UF

ЗАИР - Экваторлық Африкадағы Конго өзенінің Заир Республикасы желінен өтетін бөлігі.

ЗАИР, Заир Республикасы (République du Zaïre) - Орталық Африкадағы мемлекет. Конго (Заир) өзені алабында орналасқан. Батысында Конгомен, солтүстік-батысында және солтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, солтүстік-шығысында Суданмен, шығысында Уганда, Руанда, Бурунди және Танзаниямен, оңтүстік шығысы мен оңтүстігінде Замбиямен, оңтүстік-батысында Анголамен шектеседі. Жері 2345,4 мың км2. Халқы 46,4 млн. (2015). Астанасы - Киншаса қаласы. Әкімшілік жағынан 9 провинцияға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Заир - республика. Қазіргі конституция 1967 жылы 24 маусымда күшіне кірді. Мемлекеттік басшысы - президент. Оған кең өкілдік берілген. Заң шығарушы жоғары өкімет органы - бір палаталы Ұлттық жиналыс. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы берілген. Үкімет - Министрлік Советі. Ол министрлер мен оның орынбасарларынан құралады және президент алдында ғана жауап береді. Сот жүйесі Жоғарғы сот, апелляциялық сот, округтың, полициялық және бітім соттарынан құралады. Ерекше сот органы 9 кеңесшісі бар Конституциялық сотты - президент тағайындайды.

Табиғаты. Жерінің көбі - қырат, үстірт. Орталық және батыс бөлігін Конто (Заир) қазан шұңқыры, шығысын биік таулар алып жатыр. Ең биік жері - Рувензори тауы (5109 м). Таулы бөлігінде (Вирунга тауында) сөнбеген Ньямлагира, Ньирагонго вулкандары бар. Климаты орталық бөлігінде ылғалды, экваторлық, оңтүстігі мен солтүстігінде субэкваторлық. Ең жылы айының (наурыз немесе сәуір) орташа температурасы 24-28°С, салқын айында (шілде немесе тамыз) 22-25°С. Экваторлық зонада жауын-шашынның жылдың мөлшері 1700-2500 мм, солтүстігі мен оңтүстігінде 1000-1500 мм. Басты өзендері - Конго (Заир) және оның салалары Касаи, Ломами. Ірі көлдері - Киву, Танганьика, Мверу. Жері - күлгін, қызыл қоңыр латерит топырақты, орманды саванна. Арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, қалың орманды өңірінде піл; өзен мен көлдерінде бегемот, құстың көптеген түрі кездеседі.

Халқы. 85%-ке жуығы банту тілі семьясындағы халықтар. Мемлекеттік тілі - француз тілі. 1963-1970 жылдар Заир халқы жыл сайын 2,2% өсті. Еңбек етуші халың 7655 мың (1965). Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 9 адамнан (1971) келеді. Қала халқы 24% (1970). Ірі қалалары: Киншаса, Лубумбаши, Мбужи-Майи, Кисангани, Кананга, Букаву, Ликаси, Матади, Киквит.

Тарихы. Касаи, Луалаба, Луапула өзендерінің жоғарғы ағысындағы қазіргі Заир республикасының жерінде алғашқы мемлекеттер (олардың бірі Конго мемлекеті) европалықтар келместен көп бұрын (14 ғасыр шамасында) пайда болған. 15 ғасырдың аяғында Конго өзенінің сағасына келіп жеткен португалдықтар осы өзеннің алабын Америкаға арзан құл шығарып сататын байлық көзіне айналдыруға тырысты (15-19 ғасырларда кемінде 10 млн. құл сатылды). 1491 жылы, 16 ғасырдың 70-80 жылдары, 1703-1709 жылдар жергілікті халық европалықтарға қарсы ірі көтерілістер жасады. 19 ғасырдың аяғына қарай отарлаушы мемлекеттер Заир жерін басып алу үшін таласа бастады. 1876 жылы Бельгия королы Леопольд II Орталық Африканы зерттеу және цивилизациялау жөніндегі Халықаралық ассоциация дегенді ұйымдастырып, оған өзі председатель болды. Сөйтіп, орасан зор территорияға өзінің бақылауын орнатты (ол Конго ерікті мемлекеті деп аталды).

1908 жылы Конго ерікті мемлекеті ресми түрде Бельгияның отарына айналып, Бельгия Конгосы деп аталды. 1914-1918 жылдардағы 1-дүние жүзілік империалистік соғыстан кейін Бельгияның, Ұлыбританияның, АҚШ-тың империалистік топтары 3-дың табиғат байлықтарын тонауды одан әрі күшейтті. 1939-1945 жылдардағы 2-дүние жүзілік соғыс кезінде АҚШ пен Ұлыбритания Бельгия Конгосынан соғыс өнеркәсібіне қажетті шикізат (мыс., қалайы, кобальт, мырыш, уран т. б.) алып тұрды. 1950-1960 жылдар Бельгия Конгосын экономикалық және әлеуметтік жағынан дамытудың он жылдың жоспарын орындау барысында елді қанау бұрынғыдан да күшейді; ол НАТО-ның Орталық Африкадағы соғыс-стратегиялық плацдармына айналды.

Отаршылдыққа қарсы күрес 40, әсіресе 50 жылдары кең қанат жайып, ұйымдасқан түрде жүргізіле бастады. 1941, 1953 жылдар Катангада, 1944, 1945 жылдар, 1950 жылдардың басында Леопольдвильде іпі забастовкалар болды. 1946 жылы кәсіподақтары, 50 жылдардың басында ірі мәдени-ағарту ұйымдары құрылды, кейіннен олар саяси партияларға айналды. 1959 жылы тәуелсіздік жолындағы күрес зор табысқа жетті. Конго ұлттық қозғалысы партиясы (1958 жылы құрылған) бастаған прогресшіл партиялар блогының талап етуі бойынша, Бельгия дөңгелек стол конференциясында (Брюссель, 1960 жылы қаңтар-ақпан) Бельгия Конгосына тәуелсіздік беруге мәжбүр болды.

1960 жылы 30 маусымда Бельгия Конгосы тәуелсіз Конго Республикасы болып жарияланды. Үкіметті П. Лумумба басқарды, президент болып Ж. Касавубу сайланды. Осы жылы қыркүйекте Конго Республикасы БҰҰ-ға кірді. Алайда жас республика зор қиындыққа кездесті; басшыларының арасында бір ауыздылық болмады; империалистік мемлекеттер республика үкіметінің экономика, саяси шараларына іріткі жасады; шетел капиталы қайтарылып алына бастады; мамандар әкетілді; 1960 жылы шілде-тамызда экономикалық жағынан ең күшті дамыған Катанга (1963 жылы қайта қосылды) және Касаи (1962 жылы қайта қосылды) провинциялары елден бөліп әкетілді, армияда бүлік шықты. Конгодағы европалықтардың өмірі мен мүлкін қорғау деген желеумен 1960 жылы шілдеде Конгоға бельгия әскерлері кіргізілді. Бельгияның агрессиясын тойтару үшін П. Лумумба шақыртқан БҰҰ әкімшілігі мен әскерінің тікелей жол беруімен қыркүйекте ұлттық үкімет өкімет басынан тайдырылды. П. Лумумба тұтқынға алынып, Катангаға жөнелтілді, сонан соң 1961 жылы қаңтарда оны зұлымдықпен өлтірді. Алайда патриоттың күштердің талап етуі бойынша 1961 жылы шілдеде елде қайтадан парламент шақырылып, С. Адула бастаған үкімет құрылды. Бірақ империалистік мемлекеттердің қысымымен кейіннен парламент таратылып, демократиялық күштер қудаланды. Осындай жағдайда қарулы көтеріліс өріс алды, оған 1963 жылы қазанда құрылған Ұлт-азаттық советі басшылық етті. Патриоттар жариялаған Конго Халық Республикасына (астанасы - Стэнливиль) қарсы НАТО әскерлерінің ашық агрессиясы көтерілісшілердің толық жеңіске жетуіне бөгет жасады. С. Адула үкіметінің орнына 1964 жылы шілдеде империалистерді жаңтаған М. Чомбенің үкіметі келді. 1965 жылы 25 қарашада өкімет билігін армия өз қолына алды, оның бас қолбасшысы ген. Мобуту республиканың (ол 1964 жылдан Конго Демократиялық Республикасы деп аталған) президенті болып жарияланды, 1967 жылы мамырда құрылған Революцияның халықтың қозғалысы (РХҚ) партиясы елді билеуші бірден-бір партия болды. П. Лумумба ұлттық батыр деп жарияланды, бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралар іске асырылды. 1970 жылдың аяғында Мобуту президент болып қайта сайланды, парламент сайлауы өткізілді. 1971 жылы 27 қазанда мемлекет Заир Республикасы деп аталды. СССР-мен екі арада дипломатиялық қатынас 1960 жылдың маусымда орнады.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Революцияның халықтық қозғалысы (РХК) партиясы 1967 жылы мамырда құрылды. Елдегі бірден-бір басқарушы партия. Заир еңбекшілерінің ұлттық одағы елдегі барлық кәсіподақтардың бірігуі нәтижесінде 1967 жылы маусымда құрылды.

Экономикасы. Заир - тау-кен өнеркәсібі дамыған аграрлық ел. 1970 жылы жалпы ұлттық өнімі 8,5% артты. Техникалық алмас пен кобальт өндіру және кобальттың табиғи қоры жөнінен капиталистік елдер арасында 1-орын, мыс өндіруден 5-орын, пальма дәні мен оның майын өндіруден 3-орын алады. Экономикасында шетел (Бельгия, Ұлыбритания, АҚШ) капиталының ықпалы күшті. Мемлекеттік сектор жылдан-жылға ұлғайып келеді. 1966 жалы ауыл шаруашылық жері, орман байлығы, кен орындары национализацияланды. Теңіз, өзен, темір жол және әуе транспорты мемлекет қарамағында.

Ауыл шаруашылығы. Еңбек етуші халықтың 69%-і ауыл шаруашылығында істейді. Оның басты саласы - егіншілік. Майлы пальма, какао, кофе, мақта, маниок, жүгері, күріш, қант қамысы т. б. өсіріледі. Басты тағамдың дақылдардан 1970 жылы жиналған өнім: маниок 10000 мың т, жүгері 350 мың т, күріш 140 мың т. Елдің шығыс бөлігінің туоғындары мал шаруашылығымен айналысады. 1970 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 900, шошқа 442, ешкі 1600, қой 570.

Өнеркәсібі. Өнеркәсібінің басты саласы - тау-кен өнеркәсібі, оның ішінде түсті металл рудасын өндіру; экспорт кұнының 80%-і, мемлекеттік бюджеттің 60%-і осы саланың үлесіне тиеді. Тау-кен өнеркәсібінің 1969 жылғы өнімі (мың т): мыс 356,4, кобальт 10,6, қалайы 6,6, марганец 165. Алмас - 13423 мың карат, алтын 5330 кг. Тау-кен кәсіпорындарының көбі Шаба (бұрынғы Катанға) провинциясында. Алтын Жоғарғы Заир провинциясында, алмас Касаи өзенінің алабында өндіріледі. Химия, ағаш өңдеу, мақта және күріш тазалау, мата тоқу, қант, түсті металлургия т. б. шағын кәсіпорындары бар. Алғашқы мұнай айыру зауыды Мванда қаласында іске қосылды (1968).     Заир гидроэнергия қоры аз игерілген (750 мың ваттан астам). 1969 жылы мұнда 2,91 млрд. квт-саг электр энергиясы өндірілді.

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 5 мың км, автомобиль жолы 150 мың км; өзен жолы 16 мың км. Басты теңіз порттары - Матади, Бома, өзен порттары - Киншаса, Кисангани. Халықаралық аэропорттары - Киншаса, Лу- бумбаши. Заир шетке тау-кен өнеркәсібі өнімдерін шығарады, сырттан өнеркәсіп құрал-жабдықтарын, дәрі-дәрмек, азық-түлік, мата т. б. алады. Сыртқы саудасындағы басты әріптестері - «жалпы рынок» елдері, оның ішіндегі ең бастысы - Бельгня. Ақшасы - заир.

Денсаулық сақтау ісі. Заирда 1968 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 43, адамның өлімі 20 болды. Тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 104. Адамның орташа өмірі ерлерде 38, әйелдерде 40 жас. 1968 жылы 61,6 мың төсектік (1000 адамға 3,7 төсек) 2054 аурухана болды, 599 дәрігер (шамамен 27 мың адамға 1 дәрігер) жұмыс істеді. Дәрігерлерді ұлттың унивесритет дайындайды. Совет Одағы Заир халқына сыйлық есебінде 1963 жылы 35 мың доза шешекке қарсы егілетін вакцина, 1969 жылы 2,5 млн. доза полиомиелитке қарсы егілетін вакцина берді.

Оқу-ағарту ісі. 1967 жылы Заир халқының 90%-і сауатсыз болды. П. Лумумба үкіметі тұсында қабылданған шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден бөлу жөніндегі заңға (1960) қарамастан көптеген бастауыш және орта мектептер мемлекет тарапынан жәрдем алғанымен, миссионерлердің қарауында қалды. 1968 жылдан ақысыз бастауыш және орта білім беру заңы енгізілген. Оқу француз тілінде жүреді. 6 жылдың бастауыш мектептерге балалар 6 жастан қабылданады. Орта мектеп 2 сатылы (2 және 4 жыл). 1968-1969 оқу жылында бастауыш мектептерде 2,7 млн., 1-сатылы орта мектептерде 95 мыңға жуық, 2-сатылы орта мектептерде 56 мың оқушы оқыды. Жоғары білім беру жүйесін қайта құрғаннан кейін (1971), барлық ингтар Киншасадағы бір Ұлттық университетке бірлестірілген. Сонымен бірге, педагогика, архитектура, құрылыс, пластикалық өнер арнаулы оқу орындары (институт, мектеп), Музыка және драмалық өнер ұлттық академиясы т. б. бар. 1968-1969 оқу жылында 7,9 мың студент оқыды. Ең ірі кітапханасы Ұлттық университет жанында. Киншасада Жергілікті тұрмыс музейі бар.

Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. Заирда 1972 жылдың басында 70 газет, журнал шықты. Мемлекеттік информациялық агенттігі - Заирпресс (А2Р) 1957 жылы құрылды. Заир ұлттық радиохабары мен телевизиясы мемлекет қарауында. Радиохабарын тарату ұйымы 1945 жылдан, ұлттық телевизия станциясы 1967 жылдан жұмыс істейді. Радиохабар француз, лингал, киконго т. б. африка халықтарының тілдерінде жүргізіледі.

Әдебиеті. Заир халқының ертеден дамыған бай ауыз әдебиеті болған. Халық творчествосы нұсқаларын жазып алып, баспасөзде жариялау ісі 19 дың аяқ кезінен бастап қолға алынды. Бұл жұмысты көбінесе сырт елден келген миссионерлер жүргізді. Фольклор шығармаларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталды. Көп уақыт бойы Заир елін билеген бельгиялық отаршылдар өкіметі халық арасына христиан дінін тарату мақсатымен жергілікті луба, конго, лингала т. б. тілдерде жазу ісінің өркендеуіне ықпал жасады. Жазу мәдениетінің пайда болуы ұлттық әдебиеттің дамуына жағдай туғызды. Әйтсе де, 40-жылдарға дейін жазба әдебиет баяу дамыды, жекелеген шығармалар ғана жарық көрді. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Заир әдебиеті күрт көтеріліп, көптеген ақын-жазушылар шықты. Олар жергілікті тілдерде, француз және фламанд тілдерінде жазды. Бельгия отаршылдары мен шіркеу орындары ұлттық әдебиетке басшылық етуді өз қолдарына алып, оны фольклорлық, әтнография және діни-моральдық тақырып жүйелеріне бағыттап отырды. Соның салдарынан П. Кабонгоның «Еркіндік сүйгіш адамдарға бейбітшілік керек» атты өлеңі (1950) сияқты азаттықты аңсаған шығармалар баспасөзде өте сирек жарық көрді. Қазіргі Заир әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - ақын А.Р.Боламба (1913 ж. т.). Оның творчествосындағы басты мазмұн - Африка дәстүрлеріне адалдықты дәріптеу. Оның шығармаларында романтикалық, ұлттық әуен басым. Ал ірі ақындарының бірі О. Нгонгоның творчествосында діни сарын үлкен орын алады. Елдің тәуелсіз мемлекет болып жариялануы (1960) қарсаңында поэзияда отаршылдарға қарсылық тақырыбы орнықты. Бұл кезде халықтың ұлттың батыры Патрис Лумумба (1925-1961) нағыз тәуелсіздік жолындағы күрес пафосына толы өлеңдерін жариялады. Ал проза саласында фольклорлық, моральдық-тұрмыстық тақырыптарда жазылған новелла жанры басым дамыды. Прозалық шығарманың роман, повесть түрі шын дәрежесінде өркендей алған жоқ. Шағын прозалық туындылар жазып, халыққа кеңінен танымал болып қалған жазушылар тобына Д. Мутомбо, П. Ломами-Чибамба, Ф. Эдм т. б. қосуға болады.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Заир халқының баспанасы Африканың көптеген елдеріндегі сияқты тоқылып немесе балшықтан домбаздап жасалған дөңгелек не төрт бұрышты лашықтар болып келеді. Төбесі берік өсімдіктермен, бұтақтармен жабылады, терезесі болмайды. 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырда қала тұрғызу ісі (Киншаса т. б.) дамып келеді. Қалалар тропикалық климатқа лайықталып салынған көп қабатты «аң» үйлер мен туземдік лашықтардан тұрады. 1960 жылдардан кейін жұмысшыларға арналған стандартты үйлер тұрғызылып, қаланы көркейту жұмыстары жүргізілуде. Архитектурада металл конструкциялар, жаңа құрылыс материалдары қолданылады.

Заирдың ағаштан жасалған мүсіндері әсемдігімен көзге түседі. Ежелгі Заир халықтарының әр түрлі мүсіндерінің ішінде бене-лулу, баяко, басонго халықтарының мүсіндеген қиял-ғажайып тұрғыдағы бейнелері біршама тартымды жасалған. Маска жасау шеберлігі ағаш ұқсату өнерінің негізгі түріне айналған (вачокве, берега, басонго). Отарлау кезеңінде Заирдың мүсін өнері тоқырап, европалық стандартқа еліктейтін, европалықтардың тұрмысы мен діни уағыздарын бейнелейтін жұтаң кәсіпшілікке айналды. 1940 жылдардың аяғында қондыртылы кескіндеме (кескіндемеші А. Монжита, портретшілер А. Киабелуа, Пили-Пили Мулонгойя, Мвензе т. б.) пайда болды.

Музыкасы. Музыка мәдениетінің даму процесі, профессионалдық музыкасының қалыптасуы Заир жерінде ертедегі таптың мемлекеттер дәуірінен басталады.

15 ғасырдың аяғында португалдықтардың Заир территориясына келуі және сауда-саттың ісінің дамуы африкан халықтары мәдениетінің өркен жаюына үлкен кедергі келтірді. Сондықтан да Заир халқының музыкасынан (әсіресе пигмей халықтарынан) ықылым заман әуені байқалады. Заур музыкасы әр түрлі аспапқа бай. 50 жылдары пайда болған мәдени-ағарту қоғамдары африкандықтарды өз ұлтының тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін білуге шақырды. Африка ұлттық музыка мәдениетін қадірлеуді насихаттады. 1960 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Заирдың мәдени өмірінде болған күрделі өзгерістер музыкасынан да көрініс тапты. Гитаршылар стилі пайда болды. Африка халық музыкасын жандандырып орындауда европалық музыка аспаптары (гитара, саксофон т. б.) қолданылады. Тек Заирға ғана емес, көптеген елдерге белгілі профессионалдық оркестр қалыптасуда, музыканттар мен орындаушылар тәрбиеленуде. Дакар (1966) мен Алжирде (1969) өткен африка өнерінің фестивальдарында Заир музыка коллективтері жүлдеге ие болды. 1968 жылы Киншасада Музыка және драматургия өнерінің ұлттық академиясы құрылды.

Театры. Заирды мекендеген халықтарда аңшылық, тұрмыстық тақырыптағы еңбек процестеріне байланысты театрлық көріністер ежелгі дәуірде-ақ көрсетіле бастаған.

2-дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейін европалық мәдениеттің ықпалымен әуесқой театр ұйымдары құрылып, драматургия пайда болды. Суретші әрі драматург А. Монжита 1955 жылы Леопольдвильде (қазіргі Киншаса) Конго фольклор лигасының труппасын (60 жылдардың ортасына дейін жұмыс істеді) ұйымдастырды. Олар ертегі және тұрмыстық сюжеттегі ойындар көрсетті. А. Монжитаның пьесалары мен клоунадаларын қойды. 1960 жылдан кейін республикада әуесқойлар театры жандана түсті. 60 жылдары миссионерлік ұйымдардың ықпалындағы Конголез театр бірлестігі және Африка театр бірлестігі Киншасада ерекше ойындарымен көзге түсті. Он екінің театры (1965 ж. Киншасада құрылған) әдет-ғұрып пен тұрмыс салтындағы кертартпалықты шенейтін актуалды пьесалар қойды.

1969 жылы Киншасада мемлекеттің көмегімен Ұлттық труппа ұйымдастырылды.

Әдеб.: Мартынов В. А. Конго под гнетом империализма. -М., 1959; Зусманович А. З. Империалистический раздел бассейна Конго (1876-1894), М., 1962; Винокуров Ю. Н. Конго. Трудный путь к независимости. -М., 1967.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-03-05 14:34:22     Қаралды-2012

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »