МАКЕДОНИЯ (Макеdоnіа) - Елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде, Вардар өзені алабында. Жері 25,7 мың км2. Халқы 2,1 млн. (2017), оның ішінде македондар 1142 мың. Албандар, түріктер, сербтер, хорваттар, черногориялықтар, болгарлар да тұрады. Ірі қалалары - Битола, Прилеп, Куманово, Тетово. Астанасы - Скопье (Скопле). Әкімшілік жағынан Македония қауымдарға бөлінеді.
Тарихы. Вардар Македониясының территориясында құрылды, бұл жер 1918 жылы Сербия құрамында серб, хорват словендер корольдыгының бір бөлігі болған (1929 жылдан Югославия құрамында). Вардар Македониясы Югославияның ең артта қалған аудандарының бірі болды. Дамымаған, мешеу ауыл шаруашылығында халықтың 1/3 бөлігі жұмыс істеді. Өнеркәсіп (негізгісі азық-түлік, түсті металл, темекі өндіру) мүлде артта қалды. Корольдық Югославияда үстем болган серб буржуазиясы Вардар Македониянда ұлттық езу саясатын жүргізді. «Македония» деген атау ресми қолданудан қалды; ұлтты сербтендіру саясаты жүргізілді. Бұл әлеуметтік- экономикалық, саяси езгіге қарсы қозғалыс күшейіп, ол македон ұлтының бірігуіне жағдай жасады. Македондықтардың мәдени қоғамдары мен үйірмелері құрылып, македон әдеби тілі қалыптасты, ұлттық әдебиетінің негізі қаланды. Сөйтіп македон ұлты қалыптаса бастады.
1941 жылы сәуірде неміс-фашист басқыншылары Югославияны жаулап алған соң, Вардар Македониясының үлкен бөлігі монархиялық-фашистік Болгарияның, қалған жері фашистік Италияның қол астына көшті. Югославия компартиясының басшылығымен елде халық-азаттық қозғалысы өрістеді. Вардар Македониясында 1941 жылы 11 қазанда басталған қарулы күрес бүкіл югослав халық-азаттық қозғалысының бір бөлігі болды. 1943 жылы Вардар Македониясындағы партизандар азат еткен жерлерде революция өкімет органдары - халық-азаттық комитеттері жұмыс істеді. Югославияның Халық-азаттық антифашистік вечасының 1943 жылы қарашада өткен 2-сессиясы жаңа Югославия тең праволы халықтардың (соның ішінде македондардың да) демократия федерациясы болып құрылатындығы туралы шешім қабылдады. Македонияның Халық-азаттық антифашистік жиналысы демократиялық федерациялық Югославияға кіретін Македонияның жоғарғы өкімет органы болып (1944 жылы 2 тамызда сол жиналыстың 1-сессиясында) заң жүзінде бекітілді. Совет Армиясы 1943 жылы қарашада Македония жерін азат етті.
1943 жылы сәуірде Македонияның тұңғыш халықтық үкіметі құрылды. 1945 жылы қарашада жарияланған Югославия Федерациялық Халық Республикасының құрамына енді. 1963 жылы сәуірде қабылданған конституция бойынша Македония - Югославия Социалистік Федерациялық Республикасының құрамындағы социалистік республика.
Компартияның басшылығымен Македонияда және бүкіл Югославияда түбегейлі революция өзгерістер жүзеге асты. Аграрлық реформа жасалды. Өнеркәсіп, сауда, банк, транспорт ұлт меншігіне алынды. Өнеркәсіп өнімі 1971 жылы 1939 жылдағыдан шамамен 35 есе дерлік артты. Македон халқының социалистік мәдениеті өркендеді.
Әдебиеті. Македония ұлт әдебиетінің қалыптасуына македон тіліндегі алғашқы өлеңдер жинағының («Ақшыл таң», 1939) авторы Кочо Рацин (1908-1943) зор ықпал етті. 1930 жылдарда революция халықтық-патриоттық дәстүрдегі К. Неделковски т. б. сияқты әдебиетшілер елеулі роль атқарды. Драматургияда реалистік бағыттың қалыптасуына В. Ильоски, А. Панов, Р. Крле туындыларының әсері тиді. Қазіргі Македония әдебиеті дүние жүзілік прогресшіл әдебиеттің, соның ішінде совет әдебиетінің, идеялық-көркемдік жетістіктерін игере отырып дамып келеді.
Қазіргі Македония әдеби тілінің нормасы соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде қалыптасты. Македонияның әдеби журналдары шыға бастады. Творчестволық ұйымдар - Македония жазушыларының одағы (1946), Поэзия мен әдебиет қоғамы (1959) құрылды. Соғыстан кейінгі жылдары азаматтық сарынға, жеңіс қуанышы мен жасампаз еңбек пафосына толы поэзия үлгілері басқа жанрлардан басым болды.
А.Поповски, Р. Павловски т.б. ақындардың мазмұн мен көркемдік форма саласындағы жаңаша ізденулері белгілі болды. 50 жылдардан бастап З. Йованович, В. Урошевич, Б. Гюзел т. б. поэзиясында модернистік бағыт бой көрсетті. 50-60 жылдары Македония әдебиетінде тұңғыш повесть, роман жанры туып қалыптасты. Македония романының негізін салушы С. Яневски шығармалары және И. Леов, С.Попов, С.Дракул романдары түрлі проблематикаға құрылып, фашизмге қарсы ұлт-азаттық куресті, халық үкіметі кезіндегі жағдайды бейнеледі. Кей жазушыларда реализмнен экзистенциялистік-сюрреалистік поэтикаға ауысу байқалады. Драматургия негізінен реалистік дәстүрде дамыды.
Македонияда тұратын түрік т. б. аз ұлттар әдебиеті де дамып келеді.
Архитектурасы мен бейнелеу өнері. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың 1-ширегінде МСР территориясында қала салу ісі жоспарлы түрде жүргізілмеді. Халық өкіметі билік құрған кезеңде құрылыс бас жоспар бойынша жүзеге асырылып, қалаларды абаттандыру ісі қолға алынды. 1963 жылғы жер сілкінісінен кейін жапон архитекторы К. Тангэнің жобасы бойынша Скопье қаласының орталығы қалпына келтірілді. 60 жылдары тұрғызылған құрылыстардың бастылары - неміс басқыншыларымен шайқаста қаза тапкандардың құрметіне Прилепте тұрғызылған комплекс (арх. Б. Богданович) пен Петровцадағы аэропорт ғимараты (арх. Д. Димитров пен Т. Димитров). Қазіргі бейнелеу өнерінің қалыптасуына 20-30 жылдары пейзаж, халық емірі көріністерін, портреттер мен натюрморттар жазу арқылы көзге түскен бір топ суретшілердің (Л. Личеноски, Н. Мартиноски т. б.) ықпалы мол болды. Осы кезеңде профессионалдық, мүсін өнері туды (Д. Тодоровски, П. Хаджи-Бошков т. б.). МСР бейнелеу өнерінде реалистік бағыт басым кескіндемешілер Д. Протуджер, Л. Мазев т. б.; мүсінші В. Митричевски т. б.). Бұл дәстүрді 60 жылдардағы суретшілер жаңа ізденіспен толықтырды (кескіндемешілер Г. Чемерски, С. Шемов, график Д. Перчинков, мүсінші С. Маневски). Македония өңірінде 4-6 ғасырларға дейін өмір сүріп келген Отоби, Скупи, Гераклеи қалаларының орны сақталған. Орта ғасырлық архит. ескерткіштерінен Византия сәулет онерінің ықпалы байқалады. Түріктер жаулап алғанға дейінгі байырғы ескерткіштерден сақталғандары: Скопьедегі қамал-қабырғаның (535), Самуил патша қамалының (11 ғ.), Струмнцадағы қорған қалдықтары. 13 ғасырдың аяғынан бастап ғимарат қасиеттері нақышты тас немесе кірпіш қалаумен әсемделіп отырды. Тұріктер үстемдік құрған дәуірде мешіттер мен минареттер, керуен сарайлары, мұнара іспетті тұрғын үйлер салынды. 18-19 ғасырларда тамаша монастырьлар ансамбльдері мен халықтық үлгідегі баспаналар ірге көтерді. Македония орта ғасырлық бейнелеу өнерінен фреска жанры елеулі орын алды. Орта ғасырлық Византия фрескасының тамаша үлгісі Охридтағы әулие София ғибадатханасы (11 ғасырдың ортасы) мен Нерезидегі әулие Пантелеймон шіркеуінде (1164) сақталған. Византия фрескасының Македонияда өркен жаюы Михаил және Евтихи есімдерімен тығыз байланысты. Олар нақыштаған әулие Климент лен Ескі Нагоричинодағы әулие Георгидің шіркеулері осының айғағы. Лесноводағы әулие Михаил мен Гавриил және Матейчедегі Құдай-ана шіркеулеріндегі фрескалық топтамалар образ ауқымдылығымен, мәнер ерекшелігімен көз тартады. Түріктер билік жүргізген дәуірде Македония өнері біршама құлдырады. 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап кескіндеме Батыс пен Россия бейнелеу өнері ықпалында болды.
14 ғасрдағы ағаш ою өнері фольклорлық сипат алды. 17-19 ғасырда реалистік тұрғыда бейнеленген хайуанаттар және адам фигуралары көгеріс өрнекпен ұласа қолданылды. Дебар қаласында иконостас қашау мектебі бар. Ағаш ою, сондай-ақ ертеден келе жатқан сән және қосалқы өнер туындыларын (күміс шеку, кесте, кілем тоқу т. б.) жасау Македонияда халық өнеркәсібі түрінде дамыған.
Музыкасы. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында зиялылар музыка мәдениеті ірге тебе бастады. Ұлттық музыка өнерін қалыптастыруда елеулі роль атқарған мәдени-ағарту қоғамдары пайда болды. 1895 жылы Скопьеде үрлемелі аспаптар оркестрі, 1907 жылы «Вардар» атты әншілер қоғамы ұйымдастырылды. 1900 жылы тұңғыш профессионал музыкант А. Бадев (Н. А. Римский- Корсаков пен М. А. Балакиревтің шәкірті) творчестволық қадамын бастады. 1928 жылы педагог С. Арсич Скопьеде тұңғыш музыка мектебін ұйымдастырады. 1934 жылы осы қалада Мокраняц атындағы музыка мектеп ашылып, 1937 жылы ішекті аспаптар квартеті құрылды. 30 жылдары С. Гайдов, Ж. Фирфов сынды профессионал композиторлар дүниеге келді. 30 жылдардың аяғында Македония музыка мәдениетін насихаттауда елеулі еңбек еткен орындаушылар мен композиторлар: П. Богданов-Кочко, И. Джувалековски, Т. Скаловски, И. Кастро. Тұңғыш рет Македония композиторлары шығармаларының жинағы жарық көрді. 1941-1945 жылғы ұлт-азаттық соғысы кезінде көпшілікке арналған латриоттық әндер пен вокальдық шығармалар туды.
60-70 жылдардың бас кезіндегі Македонияның белгілі композиторлары Т. Прокопьев, Б. Ивановски, В. Николовски, Т. Прошев т. б. Скопьеде Филармония (1944), Македон ұлттық театрының жанында Мемлекеттік опера (1947), Педагогика институты жанындағы орта музыка мектеп пен музыка кафедрасы (1953) бар. Радиосында хор (1945) және ішекті аспаптар квартеті (1946) жұмыс істейді. Композиторлар одағы құрылған.
Театры. 1901 жылы В. Чернодринскидің басшылығымен «Қамқорлық және жұбату» атты театр труппасы құрылды. Оның репертуары патриоттық-үгіттік сипат алды. 1903 жылы бұл труппа Белградта және Сербияның қалаларында ойын қойып, көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. 1913 жылы Скопьеде тұрақты Серб халық театры ұйымдастырылды. 1927-1928 жылдар осы театр сахнасында македон тіліндегі тұңғыш профессионалдық спектакль - В. Ильое кидің «Қашқын әйелі» қойылды. Битола мен Штип қалаларында профессионалды тұрақты театр құруға талпыныс жасалды. 20-30 жылдары прогресшіл репертуары бар көптеген жұмысшы және студент жастардың әуесқой театрларының саны артты. 1941-1945 жылғы Ұлт-азаттық соғыс кезінде партизан отрядтары жанынан театрлық бригадалар мен үгіт коллективтері ұйымдастырылды.
Югославияны фашист басқыншыларынан азат еткеннен кейін (1945) Скопьедегі Халық театры Македон халық театры деп аталды. Театрда драма, балет және опера труппалары бар. Драма труппасы алғаш А. Е. Корнейчуктың «Платон Кречетін» қойды. Театр репертуарынан Югославия драматургтарының (Б. Нушич, М. Крлежа, В. Ильоски, Р. Крле) қазіргі македон авторларының (К. Чашуле және Т. Арсовски), шетел классиктерінің (У. Шекспир, Ф. Шиллер, П. Корнель, А. П. Чехов, М. Горький), қазіргі шетел драматургтарының (Б. Брехт, Ф. Гарсиа Лорка) пьесалары орын алды. Труппа құрамында Т. Николовски, П. Прличко, К. Стоянов, И. Джувалековски, М. Бошкова, Д. Пуцкова, И. Милчин т. б. бар. Театрдың көркемдік жағын басқарушылар (Д. Костаров, М. Милчин, Б. Ставрев) творчестволық іздену барысында негізінен К. С. Станиславский жүйесіне сүйенеді. Белгілі театр зерттеушісі - И. Бошковски. Театр жұмысына Югославияның басқа республикаларының қайраткерлері де белсене араласады.
Әдеб.: История Югославии. т. 2, М., 1963; Беляева Ю. Современнная македонская проза, в кн.: Развитие зарубежных славянских литератур на современном этапе, М., 1966; Алёшина Л. С., Яворская Н. В. Искусство Югославии. Очерки, М., 1966.
Жарияланған-2020-02-21 17:56:09 Қаралды-2413
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану