UF

НОРВЕГИЯ (Norgе), Норвегия Корольдығы (Коngеrікеt Nоrgе) – Солтүстік Европадағы мемлекет. Батысын және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі - Баренц теңізі, батысы - Норвегия, Солтүстік теңіздер, оңтүстігін Скагеррак бұғазы. Құрлықта Швециямен, қиыр шығысында Финляндия және Ресеймен шектеседі. Жері 324,2 мың км2. Халқы 3975 мың (1974). Астанасы - Осло қ. Әкімшілік жағынан 20 фюлькеге (облысқа) бөлінеді. Солтүстік Мұзды мұхиттағы Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі Ян-Майен, оңтүстік бөлігіндегі Буве аралдары Норвегияға қарайды.

Мемлекеттік құрылысы. Норвегия - конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1814 жылы 17 мамырда қабылданған (1905 және 1946 жылы едәуір өзгертілген, толықтырылған). Мемлекеттік басшысы - король. Формальды түрде корольдың билігі зор; премьер-министр мен министрлерді т. б. қызмет адамдарын тағайындап босатуға, соғыс жариялауға бітім жасауға ерікті, қарулы күштеріне қолбасшы және мемлекеттік шіркеу басы да сол. Заң шығарушы органы - парламент - стортинг (155 депутаты 4 жылға сайланады.). 20-ға толған азаматтар сайлауға праволы. Атқарушы өкімет билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Король мен барлық министрлер ерекше органы - Мемлекеттік кеңес құрады. Ол айрықша заң жобалары мен ел басқару мәселесін қарайды. Король тағайындайтын фюлькесман, оның жанындағы фюлькестинг қала, село коммуналық кеңестерінің өкілдерінен тұрады. Коммуналарды жергілікті өкілдер басқарады. Норвегияның сот жүйесі: 1-2 инстанция сотын және Жоғары сотты король тағайындайды.

Табиғаты. Норвегия - таулы ел. Территориясының 2/3 бөлігі теңіз деңгейінен 500 м биік жатыр. Батыс жағалауы фьордтармен тілімделген. Жағасы негізінен тік, биік жартасты (Согне-фьорд, Хардангер-фьорд) келеді, Жайпақ жағалауының кей жерлерінде Трон- хеймс-фьорд және Осло-фьорд сияқты қойнаулар, көптеген ірі (Лофотен, Вестеролен, Сенья, Магерё, Сёрё) және шағын аралдар, шхерлер бар. Ел территориясының басым бөлігіне Скандинавия таулары (ең биік жері Гальхёпигген (2469 м) жайласқан; жергілікті жерде фьельд аталатын бұның оңтүстік жағы Ютунхеймен, Доврефьелль, Юстедальсбре, Телемарк литол. таулы үстірттерден құралады. Норвегияның таулы өңірлерінде рельефтің - пенеплен, нунатак, қоймаңдай тас сияқты формалары көп кездеседі.

Геологиялық құрылысы жөнінен Норвегия территориясы екі тектоникалық аймаққа ажыратылады:    елдің бүкіл оңтүстік-шығысын - архейлік және ежелгі протерозойлық жыныстардан түзілген Балтық қалқаны, солтүстік-батысын кейінгі протерозойлың жыныстармен, кембрийдің, ордовиктің, силурдің вулканогендік және шөгінді қабаттарымен толған каледон қатпарлығы қамтиды. Бұларға негізінен магмалық түзілімдер, күрделі қатпарлар, тектоникалық жамылғылар тән. Скандинавия қатпарлы таулары девон кезінде жаралды. Бірақ көп кешікпей мүжіліп, тегістелді, ал неоген-антропогенде қайтадан көтеріліп, биіктей бастады, Жер қабығында ірі жарылыстар пайда болды. Антропоген дәуірінде Норвегия территориясын түгел мұз басты. Пайдалы қазындылары - темір рудасы (магнетит және титаномагнетит күйінде кездеседі), никель, мыо, молибден, кобальт, күміс рудалары.

Солтүстік теңіздің материктік қайраң бөлігінен мұнай және газ табылды (1970). Норвегия климаты - негізінен қоңыржай; қиыр солтүстігінде субарктикалық, теңіз жағалауында мұхиттық климат. Ауа райына жылы Солтүстік Атлант ағысы көп әсер етеді. Қаңтар айындағы ауа температурасы теңіз жағалауында -2-4°С, Скандинавия тауларында - 9°С, оңтүстік жағында -10, - 12°С; шілдеде 10-15°С, 17°С, 6-10°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау жоталарының батыс беткейлерінде 2000-3000 мм, шығыс беткейлерінде 300-800 мм. Таудың мұздықтар ауданы 5000 км2. Норвегия территориясында жер беті ағын суларының торы өте жиі. Таулы аймақтармен ағатын өзендерініңсуы мол, аңғарлары өте енсіз, арналары шоңғалды келеді; су құламалары кездеседі. Өзендері қар-жаңбыр және мұздық суларынан қоректенеді, көктемде және жазда тасиды; энергияқорына бай (Батыс Европада 1-орын алады).

Ірі өзендері - Гломма, Логен (Гудбрансдаль), Логен (Нумедаль). Көлдерінің жалпы ауданы территориясының 4%-і; негізінен мұздықтар және тектоникалық қозғалыстар әсерінен пайда болған. Ең ірі көлі - Мьёса.

Норвегияда тундралық күлгін топырақ басым тараған; оңтүстігі ғана таулы шөгінді топырақты. Шыршалы, қарағайлы, орманды алқаптар жиі кездеседі. Түлкі, сілеусін, құну, сусар, бұлан, ақкіс, солтүстік бұғысы, қоян, тиін т. б. мекендейді. Теңіздері балыққа бай. Жануарлар мен өсімдік дүниесін қақтау үшін Бёргефьелль, Роннане, Нордкап-Хорнвика, Нордмарка, Фокстумюра, Юнкердальсура ұлттық парктері мен қорықтар құрылған. Табиғи жағдайына қарай Норвегия территориясы - Финмаркен таулы үстірті (жері таулы тундралы және орманды тундралы, климаты өте қатал), Хьелен таулы аймағы мен Лофотен-Вестеролен аралдары (рельефінде алпілік формалар басым, қылқан және ұсақ жапырақты орманды келеді), Батыс жағалау (ірі фьордтармен тілімделген, мұхиттың климаты), Биік фьельдтер өңірі (таулы тундралы және тундралы шалғынды өсімдік өседі, көп жылғы қар жамылғысы және мұздықтар шоғырланған), Скандинавия тауларының шығыс беткейлері (ірі өзен аңғарларымен тілімделген, тайгалық орман жамылған) аудандарға бөлінеді.

Халқы. Норвегия - бір ұлтты ел; халқының 98%-і норвегтер. Олардан басқа саам (20 мың), квен (норвегия финдері), оңтүстік аймақтарында шведтер (20 мың), даттар (18 мың), немістер (10 мың) тұрады. Ресми тілі - норвег тілі. Діні жөнінен Норвегия тұрғындарының 97%-і протестантизмнің лютерандық тобына жатады. Ресми календары григориандық. 1972 жылы еңбекке жарамды халқының (1,7 млн-ға жуық) 34%-і өнеркәсіп пен құрылыста, 12%-і ауыл шаруашылық, орман және балық аулау шаруашылықтарында, 44%-і сауда және тұрмыс қажетін өтеу орындарында істеді. Халықтың орташа тығыздығы 1 км-ге 12,8 адамнан; Осло маңында 50 адамнан, елдің солтүстік бөлігінде (Финмаркен) 2 адамнан келеді. Халқының 1/2-і қалаларда, қалалық елді мекендерде тұрады. Ірі қалалары Осло, Берген, Тронхейм, Ставангер, Кристиансанн, Драммен.

Тарихы. Адамзат Норвегия жерін мұз кезеңінен кейін мекендей бастаған. Негізінен теңіз жағалауларын қоныстанып, аң, балық аулаумен айналысты, солтүстікте тюлень аулады. Мезолит кезеңінде сүйектен, мүйізден бұйым жасау ерекше дамыды. Неолит дәуірінде ауа райының жыли түсуіне байланысты қоныстық жері кеңіді. Оңтүстік Норвегия тұрғындары осы кездің өзінде-ақ мал бағып, қарапайым әдіспен жер өңдей білді. Норвегиядан қола дәуіріне жататын ескерткіштер тым аз болды. Б. з. б. 1-мың жылдықтың ортасында темір мәдениетіне көшуге байланысты егіншілік өріс алып, тұрғын халық отырықшылыққа ауыса бастады. Осы тұста Скандинавия түбегін герман тайпалары келіп қоныстанды. Б. з. 4 ғасырында жаңа герман тайпалары (ругилар, хордтар) пайда болды. Норвегияда рулық құрылыс бірте-бірте жойыла бастады.

Тапсыз қоғамнан ертедегі таптық қоғамға өту кезеңінде викингілер (нормандар) жорықтары жиідеді. Норвегиядан шыққандар Исландияны, Солтүстік Атлантиканың басқа да аралдарын қоныстанды. Англия мен Ирландияның викингілер басып алған аудандарына ауысты. 9-10 ғасырларда Норвегия саяси жағынан біріге бастады. 10 ғасырдың ақырында Норвегияға христиан діні енді. Олаф II Харальдсон (1016-1028) билеген тұста король өкіметі мен шіркеу билігі күшейді. Дегенмен Кнуд І-мен күресте Олаф тағынан айрылып, Н. Данияға, (1035 жылға дейін) бағындырылды.

Норвегия ру тайпалық құрылыстан феодализмге ерекше жағдайда өтті. Егістік 5 жарамды жердің тапшылығынан өңдеу онша дамымады; мал шаруашылығының, балық аулаудың, теңіз қатынасының, аңшылықтың маңызы артты. Норвегияда патриархалдық құлдық 12 ғасырға дейін жетті. Ру-тайпалық қалдықтары феодализм тұсында да сақталып қалды. Бондылардың мүліктік және әлеуметтік жікке бөлінуі нәтежесінде шонжарлар - хольдтар бөліпт шықты, бірақ бұл әлі де қоғамның таптық жіктелуі емес еді. 11 және 12 ғасырларда бондылар арасынан лейлендингілер - жер жалдаушылар саны көбейе түсті. Бір тобы басқа елдерге көшіп кеткен, бір тобы біріктіруші - корольдарға қарсы күресте жойылған «викингілер дәуіріндегі» ру ақсүйектерінің орнына жер өндеуші ақсүйектер (лендрмандар), жасақшылар мен корольдың басқа да қызметшілері, сондай-ақ дін уағызшылары келді. Дегенмен жаңа қалыптасқан бұл билеуші тап әлсіз болды да, шаруалар бұқарасын бағындыра алмады. Лендрмандар мен шіркеу иеліктері шашыраңқы ауыл шаруашылығыменмен айналысатын үйлер мен қора-жайлардан тұрды, олар азық-тулік рентасын төлеп, шаруашылығын өз алдына жүргізді. Норвегияда феодализмнің қалыптасуына король өкіметі маңызды роль атқарды. Корольдар тұрғындардан алым жинап, оларды өз жасағын асырауға мәжбүр етті. Бұл асырау жүйесі - вейцлдер лендік жүйенің тууына негіз болды. 10 ғасырдан тан елдің барлық тұрғындары әскери міндетті болды да, бұл шаруалар жағдайын бұрыңғыдан да ауырлатты бондылар жасақтарда қызмет атқарып, өз есебіне кемелер жасатып, оларды экипажбен, азық-түлікпен камтамасыз етуге тиісті болды). Бондылар жеке бастарының бостандығын, жергілікті және облыс жиналыстарға, халық жасақтарына қатысу правосын сақтағандарымен, мемлекеттің барлық атыртпалықтары солардың мойнына түсті, жерге түпкілікті ие бола алмады. Бұл қайшылықтар шаруалардың мемлекетке қарсы белсенді қозғалысын туғызды. Бондылар 12 ғасырдың 2-жартысы мен 13 ғасырдың басында азамат соғысына қатысты. 13 ғасырдың 20 жылдарының аяғында, Кәрі Хокон (1217-1263 жылдар билік құрды) тұсында күрес тоқтатылып, феодалдық мемлекет біржолата  нығайтылды. Шаруалардың жергілікті өзін-өзі билеу органы болған тингілер король өкілдерінің бақылауындағы органға айналдырылды: сотта король қызметшілерінің қолында болды. Бондылар әскерге қызмет ету орнына салық төлейтін болды. Армияда хольдтар мен король қызметшілерінен қалыптасқан рыцарьлар басты роль атқарды. Билеуші таптың негізгі бөлігі король жасағына кірді, оның құрамының разрядтары феодалдық анархияға сай келді. Норвегияда барон, рыцарь, мырза шендері пайда болды. Магнус VI Хоконарсонның тұсында (1263-1680 жылдар билік құрған) жалпы мемлекеттік заңдар жиынтығы - «Ландслов» шығарылды да, заң шығарушы өкімет бір-жолата корольдың қолына көшті. Сөйтіп Норвегияның бірігуі аяқталды. Норвегия корольдарына солтүстіктегі саам тұрғындары бағындырылды. 1262-1264 жылдар Исландия норвег иелігіне айналды. Норвегияда көп сатылы қоғамдық қатынастар сақталып қалды. Елдің шаруашылық ресурстары тым жұтаң еді. Ұзақ жылдар қарапайым шаруашылық басым болды, қалалар өсіп өркендемеді. Астық тапшылыгы мен норвег корольдарының ақша мұқтаждығын пайдаланған неміс ганзей көпестері Норвегияға батыл кіре бастады. 13 ғасырдың ақырында басталған егіншілік дағдарыс оба ауруына ұласып, елдің экономикасы құлдырап кетті. Үстем таптың үлкен бөлігі байлығынан айрылып, «шаруаланды». Әбден титықтаған норвег дворяндары елге Швеция мен Дания феодалдарының кіруіне қарсы тұра алмады. 1319 жылы Швециямен, 1380 жылы аниямен жеке уния, 1397 жылы үш скандинав корольдықтарының Кальмар униясы жасалды. Бұл елдің дат корольдары мен феодалдарына бағынуы жолындағы маңызды қадам еді. 15 ғасырдың ақырында ганзейліктер үстемдігі әлсіреп, ағылшын көпестерінің ықпалы күшейді. Алым-салық көбейіп, бондылар кіріптарлыққа ұшырады. 16 ғасырдың 1-жартысында шаруалар көтерілісі өрістеді.

1536 жылы дат риксроды реформация жариялады, ал 1537 жылы бұған дейін корольдық статусын сақтап келген Норвегия дат провинциясына айналдырылды. Бұл Норвегияда дат королы мен дат дворяндарының жағдайын нығайта түсті. Сондықтан реформацияға қарсы бұқара халық қатты толқыды. 16 ғасырдың басына қарай Норвегия экономикасы жандана бастады. Солтүстік Германиямен, Нидерландымен, Англиямен, Шотландиямен сауда қатынасы өрістеді. Норвегия енді май мен балық қана емес, шетелдерге ағаш та шығара бастады. Мыс, темір, күміс өндіру, су қатынасы дамыды. 16 ғасырда қолөнер цехтары пайда болды. Бірақ бұл экономикалық өрлеу игілігін дат феодалдары көрді. Қанаудағы халық наразылығы дат ұжіметін кейбір реформалар жасауға мәжбүр етті. 1572 жылы Норвегияда орталық әкімшілік қалпына келтірілді; норвег дворяндарына мемлекеттік қызметтер берілді. 17 ғасырдағы дат-швед соғыстарының нәтижесінде бірқатар норвег территориясы (Емтланд, Херьедален, Бохуслен) Швецияның қарамағына өтті.

Данияда абсолютизм біржолата орнағаннан (1660) кейін Норвегияда лендік жуйе таратылып, оның чиновниктер - амтмандар басқаратын әкімшілік округтары құрылды. Қаржы тапшылығының тақсіретін тартқан үкімет корольга тиісті жерді сата бастады. 18 ғасырдың ортасына қарай жеке меншікшіл бондылардың саны көбейді. Норвегия негізінен жер иеленуші шаруалар еліне айналды. Товарлы ақша қатынастарының үдере дамуы жағдайында шаруалардың жіктелуі ерекше қарқын алды. Дворяндар бірте-бірте құри бастады. Шаруалар саяси белсенді күшке айналды. 17 ғасырдың 2-жартысы мен 18 ғасырда қала буржуазиясы қалыптасты. Ағаш өңдеу және кен өндіру ісін, меме жасауды, теңіз қатынасын бақылайтын ірі сауда үйлері құрылды. Дегенмен Данияға тәуелділік елдің дамуына тұсау болды. 1735 жылы дат астық монополиясының енгізілуі, ауыр алым-салық қанауы Норвегия экономикасына үлкен зиян келтірді. Берген ауданындағы көтеріліс (1765) үкіметті жан басына салынған жаңа салықтан бас тартуға, К. Е. Лофтхус бастаған шаруалар қозғалысы (1786-1787) дат үкіметін бірқатар экономикалық реформалар жасауға мәжбүр етті.

Дат-норвег корольдыгының Европадағы соғыстардан бейтарап болуы Норвегияда 18-19 ғасырларда мануфактура мен ірі сауда капиталының өркендеуіне қолайлы жағдай туғызды. Елде экономикалық жағынан буржуазия үстемдік етті, шаруалардың 75%-і егіншілікпен айналысты. 1807-1814 жылдардағы ағылшын-дат соғысы, құрлықтық қоршау мен астықтың шықпайқалуы Норвегияны күйреу шегіне жеткізді. Аштықтан ондаған мың норвег қаза тапты.

Дания мен Швеция арасындағы Киль бітім шарттары (1814) бойынша Норвегия шведтердің «толық жеке меншігіне» берілді. Бұл шешімге қарсы халық наразылығы тәуелсіздік пен конституция жолындағы революциялық күреске ұласты. 1814 жылы 10 сәуірде Норвегияның Эйдсволль қаласында өткен Құрылтай жиналысы 17 мамырда конституция қабылдап, Кристиан Фредерик Ольденбургскийді король етіп сайлады. Ұлы державалар қысымы және шведтерге қарсы соғыстағы сәтсіздік Норвегия тәуелсіздігін сақтауға кедергі жасады. Моос конвенциясы (1814) бойынша швед королына норвег тәжі берілмек болды, ал Норвегия конституциясын өз күшінде қалдырды.

1814 жылы қарашада стортинг швед королын Норвегия королы етіп сайлады. Бұдан кейінгі жылдарда Норвегияда капиталистік дамуды тездеткен бірқатар реформалар жүзеге асырылды. 1821 жылы меже белгілеу туралы актіге қол қойылды; ол шаруалардың әлеуметтік жіктелуін күшейте түсті. 1816 жылы эмиссиондық Норвег банкісі құрылды. 1821 жылы дворян артықшылықтары жойылды. Батыс Европа елдеріндегі революция (1830-1831) Норвегиядан да қолдау тапты. Шаруаларға енген әсіре-демократиялық оппозиция оған белсене араласты. 1833 жылы шаруа өкілдері стортингіде көпшілік болды.

1837 жылы селолық жерлер мен қалаларда өзін-өзі басқару жүйесі енгізілді.

1835 жылдан униядағы теңсіздік әлсіреп, норвег үкіметі өздеріне байланысты сыртқы саясат мәселелерін шешуге араласа бастады. Норвегиядагы әлеуметтік-экономикалық жетістіктер тап тартысын шиеленістірді. Норвегия еңбекші бұқарасын алғаш рет М. Тране біріктірмек болды. Ол 1848-1850 жылдар 273 «жұмысшы одағын» ұйымдастырды. Оған 20 мың жұмысшы кірді. Бірақ 1851 жылы буржуазия жұмысшы қозғалысының бұл алғашқы бәйшешектерін талқандап, оның басшыларын тұтқынға алды. Бұдан кейінгі 30 жыл бойы пролетариаттың ұйымдасқан қозғалысы бас көтере алмады, 1859 жылы Норвегияда либералдық қозғалыс пайда болды. Кейін ол ұйымдың жағынан Венстре партиясы болып құрылды. (1884). Сол жылы Хёйре консервативтік партиясы да қалыптасты. Король Свердруп бастаған Венстре кабинетін тағайындады (1884-1889). Сөйтіп Норвегияда парламентаризм нығайды. 1899 жылы Норвегия Орталық кәсіподақтар бірлестігі (НОКБ) құрылды. 1887 жылы Норвегия жумысшы партиясының (НЖП) негізі қаланды. 19 ғасырдың ақырында либералдық буржуазия мен пролетарлық буржуазияның консервативтік бөлігіне қарсы күрес жүргізді. «Өкпелі» бұқара топ-тобымен Солтүстік Америкаға кете бастады. 1866-1915 жылдар аралығында 750 мың адам кетті. Ұлттық тәуелсіздік программасын ұсынған Венстре партиясы 19 ғасырда стортинг сайлауында бірнеше рет жеңіске жетіп. 1898 жылы еркектер үшін жаппай дауыс беру правосы туралы заңды жүзеге асырды. Сөйтіп ол униядан шығу жолындағы күресте бұқараға сүйенді.

Унияға қарсы күрестің үшінші кезеңінде норвег буржуазиясы норвег консулдың қызметін ұйымдастыруды талап етті. 1905 жылы Венстре ірі кеме иесі оңшыл либерал К. Микельсен бастаған ұлттық блок құрып, шетелде өз консулдықтарын енгізетіндігін жариялады да, швед-норвег униясынан іс жұзінде шықты (1905 жылдың 7 маусымы). Униядан шығу шарттары туралы Карльстад келісімдерінен (1905) кейін Оскар II норвег тәжінен бас тартуға мәжбүр болды. Мемлекеттік құрылыс формасы туралы жаңа референдумнан соң таққа Глюксбург әулетінен шыққан дат принці Хокон VII отырды. Россия Норвегия тәуелсіздігін бірінші болып мойындады. Сөйтіп Норвегиядағы буржуазия революция тәуелсіздік алумен аяқталды. Тәуелсіз Норвегия алғашқы он жылдықта ауыр индустриясын едәуір өркендетті. Норвег капитализмінің монополистік сатыға өтуі осы кезден басталды. 1900 жылы Норвегия Европадағы ең ірі ГЭС еліне айналды.

1-дүние жүзілік соғыстың басында өзінің бейтараптығын жариялаған Норвегия соғысушы екі жақпен де сауда жасады. Бұл норвег буржуазиясын байыта түсті. Норвегияда өнеркәсіпті дамытудың жаңа кезеңі туды. Енді ол қарыздар елден кредитор елге айналды. Селода кедей шаруалар саны өсе түсті. Химия, ағаш өңдеу, кеме жасау өнеркәсібінің тұңғыш монополиялары туды. Мамандығы жоқ жұмысшылардың жағдайы ауырлай түсті. 1917 жылы елді жаппай бұқаралық ереуіл қамтыды. Жұмысшы қозғалысы Ұлы социалистік революциясынан кейін күшейе түсті. 1918 жылдың басында Норвегияда көптеген жұмысшы советтері пайда болды. Дегенмен бұл советтер өкіметтің революция органы бола алмай, аса құнды товарларды бөлу ісін бақылаумен ғана шектелді. НЖП-нің сол қанаты күш алып, 1918 жылы партия басына келді (К. Грепп, М. Транмель, У. Шефло). 1919 жылы НЖП Коминтернге кірді. Сол жылы бұқара қысымымен Норвегияда сайлау жүйесі демократияландырылды, 8 сағаттық жұмыс күні т. б. енгізілді. Бұл кезеңде НЖП басшылары центристік бағытқа ауытқып, партия ішінде жік туды. НЖП дағдарыстан шығу программасын жүзеге асыруға тырысты; бірқатар әлеуметтік реформалар енгізді.

2-дүние жүзілік соғыс басталысымен Норвегия өзінің бейтараптығын жариялады. Бірақ 1940 жылы 9 сәуірде-ақ фашистік Германия шабуыл жасап, не бары екі айда Норвегияны басып алды. 1940 жылы 7 маусымда король Ұлыбританияға барып паналады. Норвег сауда флотының бір бөлігін ұстаған король елдің алтын қорын ала кетті. 1940 жылы 25 қыркүйекте елдегі барлық саяси партиялар таратылды. Тек Квислинг фашистік қуыршақ партиясы ғана қалды. Неміс комиссариатының жанынан мемлекеттік совет құрылды. «12 комиссардың» үкіметіне фашистік Квислинг партиясының өкілдері ғана енді. Сатқындар үкіметіне сүйенген басқыншылар Норвегияны экономикалық тонауға ұшыратты. Елде Қарсыласу қозғалысы қанат жайды. Коммунистер фашистерге қарсы қарулы күрестің алдыңғы шебінде жүрді. 1944 жылы қазандағы Петсам-Киркенес операциясының барысында совет әскерлері Солтүстік Норвегияның бір бөлігін азат етті. 1945 жылы 8 мамырда Норвегиядағы неміс-фашист әскерлері тізе бүкті. Норвегия 2-дүние жүзілік соғыста 10 мың адамынан айрылды. Сауда флотының жартысынан астамы жойылды, 20 млрд. крон шығын шекті.

Норвегияның 1945 жылы мамыр айынан кейінгі даму кезеңі шиеленіскен әлеуметтік қайшылықтар, ұйымдасқан жұмысшы қозғалысы мен қалың еңбекші бұқараның саяси және әлеуметтік-экономикалық праволар жолындағы күресінің өрлеуі шағдайында басталды. Кәсіподақтардың қатары тез өсті. НЖП-нің ықпалы күшейді. Жұмысшылар қозғалысында компартия басшылық роль атқарды, оның өкілдері 1945 жылы маусымда НЖП құрған Норвегия үкіметінің құрамына кірді. Соғыстан кейін әскери қылмыскерлер сотталды. 1945 жылдың күзіндегі парламент сайлауында НЖП жеңіске жетті, компартия 12% дауыс - 11 мандат алды. 1945 жылы 8 қазанда НЖП-нің басшысы Э. Герхардсен бір партиялы үкімет құрды. 40 жылдардың ақырында өздерінің экономикалық жағдайын нығайтып алған буржуазияның қысымымен НЖП-нің оңшыл басшылары ірі капитал жағдайының жақсаруына, елдің ұлттық экономикасына шетел капиталының кіруіне жол берді. 1947 жылы НЖП-нің үкіметі Маршалл жоспарына қосылу, ал 1949 жылы сәуірде НАТО-ға кіру туралы шешім қабылдады. 50 жылдардың басында еңбекшілердің НЖП-нің ішкі және сыртқы саясатына наразылығы күшейді. Жұмысшы табының ұйымдасқан батыл күресінің нәтижесінде бір-қатар әлеуметтік реформалар іске асырылды. Норвегияның сыртқы саясатына НАТО-ның ықпалы артты. Солтүстік Европадағы НАТО командованиесінің штабы. Норвегия территориясына орналасты. Норвег билеуші топтары Европа еркін сауда ассоциациясына (1960 жылы наурыз) кіру туралы шешім қабылдады. 1954 жылдан Норвегия мен СССР-дің арақатынасы жақсара бастады. Сауда айналымы туралы протоколға қол қойылды, бірнеше мәдени экономикалық келісімдер жасалды. 1961 жылы НЖП-нің елдін НАТО-ға кіруіне қарсы сол қанаты өз алдына бөлініп шығып, Социалистік халык партиясын (СХП) құрды. НЖП-нін бұқара арасындағы беделі төмендей түсті. 1965 жылы сайлауда НЖП парламенттегі көпшілік дауыстан айрылып, өкімет билігі П. Вортен бастаған буржуазия коалициялық ұкіметтің қолына көшті. 1971 жылы өкімет басына қайтадан Т. Браттели бастаған с.-д. үкімет келді. НЖП-нің басшылары өкімет басына келгеннен кейін халық бұқарасының мүддесін елемей, Европа экономикалық бірлестігіне кіру бағытын ұстады. 70 жылдардың басында елде әлеуметтік қайшылықтар шиеленісе түсті, бірнеше саяси партиялар пайда болды. 1973 жылы сәуірде құрамына саяси партиялар мен норвег жұмысшы қозғалысы сол қанатының топтары кірген соң сайлау одағы құрылды.

Саяси партиялары, кәсіподактары мен басқа қоғамдық ұйымдары. Норвегия жұмысшы партияск (НЖП), 1887 жылы негізі қаланған. 160 мың адам мүше (1972) - с.-д. партия. Жұмысшыларды, сондай-ақ қызметкерлерді, жекелеген фермерлеры ауыл шаруашылық жұмысшыларын, қаланың ұсак буржуазиясы мен интеллигенция біріктіреді. Xёйре - оңшыл консервативтік, жалпы ұлттық партия ретік де 1884 жылы негізі қаланған. 115 мынға тарта адам мүше. Буржуазияны, жоғары шендегілер мен интеллигенцияны біріктіреді. Ірі өнеркәсіп және финанс буржуазиясының мүддесін кедейді; Венстре - либералдық-буржуазиялық, жалпы ұлттық партия ретінде 1884 жылы негізі қаланған 9 мыңға тарта адам мүше. Негізінен ұсақ және орта буржуазияны біріктіреді. 1972-1973 жылдар партия жікке бөлініп, оның бір тобы 1973 жылы Жаңа халық партиясы деп аталды; Орталық партиясы (1959 жылғы дейін Шаруалар партиясы, 1959 жылы мамыр айынан 1959 жылдың ақырына дейін Норвег демократиялық партиясы деп аталды. 1920 жылы негізі қаланған. 65 мыңға тарта адам мүше. Орта және ұсақ село, жекелеген қала буржуазиясының мүддесін көздейді.

Норвегия кәсіподақтарының орталық бірлестігі, 1899 жылы негізі қаланған. 40-тан астам салалық кәсіподақтарды біріктірді. 603,3 мың адам мүше (1972). НЖП-мен тығыз байланыста, Ерікті кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясына кіреді; Норвегия кооперативтік бірлестігі, 1906 жылы негізі қаланған, 430 мыңға тарта адам жарна төлейді; «Норвегия - Совет Одағы» қоғамы, 1945 жылы негізі қаланған т. б.

Экономикасы. Норвегия - өнеркәсібі дамыған капиталистік ел. Жалпы ұлттық өнімде өнеркәсіп пен энергетиканың үлесі (31%, 1971) ауыл шаруашылық үлесінен (6%) 5 есе артық. Экономикасында теңіздегі кеме қатынасының (жалпы ұлттық түсімнің 10%-і), балық аулаудың маңызы зор. Норвегияда капиталистік елдер тұрғындарының 0,2 %-і тұрады, өнеркәсіп өнімінің 0,5%-і және экспортының 1%-і өндіріледі. Дүние жүзілік сауда флоты тоннажының 9%-і Норвегияның үлесіне тиеді. Норвегия экономикасының дамуына 2-дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейін өнеркәсіп және энергетикаға сауда флотына өте көп күрделі қаржы жұмсалуы едәуір себеп болды. 60 жылдары өнеркәсіптің жаңа салалары (электротехника, радиоэлектроника) пайда болды. Мемлекеттік- монополистік тенденция күшейді. Ірі кәсіпорындарды национализациялау нәтижесінде өнеркәсін өндірісінде мемлекеттік сектордың үлесі 12-15%-ке жетті. Дегенмен де елде әлі де шетел капиталының қатысуымен құрылған ірі монополистік бірлестіктердің үстемдігі зор. Ең ірі концерндері - «Боррегор» (целлюлоза-қағаз және химиялық өнеркәсібі), «Норск гидро» (электрохимия және электрометаллургия), «Акер» (көме жасау), «Квернер» (машина жасау), «Вильхельмсен» және «Ольсен» (кеме қатынасы). Өнеркәсіптегі шетел күрделі қаржысының үлесі 15%-ке жуық (алюминий өнеркәсібінде американ-канада, швейцария; мырыш - бельгия, никель - канада, ферроқорытпа - ағылшын, мұнай айыру - американ, ағылшын-голланд, тамақ және балық өңдеу - ағылшын-голланд, швейцария, целлюлоза-қағаз - ағылшын, электрохимия - франция капиталының ықпалы күшті.

Өнеркәсібі. Машина жасау, металл өңдеу және экспортқа байланысты электротехника, кеме жасау салалары дамыған. Норвегияда темір рудасы («Сёрварангер» руднигі), титан (жылына 650-700 мың т), пирит (750-800 мың т), мыс, мырыш, тас көмір (Шпицберген), мұнай және газ (Экофиск) өндіріледі. Энергетикасы СЭС-терге және импорттық мұнайға негізделген. Жалпы электр энергиясын өндірудің 99%-і СЭС-тердің үлесіне тиеді. Ірі СЭС-тері (200 Мвт-дан астам): Токке, Рана, Винье, Тонстад, Эура, Недре-Рессога, Нес, Сульдаль, Нуре, Фортун, Люсе, Матре, Недре-Винстра. Мұнай айыру зауыдтарының жылдық қуаты 8 млн. т (1972). Қара металлургиясында электр күшімен шойын, болат, ферроқорытпа құю қалыптасқан. Мемлекеттік «Норск ернверк» металлургия зауыды (Му-и-Рана) Норвегия шойынының 4/5-ін және болаттың 3/4-ін береді. Норвегия алюминий өндіруден Батыс Европада 1-орында және капиталистік елдердің арасында 4-орында (АҚШ, Жапония, Канададан кейін); алюминий зауыды оңтүстік және батыс жағалауды бойлай орналасқан (Листа, Копервик, Ордаль, Сундальсёра, Мушеэн т. б.). Электролит мырышы (Одда), никель, мыс (Кристиансанн), магний (Порсгрунн) өндіріледі. Түсті металдың және ферроқорытпаның 9/10-ы экспортқа шығарылды. Норвегия кеме жасаудан капиталистік дүниеде 7-орында. Кеме жасау өнеркәсібінің басты орталықтары - Осло, Ставангер, Берген. Электротехникалық және радиоэлектрондық («Тандберг») зауыдтары Оссау, электровоз, ағаш және балық өңдеу, өнеркәсіп жабдықтарын шығару өркендеген. Азот тыңайтқышы («Норск гидро» концерн зауыды) Порсгрунн, Рыокан, Гломфьорде шығарылады. Ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнімінен Норвегия капиталистік дүниеде 5-орында. Жеңіл (трикотаж, киім тігу), тамақ (балық өңдеу, сүт консервілеу) өнеркәсібі дамыған.

Ауыл шаруашылығы. Таулы рельеф басым болғандықтан жері ауыл. шаруашылығына нашар игерілген. Территориясының 2,6%-і өңделген (795 мың га, 1970, негізінен елдің оңтүстік-шығысы). Шалғын және жайылым (115 мың га) 0,4%. Ұсақ (5 га-ға дейін) және орташа (5-20 га) шаруашылықтар үлесі басым. 1973 жылы басты ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі (мың т): дәнді дақылдар 912 (егісі 273 мың га, негізінен сұлы, арпа), картоп 672. 1973 жылы мал саны (мың): жылқы 23, мүйізді ірі қара 963 (оның ішінде сиыр 414), қой 1635, шошқа 737; құс 6 млн. 1973 жылы 1,8 млн. т сүт, 160 мың т ет дайындалды, 2,7 млн. т балық ауланды.

Транспорты. Кеме қатынасы арқылы ішкі жүк тасымалының 2/3-іне жуығы және сыртқы жүтінің 9/10-ы тасылады. Теңіз сауда флотының тоннажы 24,3 млн. брутторег. т (1974); ірі тоннажды танкерлер басым. Маңызды порттары - Осло, Берген, Ставангер, Нарвик. Темір жолының ұзындығы 4,2 мың км оның ішінде электрлендірілгені 2,5 мың км. Автомобиль жолының ұзындығы 74 мың км (1972). 1972 жылы автопаркінде 807 мың жеңіл және 163 мың жүк машинасы және 8 мың автобус болды. Басты аэропорттары – Форнебу (Осло), Сула (Ставангер), Буде.

Сыртқы саудасы. 1973 жылғы импорты 35 млрд. крон, экспорты 27 млрд. крон болды. Экспортында электрометаллургия және электрохимия (өнім құнының 7з-іне жуығы), целлюлоза-қағаз (10-15%), машина жасау және балық өңдеу өнеркәсіптері өнімінің үлесі басым. Басқа елдерден кеме, машина және өнеркәсіп жабдықтары, автомобиль, сұйық отын, қара металдар, мата, азық-түлік сатып алынады. Сыртқы сауда серіктестері: Швеция (экспортының 18%-і, импортының 19%-і, 1972), ГФР (13% және 14%), Ұлыбритания (17% және 12%), АҚШ (8% және 7%), Дания (7% және 7%). Сыртқы саудасындағы социалистік елдердің үлесі 4%, СССР-мен Норвегия арасында ұзақ мерзімге жасалған сауда келісімі бар. Ақша өлшемі - крон.

Табиғи байлығы және экономикалық игерілу жағдайына қарай Норвегия территориясы 5 экономикалық аудандарға - Шығыс Норвегия (немесе Эстланн), Оңтүстік Норвегия (Сёрланн), Батыс Норвегия (Вестланн), Трённелаг, Солтүстік Норвегия - бөлінеді.

Денсаулық сақтау ісі. 1972 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 16,6, адамның өлімі 10; әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 12,7 (1971). Өмірдің ұзақтығы ерлер 71,3 және әйелдер 74 жас. Өлімнің негізгі себебі: ишемиялық жүрек ауруы, қатерлі ісік, ми қан тамырларының ауруы, қабыну т. б.

Инфекциялы аурулардан жиі кездесетіні: балалар инфекциясы, туберкулёз, венералык, аурулар. Норвегияда 1970 жылы 42,4 мың төсектік 335 аурухана, мұның ішінде 28,3 мың төсектік 172 аурухана өкімет қарамағында. Ана мен бала денсаулығын саңтаута арналғаы 1,4 мың медициналық орталығы бар. Елде 1971 жылы 5,7 мың дәрігер (431 тұрғынға 1 дәрігер), 3,3 мың тіс дәрігері, 1,3 мың фармацевт және 14 мың орта білімді медициналық қызметкерлер болды. Дәрігерлерді университеттің екі медицина факультеті даярлайды. Норвегияда бальнеологиялық Санкт-Олафс- Килле, Саннефьорд, Ларвик және батысында Ханке (ауа райымен және шипалы балшықпен емдейтін) курорттары бар. Норвегия денсаулық сақтау ісіне 1971 жылы өкімет қаржысынан 526 млн. крон, яғни 2,3% жұмсалды.

Оқу-ағарту ісі. Алғашқы кафедралық мектептер 12 ғасырдың ортасында Осло, Берген, Тронхеймде құрылған. 18 ғасырда селолы жерде шіркеу-приход мектептері ашылды. 1827 жылдан селолық жерлерде көшпелі мектептер құрылды. 1848 жылғы заң бойынша 7-13, 14 жастағы балалар үшін міндетті бастауыш білім енгізілді. Қазіргі оқу жүйесі 5-6 жасар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден басталады. Міндетті бастауыш білім беретін 8 жылдық халық мектептері мен бір жылдық қосымша мектептер (1959, 1969 жылғы мектеп реформасы туралы заң бойынша 9 жылдық міндетті білімге көшу ісі жүзеге асырылуда). Жалпы білім беретін орта мектеп – 4-5 жылдық гимназия. 1971-1972 оқу жылында жалпы білім беретін міндетті мектептерде 571,6 мың, орта мектептерде 73 мыңға жуық оқушы оқыды. Кәсіптік-техникалық училище, арнаулы орта оқу орындарында 67 мың оқушы оқыды. Жоғары оқу орындары жүйесінде 4 университет: Ослода (1811 жылы құрылған), Бергенде (1948), Тронхеймде (1968, бұған 1900 жылы құрылған Норвегия жоғары техникалық мектебі, 1922 жылы құрылған жоғары педагогикалық мектебі қосылды), Тромсёда (1972); архитектура, сауда, ауыл шаруашылық, мал дәрігерлік жоғары моктептері т. б. оқу орындары бар. 1972-1973 оқу жылында жоғары оқу орындарында 34 мыңнан астам студент оқыды. Ең ірі кітапханалары: университет кітапханалары, Осло қалалық кітапханасы. Музейлері:    Норвегия халық музейі (1894 жылы ұйымдасқан), Университеттік ұлттық көне мұралар музейі (1828 жылы құрылған), Ұлттық галерея (1837), Қосалқы өнер музейі (1876), Мунк музейі (1963), Вигеланн музейі (1947), Зоологиялық музей (1820) және Ослодағы норвег викингілерінің кемелері, Р.Амундсен мен Ф.Нансеннің кемесі «Фрам», Т. Хейердалдың салы «Кон-Тики» сақталған музейлер.

Ғылымы және ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдары. Норвегияның географиялық жағдайы кеме жасау мен теңізде жүзу ісінің ерте дамуына әсер етті. Норвегтер 8 ғасырдың аяғында-ақ сүйіртүпті (киль) кеме жасап, Исландияны (9 ғасырдың аяғы), Гренландияны (10 ғасырдың аяғы), Солтүстік Американы (10 ғасырдың шамасы) ашты. Норвегияның Данияға қосылуы (1380) Норвегия елін меңіреу провинцияға айналдырды. Тек 17-18 ғасырларда Норвегияда капиталистік қатынас пайда болған кезде ғана ғылымның дамуына қолайлы жағдай туды. 17 ғасырдың басында Й. Мунк полярлық саяхат жасады. 1811 жылы Кристианиде (Осло) университеттің ашылуы жаратылыс тану ғылымын қалыптастыруда маңызды кезең болды. Мұнда 19 ғасырдың 20 жылдары физик К. Ханстеннің төңірегіндегі дарынды жастардың үйірмесі ұйымдастырылды. Осы үйірменің күшесі Н. X. Абель ірі математик болды. Б. М. Кейльхау Норвегияның алғашқы геологиялық картасын (1838-1850) жасады. Химик К. М. Гульдберг пен П. Вааге 1864-867 жылдар әсер етуші масса заңын ашты. 1857 жылы Норвегия ғылым академиясы ашылды. 19 ғасырдың аяғында Норвегия өнеркәсібінің тез есуіне байланысты қолданылмалы зерттеулер дамыды. Жаңа ғылыми бағыт - кванттық механика (Э. Хилерос), ядролық физика (Ю. Хольтсмарк т. б.), радиохимия (Э. Гледич), цитология және генетика (К. Э. және А.Шренер т. б.) дами бастады. Геохимияның негізін салушылардың бірі А.М. Гольдшмидт іргелі жұмыс жүргізді. Геофизик К. Стермер мен Л. Вегардтың полярлық шұғыланы зерттеу жөніндегі жұмысы әйгілі болды. Норвег ғалымдары Арктика мен Антарктиканы зерттеуде елеулі ұлес қосты. 1886 жылы Ф. Нансен т. б. Гренландияны тұңғыш рет шаңғымен кесіп өтті. Р. Амундсен Арктикаға «Йоа» (1903-1906), «Мод» (1918-1920) кемелерімен, «Норвегия» Дирижаблімен (1926) және Антарктикаға («Фрам» кемесімен, 1910-1912) экспедицияға шығып, 1911 жылы тұңғыш рет Оңтүстік полюсқа жетті. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, орман және мал шаруашылығы, балық аулау, металлургия, электротехника, кеме жасау, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі саласында зерттеулер жүргізілді. Ослоның қасында Блиннерн ғылыми комплексі құрылды. 60 жылдардың ортасынан Норвегияда (Халлен) ядролық реактор жасау және пайдалану жөнінде жұмыс жүргізілуде; оған Швеция, Дания, Финляндия және басқа 9 ел қатысуда. О. Хассельдің органикалық молекулалардың құрылымын зерттеуі (1969 жылы Нобель сыйлығын алды.), Т. Хейердалдың «Кон-Тики» салымен және «Ра» папирус кемесімен жүзуі жер жүзіне белгілі болды. Агрохимия, топырақ тану, жемшөптік және азықтық дақылдар селекциясы, зоотехния дамытылуда.

Философия. Норвегияның ұзақ уақыт Данияға саяси тәуелділікте болуына байланысты норвег философиясының дамуы 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың 1-жартысынан басталды. Ол кездегі норвег философиясы көбінесе тарих, жеке адам және бостандық мәселелерімен шұғылдаңды. Алғашқы көрнекті философы Н.Трескау Дж.Локктың эмпиризмін жақтады, адамзат тарихы мен табиғаттың үздіксіз дамуы концепциясын дәріптеп, оны жеке адамның жетілуіне жағдай туғызады деп сенді. Жеке адам мен мемлекеттің ара қатынасын зерттеген В. Ф. Свердруп болды. 19 ғасырдың 2-жартысында позитивистік және эволюционистік идеяларга қарсы күресте үстемдікке ие болған оңшыл гегельшілдер (М.Я.Монрад, Г.В.Люнг, В.Донс, Й.Морли Вольд, К.Кент) еңбектерінде теология мәселелері басымырақ болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында спекулятивті-идеалистік философия дағдарысқа ұшырап, эксперименттік психологиялық зерттеулерге сүйенуге тырысқан позитивизм жетекшілік етті. Позитивизм идеялары право философиясына (А.Эриксен, Б. Гетц, Ф. Хагеруп), тарих ғылымына (Э. Сарс), көркем әдебиетке (Б. Бьёрнсон т.б.) сіңе бастады. 20 ғасырдың басында социология және мәдениет мәселелеріне назар көбірек аударылды. 20 ғасырдың ортасында «эмпирикалық семантиканың» негізін қалаушы А. Несстің идеялары тарала бастады.

Марксизм Норвегияда 19 ғасырдың 80 жылдарының соңында тарала бастап, Норвегия Коммунистік партиясының құрылуымен өрістей түсті. Қазіргі кездегі марксистердің (X.И.Клевен, А.Петтерсен т. б.) зерттеулерінде тап күресін, норвег қоғамының әлеуметтік құрылымы мен капитализмнен социализмге өту жолдарын зерттеу басты орын-алады.

Тарих ғылымы. 12 ғасырдың соңында монах Теодриктің «Норвег корольдарын тарихы» (латын тілінде) жарыққа шықты, «Сверрира туралы сага» (көне исланд тілінде), 13 ғасырдың баоында «Норвегия тарихы» (латын тілінде) т. б. еңбектер жазылды. 16-18 ғасырларда, Норвегия Данияға саяси тәуелзі болған кезде, Норвегия тарихнамасы дат тарихнамасымен тығыз байланысты болды. Ағартушылық бағыттағы тарихшы Г.Шенинг (18 ғ.) Норвегияның жаңа замандағы тұңғыш тарихшысы болып саналады. Либералдық-романтикалық бағыттың ірі өкілдері Р. Кейсер, әсіресе П.А. Мунк - 19 ғасырдың 1-жартысындағы Норвегияның ең ірі тарихшылары.

18 ғасырдың соңғы отыз жылы мен 20 ғасырдың басында жаңа, позитивтік, ұлттық-демократиялық бағыт қалыптасты, бұл бағыт Норвегия тарихының барлық кезеңдерін қамтитын жүйелі идеалистік концепция жасаған Э. Сарстың есімімек байланысты. Сарстың концепциясы рухында «Норвег халқы үшін Норвегия тарихы» (1907-1917) атты 13 томдык еңбек жазылды. 20 ғасырдың 10-20 жылдарынан бастап Норвегия тарихының біркатар маңызды мәселелерінде бұрынғы ескі көзқарас қайта қаралды. Бұл марксизм ықпалына еліктеген социал-демократ тарихшылар X. Кут. Э. Булль елеулі роль атқарды. Олар Норвегия ерекше сипатта дамыды дейтін тезиске қарсы шығып, Норвегияның тарихи дамуы жалпы Европалық тарпиг процеске ұқсас екенін дәлелдеді, Норвегия тарихының бірқатар проблемаларын тап күресі тұртысынан түсіндіруге тырысты. 2-дүние жүзілік соғыс жылдары және соғыстан кейінгі дәуірде ұлтшылдық сарын біршама жанданып, әлеуметтік-экономикалық тарих пен тап күресін зерттеуге ынта қоюшылық бәсеңдеді. 2-дүние жүзілік соғыс тарихын, қазіргі заманғы сыртқы саясаттың негіздерін пайымдау басты орын алды (М.Скодвин, С. Хартман, Н. Эрвик т. б.).

18 ғасырда норвег тарихшылары бүкіл дүние жүзілік тарихты - әр түрлі халықтардың мәдени дамуы мен этнографиясын, 2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынас тарихын, Ұлы француз революциясы кезеңіндегі бұқаралық қозғалыстарды зерттеу мәселелеріне елеулі үлес қосты.

Экономика ғылымы. 19 ғасырдың 40 жылдарында Норвегияда басталған өнеркәсіптегі төңкеріс пен капитализмнің қауырт дамуына экономикалық либерализм күшті әсер етті. Оның норвег вариантын жасаған А. Швейгор, Т. Ашехоуг т. б. тек елдің экономикалық дамуына неғұрлым көбірек үлес қосатын жеке өндірушілерге мемлекеттік тарапынан жәрдем беру қажет деп санады. Экономикалық либерализмді жақтаушылар сыртқы экономикалық саясат саласында бір елмен екінші ел арасында еркін сауда жүргізуді, барлық таможнялық кедергіні жоюды жақтады. Экономикалық либерализммен қатар Норвегияда алғаш рет Францияда шыққан коммуникация немесе ассоциация теориясы тарады. Бұл теорияның негізінде тек қәсіпорын иелерінің күш-жігері мен капиталын кеңінен біріктірген жағдайда экономикалық прогресс болады деген ереже жатыр. Бұл теорияны жақтаушылар (У. Брок, А. Стабель т. б.) оны дамытып қана қоймай, жеке банктер мен өнеркәсіптік компаниялар ұйымдастырып, бұл теорияның ережелерін іс жүзіне асырды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Норвегияда протекционизм саясаты жүргізіле бастады. 1939-1945 жылдары норвег экономикалық ғылымында кейнешілдік (Э. Бруфосс, Р. Фриш, Ю. Фогт, П. Бьерве т. б.) үстемдік етті. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Норвегияда эконометриялық бағыт едәуір дамыды. Р. Фриш және Л. Юхансен бастаған бір топ экономистер ұзақ мерзімге (20 ғасырдың аяғына дейін) экономиканы бағдарлау және программалау үшін эконометриялық модельді қолданды.

Ғылыми мекемелері. 1973 жылы Норвегияда 300-ден астам ғылыми-зерттеу институты, өнеркәсіп пен сауда фирмаларының 300 лабораториясы, 40-қа жуық ғылыми қоғамдар болды. 150-ден астам ғылыми-зерттеу институты жаратылыс тану, математика және техникалық ғылымдар саласында маманданды. Норвегия ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыс (ҒЗТКЖ) саласында жоғары табыстарға жеткен санаулы капиталистік елдердің бірі. Өнеркәсіп өнімі жылдық өсімінің жартысынан астамы қазіргі ғылым мен техникалық жаңалықтарын өндіріске енгізу арқылы жеткен табыс. Ұйымдастыру жағы

Арқылы соғыс кезіндегі қиыншылық, фашизмге қарсы күресті бейнеледі. Норвегия Жазушылар одағы 1893 жылы құрылған. Оны 1970 жылдан Э. Хаслунд (1917 ж. т.) басқарып келеді.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Норвегия территориясындағы ежелгі өнер ескерткіштері (аңшылық көріністері, адам және хайуанат суреттері) неолит және қола дәуіріне саяды. 8-9 ғасырларда Норвегияның орта ғасырлық өнері (жанрлық көріністер, ағаш құрылыстар т.б.) қалыптасты. 11 ғасырда сәулет өнері дами түсті [Урнестегі (1060-1130), Боргунндағы (1150 ж. ш.) шіркеулері, 12-14 ғасырларда ағылшындардың роман (Ставангердегі собор, 1130-1300) және готика (Тронхеймдегі собор, 1140- 1320 ж. ш.) архитектурасының әсерімен тастан құрылыстар салына бастады. 13-14 ғасырларда шіркеулерді әсемдеу, мүсін және миниатюра өркен жайды. 16 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың басында Норвегия архитектурасы Қайта өркендеу дәуірі, барокко, рококо және бастапқы классицизм стилі ықпалында болды. 17-19 ғасырдың басындағы Норвегия бейнелеу өнеріндегі Европа стильдерінің (негізінен барокко, рококо) өсері көрініс тапты. Сән және қосалқы өнері саласынан ағаш ұқсату, мүйіз ұқсату кең етек алды. 19 ғасырдың басындағы Дания өкіметі үстемдігінен бостандық алғаннан кейін норвегтердің ұлттық мәдениетінің өркен жаюына мүмкіндік туды. Пейзаждық картиналардың авторы Ю.К.К.Даль (Ослодағы Ұлттық галереяны ұйымдастырушылардың бірі) 19 ғасырдағы тұңғыш ұлттық суретшіге саналады. 19 ғасырдың ортасында пейзаж (X. Гуде, Ф. Коллетт), халық өмірі тақырыбындағы картиналар (А. Тидеманн) дамыды. 1870-1880 жылдардағы өнерден (X.Баккер, Э.Петерсен, X.Хейердал т. б.) Франция бейнелеу өнерінің әсері байқалады. 19 ғасырдағы мүсін өнеріне (X.Микельсен, М.Шейброк, Б.Бергслиен) классицизм өкілі Б. Торвальдсен творчествосы игі өсер етті. 19 ғасырдың аяғындағы кескіндемешілер К.Крог, Г.Мунте, Т.Киттельсен творчествосы арқылы ұлттық реалистік мектеп қалыптаса бастады. Мүсінші Г.Вигеланн еңбектерінен де реалистік дәстүр аңғарылады. Европа өнеріндегі экспрессионизмнің негізін қалаушылардың бірі әрі монументті жазбалардың, гравюра, офорт және литографиялардың авторы Э. Мунк творчествосы да осы кезеңге саяды. 20 ғасырдың басындағы архитектурада эклектика басым болды, ал 20-30 жылдары функционализм орын тепті. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін қалаларды қалпына келтіру, көпшілік тұрғын үйлерін салу («Үлкен Осло» жоспары, 1948-1950) жұмыстары қолға алынды. Ұлттық дәстүрге (туристер қонақ үйі, жеке үйлер) көп көңіл бөлінді. 1960 жылдары брутализм (Аксердегі ратуша, 1963, арх. X. Лунд, Н. Слетту; Ховикоддендегі музей, 1964-1968; И.Эйквар, С.Е.Энгебретсен) өрістеді. Селолық жерлердегі құрылыстар лашық түрінде («горд») болып келеді. Бірнеше «гордтар» «гренн» немесе «тун» (шағын село) деп аталады. Үйлер ағаштан салынады, әсем ою-өрнектермен көркемделеді. 20 ғасырдың 1-жартысындағы бейнелеу өнерінде монументті-сәндік өнері (А.Револл, П.Крог, Р.Аули т. олардың жұмыстары) басты орын алды. 20 ғасырдың 2-жартысында түрлі бағыттар (абстракционизм, «поп-арт» т.б.) мен модернистік ағымдар (кескіндемешілер Я.Вейдеман, К.Румор, И.Ситтер) етек жайды. Балықшылар мен орманшылар өмірінен пейзаж, портрет, жанрлық композициялар жасаған бірқатар суретшілердің (X. Финне, В. Тветерос, П. Гоген) шығармаларынан демократиялық реалистік дәстүр көрініс тапты. 20 ғасырда неоклассикалық бағыттағы мүсін (В. Расмуссен, Г. Янсон, Э. Баст т. б.) сән және қосалқы өнері саласында мебель жасау, керамика, көркем құйма, ағаш ұқсату т. б. елеулі орынға көтерілді.

Музыкасы. Қазба жұмыстары кезінде табылған мәдени ескерткіштер (б. з. б. 2 ғ.) мен тасқа шекілген музыкалық аспаптардың суреттері (б. з. 2 ғ.) Норвегияда музыкалық өнерінің ежелден болғандығын білдіреді. Ежелгі музыкалық аспаптары: буккехорн (ешкі мүйізі), приллар (сиыр мүйізі), триллехорн (мүйіз), селье (флейтаның бір түрі) т. б. Кезбе ақын-әншілер С. Фенесбане мен X.Рунгенің есімдері белгілі. Ертеден белгілі скрипкашыларының (К. Луросен, Н. Рекве) дәстүрін 19 ғасырда Т. Аудунсен жалғастырды. Норвегияның халықтық ән және аспаптық өнері Европа фольклорындағы ерекше өрнекті музыкалық құбылыстың қатарына жатады. Ладтық ерекшелік, ритмдік әшекей-өрнек - Норвегия ұлттық мелодикасындағы қайталанбас сонылық. Ән жанрлары: еңбек әндері, лирикалық әндер, әпикалық аңыз өндер т. б. Халық арасындағы суырып салма әншілік мүшәйрасы кең етек алды. Норвегия халық творчествосының бір саласы билер: халлинг, спринггар, гангар т. б. профессионалдық музыкасының дамуы 19 ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысының идеяларымен байланысты болды. Осы кезеңде ұлттық музыкалық әдебиет (В. Тране) өріс алды. Л. М. Линнеман халық әндерінің жинағын құрастырды. 1850-1860 жылдары ұлттық музыкалық мектеп қалыптаса бастады; негізін салушылар - X.Хьерульф, У.Булль, Р.Нурдрок (ұлттық гимннің авторы). Норвегия музыкасының аса ірі өкілі, классигі - Э. Григ. Композиторлар Ю.Свенсен, Г. Скьеллеруп, И.Хорклоу - норвег ұлттық музыкалық мектебінің көрнекті өкілдерінің қатарына жатады. 20 ғасырдың басындағы ұлттық бағыттағы композиторлары: А. Эгген, У. Хьелланн, Л. И. Йенсен, М. М. Ульфестад; әншілері: С. Арнольдсон, Г. Гроруд. Қазіргі норвег музыкасының негізін салушы - Ф.У.Вален. 20 ғасырдың ортасындағы композиторлары: К. Эгге (Скандинавия елі композиторлар одағының негізін қалаушы, ЮНЕСКО музыкалық комитетінің председателі), Б. Брустад, К. Андерсен, К. Нюстедт. Норвегияда шіркеу музыкасы мен органда ойнау өнері жоғары дәрежеге көтерілді (Л.Нильсен, А.Санволль т.б.). 1940-1950 жылдары И.Ф. Стравинский, Б.Барток, Б.Фонгар т.б. ерекше көзге түсті. Норвегияда 8 музыкалық бірлестік, Норвег Композиторлар одағы, Музыкалық мәселесі жөніндегі комитет, Ослода Норвег операсы (1958), 2 консерватория, симфониялық оркестр, Филармония қоғамы жанындағы ішекті квартет, Осло университеті жанындағы музыка тану секциясы (1954), Бергендегі «Гармония» қоғамы жанында оркестр жұмыс істейді. Жыл сайын музыкалық фестивалы өткізіліп тұрады.

Театры. Норвегия ұлттық театрының негізі ертеден келе жатқан діни және тұрмыстық әдет-ғұрыптармен байланысты. 16 ғасырда шіркеу мектебі оқушылары мистерия мен моралите сауықтарын көрсетті. 18 ғасырдың ортасында Кристиания (қазіргі Осло) мен Бергенде әуесқойлардың алғашқы театр труппасы құрылды. 1780 жылы Кристианияда театр жұмыс істегенімен бұл труппалар ұлттық сахна дәстүрін жасай алмады. Спектакльдер дат тілінде қойылып, негізгі рольдерді дат актерлері ойнады. 1850 жылы Бергенде ашылған Норвег театры ұлттық театр өнерінің дамуына игі әсер етті. 1899 жылы Ослода Норвег Ұлттық театрының құрылуы дат театр мәдениеті үстемдігін түбегейлі жеңуге мүмкіндік жасады. Труппасында норвегтің актерлері X. Кристенсен, X. Стурмоэн, X. Обель, Т. Сегельке, А. Маурстад, Ю. Дюбвад т.б. болды. Репертуарында Г.Ибсен, Б.Бьёрнсон драматургиясымен қатар У.Шекспир, Ф.Шиллер, Б.Шоу шығармалары да басты орын алды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырда Кристиания, Берген, Тронхейм, Ставангер қалаларында жаңа театрлар ашылды. 20-30 жылдары алдыңғы қатарлы театр коллективтері X. Крог пен коммунист жазушы Н. Григтің антибуржуазиялық драмаларын қойды. Норвегия сахнасында алғаш рет совет драматургтарының шығармалары (М.Горький, А.Г.Глебов) қойыла бастады. 2-дүние жүзілік соғыс кезінде (1939-1945) Норвегия театрлары көркем-идеялық дағдарысқа ұшырады. Көптеген актерлері Швецияда эмиграцияда болды. Бостандық алғаннан кейін кей театрларда Қарсыласу қозғалысы жайлы спектакльдер қойылды. Кейіннен ашылған көптеген экспериментті труппалар қаржы тапшылығынан жабылып қалды. Ұлттық театрда негізінен дүние жүзілік және ұлттық классикамен қатар замани драматургияның озық үлгілері де қойылды. Норвегияда Ұлттық театрдың кіші сахнасы (репертуарында бір актілі пьесалар), Ослодағы Жана театр (1929), көптеген кабаре театрлар жұмыс істейді. Ослодағы актерлер мен режиссерлер дайындайтын Мемлекеттік театр мектебі (1953) бар.

Киносы. Норвегияда фильмдер шығару 1908 жылы басталды. 20 жылдары негізінен әдеби шығармалар түсірілді. 30 жылдардағы «Қаңхыбас» (1934), «Екі тірі, бір өлік» (1917, реж. Т. Ибсен) атты фильмдер әлеуметтік және этикалық мәселелерді көтерді. Неміс-фашпст оккупациясы жылдары таңдаулы режиссерлер ұлтшылдық үгітке бой ұрмады. 2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі үздік фильмдер: «Өмір сүргіміз келеді» (1946, реж. У. Дальгар), «Қашқындар» (1946, реж. Т. Саннё), «Айқаспен келген ауыр су» (1948, реж. Т. Вибе-Мюллер, Ж. Древиль), «Амалсыз қону» (1952), «Тоғыз өмір» (1957), «Қоршау» (1960). 60-70 жылдары Н. Мюллер, Н. Р. Кристенсен т. б. «ділмар әкелердің» өсиетіне жастардың қарсылығы жайлы кинокартиналар және кинокомедиялар шығарды. 1968 жылы Норвегия кинематографистері Ф. Нансен жайлы «Бір ғана өмір» (реж. С. Г. Микаэлян) атты совет-норвег фильмін қоюға араласты. Норвегияда документті, ғылыми-көпшілік (реж. П.Хест, А.Берг, Т.Хейердал) және мультипликациялық кино (реж. П. Каприно) дамыған. 1955 жылдан Ослода ұлттық киноархив жұмыс істейді. Жылына 4-6 көркем фильм түсіріледі.

Әдеб.: Энгельс Ф. Письмо к П. Эрнсту, Маркс К. и Энгельс Ф. Соч., изд., т. 37; Ленин В. И. Ұлттардың өзін-өзі билеу праволары туралы. Шығ., 20-т., 405-71-6.; Анохин Г.И. Общинные традиции норвежского крестьянства. М., 1971; Кан А. С. История скандинавских стран. М., 1971; Ерамов Р. А. Норвегия. –М., 1950; Брандес Г. Собр. Соч., пер. с дат., 2 изд.ғ, т. 1, СПБ, [1906]; Горн Ф. В. История скандинавской литературы от древнейших времен до наших дней. М., 1894; История зарубежной литературы конца XIX - начала XX в. (1871-1917). –М., 1968; История зарубежной литературы после Октябрьской революции. ч. 1, 1917-1945. –М., 1969; Искусство Норвегии. в кн.: Всеобщая история искусств. т. 2, кн. 1, т. 5, кн. 1, т. 6, кн. 1, М., 1960-1965; Всеобщая история архитектуры. т. 4, 7, 10. 11. Л.-М., 1966-1973; Ланге К. Норвежская музыка. пер. с англ. -М., 1967; История западноевропейского театра. т. 5, М., 1970.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-05-29 12:35:36     Қаралды-6932

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »