері, 84 фармацевт, 300 акушер, 2,2 мың медициналық сестра жұмыс істеді. 1973 ж. денсаулық сақтау ісіне мемлекеттік бюджеттің 10,1%-і жұмсалды.

Оқу-ағарту ісі. 1974 жылы халқының 30%-ке жуығы сауатсыз болды. 4-6 жастағы балалар үшін аздаған балалар бақшасы ұйымдастырылған (1969 жылы 12 мыңнан астам бала тәрбиеленді). 6-15 жастағы балалар үшін ақысыз міндетті оқу енгізілген. Мектепке 6 жастан қабылданады. Бастауыш мектепте балалардың 90%-тен астамы оқиды. Оқу мерзімі 6 жыл. Орта мектептің оқу мерзімі 6 (34-3) және 7 (34-4) жыл. Мемлекеттік мектептермен қатар жеке адамдар қарауындағы мектептер де бар. Оқу ағылшын тілінде. 1972-1973 оқу жылында бастауыш мектептерде 395,2 мың, орта мектептерде 75,9 мың оқушы оқыды. Кәсіптік-техникалық дайындық толық емес орта мектептер негізінде жүзеге асады, оқу мерзімі 1-3 жыл (1972-1973 оқу жылында 4,5 мық оқушы). Мұғалімдер толық орта мектеп негізінде даярланады (1972-1973 оқу жылында 2,2 мың оқушы). Жоғары оқу орындарында 1973-1974 оқу жылында 8,4 мың студент оқыды [Вест-Үнді университеті - 1948 жылы құрылып, 1962 жылы университет статусы берілген; өнер, жаратылыс тану ғылымдары және технология колледжі (1958), ауыл шаруашылық мектебі (1910)]. Басты кітапханасы - университет кітапханасы (кітап қоры 249 мың дана). Кингстондағы Ямайка институты жанында (1879 жылы құрылған), Спаниш-Таунда музейі бар.

Әдеб.: Булавин В. И. Ямайка. М., 1968; Аникина Е. Особенности экономического и политического развития Ямайки. «Латинская Америка», 1973, №3; Дридзо А. Д. Население Ямайки. «Советская этнография», 1962, № 5.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-02 17:36:34     Қаралды-1569

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »