UF

ЙЕМЕН, Йемен Араб Республикасы (әл-Жумхурия әл-Арабия әл-Йамания), ЙАР - Азиядағы мемлекет, Араб түбегінің оңтүстік-батыс бөлігінде. Солтүстігі мен шығысында Сауд Арабиясымен, оңтүстігінде Йемен Халық Демократиялық Республикасымен, шектеседі, батысы - Қызыл теңіз. Жері 195 мың км2. Халқы 5,9 млн. (1971). Астанасы - Сана қаласы. Әкімшілік жағынан 7 облысқа (ливаға) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Йемен - республика. Конституциясы 1970 жылы 28 желтоқсанда қабылданған. Мемлекет басшысы - Республика совет председателі. Оны өз мүшелері ішінен осы совет сайлайды. Республика совет мемлекеттің жалпы саясатын белгілеп, оның жүзеге асырылуын бақылайды. Ал бұл советті (құрамы 3-5 адам) Консультативтік совет 5 жылға сайлайды. Заң жоғары орган - Консультативтік совет мушелерінің 20%-ін Республика совет тағайындай алады. 18 жасқа толғандарға сайлау правосы беріледі. Жоғары атқарушы өкімет органын (Министрлік Советін) председатель басқарады. Жоғарғы конституциялық сотты Консультативтік совет сайлайды.

Табиғаты. Жерінің 2/3-і таулы үстірт (Жебель). Сөнген вулкандар көп. Ең биік жері - Эн-Набн-Шаиб тауы (3600 м). Йеменнің шығыс бөлігін Руб-әл- Хали шөлі, батысын Тихама ойпаты алып жатыр. Пайдалы қазындылары: тұз, алебастр, жартылай асыл тастар (агат, оникс, халцедон, яшма). Климаты трбпиктік, көп жері қуаң. Сана қаласында қаңтардың орташа температурасы 13,7° С, маусымда 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм-ден (батысында) 1000 мм-ге (Сана маңы) дейін. Өзендері аз; олардың ішіндегі ірілері - Мур, Сихам, Рема, Забид. Жері қызыл қоңыр, сортаң топырақты; үстірт жағы - қуаң дала, тау аңғарлары бұталы, сирек орманды келеді, шұрайлы жерлерінде пальма өседі. Бөкен, жабайы есек-онагр, қорқау қасқыр, түлкі, қабылан, маймыл т. б. кездеседі.

Халқының көбі - арабтар (хашед, бакиль, зараник, кухра, анис тайпалары); эфиоптар, сомалилер, түріктер т. б. тұрады. Ресми тілі - араб тілі. Еңбек етуші халық - 1,65 млн. Халқының көпшілігі елдің таулы бөлігінде тұрады; мұнда халықтың тығыздығы 1 км2 жерге 80 адамнан келеді. Қала халқы 6,0%; ірі қалалары - Сана, Ходейда, Таиз.

Тарихы. Йеменнің ежелгі тарихы аз зерттелген. Қазіргі ЙАР территориясында (Солтүстік Йемен) ерте кезде Саба (Сабай хандығы) және Маин мемлекеті болған. Б. з. 4 ғасырында мұнда осы мемлекеттер мен оңтүстік Йеменнің ертедегі мемлекеттерін біріктірген Химьярит патшалығы құрылды. Осы кезеңнен 19 ғасырдың 30 жылдарына дейін Солтүстік Йемен тарихы жалпы тарихы шеңберінде дамиды. Йеменнің Оңтүстік және Солтүстік Йемен болып бөлінуі 1839 жылы Ұлыбританияның Аден қаласын, одан кейін көршілес аймағын басып алуына байланысты. 6 ғасырдың бас кезінде Химьярит мемлекетін эфиопиялықтар жаулап алды, ал 6 ғасырдың 70 жылдарында Йеменді Сасани әулеті басып алды.

6 ғасырдың аяғында Йемен бірқатар ұсақ иеліктерге бөлінді, кейін оларды араб мұсылмандары жаулап алып (629-630), араб Халифатының құрамына қосты. Йемен жерінде феодалдық қатынастар орнығып, араб-мұсылман мәдениеті дами бастады. 16 ғасырда Йеменді осман түріктері бағындырды, бірақ олардың билігі ұзаққа бармады, халық көтерілісінің нәтижесінде 1633 жылы түрік әскерлері Йеменнен қуылып, елде зейдит имамдарының билігі орнады. Имамдардың бір орталыққа бағынатын мемлекеттік құруға ұмтылуына қарамастан, кейбір ірі тайпалар жартылай тәуелсіздігін сақтап қала берді. Иманаттың ауыр жағдайын европалық мемлекеттер пайдаланып қалуға тырысты. 17 ғасырда голландиялықтар мен ағылшындар Мохеде кофе факторияларын құрды; француздар мен португалиялықтар Тихамада күшпен орнығып алуға тырысты. Египет жорығы (1798-1801) кезінде ағылшын генералы Уилсон имамнан ағылшын әскерлерін Йеменде орналастыруға келісім алуға әрекет жасады.

Йемендегі феодалдық топтардың арасындағы бақталастық иманаттың құлан, 1872 жылы бүкіл Йемен жерінің түріктердің қарауына көшуіне әкеліп соқты. Халық бұқарасы түрік үстемдігіне қарсы қарулы күреске аттанды; бұл күресті имам Яхья басқарды. 1905 жылы Сана қаласы азат етілді, 1911 жылы түрік укіметі Солтүстік Йеменнің автономиясын мойындауға мәжбүр болып, азаматтық өкімет билігі имам Яхьяға берілді.

1-дүние жүзілік соғыстан кейін тәуелсіз Йемен мемлекетін құру жолындағы күрес күшейді. Бұл тұста Яхья мемлекеті Й. тайпаларының қозғалысын біріктіруші орталық болды. 1926 жылы Ходейда және Тихаманың басқа да жерлері ағылшындардан азат етілді.

2-дүние жүзілік соғыстан кейін, дүние жүзілік социализм системасы құрылып, империализмнің әлсіреуі жағдайында Йемен өзінің ұлттық тәуелсіздігін нығаятуға мүмкіндік алды. 1947 жылы Йемен БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Алайда Йемен экономикалық жағынан мешеу қалған, монарх басқарған ел күйінде қала берді, феодалдық ңатынастар үстемдік етті, құлдықтың, рулық-тайпалық құрылыстың қалдықтары сақталып калды. Ұлттық буржуазия әлі жас еді, ол ұсақ қолөнер шеберханаларының иелерін, керуен басыларын, сондай-ақ ұсақ және орташа саудагерлерді қамтыды. Жұмысшы табы жаңа ғана туып келе жатыр еді. Йеменнің ең үлкен табы шаруалар болды. Олардың арасында патриархтық-тайпалық қатынастар үстем еді.

Йемендегі феодалдық-абсолюттік тәртіп, экономикалық мешеулік, демократиялық бостандықтың болмауы халық бұқарасының наразылығын күшейтті. 1962 жылы 26 қыркүйекте монархия құлатылып, Йемен Араб Республикасы (ЙАР) жарияланды. Шетелде (ЕАР, Ирак) оқып білім алған йемендік офицерлердің полковник Абдолла ас-Саляль бастаған неғұрлым прогресшіл бөлігі монархияны құлатуда шешуші роль атқарды. ЙАР басшылары әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің кең көлемді программасын (аграрлық реформа жүргізу т. б.) жариялады. Мектептер мен басқа да оқу орындарының жүйесі едәуір кеңейді, құлдықты жою туралы заң қабылданды, сауатсыздыңты жою туралы жоспар жүзеге асырыла бастады.

Елдегі прогресшіл өзгерістерге ішкі-сыртқы жаулар бөгет жасауға тырысты. Елдің солтүстігіне қашып барған имам империалистік күштердің қолдауымен азамат соғысын ашты. Бұл соғыс 1970 жылға дейін созылды. Ақырында ЙАР мен Сауд Арабиясы өкілдерінің арасында келісімге қол жетіп, соғыс тоқтатылды. Сауд Арабиясы ЙАР-ды тануға мәжбүр болды.

Сыртқы саясат саласында ЙАР сындарлы бейтараптылық саясат ұстады. Совет Одағы мен ЙАР арасында дәстүрлі достық қатынастар қалыптасқан. 1928 жылы Ресей мен Йемен арасында достық пен сауда туралы тұңғыш шарт жасалған болатын. 1964 жылы 21 наурызда Совет Одағы мен ЙАР арасында достық қатынас туралы жаңа шартқа қол қойылды.

1970 жылы 28 желтоқсанда елде тұрақты конституция қабылданды. Конституцияға сәйкес Йемен тәуелсіз араб ислам республикасы болып жарияланды.

Экономикасы. Йемен мешеу дамыған, аграрлы ел. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің көбі ірі жер иеленушілер мен дін басыларының қолында.

Ауыл шаруашылығы. Еңбек етуші халықтың 89%-і ауыл шаруашылығында істейді. Егіншілік басым дамыған. Жебель таулы өңірі мен Тихама ойпатында егіннен жылына 2-3 рет өнім жиналады. Басты дақылдары - кофе (3,6 мың т, 1970), мақта (жылына 2 мың т-дай), темекі, дурра, бидай, жүгері және кат (наркотиктік өсімдік). Құрма (60 мың т, 1970), інжір, абрикос, манга, анар т. б. жемістер өсіріледі. Мал шаруашылығы негізінен елдің шөлді аймағында өркендеген. 1970-1971 жылғы мал саны (млн.): қой 12,4, мүйізді ірі қара 1,4 (көбі зебу), түйе 0,6. Омарта шаруашылығы, балық аулау (жылына 3-5 мың т) дамыған. Қызыл теңізден меруерт жиналады.

Өнеркәсібі өте нашар дамыған. Ас тұзын темір рудасын, асыл тас өндіретін шағын кәсіпорындар бар. Өңдеу кәсіпорындары мүлдем аз; олар - Санадағы мата тоңу фабрикасы, қару- жарақ, мақта тазалайтын зауыдтар, Ходейда мен Забидтағы мақта тазалайтын зауыдтар. Электр станцияларының ңуаты 30 мың квт. Цемент зауыды, балық өңдеу комбинаты салынуда (1973). СССР-дің көмегімен Ходейда теңіз порты (1961), Таиз-Ходейда тас жолы (1969), мұнай өнімдері ыдыстарын жасайтын цех (1966) іске қосылды.

Транспорты. Темір жол жоқ. Автомобиль жолдарының ұзындығы 1 мың км басты жолдары - Таиз-Ходейда, Сана Ходейда, Сана-Таиз-Моха. Ірі теңіз порты - Ходейда. Өзінің сауда теңіз флоты жоқ. Сана, Таиз, Ходейда қалаларында аэродром бар.

Сырткы саудасы. Экспортқа кофе, қант, тұз, мал терісі, кептірілген балық, жүзім шығарылады; басқа елдерден азық-түлік, машина мен құрал-жабдықтар, мұнай-химиялық өнімдері алынады. Сыртқы саудасына СССР (сауда айналымының 22,5 %-і, 1970) мен басқа социалистік елдердің үлесі артуда. Ақшасы - Йемен риалы.

Денсаулық сақтау ісі. Елде демографиялық есеп жүргізілмейді. Безгек, туберкулез, дизентерия т. б. жұқпалы аурулар көп таралған. Балалар арасында белок, витамин жетіспеуінен рахит, ал әйелдерде остеомаляция және гиповитаминоз жиі кездеседі. 1964 жылы Ходейда және Сана қаларында 2,1 мың төсектік (1000 адамға 0,4 төсек) ауруханалар болды. 1966 жылы 82 дәрігер (62,6 мың адамға 1 дәрігер) болды. Медицина мамандарын шет мемлекетте дайындайды. 1967 жылы Ресей Сана қаласында 100 төсектік госпитальмен күніне 100 адам қабылдайтын поликлиника салып берді.

Оқу-ағарту ісі. 1962 жылғы революцияға дейін 688 бастауыш мектепте (қалалық 6 жылдық медресе, ауылдық 4 жылдық куттаб), 38,7 мың, 16 мұсылман мектебінде (оқу мерзімі 12 жыл) 1,8 мың оқушы оқыды. Йемен орталығындағы 4 жылдық 1 орта мектеп пен ірі қалалардағы 2 жылдың 4 орталау мектепте 468 оқушы оқыды. 1962 жылы халқының 90%-і сауатсыз болды. Революцияның алғашқы күндерінен бастеп үкімет білім берудің жаңа жүйесін жасауға кірісті. Барлық сатыда ақысыз оқу жөнінде заң қабылданды. Егигеттің көмегі бойынша жасалған бірыңғай оқу программасы енгізілді. Йемен нің халық ағарту жүйесінде 6 жылдық бастауыш, 3 жылдық орталау, орта, кәсіптік мектептер мен діни оқу орындары бар. Мектепке 6 жастан қабылданады. Толық орта мектептердің гуманитарлық және техникалық бөлімдері бар. Елдегі сауатсыздықты жою жөнінде орталықтар ашылған. Жоғары білімді мамандарды шет елде даярлайды. Йеменнің ұлттық мәдениетінің өркендеуіне Египет, Кувейт, СССР т.б. достас елдер көмектесуде. СССР-дің көмегімен 1967 жылы 3 жалпы білім беретін мектеп салынды.

Әдеб.: Страны Аравии. Справочник. М., 1964; Голубовская Е. Йемен. М., 1965; её же. Революция 1962 г. в Йемене. М., 1971; Луцкий В. Б. Новая история арабских стран. М., 1966; Новейшая история арабских стран. М., 1968; Крачковский И. Ю. Избр. соч., т. 2-4, М.-Л., 1956-957; Гибб X. А. Арабская литература. пер. с англ. М., 1960.

ЙЕМЕН, Йемен Халық Демократиялық Республикасы (Джумхурият әл-Йаман ад-Димократия аш-Шаабия), ЙХДР - Азиядағы мемлекет, Араб түбегінің оңтүстік бөлігінде. Солтүстік-батысында Йемен Араб Республикасымен, солтустігінде Сауд Арабиясымен, шығысында Оманмен шектеседі. Оңтүстігі - Араб теңізі мен Аден шығанағы. Жері 287,7 мың км2. Халқы 1,47 млн. (1971). Астанасы - Аден қаласы. Әкімшілік жағынан 6 мухафазаға (губернаторлыққа) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Қазіргі конституциясы 1970 жылы 30 қарашада күшіне енді. Мемлекеттік басшысы міндетін Жоғарғы халық советі сайлайтын Президенттік совет атқарады. Оның құрамында председатель және 6 мүше болады. Жоғары мемлекеттік өкімет органы - Жоғарғы халық советі. Оны халық 3 жылға сайлайды. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Жоғарғы халық советі үкімет құрады. Сондай-ақ жергілікті өкімет органдарын - сайланып қойылатын халық советтерін құру мәселесін де Жоғары совет шешеді. Сот жүйесін Жоғарғы сот басқарады.

Табиғаты. Жерінің көбі таулы болып келеді. Солтүстік бөлігі Руб-әл-Хали шөліне ұласады, шығыс жағы жазық. Ең биік жері - Адаран тауы (2508 м). Пайдалы қазындылары - мәрмән, ас тұзы, әк тас. Климаты тропиктік, куаң; қаңтардың орташа температурасы 25°С, маусымда 32°С. Жауын-шашынның шылдық орташа мөлшері 40 мм.

Барлық жерінің 1,8%-і ауыл шаруашылығына жарамды. Егістігінің 50%-іне астық, 25%-іне техникалық дақылдар егіледі. Басты дақылдары - тары, сорго, бидай, мақта, темекі. Овощ және жеміс (банан, шабдалы, папайя) егіледі. Экстенсивтік мал шаруашылығы бар. 1970-1971 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 92, қой 215, ешкі 870, түйе 40, есек 28. 1971 жылы 115 мың т балық ауланды.

Өнеркәсібі ұлттық табысының 18%-ін (1968) береді. Жалпы өнімнің 90%-і мұнай айыру, 4,7%-і жеңіл, 2,5%-і электр-энергетика, 1,6%-і тамақ, 0,6%-і құрылыс материалдары онеркәсібінен алынады. 1969 жылғы өнеркәсіп өнімдері: мазут 3,6 млн. т, дизель жанар майы 1 млн. т, бензин 283 мың т, керосин 276 мың т, ас тұзы 63 мың т. Өнеркәсіп орталықтары - Аден, Лахдж, Шейх-Осман.

Транспортының негізгі түрі - автомобиль транспорты. Автомобиль жолының ұзындығы 480 км (200 км асфальттанған). Аден қаласы маңында ғана темір жол бар. Басты теңіз порты - Аден.

Сыртқы саудасы. Экспортқа мұнай өнімдері, кеме жанар майы, мақта, мал терісі, былғары, кофе, темекі, балық, ас тұзы шығарылады. Басқа елдерден азық-түлік (күріш, ұн, қант, май) мұнай, киім, мата, машиналар мен құрал-жабдықтар сатып алынады. Сыртқы саудадағы әріптестері: СССР, Қытай, Чехословакия, Корея, Ұлыбритания, Италия, Жапония. Ақшасы - ЙХДР динары.

Денсаулық сақтау ісі. 1968 жылы бұл елде әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 23,5, адамның өлімі 6,0;тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 79,9 (1966). Ел ішінде безгек, ішек-қарын аурулары, туберкулез, басыр, алапес, сүзек, шешек т. б. жұқпалы аурулар жиі кездеседі. 1970 жылы 4,6 мың төсектік (1000 адамға 3 төсек) 27 аурухана, бұдан тысқары 16 поликлиника, 5 диспансер және 2 көшпелі клиника болды. 1970 жылы 222 дәрігер (6,6 мың адамға 1 дәрігер), 24 тіс дәрігері, 23 фармацевт және 1 мыңға жуық орта білімді медицина қызметкері болды. Орта білімді медицина қызметкерлерін дайындайтын арнаулы курстар бар. Жоғары білімді дәрігерлер дайындайтын оқу орны жоқ.

Оқу-ағарту ісі. Оқу-ағарту жүйесіне 4 жылдың бастауыш мектеп, 3 жылдық орталау және орта мектеп енеді. Мемлекеттік мектептермен қатар жеке адамдар қарауындағы мектептер де бар. Қыз балалар бөлек оқытылады. Қыздар мектебі жалпы мектептердің 10%-і ғана. 1967-1968 оқу жылында бастауыш, орталау мектептерде 50 мыңнан астам, орта мектептерде 17 мыңға жуық оңушы болды. Техникалық орта білім Адендегі техникалық училищеде беріледі. Оқытушылар әйелдер мен ер кісілерді бөліп оқытатын курстарда даярланады. 1970 жылы Аденде бірінші жоғары оқу орны Жоғары колледж (2 факультет) ашылды. 1970-1971 оқу жылында бұл колледжде 100 студент оқыды.

Аденде Йеменнің ең ірі кітапханасы (30 мың дана) және 2 археологиялық музей бар.

Әдеб:  Новейшая история арабских стран. М., 1968. -С.271-357; Валькова Л. В. Английская колониальная политика в Адене и Аденских протекторатах, -М., 1968; Шваков А. В. Пробуждение Аравии. М., 1969.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-05-04 10:51:25     Қаралды-2850

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »