ТҮРКИЯ (Turkey), Түркия Республикасы - Батыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Европадағы мемлекет. Территориясының 97%-іне жуығы Кіші Азия түбегінде (Анатолия), 3%-ке жуығы Европада (Шығыс Фракия), оңтүстік-шығысы Балқан түбегінде орналасқан. Солтүстік-шығысында Азербайджанмен, шығысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Иракпен және Сириямен, солтүстік-батысы Болгариямен, Грециямен шектеседі. Солтүстігін Қара теңіз, батысын Эгей теңізі, оңтүстігін Жерорта теңізі шаяды. Жері 780,6 мың км2. Халқы 40,2 млн. (1975). Астанасы - Анкара қаласы. Әкімшілік жағынан 67 елдерге (уәлаяттарға) бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Түркия - республика. Қазіргі Конституциясы 1961 жылы 9 шілдеде күшіне енді. Мемлекеттік және үкімет басшысы - президент, оны Ұлттық ұлы мәжіліс өз депутаттарының ішінен 7 жылға сайлайды. Президент парламент қабылдаған заңдарды жариялап, Түркияның халықаралық қатынастарын іске асырады, қарулы күштердің қолбасшысы да сол. Бірден-бір заң шығаратын жоғары өкімет органы - екі палаталы парламент. Ұлттық ұлы мәжіліс. Жоғары палатаның (сенат) 150 сенаторын халық 6 жылға сайласа, 15-ін президент тағайындайды. Сайлау правосы 21 жасқа толған барлық азаматтарға берілген. Өкіметтің жоғары атқару органы - үкімет. Оны президенттің нұсқауы бойынша премьер-министр парламент мүшелерінен құрады. Жергілікті елдерді басқару орталық өкімет өкілдері - валилерге жүктелген. Қалалар мен ірі елді мекендерде муниципиалдық советтер сайланып, селоларды старейшиналар советі және староста (мұхтар), халықтың өкілі ретінде басқарады. Барлық сайланатын органдардың өкілдігі 4 жыл делінген. Түркияның сот жүйесіне мировой соттар, бірінші және екінші сот инстанциялары және сауда соттары жатады. Жоғары сот инстанциясы - Анкарадағы кассациялық сот және бұлардан басқа ерекше конституциялық сот бар.
Табиғаты. Кіші Азия мен Армян таулы кыраттары шегінде жатқан таулы ел. Солтүстік және оңтүстік жағалары аз тілімделген. Батыс жағалауы шығанақты келеді. Жері батысынан шығысына қарай 1600 км-те, солтүстігінен оңтүстігіне 500-600 км, ал теңіздік жағасы «Түркістан билеушілерінің орталығы» деп атады. Мұнда Дешті Қыпшақтан, Ферғана мен Үндістаннан, Қытайдан келетін керуен жолдары тоғысқан. Түркия бірқатар егінші елдердің басын біріктірген. Мұның іргесінде Қарамық, Цунка, Цурри т. б. елді мекендер болған. Қаладағы суармалы жерлерге дәнді дақыл, бау-бақша егілген. 1598 жылы Түркия біржолата қазақ хандығының қол астына өтеді де, Есім ханнан бастап қазақ хандығының орталығы болды. 1864 жылы 11 маусымда Россияға қарады да, 1872 жылы уездік қала аталды.
Халқы 1939 жылы 35,5 мың, 1959 жылы 38,2 мың, 1970 жылы 54,0 мың болды; 1976 жылы 60,0 мыңға жетті. Қалада жондеу-механикалық, мақта тазалау, жем, кірпіш з-дтары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комбинаттар т. б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 16 мектеп, индустриялық техникум, педагогика, медицина және 3 кәсіптік техникалық училищелер, 5 кітапхана, 7 клуб және кинотеатр, демалыс паркі, 2 аурухана, емхана, санэпидстанция, 2 аптек т. б. мәдени-ағарту орындары бар.
Түркияда 14 ғасырдың аяқ шені 15 ғасырдың бас кезіндегі Орта Азия сәулет өнерінің тамаша туындысы Ахмед Яссауи ескерткіші сақталған. Шаршы жобамен тұрғызылған бұл алып гимараттың еңселі порталы, әсем күмбездері, Қазандық бөлмесі, Үлкен және Кіші-Ақсарай, Гөрхана, Мешіт, Кітапхана т. б. құрылыстары бір-бірімен ғажайып үйлесім тауып, ескерткішке салтанатты сипат берген. Құрылысты нақыштау ісінде қолданылған бедерлі куйген кірпіш, бедерлі көзе, майолика, сталактит, нақышты жазба ғимаратты көріктендіре түскен.
Әдеб.: Бартольд В. В. Соч., т. 3, М., 1965; Географическо-статистический словарь Российской Империи, т. 6, СПБ, 1885; Пищулина К. А. Присырдарьинские города и их значение в истории казахских ханств в XV-XVIII вв. в кн.: Казахстан в XV-XVIII веках. А.-А., 1969; Семенова М.И. Природа и хозяйство Южно-Казахстанской области. А.-А., 1959; Массон М. Мавзолей Ходжа Ахмеда Яссави. Таш., 1930.
Жарияланған-2020-02-24 15:13:42 Қаралды-1857
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану