UF

ШЫҒЫС САМОА (Еаstern Sаmоа) - Тынық мұхиттағы Самоа архипелагының шығыс бөлігіне жайласқан ел. Құрамына Тутупла (137 км2), Мануа, Аунуу аралдары, Розе және Суэйнс атолдары кіреді. АҚШ иелігінде. Жері 197 км2. Халқы 187,8 мың (2011). Орталығы - Паго-Паго (Тутуила аралында). Әкімшілік жағынан 3 округқа бөлінеді.

Табиғаты. Көпшілік жері биіктігі орташа таулы келеді. Климаты тропиктік пассаттық. Ауаның айлық орташа температурасы 25-27°С. Жылдық жауын-шашыны 80-450 мм. Территориясының 1/2-і орман. Жануарлар дүниесіне кедей. Мұхиттың Шығыс Самоалық бөлігі балыққа бай (акула, бонито, макрель, семсер балық).

Халқының негізі самоалықтар. Американдар, мұхиттық аралдар елдерінен шыққан халықтар да тұрады. Діни нанымы жөнінен тұрғындарының көпшілігі - христиандар. Ресми тілі - ағылшын тілі. Еңбек етуші халқы 9,6 мың (тұрғындарының 35%-не жуығы).

Экономикасының ең басты саласы - балық аулау және консервілеу. Жерінің 2/5-і өңделеді. Басты экспорттық дақылы - кокос пальмасы (4,5 мың т жаңғақ, 300 т копра, 1972). Өздері үшін банан (плантациясы 1 мың га, өнімі 2 мың т, 1972), ямс т. б. егіледі. Шошқа және құс өсіру басым. Өнеркәсіп орындары АҚШ компанияларына қарайды. Экспорт қүнының 99%-і теңіз өнімдерін сатудан түседі. Басқа елдерден (негізінен АҚШ-тан) азық-түлік, құрал-жабдық, тұтыну товарлары әкелінеді. Туризм жақсы дамыған.

Ақша өлшемі - АҚШ доллары.

Германия, Ұлыбритания және АҚШ араларында Самоа аралдарын билеу үшін жүргізілген талас 19 ғасырдың 2- жартысында қатты шиеленісті. Соның нәтижесінде архипелаг бірнеше бөлікке ажырады: қазіргі Шығыс Самоа жері АҚШ қарамағына өтті. 1899 жылы Шығыс Самоа - АҚШ иелігі болып жарияланды. 1900-1951 жылдар аралығында елді АҚШ әскери теңіз флоты, 1951 жылдан Ішкі істер министрліктері басқарды. Шығыс Самоа халқы өзінің саяси бостандығы үшін күресін тоқтаусыз жүргізіп келеді. 1968 жылы елде алғашқы саяси партиялар ұйымдастырылды. 1969 жылы Шығыс Самоаның болашақ саяси статусын белгілейтін комиссия құрылды.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-02 17:27:51     Қаралды-937

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »