UF

САЛЬВАДОР, Эл-Сальвадор Республикасы (Republic of El Salvador) - Орталық Америкадағы мемлекет. Оңтүстігі Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстігінде және шығысында Гондураспен, батысында Гватемаламен шектеседі. Жері 21,4 мың км2. Халқы 5,46 млн. (2015). Астанасы - Сан-Сальвадор қала. Әкімшілік жағынан 14 департаментке бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Сальвадор - республика. Қазіргі конституциясы 1962 жылы күшіне енді. Мемлекет пен үкімет басы - президентті халық 5 жылға сайлайды. Үкімет мүшелерін президент тағайындайды. Өкіметтің жоғары заң шығарушы органы - бір палаталы парламентті - Заңдылық ассамблеяны (52 мүшеден) пропорционалдық өкілдік жүйесі негізінде халық 2 жылға сайлайды. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы берілген. Сальвадор сот жүйесіне: Заңдылық ассамблея арқылы 3 жылға сайланатын Жоғары сот, 1-инстанция және бітістіру (Мировой) соттары жатады.

Табиғаты. Елдің көпшілік бөлігін вулканды таулы қырат (биіктігі 600-700 м) алып жатыр. Сөнбеген вулкандары - Санта-Ана (елдің ең биік жері, 2381 м), Сан-Висенте (2181 м), Сан-Мигель (2129 м), Исалько (1885 м). Жер сілкінулер жиі болып тұрады. Қиыр солтүстігі Гондурас таулы үстірті (1859 м), оңтүстігі Тынықмұхит жағалаулық аллювийлі ойпат (ені 10-30 км). Климаты тропиктік пассаттық. Айлық орташа температурасы 22-24°С (Сан-Сальвадорда), 2-3°С (ойпатты бөлігінде). Жылдық жауын-шашыны 1500-1800 мм (солтүстігінде 2500 мм-ге дейін), тектоникалық ойыстарда 600-700 мм. Қысқа, бірақ ағыны қатты, қуаң маусымда деңгейі төмендейтін өзендер және вулкандық көлдер көп. Жері негізінен қоңыр қызыл топырақты келеді. Тропиктік орман және бұталы алқаптан құралатын табиғи өсімдік жамылғысы шамалы сақталған. Таудың биік жағында еменді-қарағайлы орман өседі. Жануарлар дүниесі неотропиктік зоогеографиялық аймақтық және Солтүстік Америкалық түрлерден қалыптасқан.

Халқы. Негізгі тұрғындары - сальвадорлықтар. Олардың кешпілігі будандар (испандар мен абориген-үндістердің ұрпақтары); араласпаған, таза ақ нәсіл өкілдері және үндістер де тұрады. Ресми тілі - испан тілі. Ресми діні - католицизм. Календары - григориандық. 1963-1972 жылдар аралығында халықтық жылдық орташа өсімі жыл сайын 3,7% болды. Еңбек етуші халық 1,2 млн. (1970), олардың 55%-і ауыл шаруашылығында, 19%-і өнеркәсіпте, 15%-і халыққа қызмет етуші салада істейді. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 186 адамнан (1972). Қала халқы 40% (1971). Ірі қалалары - Сан-Сальвадор, Санта-Ана, Сан-Мигель, Сакатеколука, Нуэва-Сан-Сальвадор, Ауачапан.

Тарихы. 7 ғасырға дейін Сальвадор территориясын үндіс майя, 16 ғасыр қарсаңында елдің батысы мен орталығын үндіс пипиль, шығысын үндіс ленка тайпалары қоныстанды. Үндістер негізінен егіншілікпен сондай-ақ аң, балық аулау кәсібімен шұғылданды. Сальвадор территориясы және басты қаласы Кускатлан деп аталды. 16 ғасырдың 20 жылдарында Кускатлан жерін испандар жаулап алды да, елге Сальвадор деген ат берді. Үндістер басқыншыларға қарсы талай рет көтеріліс (аса ірісі 1537 жылғы көтеріліс) жасады. Егіншілік, ең алдымен экспорт үшін индиго мен какао өндіру ел экономикасының негізіне айналды. Сан-Сальвадор (1525 жылы негізі қаланған), Сан-Мигель (1530) т. б. қалалар өркендей бастады. 1560-1821 жылдар Сальвадор Гватемала гененарл-капитандығының құрамына кірді.

Америкадағы испан отарларыныц тәуелсіздік ушін соғысы (1810-1826) барысында Гватемала генерал-капитандығы өзінің тәуелсіздігін жариялады (1821 жылы 15 қыркүйек). Бірақ көп кешікпей елді мексикан әскері басып алып, Итурбиде деп аталатын мексикан империясына, ал империя ыдырағаннан кейін Орталық Американың Құрама провинцияларына қосты. Федерация ыдыраған соң, Сальвадор 1841 жылдан - тәуелсіз республика. Елде капитализм дами бастады. 19 ғасырда - 20 ғасырдың басында Сальвадорда бірте-бірте пролетариат қалыптасты. 20 жылдары кәсіподақтар, ал 1930 жылы компартия құрылды. Тап күресі шиеленісті. 1932 жылы қаңтарда көтеріліс шықты, оған 40 мыңдай батырақтар мен шаруалар қатысып, жерберуді талап етті. Елде АҚШ капиталы үстемдік етті. Жұмыссыздық артып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленісті. 70 жылдардың басында еңбекші халық ереуілдер жасады. 1972 жылы А. Армандо Молина үкімет құрды. 1974 жылы қарашада СССР мен Сальвадор арасында сауда келісіміне қол қойылды.

Негізгі саяси партиялары, кәсіподақтары, басқа да қоғамдық ұйымдары. Ұлттық атул астық партиясы, 1961 жылы негізі қаланған. Христиандық-демократиялық партия, 1960 жылы негізі қаланған. Сальвадор халық партиясы, 1960 жылы негізі қаланған. Ұлттық революциялық қозғалыс, 1967 жылы негізі қаланған. Сальвадор коммунистік партиясы, 1930 жылы негізі қаланған. Еңбекшілердің жалпыға бірдей конфедерациясы, 1957 жылы негізі қаланған. Кәсіподақтардың жалпыға бірдей конфедерациясы, 1958 жылы негізі қаланған. Жас патриоттар одағы, 1960 жылы негізі қаланған.

Экономикасы. Сальвадор - аграрлық ел. Экономика салалары шетел капиталына (негізінен АҚШ) тәуелді. 1972 жылы жалпы ішкі өнімі 2890 млн. колонға жетті; бұның 26%-ін ауыл шаруашылық, 19%-ін өнеркәсіп, 22%-ін сауда және тұрмыстық орындар, 5%-ін транспорт пен байланыс, 3%-ін құрылыс берді.

Ауыл шаруашылығы. Территориясының 2/3-сі ауыл шаруашылығына пайдаланылады (1971), бұның 49%-і өңделді. 51%-і шалғын және жайылым. Барлық шаруашылықтардың 2,5%-і ірі (жері 50 га-дан астамдау) шаруашылық; өңделетін жердің 59%-і осылардың қолында. Шаруалардың едәуір бөлігі жерсіз. Экспорттық дақылдарының көпшілігін ірі шаруашылықтар береді. Басты экспорттық дақылы - кофе (140 мың га, өнімі 140 мың т, 1974). Сальвадор кофені әкспортқа шығару жөнінен Латын Америкасында 3-орында (Бразилия мен Колумбиядан кейін). Кофе егісі елдің батыс бөлігінде және Лемпа өзенінің шығыс жағында шоғырланған. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін мақтаның (95 мың га, өнімі 81 мың тонна мақта талшығы) әкспорттық маңызы күшейді. Ішкі тұтыну үшін жүгері (210 мың га, 336 мың т, 1974), қонақ жүгері (131 мың га, 157 мың м), күріш, қант құрағы, жеміс, көкөніс, какао, темекі т. б. өсіріледі. 1973-1974 жылғы мал саны (млн.): мүйізді ірі қара 1,2, шошқа 0,4. Ағаш дайындау және орман кәсіпшілігі (әсіресе «перу бальзамы» смоласын жинау) өркендеген.

Өнеркәсібі. 1973 жылы елде 912 млн. квт*сағ электр энергиясы өндірілді. Өнеркәсібі негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарынан құралады. Әсіресе тамақ (қант, темекі, кофе; орталықтары Сан-Сальвадор, Санта-Ана, Сонсонате т. б.) және жеңіл (мата тоқу, аяқ киім, киім тігу) өнеркәсіптері дамыған. Акахутла қаласында мұнай айыру (467 мың т, 1972) және цемент з-дтары (186 мың т) бар. Күміс (7 тоннаға жуық, 1972) өндіріледі.

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 738 км (1971). Басты темір жол Метапан - Сан-Сальвадор - порт Ла-Уньон. Автожолы 10,7 мың км (1971), бұның ішінде асфальтталғаны 1,2 мың км. Сальвадор арқылы Панамер. тас жолы өтеді. Ірі теңіз порттары: Акахутла (1970 жылы сыртқы сауда жүк айналымының 72%-і өтті), Ла-Уньон (23%-і), Ла-Либертад (жолаушылар порты). Сан-Сальвадордан 8 км жерде Илопанго аэропорты бар.

Сыртқы саудасы 1972 жылғы импорт құны 692,5 млн. колон, экспорты - 695 млн. колон болды. Шетке кофе (әкспорт құнының 41%-і, 1972), мақта (25%), қант (6%), химия (6%) шығарылады. Басқа елдерден өнеркәсіп товарларын және тұтыну бұйымдарын, машина, жабдықтар, транспорттық машиналар, химия өнімдерін, азық-түлік, отын және машина майын алады. Басты сыртқы сауда серіктестері - Орталық Америка елдері (экспортының 34%-і, импортының 27%-і, 1972), АҚШ (16% және 28%), ГФР (23%-і және 8%-і), Жапония (14%-і, 11%-і), Ақша өлшемі - колон.

Денсаулық сақтау ісі. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша 1972 жылы мың адамға шаққанда баланың тууы 40,7, адамның өлімі 8,6; әрбір тірі туған мың баладан өлгені 52,5 (1971). Өмірдің ұзақтығы 58 жас. Өлімнің негізгі себеоі - жұқпалы патология. Блде безгек, венералық аурулар, балалардың жұқпалы аурулары, туберкулез, ішек-қарын т. б. аурулар жиі кездеседі. Дәрігерлік көмек мемлекетке қарасты медицина мекемелер арқылы көрсетіледі. Сальвадорда 1972 жыл 6,4 мың төсектік 75 аурухана (1000 тұрғынға 1,7 төсек), 952 дәрігер (3,6 мың тұрғынға 1 дәрігер), 372 тіс дәрігері және 4 мың орта дәрежелі білімі бар медицина қызметкерлер болды. Дәрігерлер Сальвадор университетінің медицина факультетінде даярланады. Денсаулық сақтау ісіне 1970 жылы мемлекеттік қаржысынан 12,4% жұмсалды.

Оқу-ағарту ісі. Алғашқы мектептері (миссионерлік) 16 ғасырда пайда болды. 19 ғасырда дүнияуи мектептер ашыла бастады. Қазіргі оқу жүйесі бойынша 4-6 жастағы балалар мемлекеттітк, муниципалдық және жеке адамдар қарауындағы балалар бақшасында тәрбиеленеді. 6 жылдық бастауыш білім міндетті. Қалалық бастауыш мектептері - 6 жылдық, селолық – 2-4 жылдық. 6 жылдық бастауыш мектептер негізінде 5 жылдық 2 циклді орта мектептер (3 және 2 жыл) және 4-5 жылдық кәсіптік мектептер жұмыс істейді. Қалалық бастауыш мектептер мұғалімдерін 3 жылдық, село мектептері мұғалімдерін 4 жылдық қалыпты мектептер даярлайды. 1970 жылы 235 мектепке дейінгі мекемелерде 24,2 мың бала тәрбиеленді. 1970-1971 оқу жылында бастауыш мектептерде 510 мыңға жуық оқушы, орта мектептерде 60,9 мың оқушы, кәсіптік оқу орындарында 27,4 мың оқушы оқыды. Жоғары оқу орындары: Сальвадор университеті (1841 жылы құрылған), жеке меншікті Орталық америкалық унивесритет (1965), Орталық америкалық техникалық институт, Ұлттық ауыл шаруашылық мектебі т. б. 1971-1972 оқу жылында жоғары оқу орындарында 12 мыңнан астам студент оқыды. Сан-Сальвадорда Ұлттық кітапхана (1870 жылы құрылған; 95 мың дана), Ұлттық музей (1883), Зоологиялық парк және ботаникалық бақ бар.

Әдеб.: Нитобург Ә. Л. Сальвадор, -М., 1953; Народы Америки. т. 2, М., 1959, с. 163-1771; Санчес X. Социальные сдвиги в Сальвадоре и политика компартии. «Проблемы мира и социализма». 1965, № 8.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-02-24 17:02:39     Қаралды-1629

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »