ЧАД (Chad), Чад Республикасы - Орталық Африкадағы тәуелсіз (1960 жылдан) мемлекет. Жері 1284 мың км2. Халқы 14,95 млн. (2017). Астанасы - Нджамена қала. Әкімшілік жағынан 14 префектураға бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Чад - республика. Мемлекеттік құрылысының негіздері 1975 жылы 17 тамыздағы ордонанс бойынша белгіленген. Мемлекеттік жоғары өкімет органы - Жоғары Әскери совет, ол қарулы күштердің 9 офицерінен құрылады. Жоғары Әскери советте сайланатын председатель мемлекет пен үкімет басшысы деп танылады. Председательге жоғары заң шығару және атқару билігі толығынан берінген. Жергілікті өзін-өзі басқаратын органдар - председатель тағайындайтын префектер мен округ басшыларына жүктелген. Селолық өкімет билігі, жергілікті әкімшілік органдар құрамындағы көсемдерте жүктеледі. Сот жүйесіне: Жоғарғы сот, қылмыстық және азаматтық істер бойынша соттық 1-инстанциялары жатады.
Табиғаты. Чад - Африкадағы теңіз жағалауынан қашық жайласқан елдердің бірі. Жерінің көпшілік бөлігі жайпаң жазық (биіктігі 250-400 м) келеді. Солтүстік бөлігін Сахара шөлі, оңтүстігін саванна зонасы және сирек орманды субэкваторлық белдеу қамтиды. Елдің солтүстік шетін Тибести (Эми-Кусси тауы, 3415 м) таулы қыраты, солтүстік-шығысын Эрди (1115 м) және Эннеди (1450 м) үстірттері, оңтүстік-шығысын Уаддай массиві (Герра тауы, 1790 м) алып жатыр. Пайдалы қазындылары - вольфрам, қорғасын, мырыш; Сахара өңірінде мұнай және газ қорлары бар. Климаты солтүстігінде тропиктік, шөлді. Қаңтардың орташа темпрасы 15°, шілдеде 30-35°С. Жылдық жауын-шашыны 250 мм. Сахараның ішкі жағында кейде 50 мм-те жуық. Оңтүстігіне жақындаған сайын экваторлық-муссондық климаттық ықпалы күшейе түседі. Жазы жаңбырлы. Жылы айларының орташа температурасы (сәуір-мамыр) 30°, 33°С. Жылдық жауын-шашыны 500-1000 мм, жаңбыр көбіне мамыр-қыркүйек айлары аралығында жауады. Жаңбырлы маусым алдында шаңды дауыл көбірек байқалады. Солтүстігінде ағындары тұрақты өзендері жоқ, уәд көп кездеседі. Оңтүстігінде өзен торы едәуір жиі. Ірі өзендері - Шари (кеме жүзеді, Чад көліне құяды), Логоне, Бахр-Аук, Бахр-Саламат. Солтүстігіндегі тасты және құмды шөл жерлерінде көбіне өсімдік жамылғысы қалыптаспаған, тек кей бөлігінде ғана бұталы өсімдіктер тараған. Оңтүстігіне қарай қызыл қоңыр топырақты саванна басым; қиыр оңтүстік шетіндегі қызыл топырақ қабаттарында ңараған, баобаб аралас саванналық өсімдіктер өседі. Көл, ағынды өзендер жағасы шөптесінді батпақ болып келеді. Жануарлар дүниесінде негізінен саванналық түрлер (піл, керік, жираф, арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, түйе құс, бауырымен жорғалаушылар мен құстардың көптеген түрлері) көп тараған.
Халқы. Чад халқының этникалық құрамы әр түрлі. Негрлер және арабтар аралас тұрады; бұлардың ішінде хаусалар (бүкіл ел тұрғындарының 50%-ке жуығы) үлесі басым. 6 мыңдай европалықтар (көбі француздар) бар. Халық негізінен елдің оңтүстік бөлігіне қоныстанған. Елдегі орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,1 адамнан. Ресми тілі - француз тілі. Халқының 1/2-і жергілікті дәстүрлі діни нанымды, қалғандарының көпшілігі - ислам дінін ұстайды; католиктер мен протестанттар да бар. Қала халқы 7%. Ірі қалаларн - Нджамена, Мао, Мунду, Абеше, Сарх, Бонгор.
Тарихы. Чад территориясын адам баласы ертеде мекендеген. Тастан жасалған еңбек құралдары, жартастарда қашалып салынған суреттер (француз археологтары Даллони мен Фламан тапқан) бұдан 6 мың жылдан астам уақыт бұрын Африканың бұл аймағында адамдар аңшылықпен шұғылданғанын көреетеді. 19 ғасырдың 70-90 жылдары Чад территориясының бір бөлігі Раббах мемлекетіне қосылды. Чад территориясын мекендеген халықтар француз отаршылдарына табандылықпен қарсылық жасады. Бірақ 1900 жылы Чад француз отарына айналды, ал 1910 жылы Француз Экваторлық Африкасына қосылды. 2-дүние жүзілік соғыс жылдары Чад өкімет орындары ген. А. Ф. Петеннің билігін мойындамайтынын және генерал Ш. де Голльдің гитлерлік Германия мен фаш. Италияға қарсы күресті одан әрі жүргізу жөніндегі үндеуін қолдайтынын мәлімдеді (1940 жылы тамыз), 2-дүние жүзілік соғыстан кейін Чадта ұлттық буржуазия, жұмысшы табы қалыптаса бастады. Африкадағы француз отарларында ұлт-азаттық қозғалысы өрістеуіне байланысты француз отаршылдары чадтықтарға өздерінің саяси ұйымдары мен кәсіподақтарын құруға келісім беруге мәжбүр болды. 1958 жылы 28 қарашада Чад француз Бірлестігі құрамындағы республика, ал 1960 жылы 11 тамызда тәуелсіз республика болып жарияланды. 1959 жылы 31 наурызда Чадтың алғашқы конституциясы қабылданды.
Экономика саласында Чад үкіметі ауыл шаруашылығына, әсіресе мақта шаруашылығы мен мал шаруашылығына баса назар аударады. 1964 жылы Чадты экономикалық және әлеуметті дамытудың алғашқы екі жылдық, ал 1966 жылы 1966-1970 жылдарға арналған алғашқы бесжылдық жоспары халық талқысына салынды. Чад прогресшіл партиясының (ЧПП) 5-съезі мақұлдаған (1967 жылы қаңтар) бұл бесжылдық жоспарда жалпы өнім өндіру көлемін 1970 жылға қарай 32%-ке арттыру көзделді. 1971 жылы 1971-1980 жылдарға арналған жоспардың жобасы жасалды. 1966 жылдан бастап Чадда бастауыш білім беру жүйесіне реформа жасалып, ересек адамдар арасында сауатсыздықты жою науқаны жүргізілді.
Чад үкіметі сыртқы саясатта блоктарға қосылмау, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау принципін ұстайды, бейбіт қатар өмір сүру, жаппай және толық қарусыздандыру, Африканы ядросыз аймаққа айналдыру, нәсілшілдік пен апартхейдке қарсы күресу, отарлың жүйенің қалдықтарын жою саясатын жақтайды.
Чад Батыс Европадағы басты елдермен, Африканың көптеген елдерімен, СССР, Югославия, РСР, КХДР, ГДР, сондай-ақ ҚХР-мен дипломатиялық қатынас орнатқан. Совет Одағы мен Чад республикасы арасында ғылыми және мәдени ынтымақ туралы (1966 жылы 11 маусым) келісім, сауда келісімі (1967 жылы 22 маусым), экономикалық және техникалық ынтымақ туралы (1968 жылы желтоқсан) келісім жасалды.
Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Мәдени және әлеуметтік революция жолындағы ұлттық қозғалыс, 1947 жылы негізі қаланған; елдегі билеуші және бірден-бір партия. Оған елдегі халықтардың барлық топтарының өкілдері (ұлттық буржуазия, интеллигенция, шаруалар, жұмысшылар т. б.) кіреді. Чад еңбекшілерінің ұлттық одағы, 1964 жылы құрылды.
Экономикасы. Чад - экономикасы онша дамымаған аграрлық ел. Француз монополиясының ықпалы әлі үстем.
Ауыл шаруашылығы - экономикасының басты саласы. Жалпы еңбек етушілерінің 80%-і ауыл шаруашылық салаларында істейді. Қауымдық жер иелену және жергілікті мұқтажды өтеуші шағын шаруашылықтар үлесі басым. Капиталистік қатынастар қалыптасуда. Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көпшілігін шағын шаруашылықтар өндіреді. Территориясының 6%-ке жуығы - ауыл шаруашылық жері. Жер өңдеуде қол еңбегінің ролі күшті. Басты экспорттық дақылы - мақта. 1973-1974 жылдар өнімдері (мың т): мақта 115, жер жаңғағы 50, бидай 5. Негізгі дақылдары - тары, қонаң жүгері, күріш, бидай, жер жаңғағы, жүгері. Жайылымды мал шаруашылығы маңызды роль атқарады. 1973 жылы елде 7,9 млн. мал басы болды, бұның ішінде мүйізді ірі қара 3,0 млн. Чад, Фитри, Игро көлдерінен және Шари, Логоне өзендерінен балық ауланады (жылына 105 мың т).
Өнеркәсібі. 1973-1974 жылдар өнеркәсіп өндірісі жалпы ұлттық өнім құнынын 16%-ін берді. Шағын электр станциялары (ед ірісі - Нджамена қаласында) бар. 1973 жылы 57 млн. квт-сағ электр энергия өндірілді. Басты кәсіпорындары - мата тоқу, ет комбинаттары, мақта тазалау ф-калары. 1973 жылы 42,9 мың тонна мақта талшығы, 12,9 млн. м мата, 5,0 мың литр өсімдік майы алынды. Май, күріш тазалау з-дтары, аяқ киім ф-касы, кірпіш з-ды, радио қабылдағыш құрастыру өнеркәсіп орындары бар. Шағын елді мендерінде майдагерлік кәсіпшілік өркендеген.
Транспорты. Автомобиль транспортының маңызы күшті. Автожолдары 32 мың км (1973); басты жолы көршілес Камеруннан келетін Нджамена -Сузан. Темір жолы жоқ. Шари және Логоне өзендерінде кеме жүзеді. Ірі халықаралық аэропорты Нджамена қаласында.
Сыртқы саудасы. 1973 жылғы экспорты 8,5 млрд., импорты 18,2 млрд. афрнка франкісіне тең болды. Экспортының 70%-не жуығы мақта, 25,4%-і мал шаруашылығы өнімдері. Басқа елдерден транспорттық машиналар, отын, тұтыну товарлары, азық-түлік әкеледі. Сыртқы сауда серіктестері - Франция (экспортының 70%-і және импортының 44%-і), Нигерия, АҚШ, ГФР, Заир.
Ақша өлшемі - африка франк.
Денсаулық сақтау ісі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 1965-1970 жылдар әр 1 мың адамға шаққанда орта есеппен туған бала саны 47,7, өлген адам - 25; тірі туған әр 1 мың баланың өлгені 160,0. Адам өмірінің орташа ұзақтығы (1966) еркектер 29, әйелдер 35 жас. Инфекциялық патология (1973) басым: ішек инфекциясы, менингококк инфекциясы алапес, венералық аурулар кездеседі. 1971 жылы елде 3,6 мың төсектік 89 аурухана мен стационарлық емдеу болды. 63 дәрігер (60 мың адамға 1 дәрігер), 2 тіс дәрігері, 3 фармацевт, 12 акушер, 42 акушерлік мамандығы бар медсестра, 363 медсестра жұмыс істеді. Орта білімді медицина қызметкерлерін даярлайтын мектеп бар.
Оку-ағарту ісі. Халқының 80%-тен астамы сауатсыз (1970). Мектептерде оку француз тілінде жүреді. Бастауыш мектен 6 жылдық, оқуға 6 жастан қабылданады. Орта мектеп 7 жылдық, бастауыш мектеп негізінде жұмыс істейді. 1974-1975 оқу жылында бастауыш мектептерде 208,8 мың, орта мектептерде 11,5 мың оқушы оқыды. Чадта 4 коллеж, 8 ғылыми мекеме, Ұлттык музей бар.
Әдеб.: Розин М.С. География мирового хозяйства. М., 1971; Дмитриевский Ю. Д. Африка. -М., 1975: Субботин В.А. Французская колониальная зкспанеия в конде XIX в. -М., 1962.
Жарияланған-2020-02-24 16:25:10 Қаралды-2912
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану