UF

МАЛАВИ (Маlаwі), Малави Республикасы (Rерubliс оf Маlаwі) - Шығыс Африкадағы мемлекет. Британ ынтымағы құрамында. Жері 118,5 км2. Халқы 16,7 млн. (2013). Астанасы - Зомба қаласы. Әкімшілік жағынан 3 провинцияға (Солтүстік, Орталық, Оңтүстік) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Малави - республика. Қазіргі конституциясы 1966 жылы 6 шілдеде қабылданған (1970-1972 жылы өзгерістер енгізілген). Мемлекеттік және үкімет басшысы - президент. Оны халық 5 жылға сайлайды. Президент - қарулы күштердің бас қолбасшысы. Ол министрлерді, басқа да жоғары лауазым иелерін тағайындайды, парламентті таратып жібере алады. Үкімет - Министрлер кабинеті - президент пен министрлерден құралады. Жоғары заң шығарушы органы - парламент, ол президент пен бір палаталы Ұлттық жиналыстан тұрады. Оның депутаттарының көпшілігін халық 5 жылға сайласа, қалғандарын президент тағайындайды. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Провинцияларды министрлер басқарса, округтарды комиссарлар басқарады. Бұлардың барлығын президент тағайындайды. Округтар мен қалалардағы басқару органдары - округтық, қалалық советтерді халық сайлайды. Селолық жерлерде дәстүрлі өкімет органдары - көсемдер советі сақталған. Сот жүйесі Жоғарғы апелляциялық сот, Жоғары сот, төменгі соттар мен магистрат соттарынан құралады.

Табиғаты. Малави Африка платформасының оңтүстік-шығыс шетіне орналасқан. Батысында Ньика үстірті (биіктігі 2670 м), оңтүстік-шығысында Шире үстірті және Мландже (биіктігі 3000 м) тау массивтері жатыр. Пайдалы қазындылары: тас көмір, темір рудасы, боксит. Климаты экваторлы муссондық; жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Орташа температурасы қарашада 20°С-тан 23°С. Шілдеде 14-19°С. Жылдық жауын-шашыны 750- 1000 мм (ойпатта), 1000-1500 мм (үстіртте). Басты өзені - Шире (Замбезидің саласы). Ірі көлдері - Маломбе және Ширва. Елдің солтүстік бөлігінде қызыл топырақ, қалған жерлерінде қызыл-қоңыр латеритті топырақ. Өзен аңғарлары орманды келеді. Африка пілі, буйвол, зебрлер, жирафтар, арыстан, қорқау қасқыр, қабылан т. б. мекендейді. Жануарлар дүниесін (піл, буйвол, бөкен т. б.) қорғау үшін Малави ұлттык, паркі ұйымдастырылған.

Халқы. Негізінен шығыс банту тілінде сөйлейді, олар - малавиліктер (55%); оңтүстігінде макуа және ломве, ваяо, суахили, нгони т. б. Азия мен Европа елдерінен коныс аударғандар (20 мыңнан астам) тұрады. Халқының жартысынан көбірегі жергілікті дәстүрлі дінді ұстайды. Қалғандары христиандар мен мұсылмандар. Ресми тілі - чиньянджа (малави тілі) және ағылшын тілі. Ресми календары - григорияндық. 1966-1972 жылдар халқының орташа өсімі 2,25%-ке жуық. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 39 адамнан. Еңбекке жарамды халқының 9/10 ауыл шаруашылығында, бірқатары Оңтүстік Родезия, ОАР-дың шахталары мен рудниктерінде және фермаларында істейді. Басты қалалары: Бпантайр-Лимбе, Зомба, Лилонгве.

Тарихы. Малавидің көне тарихы жете зерттелмеген. 15 ғасырдың ақырында Ньяса өзенінің маңында малави тайпалық бірлестігі топтасқан. 19 ғасырдың 2-ширегінде Малави жеріне оңтүстіктен нигондар, Оңтүстік-Шығыстан, Мозамбиктен ваяолар келіп қоныстанды. 19 ғасырдың орта шенінде бұл бай өлкеге европалықтар келе бастады. Ньяса өзенінің жағалаулары үшін Ұлыбритания, Германия, Португалия өзара тартысқа түсіп, ақыры Ұлыбритания жеңіп шықты. 1891 жылы ағылшынның Ньясаленд протектораты жарияланды. Жерінен айрылып, ауыр қанауға, алым-салық ауыртпалығына ұшыраған жергілікті халық қатты күйзелді. Ақыры 1915 жылы Оңтүстік аймақта көтеріліс бұрқ етті. Бірақ көрші аудандардан қолдау таппаған бұл көтеріліс тез басылды. Дегенмен отаршылдар бостандық жолындағы халық қозғалысын тежей алмады. Күрес, әсіресе, 2-дүние жүзілік соғыс жылдарында күшейе түсті. 1944 жылы Ньясалендте тұңғыш саяси ұйым - Африканың ұлттық конгресі құрылды (АҰК). Бұл ұйым жергілікті халықтың әлеуметтік праволары жолында күресуді мақсат етті. 50 жылдардың басында АҰК империалистердің Ньясаленд пен Оңтүстік Родезпядағы ұлт-азаттық қозғалысын тұншықтыру жоспарына қарсы Родезия, Ньясаленд федерациясын жойып, Ньясаленд тәуелсіздігі жолындағы күресіне басшылық етті. 1959 жылы АҰК-ті заңсыз деп жариялап, басшылары тұтқынға алынды. Жаппай тұтқындау, қырып-жою азаттық қозғалысын мұқалта алмады. АҰК-тің орнына 1959 жылы Малави Конгресс партиясы (МКП) құрылды. Азаттық қозғалыстың қысымымен отаршылдар 1961 жылы шілдеде Ньясаленд тұрғындарына - африкандықтарға сайлау правосын беретін конституция енгізуге мәжбүр болды. 1961 жылы тамыздағы сайлаудың нәтижесінде МКП заң шығару советіндегі көпшілік орындарға ие болды. 1963 жылы ақпанда Ньясаленд іштей өзін-өзі басқаратын болды. Енді оны Федерациядан шығару жөнінде келіс сөз жүргізіле бастады. 1963 жылы шілдеде Виктория-Фолста өткен Ұлыбритания, Ньясаленд, Солтүстік және Оңтүстік Родезия өкілдерінің конференциясында Родезия мен Ньясаленд федерациясын тарқату туралы шешім қабылдады. 1964 жылы 6 шілдеде Ньясаленд Малави аталып, тәуелсіз мемлекеттік болып құрылды. 1964 жылдан БҰҰ-ның мүшесі. 1966 жылы шілдеде Малави Республика болып жарияланды. МКП-нің басшысы X. Банда басқарған үкімет жер қорын жергілікті халық пайдасына қайта бөліп беруде бірнеше игі шараларды жүзеге асырды. Үкімет жеке европалықтар иемденіп отырған біраз жерді сатып алды. Малавидің Ұлыбританияға экономикалық тәуелділігі X. Банда үкіметінің сыртқы саясаттағы бағытынінде бұл бай өлкеге европалықтар келе бастады. Ньяса өзенінің жағалаулары үшін Ұлыбритания, Германия, Португалия өзара тартысқа түсіп, ақыры Ұлыбритания жеңіп шықты. 1891 жылы ағылшынның Ньясаленд протектораты жарияланды. Жерінен айрылып, ауыр қанауға, алым-салық ауыртпалығына ұшыраған жергілікті халық қатты күйзелді. Ақыры 1915 жылы Оңтүстік аймақта көтеріліс бұрқ етті. Бірақ көрші аудандардан қолдау таппаған бұл көтеріліс тез басылды. Дегенмен отаршылдар бостандық жолындағы халық қозғалысын тежей алмады. Күрес, әсіресе, 2-дүние жүзілік соғыс жылдарында күшейе түсті. 1944 жылы Ньясалендте тұңғыш саяси ұйым - Африканың ұлттық конгресі құрылды (АҰК). Бұл ұйым жергілікті халықтың әлеуметтік праволары жолында күресуді мақсат етті. 50 жылдардың басында АҰК империалистердің Ньясаленд пен Оңтүстік Родезиядағы ұлт-азаттық қозғалысын тұншықтыру жоспарына қарсы Родезия, Ньясаленд федерациясын жойып, Ньясаленд тәуелсіздігі жолындағы күресіне басшылық етті. 1959 жылы АҰК-ті заңсыз деп жариялап, басшылары тұтқынға алынды. Жаппай тұтқындау, қырып-жою азаттық қозғалысын мұқалта алмады. АҰК-тің орнына 1959 жылы Малави Конгресс партиясы (МКП) құрылды. Азаттық қозғалыстың қысымымен отаршылдар 1961 жылы шілдеде Ньясаленд тұрғындарына - африкандықтарға сайлау правосын беретін конституция енгізуге мәжбүр болды. 1961 жылы тамыздағы сайлаудың нәтижесінде МКП заң шығару советіндегі көпшілік орындарға ие болды. 1963 жылы ақпанда Ньясаленд іштей өзін-өзі басқаратын болды. Енді оны Федерациядан шығару жөнінде келіс сөз жүргізіле бастады. 1963 жылы шілдеде Виктория-Фолста өткен Ұлыбритания, Ньясаленд, Солтүстік және Оңтүстік Родезия өкілдерінің конференциясында Родезия мен Ньясаленд федерациясын тарқату туралы шешім қабылдады. 1964 жылы 6 шілдеде Ньясаленд Малави аталып, тәуелсіз мемлекет болып құрылды. 1964 жылдан БҰҰ-ның мүшесі. 1966 жылы шілдеде Малави Республика болып жарияланды. МКП-нің басшысы X. Банда басқарған үкімет жер қорын жергілікті халық пайдасына қайта бөліп беруде бірнеше игі шараларды жүзеге асырды. Үкімет жеке европалықтар иемденіп отырған біраз жерді сатып алды. Малавидің Ұлыбританияға экономикалық тәуелділігі X.Банда үкіметінің сыртқы саясаттағы бағытына әсерін тигізуде. Елде X. Банданың беделі артып, ол 1965 және 1971 жылдар МКП-нің ғұмырлық председателі болып жарияланды.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Малави Конгресі, 1959 жылы негізі қаланды, бірден-бір басқарушы партия; Малави кәсіподақтарының конгресі 1964 жылы құрылды, негізгі кәсіподақтар бірлестігі.

Шаруашылығы. Малави - экономикасы мешеу дамыған аграрлы ел. Негізінен бұрынғы метрополи және ОАР-ға тәуелді. Ұлттық өнімінің үлес салмағы жан басына шаққанда 84 доллар (1971 жылы дүние жүзінде ең соңғы орында). Басты экспорттық өнімдері - шай (өнімі 18,6 мың т, 1971), жоғары сортты темекі (22,3 мың т), арахис (180 мың т, 1971), мақта (9 мың т), тунг (5 мың т жаңғағы, 1970), каучук. Тұтыну (азық-түліктік) дақылдарынан жүгері (1,1 млн. т, 1971), тары, сорго, күріш (9 мың т), бұршақ, маниок, картоп егіледі. Майдың, тунганың, каучуктың ең ірі плантациялары ағылшын компанияларының қолында. Мал шаруашылығы цеце шыбынының таралуына байланысты нашар дамыған. 1970-1971 жылдар мал саны (мың): мүйізді ірі қара 426, қой 118, ешкі 636, шошқа 143.                        

Малави, Ширва көлдерінен және Шире өзенінің төменгі ағысынан балық ауланады. Тау-кен өнеркәсібі нашар дамыған. Аздап темір рудасы, боксит, кианита өндіріледі. 1972 жылы 174 млн. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Шире өзенінде СЭС бар. Өңдеу өнеркәсібінен ауыл шаруашылық шикізаттарын оңдеу кәсіп орындары бар. Цемент зауыды (Блантайр-Лимбе, 73 мың т, 1972), темекі фабрикасы (Блантайр-Лимбе), қант (33 мың т) зауыды, шай жапырағын өцдеу, тоқыма, тігін, тамақ (консерв, тунго майын өндіру), құрылыс ағаштарын дайындау кәсіпорындары жұмыс істейді.

Транспорты. Автомобиль жолдарының ұзындығы 10,7 мың км (1970), темір жолының ұзындығы 465 км (1970). Жалғыз темір жолы – Салима-Блантайр-Лимбе-Бейра (Мозамбик). Сыртқы сауда серіктестері: Ұлыбритания (экспорт құнының 40,3%, импортының 21%-і, 1971), Оңтүстік Родезия (7% және 15%), ОАР (5% және 15,5%), АҚШ (5% және 4%), Жапония (импортының 5%). Ақша өлшемі - квача.

Денсаулық сақтау ісі. 1965-1970 жылдар әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 49, адамның өлімі 15, әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 148,3. Елде инфекциялы және паразиттік патология басым. Сондай-ақ Малавидің барлық жерлерінде туберкулез, сүзек, дизентерия, венералық аурулар, алапес т. б. аурулар да таралған. Елде азық-түліктің жетіспеуінен көбінесе ішек-қарын ойық жарасы, диабет, ревматизм спяқты аурулар да кездеседі. 1965 жылы Малавиде 4,9 мың төсектік 52 аурухана (1000 тұрғынға 1,3 төсек), ана мен бала денсаулығын сақтайтын 35 медициналық орталық және 3 көшпелі медициналық орталық жұмыс істеді. 1969 жылы 114 дәрігер (39 мың тұрғынға 1 дәрігер), 10 тіс дәрігері, 17 фармацевт және 1000-ға жуық орта дәрежелі білімді медициналық қызметкерлер болды.

Оқу-ағарту ісі. Халқының 85%-і сауатсыз. Міндетті оқу жөнінде заң жоқ. Бастауыш мектеп 8 жылдық, орта мектеп 6 жылдық. 1968 жылы бастауыш мектептерде 333,9 мың оқушы, орта мектептерде 9,3 мың оқушы оқыды. Кәсіптік-техникалық даярлық бастауыш мектептердің негізінде (1-4 жыл) жүзеге асады. Бастауыш мектеп оқытушыларын орта мектептің 1-сатысы негізінде (2 жыл) даярлайды. Жоғары оқу орны Блантайр-Лимібедегі (1964 жылы құрылған) Малави университеті. 1972 жылы университетте 1 мыңнан астам студент оқыды. Бірнеше колледж бар, бірақ олар толық жоғары білім бермейді. 1968 жылы 500-адам шетелде жоғары білім алды. Ірі кітапханасы - Блантайр-Лимбедегі Чанселлор колледж жанындағы (кітап қоры 45 мың дана) кітапхана, Блантайрде Малави музейі бар.

Әдеб.: Яблочков Л. Д. Коренное население Британской Центральной Африки. В кн.: Африканский этнографический сборник. -Т.2. –М., 1958, гл. 3; Дёмкина Л. А. Крах федерации Родезии и Ньясаленда. -М., 1965.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-02 17:15:36     Қаралды-1231

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »