ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ - Солтүстік және бүкіл Оңтүстік Американың төменгі бөлігін алып жатқан елдердің жалпы атауы. Латын Американың құрамына бір социалистік ел - Куба және сөз жүзінде тәуелсіз, іс жүзінде Америка Құрама Штаттарына кіріптар 24 мемлекет: Аргентина, Багам аралдары, Барбадос, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гондурас, Доминнкан Республикасы, Колумбия, Коста-Рика, Мексика, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Тринидад және Тобаго, Уругвай, Чили, Экуадор, Ямайка кіреді. Сонымен қатар Латын Америкасына АҚШ-тың, Англияның Нидерланды мен Францияның 21 отар иеліктері қосылады. Панама каналы аймағын қоспағанда, мұның бәрі бұрын отар ретінде саналып келді. Қазір отар елдер көпшілігінің сөз жүзінде айрықша статусы бар. Олардың арасында «ерікті түрде қосылған мемлекеттер», «ассоциацияландырылған мемлекеттер», «теңіздің арғы жағындағы департаменттер», «теңіздің арғы жағындағы автономиялық бөліктер» делінетін метрополиялық иеліктер кездеседі. Латын Америкасындағы бірсыпыра отарларға өзін-өзі билеудің шек қойылған праволары берілген. Мұның өзі Батыс жарты шарындағы шағын халықтардың 60 жылдары ерекше өріс алған тәуелсіздік жолындағы куресінің нәтижесі болып табылады. Мыс., 1962 жылы Ямайка, Тринидад пен Тобаго тәуелсіздік алды, 1966 жылы Барбадос пен Гайана, ал 1973 жылы Багам аралдары ағылшын тәжінен бөлініп шықты.
Латын Америкасындағы елдерде роман тілдері: Бразилияда - португал, Гаитиде - француз, Тринидад пен Тобагода, Барбадос пен Гайанада, Ямайка мен Багам аралдарында - ағылшын, басқа елдерде - испан тілі мемлекеттік тіл болып табылады; бұл тілдер латын тілінің негізінде дамығандықтан Латын Америка деген атау туды.
16 ғасырдың алғашқы жартысында Латын Американ испан шапқыншылары басып алып, жергілікті ундістерді қырғынға ұшыратты, құлға айналдырды. Осы кезеңде Португалия Бразилия территориясына ие болды. 1810-1826 жылдар тәуелсіздік жолындағы соғыстар нәтижесінде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлініп шықты. 1822 жылы Бразилия Португалиядан бөлінді. Латын Америкасында сөз жүзінде дербес мемлекеттер құрылды. Соғыстан кейін Латын Америкасындағы бірсыпыра елдердің аса маңызды экономикалық буындарын уысына алған Англия өз үстемдігін қауырт күшейтті. Сондай-ақ АҚШ-тың ықпалы да арта түсті. 19 ғасырдың ортасында АҚШ Мексика территориясының жартысына жуығын, 19 ғасырдың аяқ кезінде Пуэрто-Рика мен Кубаны басып алды. АҚШ пен Англия арасында Латын Америкасына үстемдік орнату жолындағы күрес шиеленісті. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде АҚШ Латын Америкасынан Англияны ығыстыра түсті. 2-дүние жүзілік соғыста Латын Америка елдерінің көпшілігі антигитлерлік коалиция жағында болды. Фашистік блоктың талқандалуына байланысты азаттық күресі қайта өрлеп, Чили, Куба, Коста-Рика және Экуадорда коммунистердің қатысуымен коалициялық үкімет билікті өз қолдарына аліды. Дегенмен АҚШ монополистері 1948 ж; Америка мемлекеттерінің ұйымын құру арқылы Батыс жарты шарда экспансионистік саясатты жүзеге асырмақ болды. АҚШ 1948-1955 жылдар Перу, Венесуэла, Гватемала, Куба т. б. елідерде ұлт намысын аяққа басатын төртіп орнатты. Дүние жүзілік аренадағы күштер арасалмағы социализм пайдасына ойысуының нәтижесінде 50 жылдардың 2-жартысында демократиялық антиимпериалистік процестердің өрістеуіне қолайлы жағдай жасалды. Куба революциясы жеңді. Бұл Латын Америкасындағы жаңа дәуірдің басы болды. Куба халқы СССР және басқа да социалистік елдердің көмегімен солтүстік американ империалистердің агрессиясына тойтарыс беріп, социалистік қоғамның ірге тасын қалады. Латын Америка елдері СССР-мен белсенді қарым-қатынас жасай бастады. Соның нәтижесінде оның экономикасында түбегейлі өзгерістер туды, өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Сөйтіп, мұнда жұмысшы табының беделі артып, ол революция-демократиялық қозғалыстағы маңызды күшке айналды. 1960-1970 жылдар ереуілдерге қатысушылар қатары жыл сайын 20 млн. адамға жетті. 60 жылдардың ақырында Латын Америка кәсіп одақтары бірлігінің тұрақты конгресі мен Орталық американ кәсіподақ советі құрылды. 1973 жылы 24 елде қатарында 600 мың мүшесі бар Коммунистік партиялар қызмет атқарды. Өкімет басына 1968 жылы Перуде қарулы күштердің революцияшыл үкіметі, 1970 жылы Чилиде Халық бірлігі үкіметі келді. Түбегейлі демократиялық, аграрлық реформа жүзеге асырылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы өсірілді. Бірақ 1973 жылы қыркүйекте Чилиде әскери-фашистік төңкеріс жасалып, халықты қанды террорға ұшыратты. Бүкіл дүние жүзінің ақ ниетті адамдары Чили халқының фашизмге қарсы қозғалысын қуаттап отыр.
Бұл күнде Латын Америка халықтарының бүкіл дүние жүзілік баянды бейбітшілік үшін күрестегі ролі артты. Бүкіл құрылықта Куба, Панама, Перу халықтарымен туысқандық бірлік нығайды, дүние жүзілік антиимпериалистік қозғалыспен байланысы артты, азаттық қозғалысының әлеуметтік базасы ұлғая түсті.
Әдеб.: Нации Латинской Америки. Формирование. Развитие. Об. ст., М., 1964; Кастро Ф., Речи и выступления, пер. с исп., М., 1960; Гонионский С. А., Очерки новейшей истории стран Латинской Америки, М., 1964.
Жарияланған-2020-02-24 14:48:23 Қаралды-7197
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану