UF

БЕЛЬГИЯ, Бельгия корольдыгы (нидерл. Koninkrijk België, фр. Royaume de Belgique) - Батыс Европадағы мемлекет. Жері 30,5 мың км2. Халқы 11,4 млн. (2019). Астанасы - Брюссель. Әкімшілік жағынан 9 провинцияға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Бельгия - конституциялык, монархия. Қазіргі конституциясы 1831 жылы қабылданған. Мемлекет басшысы - король. Ол жоғары өкімет басшыларын белгілейді, оларды орнынан алып тастай алады. Өкіметтің заң шығару орны екі палатадан - өкілдер және сенат палаталарынан құрылған парламент. Әрбір провинцияда сайлаушылар 4 жылға провинциялық совет сайлайды, оның атқарушы органы - губернатор басқаратын тұрақты депутация. Жоғары сот орны - кассациялық сот. Барлық соттар өмір бойы қызмет етуге тағайындалады.

Табиғаты. Жері - солтүстік-батысынан оңтүстік-шығысына қарай біртіндеп биіктей беретін жазық. Биіктігіне қарай Бельгияның жері үшке бөлінеді: Төменгі Бельгияға солтүстігіндегі Фландрия мен Кампин ойпаттары (биіктігі 50 м-ге дейін), Орта Бельгияға орталық бөлігіндегі белесті жазық (180 м-ге дейін) және Биік Бельгияға оңтүстік-шығысындағы Арденн тау массиві жатады. Арденның шығыс бөлігіндегі Ботранж тауы (694 м) елдің ең биік жері саналады. Бельгияның оңтүстігіндегі жер бетіне таяу қабаттар үгілуден пайда болған герциндік жыныстардан құралған, орталық Бельгияда ол қабаттар мезо-кайнозойлық шөгіндінің астында кеткен, тек өзен аңғарларының кей жерінде ғана жер бетіне шығып жатады. Бельгияның солтүстігінде қалың шөгінді басқан докембрийлік кристалды фундаменттің бар екені байқалады. Көп жерінен (әсіресе Кампин ойпатынан, Маас және Самбр өзендерінің аңғарынан) көмір кені табылған, бірақ олардың ішінде кокстенетін көмір аз. Арденн тауында темір рудасы мен полиметалл (қорғасын, мырыш, мыс) және едәуір мөлшерде құрылыс материалдары (гранит, мәрмәр т.б. тастар) өндіріледі. Климаты қоңыржай, теңіздік. Қаңтардың орташа температурасы 3°С (солтүстігінде), Арденнда - 1°С, шілдеде 18, 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700-900 мм, Арденнда 1250 мм. Басты өзендері: Маас пен оның саласы Самбр және Шельда мен оның саласы Лис. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан.

Теңіз жағалауы мен өзен сағалары құнарлы аллювиалдық шөгінді топырақты келеді, ал қалғаны күлгін топырақты және орманды жерлері құба топырақты. Жерінің 18%-і орман (негізінен Арденн тауында). Жабайы аңдардан марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр т. б. кездеседі.

Халқы. Ұлттық құрамына қарай 2 топқа бөлінеді: фламандтар (5,5 млн., 1970), валлондар (4 млн-ға жуық). Олардан басқа неміс, француз, итальян т. б. тұрады. Мемлекеттік тілі - фламанд және француз тілдері. Еңбек ететін халық 3,8 млн. (1968). Халқы тым тығыз орналасқан, 1 км2 жерге 316 (1968), астанаға жақын жерде 550 адамнан келеді. Ірі қалалары: Брюссель, Антверпен, Льеж, Гент, Шарлеруа, Лёвен (Лувен), Брюгге.

Тарихы. Бельгия жерінен табылған алғашқы археологиялық қазбалар - ашелъ мәдениетінің туындылары. Б. з. б. 3 ғасыр шаруашылығында бұл жерде белгтердің (елдің аты осыдан шыққан) келы тайпалары өмір сүрген. Бельгия з. б. 57 ж. Юлий Цезарь жаулап алған белгтер елі Римнің құл иеленушілік мемлекетінің қиыр шет аймағы болды; оның оңтүстік-батыс бөлігі б. з. б. 16 жылы құрылған Римнің Белгика провинциясының, ал солтүстік-шығыс жағы б. з. 89 жылы құрылған Рим провинциясы - Төменгі Германияның құрамына кірді. Б. з. 3-5 ғасырларда Бельгия жерін герман тайпалары - франктер, ішінара фриздер мен сакстер мекендеді; 5-9 ғасырларда Бельгия жері Франк мемлекетінің құрамына кірді. Мұнда феодалдық қатынастар қалыптасты. Франк мемлекеті ыдырағаннан кейін Бельгия жері Верден шарты (843) бойынша бөліске түсті. Батыс Франк корольдыгының қарауына көшкен батыс бөлегінде 9 ғасырда Фландрия графтыгы құрылды; ол француз корольдарына вассалды тәуелділікте болды. Шығыс Бельгия жері Герман корольдыгының құрамындағы Лотарингия герцогының бір бөлігі болып қалды.

11 ғасырда Бельгия дамыған феодализм сатысына көшті. Бұл тұста орта ғасырлық қалалар өте жедел өркендеді.

10 ғасырда құрлықтағы және теңіздегі маңызды сауда жолдарының түйіскен жерінде металл өңдеу, жүннен мата тоқу негізінде өркендеген Гент, Брюгге, Ипр, Намюр, Льеж, 11-12 ғасырларда Левен (Лувен), Брюссель, Антверпен және басқа қалалар пайда болды. 12-13 ғасырларда Бельгия жері, әсіресе Фландрия Европаның «шеберханасына» және халықаралық сауданың маңызды торабына айналды. Қалалардың өркен жаюы орта ғасырдағы Бельгияның бүкіл өміріне орасан зор әсер етті. Бельгия қалаларының бірсыпырасы сеньорларға қарсы күресте (11 ғасырдың 2-жартысы - 12 ғ.) біраз еркіндік және жеңілдік алды. Сауда, шұға тоқу, айырбас, зергерлік іс т. б. мол табыс түсіретін кәсіптер, сондай-ақ қаладағы басқару ісі патриций тұқымдарының қолында болды. Олар қолөнершілерді аяусыз қанады. Мұның өзі әлеуметтік-саяси күресті шиеленістіре түсті. Қалалардың және товар-ақша қатынастарының дамуы 13-14 ғасырларда деревняда да зор өзгеріс туғызды. Барщина мен серваж жойылып, издольщина мен ақшалай аренда тарай бастады. Көптеген деревнялар өзін-өзі басқаруға право алды. Бельгия жеріндегі феодалдық қатынастар Европаның басқа елдеріне қарағанда ертерек ыдырай бастады. Бельгияның саяси тарихы көбінесе Бельгия князьдықтарының (ең алдымен Фландрия графтығы мен Брабант герцогтығының) арасындағы бәсекелестікке, Францияның, Англияның, «Қасиетті Рим империясының» елдің ішкі ісіне араласуына байланысты боп келді. 1185-1186 жылдар Фландрияның бір бөлігін француз королының қарауына көшіп, онда Артуа графтыгы құрылды. 1226 жылы Фландрия графтарының француз королына вассалдық тәуелділігі баянды етілді, 1300 Фландрияны француз әскерлері басып алды. Фландрия халқының француз басқыншыларына қарсы күресі жеңіспен аяқталды (1302 жылы Куртре түбіндегі шайқас және француз әскерлерінің елден қуылуы); бірақ Фландрия графының опасыздық жасауы салдарынан Фландрияның валлондық бөлігін Франция өзіне қосып алды. Франция мен Англия арасындағы Жүз жылдық соғыс (1337-1453) басталған кезде, Бельгия князьдықтарының бір бөлігі (Геннегау, Брабант) Англияны, ал Льеж епископтығы Францияны жақтап шықты. 14 ғасырдың аяғына таман шұға тоқу ісінің құлдырап, орталық өкімет билігінің шайқалуы Фландрияны әлсіретті.

Брабантта қалалардың ролі күшейіп, герцог өкіметінің нығаюына байланысты сословиелік монархия құрылысы қалыптасты. 14-15 ғасырларда Бельгия территориясы (Фландрия 1384, Брабант 1430) Бургундия мемлекетінің құрамына кірді. Брабант Бургундиянын ұйтқысы болды, Брюссель Бургундия герцогтарының тұрағына айналды. Бургундия мемлекеті ыдыраганнан кейін, Бельгияда Габсбургтер әулеті орнықты (1477, түпкілікті 1482 жылы). «Қасиетті Рим империясының императоры және испан королы Карл V тұсында Бельгия ол билеген империяның құрамдық бөлігі болды, ал империя бөліске түскеннен кейін (1555) испан мемлекетінің құрамына кірді. Бұл дәуірде Бельгия территориясы провинцияның қазіргі Бельгия, Нидерланды, Люксембург жері. Солтүстік Францияның бір бөлігі) және қосылып, Нидерланды деп аталады. Олардың құрамындағы Бельгия жерлері әдетте Оңтүстік Нидерланды деп аталады. Европаның алдыңғы қатар елдері арасында Нидерланды жеті орын алды. 15 ғасырда мұнда капиталистік қатынастар дами бастады. Цехтық әдіспен шұға тоқитын бұрыңғы  орталықтар - Брюгге, Гент, Ипр құлдырап, капиталистік өндіріс әдісі мен саудаға негізделген жаңа орталықтар пайда болды; Антверпен ерекше маңыз  алды. Католик шіркеуіне дворян мен патридиаттың бір бөлігіне сүйенген испан абсолютизмінің езгісі капиталитсік қатынастардың онан әрі дамуына кедергі жасады. Бұл қайшылықтар Нидерландыда ертедегі буржуазия революцияның шығуына әкеліп соқтырады. Революция феодализмге қарсы күресті абсолюттік Испанияға қарсы ұлт-азаттық соғысымен ұштастырды (Нидерланды буржуазиялық революциясы 16 ғасыр). Фландрия иконга табынуға қарсы көтеріліс (1566) шыққан басты аудандардың бірі болды. 1576 жылы көтеріліс Испанияның Бельгия провинцияларындағы үстемдігін жойды, бірақта Бельгия жеріндегі феодалдық-католиктік реакция күштері Испаниямен одақтасып шабуылға шықты. 1585 жылы испан әскерлері Фландрияны, Брабантты, Бельгияның басқа да провинцияларын басып алды. Солтүстік Нидерланды (Голландия республикасы) мен Оңтүстік Нидерланды (Бельгия жері) саяси және экономика жағынан түрліше бағыттарда дамыды. Тәуелсіздік алған Голландия республикасы экономикалық жағынан көркею жолына түсіп отырғанда, Испанияның үстемдігінде қалған Оңтүстік Нидерландының шаруашылығы құлдырап кетті. Бұл капиталистік қатынастардың дамуына бөгет жасады. 1598 жылы Бельгия жері формальды түрде тәуелсіз мемлекет деп жарияланды, бірақ 1621 жылы мұның өзі жойылып, Испания монархиясына қосылды. Испан мұрагерлігі үшін делінетін соғыстың (1701-1714) нәтижесінде Нидерланды Испаниядан Австрияның қарауына көшті, Испанияның орнына Австрия үстемдік ететін болды.

Ұлы француз революциясының ықпалымен Бельгия провинцияларында ұлт-азаттық қозғалысы күшейе түсті, саяси партиялар, яғни А. ван дер Ноот («ноотшылдар») бастаған консервативтік партия және Вонк («вонкшылдар») бастаған либералдық партия құрылды. Брабант революциясының (1789-1790) барысында австриялықтар Бельгия провинцияларынан қуылып, Бельгия Құрама Штаттарының тәуелсіздігі (1790 жылы 11 қаңтар) жарияланды. Бірақ австриялықтар «ноотшылдар» мен «вонкшылдардың» өзара қырқысуын пайдаланып, Бельгияда өз үстемдігін қайта орнатты (1790 жылдың аяғы). 1794 жылы Бельгия провинциялары Францияға қосылды. Наполеон империясы құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814-1815) шешімі бойынша Бельгия провинциялары Голландиямен бірге король Вильгельм I бастаған бір тұтас Нидерланды корольдығына бірікті. Жаңа мемлекетте Бельгия провинцияларының экономикалық және саяси мүдделеріне нұқсан келтірілді. Бұл Бельгия халқының ұлт-азаттық қозғалысының онан сайын күшеюіне себепкер болды. 1820-1830 жылдар Бельгия провинцияларында өнеркәсіп төңкерісі басталды. Капиталистік индустриялану процесі өріс алды, темір жолдар салынды, банкілер ашылды. 1830 жылы 25 тамызда Брюссельде басталған буржуазия революция (Бельгия революциясы) Голландияның үстемдігін жойды. 1830 жылы 10 қарашада атылған Ұлттық конгресс Бельгияның тәуелсіздігін жариялады. 1830 жылы 20 желтоқсанда бес ұлы мемлекеттің (Россия, Ұлыбритания, Франция, Австрия, Пруссия) Лондон конференциясы Бельгияның суверенитетін мойындады және 1831 жылы қаңтарда Бельгияның мәңгі-бақи бейтараптылығын жариялады. Бельгия королы болып сайланған Леопольд I 1831-1865 жылдар билік жүргізді. 1831 жылы Ұлттық конгресс қабылдаған конституция елде конституциялық монархия орнатты.

19 ғасырдың орта шенінде Бельгия Европадағы өнеркәсібі күшті дамыған мемлекеттердің біріне айналды. 50 жылдары бұл елде өндірілетін көмір мөлшері батыс европалық елдердің бәрінен (Ұлыбританияны қоспағанда) көп болды, темір жолдың ұзындығы жөнінен Бельгия дүние жүзінде бірінші орын алды. 60 жылдардан бастап Бельгияда экономикалық өрлеу туып, өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Капитализмнің дамуымен бірге жұмысшы табы да өсті. 19 ғасырдың 50 жылдарында Бельгияда тұңғыш жұмысшы ұйымдары (Генттегі «Тоқымашылардың туысқандық қоғамы», Брюссельдегі «Жауынгерлік демократия серіктестігі» т.б.) құрылды. 60 жылдардың 2-жартысында Европа еңбекшілерінің арасында 1-Интернационал ықпалының күшеюі Бельгияда жұмысшы қозғалысының өрістеуіне жағдай туғызды. Бельгия жұмысшылары ереуіл жасау правосын (1866) жеңіп алды, жұмысшы одақтарына тыйым салуды жою туралы заң шығартты (1867).

19 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Бельгияның билеуші топтары Африканы отарлауға қатысты. Берлин конференциясында         (1884-1885) Бельгия «Конгоның ерікті мемлекетіндегі» өзінің ерекше мүдделерін мойындаттырды. 19 ғасырдың аяғы - 20 ғасырдың басында Бельгияның экономикасында монополистік капитализмге тән сапалы өзгерістер жасалды. Өндірістің шоғырлануы жеделдеді. Өнеркәсіпте және банк саласында монополистік бірлестіктер құрылды. Бұл жылдары Бельгияда капиталдың шоғырлану дәрежесі Европаның басқа көптеген елдеріндегіден жоғары болды. Өндіру (көмір) және өңдеу (металлургия, машина жасау, тоқыма) өнеркәсіп салаларының жедел өсуі, делдалдық сауданың кең өріс алуы нәтижесінде Бельгия 20 ғасырдың бас кезінде сыртқа өнеркәсіп өнімдерімен қатар, капитал да шығаратын дәрежеге жетті. Сөйтіп Бельгия Египетке, Иранға, Қытайға, Оңтүстік Америкаға едәуір капитал орналастырды. Әсіресе Африкаға көп капитал төкті. 1908 жылы Конго ресми түрде Бельгияның отарына айналды. Осы уақыттан бастап Конгоның табиғат байлығы мен халқын қанау жолымен монополистер қисапсыз көп пайда тапты. 20 ғасырдың бас кезінде Бельгия ұлан-байтақ отары бар шағын империалистік ел қатарына қосылды. 1-дүние жүзілік соғыс (1914-1918) қарсаңында Бельгия экономикасы жедел қарқынмен дамыды. Бельгияның ауыл шаруашылығында село халқы жедел жіктеліп, ірі-ірі капиталистік шаруашылықтар бөлініп шықты.

Елдің демократиялық күштерінің батыл талап етуі бойынша Бельгияда 1893 жылы 25 жасқа толған барлық еркекке сайлау правосы берілді. 1-дүние жүзілік соғыс алдындағы жылдары Бельгия екі империалистік одақтың арасында бейтараптық саясат ұстады, бірақ экономикалық жағынан Ұлыбритания мен Францияға іш тартты. 1909 жылы 14 желтоқсанда және 1913 жылы 29 мамырда Бельгия үкіметі жаппай әскери міндет туралы заң қабылдады. Германия Бельгияға басып кіріп (1914 жылы 4 тамыз), Бельгия Антанта жағындағы соғысқа киліккеннен кейін Бельгия Жұмысшы партиясының (БЖП) парламенттік фракциясы соғыс несиесін жақтап дауыс берді, ал партияның басшысы Э. Вандервельде Бельгия буржуазия үкіметінің құрамына кірді.

1-дүние жүзілік соғыстан рейін Россиядағы Ұлы социалистік революциясының ықпалымен Бельгияда революция қозғалыс өрістей түсті. 1919 жылы шахтерлердің ірі ереуілі болып өтті. Ереуіл нәтижесінде кеншілер үшін 8 сағаттық жұмыс күні, жалақының ең аз мөлшері белгіленді. 1919 жылы фламанд, 1920 жылдың басында валлон коммунистік топтары құрылды. 1920 жылдың аяғында осы топтардың негізінде Бельгиялық Коммунистік партия құрылды (БКП). 1921 жылы қырккүйекте бұл партия мен Бельгия Коммунистік партиясы (сол жылы құрылған) бірігіп, Бельгия Коммунистік партиясы (БКП) дел аталды. 1929-1933 жылдар дүние жүзілік экономикалық дағдарыс Бельгия экономикасына қатты зардабын тигізді. 1932 жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1929 жылғы дәрежесінің 37%-і ғана болды. Металлургия кәсіпорындарының 33%-і жұмыссыз тұрды. 1930-1932 жылдар тас көмір шығару 27,4 млн. тоннадан 21,4 млн. тоннаға дейін кеміді. 2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) кезінде Бельгияның өнеркәсібі дағдарысқа дейінгі кезеңнің дәрежесіне жете алмады. 1939 жылы өнеркәсіп ендірісінің көлемі 1929 жылғы дәрежесінің 76%-інен аспады. Бельгияның дүние жүзілік екі соғыс аралығындағы сыртқы саясаты империалистік мемлекеттердің (Франция, Ұлыбритания, АҚШ) соғыс одақтарын құруды және Европада коллективтік қауіпсіздік жүйесін жасаудан бас тартуды көздеді. Версаль бітім шарты (1919) бойынша Германияның Эйпен және Мальмеди округтары, сондай-ақ, Морененің бейтарап және пруссиялық бөлігі деп аталатын аймағы Бельгияға қосылды, оған бұрынғы германдық Шығыс Африканың бір бөлігін - Руанда-Урундиді билеуге мандат берілді. Бельгия Германиядан соғыс шығынын алатын болды. Бельгия 1919 жылы Ұлттар Лигасына кірген соң бейтараптық статустан айрылды. Бұл кезеңде Бельгия монополиялары Польшаның, Румынияның, Югославияның, Африка мен Азияның бірқатар елдерінің экономикасында маңызды роль атқарды.

Бельгияның коалициялық үкіметтері 18 жыл бойы СССР-ді танымау саясатын жүргізіп келді. Тек 1935 жылы 12 шілдеде ғана Бельгия үкіметі СССР-мен дипломатиялық қатынас орнатты. Оңшыл социалист П.А.Спаак (мамыр 1938 - ақпан 1939) бастаған Бельгия үкіметі «араласпау» саясатын жүргізіп, іс жүзінде фашистік Германияның Австрия мен Чехословакияға агрессия жасауыпа, республика Испанияны тұншықтыруына көмектесті. 1940 жылы 10 мамырда неміс-фашист армиясы Бельгияның бейтараптығын бұзып, елге басып кірді. Католик Ю. Пьерлоның үкіметі Францияға, одан Лондонға қашып барып, мұнда 1944 жылғы қыркүйекте дейін тұрды. Оккупацияға ұшыраған Бельгияда фашистер барлык, демократиялық ұйымдарды таратып жіберді. Бельгия Жұмысшы партиясының, Либералдық және Католиктік партиялардың басшылары өз партияларының таратылғанын жариялап, фашистермен ынтымақ жасау жолына түсті. Бельгия Коммунистік партиясы (БКП) елдің патриоттық күштерін басқарып, Қарсыласу Қозғалысын ұйымдастырған бірден-бір саяси партия болды. Оккупацияның алғашқы жылдарында Бельгияның Тәуелсіздік майданы атты патриоттық ұйым құрылды. БКП Қарсыласу Қозғалысының қарулы отрядтарына басшылық етті. Оның қатарында 50 мыңнан астам адам болды. 1944 жылы қыркүйекте Бельгия басқыншылардан азат етілгеннен кейін, Лондоннан кайтып оралған Пьерло үкіметінің құрамына 2 коммунист және Бельгияның Тәуелсіздік майданының әр өкілі кірді. Бірақ Пьерло үкіметінің реакцияшыл көпшілігі демократиялық күштерге қарсы күресті. Халық көпшілігінің қысымымен үкімет орнынан түсті. 1945 жылы ақпанында социалист ван Акердің үкіметі құрылын, зың құрамына 2 коммунист кірді.

2-дүние жүзілік соғыстан кейін БКП-нің басшылығымен елде демократиялық қозғалыс өрістей түсті. Бұл Бельгияның билеуші топтарын бірқатар реформалар (1947 жылы әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңның қабылдануы, фашистермен белсене ынтымақ жасаған адамдарды муниципалитет және мемлекеттік органдардан аластау, барлық әйелдерге сайлау правосын беру т. б.) жүргізуге мәжбүр етті. Реакциялық күштер еңбекшілердің саяси және экономикалық праволарына шабуылды күшейтті. 1947 жылы мартта коммунистер социалист К. Гюнсманстың үкіметінен кетуге мәжбүр болды.

1947 жылы Спаак бастаған конституңиялық үкімет құрылып, ол 1949 жылға дейін билік жүргізді. Спаак үкіметі Бельгияны Маршалл жоспарына (Маршалл жоспары) қосты, сөйтіп елдің экономикасы американ капиталының мүддесіне бағындырылды. Үкіметтің реакциялық саясатына қарсы 1948 жылы Бельгияда 334 мыңнан астам адам қатысқан 155 стачка, 1950 жылы шілдеде 500 мың жұмысшы қатысқан ереуіл, 1959 жылы Боринажда шахтерлердің екі апталық ереуілі болды.

Африкада ұлт-азаттық қозғалысының күшеюіне байланысты Бельгияның билеуші топтары өз отарлары - Конго (1960) мен Руанда-Урундиге (1962) тәуелсіздік берді. Бельгия империалистері Конгоны бөлшектеу саясатын жүргізіп, елдің қазба кендерге бай провинциясы Катанганы Конгодан бөліп алуға тырысты. 1960 жылы күзде Бельгия отаршылдары Конгоның Патрис Лумумба бастаған заңды үкіметіне қарсы қастандық ұйымдастырды. Конго дағдарысы ел ішіндегі экономикалық жағдайды мықтап шиеленістірді. Үкімет Конгодағы финанс капиталының шығынын еңбекшілердің мойнына артпақ болды. Ереуіл қозғалысы кеңінен етек алды. Үкімет бірінен соң бірі орнынан түсіп жатты. Бельгияның жұмысшы табы 50-60 жылдары өздерінің тұрмыс дәрежесін жақсарту, саяси реформалар жолында күрес жүргізіп келді. Бельгия коммунистері бұл күрестің алдыңғы сапында тұрды. 1961-1967 жылдар БКП өнеркәсіпті мемлекеттік қарамағына беру, кәсіпорындарда жұмысшы бақылауын орнату, соғыс шығынын азайту, мемлекеттік-саяси құрылысты демократияландыру т. б. жөнінде программа ұсынды.

Бельгия - БҰҰ мүшесі (1945 жылдан), АҚШ-тың қолдауымен немесе тікелей қатысуымен құрылған бірқатар агрессиялық одақтарға қатысады. 1949 жылы Солтүстік-атлантикалық пактіге (НАТО) кірді. 1950 жылы Бельгия мен АҚШ арасында «әскери көмек» туралы келісімге қол қойылды. 1955 жылы Бельгия парламенті Париж келісімдерін (1954) мақұлдады, сөйтіп Бельгия Батыс европалық одаққа кірді. Бельгия аса маңызды халықаралық монополистік ұйымдарға: Көмір мен болаттың европалық бірлестігіне (1951 жылдан), «Ортақ рынокқа» (1957 жылдан) қатынасушы.

50 жылдардың 2-жартысында Бельгия мен СССР арасында түрлі байланыс жұргізіле бастады. 1956 жылы 25 қазанда мәдени ынтымақ туралы Совет-Бельгия келісіміне қол қойылды. 1964 жылы Сыртқы істер министрі П. А. Спаак НАТО-ның көп жақты ядролық күштерін құруға қатысудан Бельгияның бас тартатынын мәлімдеді. Сөйте тұра Бельгия НАТО-ның ядролық жоспарлау жөніндегі арнаулы комитетінің жұмысына қатысып (1965), НАТО-ның Европадағы біріккен қарулы күштері бас командашысының Франциядан көшірілген штабын және НАТО советін орналастыруға өз жерінен орын берді (1967). НАТО-ның әскери комитеті де АҚҢШ-тан Бельгияға көшірілді. Солай бола тұрса да, 1969-1970 жылдар Бельгия үкіметі Европаның қауіпсіздігі жөнінде кеңес шақыруды жақтап мәлімдеме жасады. Европадағы барлық социалистік елдермен байланысын ұлғайтты. 1969 жылы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақ туралы Совет-Бельгия келісіміне қол қойылды.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Әлеуметтік - христиан партиясы (ӘХП) - Католиктік партияның (19 ғасыр 20 жылдары) негізінде 1945 жылы құрылды, 1969 жылы оның 250 мың мүшесі болды. Бельгия Социалистік партиясы (БСП) 1885 жылы құрылды (1940 жылға дейін Бельгия жұмысшы партиясы деп аталды). 1970 жылы 130 мың мүшесі болды. Бостандық және прогресс партиясы (БПП) -19 ғасыр 20 жылдары ұйымдасты (1961 жылға дейін Либерал партиясы деп аталды). 1970 жылы 50 мың мүшесі болды. 1954 жылы фламанд ұлтшыл ұйымдарының негізінде Халық одағы құрылды. 1970 жылы 11 мыңға жуық мүшесі болды. Бельгия Коммунистік партиясы (БКП) 1921 жылы құрылды. 1970 жылы 14 мыңға жуық мүшесі болды. Кәсіподақтар 19 ғасырдың 50 жылдары құрыла бастады. Бельгия жалпы еңбек федерациясы 1945 жылы құрылды. 1970 жылы 800 мыңнан астам мүшесі болды. Бұдан басқа Христиан кәсіподақтарының конфедерациясы (1908), Либерал кәсіподақтарының жалпы конфедерациясы (1930) бар. 1929 жылы Бельгия-Совет достығы қоғамы құрылды.

Экономикасы. Бельгия - Батыс Европадағы индустриясы жоғары дамыған елдердің бірі. Бір кезде қол астындағы отар елдердің табиғат байлықтарын емін-еркін пайдалану оның экономикалық дамуына ұлкен әсерін тигізді. 1960 жылдан бастап Бельгияның кейбір экономикалық қиыншылықтарға ұшырауына (отар елдерінің тәуелсіздік алуы, соған орай Бельгияның сыртқы саудасы мен шикізат қорының нашарлауы) байланысты, мұнда шетел капиталының ықпалы күшейді. 1969 жылы елдің экономикасындағы шетел капиталы 33,2 млрд. (бельгия франкісі) болды, оның 2/3 бөлігі АҚШ-тікі, қалғаны негізінен Батыс Германия мен Ұлыбританияның үлесіне тиеді.

Өнеркәсібі жоғары дәрежеде дамыған техникамен қатар, маман жұмысшы күшімен де жеткілікті қамтамасыз етілген. Бірақ Бельгияның өз жерінде өнеркәсіпке қажетті шикізат өте тапшы. Энергетика балансында 30% (1968) көмірдің, 60% мұнайдың үлесіне тиеді, Көмір Солтүстік (Кампин ойпаты) және Оңтүстік (Монс, Льеж қалаларының маңы) бассейндерде өндіріледі. Мұнай шеттен әкелінеді.

Қара металлургия - Бельгия өнеркәсібінің ежелгі салаларының бірі. Қорытылатын болаттың мөлшері жөнінен Бельгия капиталистік елдер арасында 7-орын алады. Металлургия кәсіпорындары «қара белдеу» бойында (Льеж - Шарлеруа қалалары) шоғырланған. Елдің солтүстік-шығысындағы түсті металлургия кәсіпорындарына қажетті шикізат шеттен әкелінеді, ал өнімдерінің 66%-ке жуығы экспортқа шығарылады. Антверпен, Гент қалаларында автомобиль құрастыратын (бөлшектері шеттен әкелінеді, олардың ішінде біздің «Волга», «Москвич» машиналары да бар), Хобокен мен Тамизде кеме, Льежде локомотив жасайтын кәсіпорындар бар. Шеттен әкелінетін мұнай Антверпен портының маңындағы кәсіпорындарда өңделеді. Бельгияда құрылыс материалдарын өндіру ісі едәуір дамыған, шыныны экспортқа шығару жөнінде алдыңғы қатардан орын алады (барлық капиталистік елдер экспортының 33%-ке жуығы), шыны жасайтын кәсіпорындар елдің батысындағы Эно провинциясында. Батыс және Шығыс Фландрия провинцияларында мата тоқу кәсіпорындары бар.

Бельгия - ұсақ және орта фермер шаруашылығы дамыған ел. Ауыл шаруашылығының басты саласы - сүтті-етті мал өсіру. 1970 жылғы мал саны (мың есебімен): ірі қара 2879, оның ішінде сауын сиыр 1046, шошқа 3724, қой 120, жылқы 73, тауық саны 26 млн. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 1,6 млн. га (1967), оның 66%-не жемшөп дақылдары егіледі. Жылына 2 млн. мг ағаш дайындалады. Теңізден жылына 60 мың тоннадай балық ауланады.

Темір жол жүйесінің жиілігі жөнінен Бельгия капиталистік елдер арасында 1-орын алады (ұзындығы 4,3 мың км 1968). Ішкі су жолдары 1,6 мың км, тас жолдары 10 мың км.

Денсаулық сақтау ісі. Медицина және санитарлық мекемелерді семьяның әл-ауқаты мен қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі басқарады. 1966 жылы Бельгияда 75,1 мың төсекті (1000 адамға 7,8 орын) аурухана болды. Оның басым көпшілігі әр түрлі қоғамдық және діни ұйымдардың, жеке адамдардың қарамағында. Дәрігерлердің көпшілігі жеке қызмет көрсету ісімен шұғылданады. 1968 жылы 16,4 мың дәрігер (586 адамға 1 дәрігер), 2,3 мың тіс дәрігері, 6 мың фармацевт, 3,8 мың акушер жұмыс істеді. Дәрігерлерді Брюссель, Гент, Льеж және Лёвен университеттерінің медицина факультеттері дайындайды. Белгілі курорттары - Зебрюгге, Остенде, Спа.

Оқу-ағарту ісі. Бельгияда тұңғыш мектептер (шіркеулік) орта ғасырдың басында пайда болды. 18 ғасырдың аяқ кезінде жеке меншік мектептер ашыла бастады. Жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер жүйесі 19 ғасырда құрылды. 1914 жылдан бері 6-14 жастағы балалардың жаппай міндетті оқуы туралы заң іске асырылуда. Бастауыш және орта мектептерде оқу ана тілінде (фламанд, француз), ал жоғары оқу орындарында бір тілде, немесе екі тілде жүргізіледі. Бельгияда мемлекеттік мектептер мен қатар католик шіркеулеріне қарасты жеке меншік мектептер де бар. Халық ағарту жүйесінің бастауыш буыны - мектепке дейінгі мекемелер. 1969 жылы онда 460 мың бала тәрбиеленді. 1968-1969 оқу жылында мемлекеттік бастауыш мектептерде (6 жылдық) 1016 мың оқушы, орта мектептерде (6 жылдық) 300 мыңдай оқушы, кәсіптік-техникалық училищелерде (6 жылдық) 347 мың оқушы, техника мектептерде 146 мың оқушы оқыды. Бельгияда 21 жоғары оқу орны (сонын ішінде 5 университет) бар. Ең ірі Бельгия ұлттық кітапханасы (1837 жылы құрылған, кітап қоры 2,6 млн дана), Корольдық әсем өнер музейі бар (Антверпен).

Ғылымы мен ғылыми мекемелері. Тәуелсіз мемлекет болғанға дейінгі (1830) ғылым тарихы. 1830 жылға дейінгі Бельгия ғылымның дамуына елдің көптеген жылдар бойы ұсақ князьдықтар мен провинцияларға бөлініп, ғылымның облыстық шеңберде қалуы, Бельгия мен Нидерланды жерлерінің (15-16 ғ.) Нидерланды болып бірігуі. 16-19 ғасырлардағы ұлт тәуелділігі т. б. себептер елеулі әсер етті. 8 ғасыр мен 9 ғасырдың 1-жартысында Бельгия жері «Каролингтік қайта өркендеу» ошақтарының бірі болды. Кейіннен Льеж епископтығының шіркеу мектептері орта ғасырлық білім таратудың маңызды орталығына айналды. 11 ғасырдың аяғы мен 12 ғасырдың басында теологтар мен философтардың арасынан батыс европалық аввероизмнін аса көрнекті өкілі Сигер Брабантскийдің есімі кең таралды. 12-13 ғасырларда әуелі Фландрияда, кейін Врабантта халық тілінде (орта ғасырдағы латын тілінде емес) жазылған тұңғыш азаматтық тарихнама т. б. шығармалар пайда бола бастады. Бельгия жерінің бургунд герцогтары қол астына бірлескен кезінде мәдениет пен ғылым жандана түсті. 1425 жылы Левенде Бельгияның түңғыш университеті ашылды. 16 ғасырда ғылым мен мәдениеттің өрге басуына Бельгия жерінде капиталистік қатынастың тууы үлкен ықпал жасады. Кітап басып шығару (15 ғасыр 70 жылы) ісінің өріс алуы да ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне себепкер болды. Антверпендегі К. Плантеннің баспаханасы шығарған кітаптар бүкіл Европаға әйгілі болды. Сол кездегі дүние жүзілік сауда мен теңіз қатынасының орталығы болған Антверпен - Европа картографиясының да орталығы еді. Дәрігер, математика әрі астроном, космограф Гемма Фризий нөлдік хронометрлерді пайдалану арқылы кеңістікті анықтау тәсілін ұсынды. Абрахам Ортелий «Жер шарының көрінісі» деген атпен әйгілі болған атласын шығарды. Гент және Брюгге қалаларында Европадағы көрнекті ботаник әрі дәрігер Ремберг Додунс (Додонеус) жұмыс істеді. Химик Р. Фукс 1542 жылы дистилляция жөніндегі оқу құралын жарыққа шығарды. Бұл көптеген жылдар бойы химиялық практикасында кең таралған еңбек еді. 16 ғасыр мен 17 ғасырдың 1-жартысында Бельгиядан бүкіл әлемге әйгілі болған екі ірі ғалым шықты. Оның бірі - А. Везалий тұңғыш рет адам денесінің құрылысын анықтап берді, медицинада 14 ғасырдың бойы устемдік еткен К. Галеннің ілімін катты сынады. Екіншісі - Я. Б. ван Гельмонт, ятрохимияның аса көрнекті өкілі. 16 ғасырдың аяғында Бельгияда буржуазия революция мен азаттық алу соғысының жеңіліске ұшырап, испандардың билеп-төстіуіне байланысты ғылымның дамуына тоқырап қалды. Ғылыми орталық  солтүстіктегі Лейден мен Амстердамға ауысты. Бельгияда туған бірқатар ғалымдар ғылыми жұмыстарын Голландияға барып жалғастырды. Бельгия провинцияларындағы білім беру ісі иезуиттердің қолына көшті. Бельгияда ғылым мен білім тек 18 ғасырдың аяқ шенінде ғана өріс ала бастады. 1773 жылы жалпы білім беретін мектептердегі мұғалім-иезуиттер зиялы профессорлармен ауыстыстырылды. 1772 жылы әдебиет пен әлемдік өнердің Корольдық ғылым академиясы ашылды. 1817 жылы Гент тен Льежде унивесритет ашылды. 1826 жылы Брюссель ботаника бағының негізі салынды. 1827 жылы Брюссельде Корольдык обсерватория ашылды.

Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. 1830 жылы тәуелсіз Бельгия мемлекеті құрылғаннан кейін, капиталистік өндірістің қажетіне сай ғылым жедел дами бастады. Жаратылыс тану ғылымдарының ішінде әсіресе химиялық, медициналық, биологиялық ғылымдары кеңінен өріс алды. Бельгиянның 19 ғасырдағы аса көрнекті химиктері - Ж. Стас пен Ә. Сольве. Ж. Стас бірқатар элементтердің атомдық салмағын анықтады. Э. Сольве сода жасау процесін анықтап, сода зауыдын (1863) салды, атақты Сольвей конгрестерін (1911 жылдан) ұйымдастырды. Конгоны қосып алудың нәтижесінде геологиялық, ботаникалық, зоологиялық ғылымдары кең өріс алды. Бельгияда зоологиялық ғылымының негізін салушы М. де Сели болды. П.Ж.Бенеден паразитология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, оның баласы Э. ван Бенеден цитология мен эмбриологияның негізін қалады. Зоология мен палеонтология саласында Л. Долло айтарлықтай еңбек етіп, эволюцияның қайтымсыздық принципін негіздеді. Геоботаниканы дамытуда Э. де Вильдеман көп еңбек сіңірді. Ж.Бордо иммунология саласындағы еңбегі үшін 1919 жылы Нобель сыйлығын алды. К. Хейманске адамның және жануарлардың тыныс алуын реттеу саласындағы еңбектері үшін 1938 жылы Нобель сыйлығы берілді. Сан теориясын зерттеуші Ш. де Ла Валле Пуссон, математикалық анализ саласында Мансион, геометрияны зерттеушілер де Тилли, А. Демулендер еңбектері ғылымға елеулі үлес қосты. Астрономия, астрофизика, жер физикасы саласында 19-20 ғасырларда бірқатар зерттеулер жүргізілді. Астроном Ж. Узо де ла Э құс жолының классикалық сипаттамасын жазып шықты. Климатолог және метеоролог А. Ланкастердің атмосфераны зерттеулері нәтижелі болды. З.Грамм динамомашинаны жасап шығарды. Левен университетінің профессор Ж. Леметрдің «Ұлғаюшы әлем» моделін жасауы теориялық ойдың аса ірі табысы болды. Дүние жүзілік соғыстан кейін экономика мен ғылыми-техника салаларында: қара металл, түсті металл, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстары кең өріс алды. 50 жылдардың аяғында мемлекеттік ғылымды басқару органдарына өзгерістер енгізіліп, арнаулы ғылми Министрлігі т. б. мекемелер ұйымдастырылды, консультациялық орган есебінде ғылыми дамытудың Ұлттық советі құрылды. Бельгия қазір Евроатом, Космосты зерттеудің европалық ұйымы, Ядролық зерттеудің европалық ұйымы т.б. ғылыми бірлестіктерге қатынасады.

Қоғамдық ғылымдар. Бельгиядағы қоғамдық ғылымның дамуына елдің тәуелсіз мемлекеттік болып қалыптасуы, экономикалық өзгерістер мен саяси қозғалыстардың әсері зор болды. Клерикализмге қарсы либералдық-буржуазия ғылымның ордасы Брюссель университеті болды. Осы университеттің жанынан (1901) Әлеуметтік ғылымдар институты ашылды. Философиялық, социологиялық, экономикалық ойдың дамуына Бельгия жұмысшы партиясының идеологтары мен басшыларьшың (Э. Вандервельде, К. Гюисманс, Л. де Брукер т. б.) оппортунистік бағыты елеулі әсер етті. Қазіргі заманғы маркстік ойдың өрістеуі Бельгия Компартиясы қайраткерлерінің еңбектерімен съездің шешімдерінен орын алып отыр.

Экономикалық ғылым. Бельгия ғалымдары 20 ғасырдың орта шеніне дейін, негізінен, ұлттық экономиканың даму тарихын баяндап жазумен ғана шұғылданып, шетелдік буржуазия экономистер теориясының ықпалында болып келді. Қазіргі заманғы Бельгия экономистерінің арасында неолиберализм теориясы кең тараған (Ф.Бодуэн, А.Ламфалюси т.б.). Экономика ғылымының дамуында прогрестік бағытты марксистер Э.Брюнель, П. Жуа т. б. бастап келеді.

Бельгияның философия ғылымына католиктік доктриналардың ықпалы зор болды. 19 ғасыр Лёвен католик университеті неотомизмнің халықаралық орталығына айналды. Осы университетте неміс философы Э. Гуссерльдің архиві сақталып, оның қолжазбаларын бастырып, жарыққа шығару жұмысы жүргізілуде. 20 ғасырдағы ең көрнекті философтары: психолог Ж. Двелохауверс, П. Декостер т. б.

Заң ғылымдары. Бельгияда 19 ғасырдың 30-40 жылдарында дами бастады. Бельгияның ол кездегі юристері Бельгия буржуазия мемлекеті ұлттық ерекшеліктерінің негізіне сүйенді. 19 ғасырдың орта шеніндегі Бельгия юристері өз еңбектерінде бірсыпыра буржуазия мемлекеттердің заң ғылымына тән буржуазия парламентаризм принциптерін қисындап жазды. Қазіргі Бельгия заң ғылымында социологиялық бағыттан формальды-заң бағыты басым. Бельгияның саяси өміріндегі праволық аспектілерді талдай білген юристердің (Р.Эваленко, Ф.Дебейст т. б.) еңбектерінде социологиялық бағыт анағұрлым айқын көрінеді. Ұлыбритания мен Франциядағы бірқатар мемлекеттік заң институттарының, Франциядағы азаматтық право нормаларының ережелерін негізге алу т.б. нәтижесінде, Бельгияда салыстырмалы право тану ғылымы дамыды (Орталығы - 1908 жылы құрылған салыстырмалы право тану ғылыми институты).

Ұлттық тарих ғылымының дамуына Бельгияда тәуелсіз мемлекеттік орнатқан 1830 жылғы революцияның әсері зор болды. 1834 жылы тарих пен архивті зерттеудің Корольдық комиссиясы құрылып, ол тарихи деректерді жариялай бастады. Бельгияның 19-20 ғасырлардағы белгілі тарихшылары: И. Кервейн де Леттенхове, А. Хенне, Л. Вандеркиндере, П. Фредерик т. б. 19 ғасырдағы Бельгия тарихшылары көбінесе саяси және тарихи-праволық мәселелермен шұғылданды (мыс., «Бельгия парламентінің тарихы» т. б.). Бельгия тарихының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін зерттеуге бет бұруы Бельгияның көрнекті тарихшысы А. Пиреннің есімімен байланысты. Бельгия және Нидерланды тарихшыларының улкен коллективі «Нидерландылардың жалпы тарихын» жазды. Онда Бенилюкс елдерінің бұрынғы және қазіргі тарихының ортақ екендігі атап көрсетілген. Бельгияда Византияны зерттеудің буржуазия орталығы (А.Гегуар мектебі), Ертедегі Шығысты зерттеушілер бар. Тарихи-этнографиялық зерттеулерде африкалық елдер тарихына көбірек көңіл бөлінген, көптеген еңбектер отаршылдық және неоколониалистік позицияда жазылған. 19 ғасырдың аяғында с.-д. тарихи әдебиеттер пайда бола бастады. Онда Бельгиядағы Социалистік және жұмысшылар қозғалысы тарихына ерекше көңіл бөлініп, оны реформизм позициясы тұрғысынан баяндаған. Э. Вандервельде институты (1960) сол бағытта «Бельгия социалистік жұмысшы қозғалысының тарихын» шығарып тұрды.

Ғылыми мекемелері. Бельгияның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылыми мекемелерде (70-ке жуық), өндірістік зерттеудің салалық университеттерінде (50-ге жуық), жеке кәсіпорындарда (500-ге жуық) топтастырылған. Ең маңызды мемлекеттік ғылыми мекемелері: Корольдық обсерватория, Корольдық метеорологиялық институт, Корольдық жаратылыс тану ғылымының институты, Микроорганизмдерді зерттеудің ұлттық орталығы, Космостық аэрология институты, Ядролық энергияны зерттеу орталығы, Өнеркәсіп салалары өндірісінің ұлттық институты, Ауыл шаруашылық министрлігі қасындағы Химиялық зерттеу институты, Жалпы гигиена және эпидемиология институты, Карманның сұйықтықтар динамикасы институты т. б. 1965 жылдан соң Монста және Антверпенде 2 университет орталығы құрылды. Негізгі университеттерден басқа, Лёвенде, Брюссельде, Гентте, Льежде негізгі университеттерге қарамайтын, 10 шақты университеттік факультеттер бар. Өнеркәсіп ғылыми-зерттеу ассоциацияларын қаражатпен қамтамасыз етуге фирмалармен қатар, мемлекет те қатысады. Олардың бастылары: Металлургиялық зерттеудің ұлттық орталығы, Бельгия тоқыма өнеркәсібінің ғылыми және техника орталығы, Шыны-әйнек ұлттық институты, Көмір өнеркәсібінің ұлттық институты, Ұлттық таукен институты, Электр энергиясының лабораториялық орталығы т. б.

Бельгияда әдебиет және искусство, медицина, археология т. б. салада бірнеше ғылым академиясы, академия типіндегі институттар бар. Бірақ олар ғылыми-зерттеу орталықтары емес. Мұнда лекциялар ұйымдастырады, журналдар шығарады, ғылымды насихаттайды, әр жылғы сыйлықтарды белгілейді. Көптеген ғылыми қоғамдар бар.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. 1968 жылы Бельгияда 50-ге жуық күнделікті газет, 53 апталық және айлық басылымдар шығып тұрды. Француз және фламанд тілдерінде шығатын ең ірі газеттері: Бостандық және прогресс партиясының органдары - «Суар» (1887 жылдан), «Стандарт» (1915), «Хет латсте ньивс» (1888), «Дерньер эр» (1906); Әлеуметтік-христиан партиясының органы - «Либр Бельжик» (1884); Бельгия социалистік партиясының органдары - «Фолксео газет» (1914), «Пёпль» (1885); Бельгия компартиясының органдары - «Драпо руж» (француз тілінде, 1921 жылдан); «Роде ван» (фламанд тілінде, 1921) т. б.

Бельгияда радиохабар 1924 жылдан, телехабар 1953 жылдан беріле бастады. Бұларға Ұлттық радиохабар және телевизия институты басшылық етеді. 1960 жылы оның жанынан қоғамдық екі мекеме - француз және фламанд тілдерінде хабар тарату институттары құрылды. Радио және телевизия орталықтары Брюссельде орналасқан.

Әдебиеті. Бельгия әдебиеті негізінен француз және фламанд тілдерінде дамыған. Француз тіліндегі әдебиеттің алғашқы нұсқалары 12 ғасырда пайда болған. Бұлар - шежірелер, крест жорықтары мен рыцарьлықты уағыздайтын дастандар, аңыздар. 15 ғасырда новелла жанры көрінді. 16 ғасырда Бельгия әдебиеті қайта өркендеу дәуірінің ықпалымен дамыды. 17 ғасырда діни соғыстар мен цензураның күшеюіне байланысты Бельгия әдебиеті тоқырап, шіркеу зорлығынан бас көтере алмады. Тек 18 ғасырдың 2-жартысында ғана прогресшіл реформалар жүзеге асырылды. 1756 жылы Льежде «Энциклопедиялық журнал» шықты, ол француз ағартушыларының идеяларын насихаттады. Вольтер шығармаларының жинағы жарық көрді. Осының бәрі әдебиеттің өсуіне жағдай жасады. 19 ғасырдың бас кезінде Бельгия әдебиетінде романтизм сарынындағы шығармалар туа бастады. 19 ғасырдың орта кезінен Бельгия әдебиетінде реалистік ағым күшейді. «Уленшпигель» журналы реализм принциптерін насихаттады. Ф. Стевенс (1831-1858), Э.Леклерк (1827-1907) т. б. шығармаларында прогресс, азаттық идеялары, буржуазия қоғамды айыптау сарыны байқалады. Э. Грейсон (1823-1898) шығармаларында ұсақ буржуазия мен чиновниктер тұрмысы суреттеледі. Бірақ бұларда сол дәуірдегі қызу тап тартысы көрінбейді. Тек Ш. де Костердің (1827-1879) «Уленшпигель жайлы аңыз» (1867) романында сол замандағы революция оқиғалардың лебі сезіледі. 90 жылдары Бельгия әдебиетінде символизм күшейді. Өршіп келе жатқан тап тартысынан сескенген үстем тап өкілдері декаденттікке ұрынды. М. Метерлинк (1862-1949) драмаларьшда («Соқырлар») сұм дүниеден жай таппай сорлаған, үміті кесілген мүсәпір адам бейнесі жасалған. Э. Верхарн (1855-1916) жүре келе дәуірдің революция идеяларын түсініп, символизмнен арылды. «Қаншеңгелді қалалар» (1895), «Бой бермес қайрат» (1902) сияқты туындылар жазды. 20 ғасырдың бас кезінде Бельгия әдебиетінде «облыстық», «аймақтық» роман деген жанр белең алды. Бұларда түрлі аймақтың тарихы, әдет-ғұрпы, іс- әрекеті баяндалады. 1-дүние жүзілік соғыс М. Гоше, Л. Христоф, Р. Вивье т. б. творчествосында бейнеленді. Фашистер қолынан қаза тапқан коммунист ақын Р. Блик, Ж. Варен, Ита Гассель т. б. фашизмге қарсы күресті жырлады.

Фламанд тіліндегі әдебиет 18 ғасырға дейін нидерланды әдебиетінің бір бөлігі болған. Кейін билеуші таптардың ықпалымен француз мәдениеті мен тілі енгізілді. Фламанд тіліндегі әдебиет дәстүрлері ертегі аңыздарда, тарихи хиқаяларда сақталған. 19 ғасырда романтик ағымдағы жазушылар топтасты. Реалистік бағыттың негізін салған X. Консианс (1812-1883) болды. 19 ғасырдың 2-жартысында капитализмнің қауырт өсуіне байланысты сыншыл реализм өрістеді. 2- дүние жүзілік соғыстан кейін бейбітшілік пен демократияны жақтайтын бір топ озат ойлы жазушылар шықты. М.Дейзе (1920 ж.т.) Бельгия халқының гитлершіл басқыншыларға қарсы күресін бейнелейтін кітап жазды. П. ван Акен (1920 ж. т.), М. Брат (1920 ж. т.) т. б. бейбіт өмірді, әлеуметтік әділдікті жырлайды.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Бельгия орта ғасырларда көркем мәдениеттің ірі орталығына айналды. Роман стилі (11-12 ғ.) мен готика (13-14 ғ.) жоғары дәрежеде дамыды. 1566-1609 жылдардағы буржуазия революциядан кейін Бельгия өнерінің дербес мектебі туды. Бұл мектеп 18 ғасырдың соңына дейін фламанд өнері ден аталды. Мұндағы сәндік, әсемдік әшекей-бояу бұрынғы нидерланды мәдениетінің дәстүрлерімен және революциямен бірге туған халықтық-реалистік бағыттармен ұштасып жатты. 17 ғасырдың кескіндеу өнерінде П. П. Рубенс маңызды роль атқарды. Оның творчестволық дәстүрін әсем портреттер шебері А. Ван Дейк, суретшілер Я. Йорданс пен Ф. Снейдерс жалғастыра түсті. Барокконың кейбір дәстурлерін сақтаған (В.О. Янсенс, П.Й.Верхагеннің суреттері) 18 ғасырдағы Бельгия өнерінде Франция мен Австриядан енген классицизм принциптері архитектура, мүсін, кескіндеу өнерінде) байқалады. Бельгияның 19 ғасырда қалыптасқан ұлттық өнері бастапқыда классицизм түрінде (арх. Л. Руландт, Ф.Ж.Навез шығармалары) бой көрсетті. Архитектурада «модерн» стилінің қалыптаса бастаған кезі 19 ғасырдың 50 жылдарына саяды. 1945 жылдан кейін салынған тұрғын үй, транспорт, өнеркәсіп және қоғамдық ғимараттардың құрылысында қазіргі заманғы архитектураның принциптері арх. X. ван Кейк, Р. Брам т. б.) қолданылды. Тар шеңбердегі формалистік-стильшілдік (Г. де Смет, Я. Брюсселманс т. б.), сюрреализм (П. Дельво), абстракті өнер - 20 ғасырда Бельгияда кең тараған бағыттар. Сән өнерінде «Жана өнер» тобының (X. ван де Велде, В. Орта) «модерн» стиліндегі туындылары, керамикалық мүсін (П.Кай), Бельгия халқының өмірі мен күресін бейнелейтін кілем бетіндегі ою-өрнектер Р.Сомвиль, Ә.Дюбренфо) ерекше көзге түсті. Селолық құрылыстар қарапайым әдістермен салынған, мұнда әшекей-өрнек жоқтың қасы. Кейбір провинцияларда тұрғын үйлер мен шаруашылық орындары біріктіріліп салынған. Халық творчествосының кең тараған түрлері кесте, әр түрлі өмір, мыс құймалар, ағаш ойма т. б.

Музыкасы. Қайта өркендеу дәуірінде осы күнгі Бельгия жерінде пайда болған халықтың ән творчествосы мен профессионалдық музыкалық мәдениеті франко-фламанд мектебі деп аталатын 15-17 ғасырлардағы Европа полифониялық өнерінің қалыптасуында үлкен роль атқарды. Мұның аса көрнекті өкілдері бельгиялық А. Вилларт, Жоскен Депре, О. Лассо сияқты суреткерлер еді. 17 ғасырдан бастап Бельгия музыкасы өзінің жетекшілік ролінен айрылды. Оның Э. М. Гретри, Ф. Ж. Госсек сияқты көрнекті өкілдері Францияда еңбек етті Ұлттық композитор мектебі Бельгия өз алдына тәуелсіз мемлекет болған соң (1830) ғана қалыптасты. 19 ғасырдың 1-жартысында Бельгия музыкасы 2 бағытта («фламандық» және «валлондық») дамыды. Фламандық бағыт негізінен фламанд фольклоры мен неміс мектебінің дәстүріне сүйенді, ал «валлондық» бағыттан француз композиторларының творчествосымен байланыс сезіледі. «Фламандық» бағыттың бастаушысы композитор Петер Бенуа (1834-1901) болса, осы бағыттың ірі өкілдерінің және Бельгия музыкасындағы жаңа мектептің негізін салушылардың бірі - композитор П. Жильсон (1865-1942). Ал «валлондық» бағыттың өкілдері: О. Дюпон (1827-1890), Г. Лекё (1870-1894), Ж. Йонген (1873-1953). 19 ғасырда Бельгияда скрипкада ойнау өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты (А. Вьетан, Э.Изаи, Ю.Леонар т.б.). 1895 жылы Брюссельде негізделген «Изаи концерттері» деп аталатын симфониялық қоғам ұлттық музыка мәдениетінің дамуына ерекше әсер етті. Бельгияның осы күнгі музыка өнерінің белгілі қайраткерлері: композиторлар – Ж.Абсиль, Р.Дефоссе, Ф.Кине; дирижерлер - Ф.Андре, Д.Дефо; скрипкашы А.Грюмьо т.б. Бельгияның ірі музыка орталығы - Брюссель. Мұнда опера театры, консерватория, ұлттық симфониялық оркестрі, музыкалық қоғамдар бар. Брюссельде пианистер мен скрипкашылардың Королева Елизавета атындағы халықаралық конкурстары өтеді.

Театры. Бельгияның театр және кино өнері кобінесе француз, фламанд тілдерінде дамыды. 13-17 ғасырларда діни тақырыпта жазылған пьесалар кең тарады. 1650 жылы Брюссельде ағаштан театр үйі салынып, онда шетелдік артистер ойын-сауық корсетіп отырған. 1782 жылы осында театр үйі тұрғызылып, кейіннен ол «Дю Парк» деп аталды. Алғашқыда мұнда цирк артистері пантомимикалық ойындар қойды. 18 ғасырдағы Бельгия драматургиясына француз жазушыларының творчествосы үлкен әсер етті. Тәуелсіздік алғаннан кейін (1830), 19 ғасырдың аяғына дейін Бельгия драматургиясында романтизм (П. Нуайе, Ф. Богартс, Э. Ваккен) өріс алды. 20 ғасырдың 20-30 жылдарында декадент-драматургтардың (Э. Верхарн) пьесалары театр репертуарынан көбірек орын алды. Ағайынды Хейсмондар неміс фашистерінің қудалауына қарамастан (1940-1944) «Қарсыласу театрын» ұйымдастырды. Театр патриоттық тақырыпта жазылған X. Клоссонның «Эмонның төрт ұлы» пьесасын қойды. Брюссельде «Дю Парк», Бельгияның ұлттық театры, «Де Галери» т. б. театрлар жұмыс істейді. Театр мамандарын Брюссельдегі Корольдық консерватория дайындайды.

Киносы. 1908 жылы Харревелдте құрылған тұңғыш киностудия «Дельфтің қызы», «Құнды құрбан» фильмдерін жасап шығарды. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін Машленде киностудия құрылады. Онда режиссерлер Ш. Декёкелер, А.Сторк, А.Ковен қызмет етті. 2-дүние жүзілік соғысқа дейін Бельгия кинематографиясы көбінесе шағын көлемді хроникалық-документті фильмдер жасаумен ғана шұғылданды. Соғыстан кейін комедиялық фильмдер кең таралды. Бірақ олардың бірде-бірі көркем шығарма бола алмады. 1958-1968 жылдар қысқа метражды ғылыми, документті және мультипликациялық фильмдер жасау жөнінен біршама табысқа жетті («Алтын ғасыр», «Рубенс», «Льеж - өшпейтін қала», «Тақыр бас», «Қоштасу», «Ұзақ түсінісу»). Бельгия кинематографиясының шабан дамуына бұл елдің билеуші топтарының ұлттық өнерге немқұрайды қарауы себеп болып келеді. Осымен байланысты, Бельгия кинотеатрларында көбіне шетел фильмдері көрсетіледі. Брюссельде Бельгия синематекасы жұмыс істейді.

Әдеб.:Маркс К. Письмо редактору газеты «Кёіогте». Маркс К. и Әнгельс Ф. Соч., 2 изд., т. 4; Энгельс Ф. Движения 1847 года. там же; Ленин В. И. Жауынгер милитаризм және социал-демократияның антимилитаристік тактикасы. -Шығ., 15-т.; сонікі, Империализм – капитализмнің жоғарғы сатысы. -Шығ., 22-т.; Лозинский С. Г. История Бельгии и Голландии в новое время. СПБ, 1908; Чистозвонов А. Н. Нидерландская буржуазная революция XVI в. -М., 1958; Соловьев Л. И. Положение и борьба рабочего класса Бельгии 1958-1968 гг. -М., 1969; Ренер К. Октябрь 1917 года и бельгийское рабочее движение. -М.,         1968; Стрелецкая Л.Н. Бельгия. Экономико-географическая характеристика. -М., 1962; Каменский Н.Н. Бельгия. Экономика и внешняя торговля. -М., 1963; Андреев Л.Г. Сто лет бельгийской литературы, -М., 1967 (имеется библ.); Гершензон-Чегодаева Н.М. Фламандские живописцы. М., 1949.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-04-17 09:36:29     Қаралды-2541

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »