UF

ГВАТЕМАЛА (исп. Guatemala), Гватемала Республикасы (исп. República de Guatemala) - Орталық Америкадағы мемлекет. Батысы мен солтүстігі Мексикамен, солтүстік-шығысы Британ Гондурасымен, оңтүстік-шығысы Гондурас және Сальвадормен шектеседі. Шығысында Кариб теңізі, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тынық мұхит. Жері 108,9 мың км2, халқы 14,3 млн. (2013). Әкімшілік жағынан 22 департаментке бөлінеді. Астанасы – Гватемала қаласы.

Гватемала - Гватемаланың астанасы. Елдің оңтүстік бөлігінде, тау аңғарын бойлай орналасқан. Жол торабы. Тамақ, мата тоқу, тері илеу, аяқ киім кәсіпорындары және 4 университет, ұлттық консерватория, Гватемала академиясы (1930) т. б. мәдени ошақтары бар. Қала іргесі 1524 жылы қаланды

Мемлекеттік құрылысы. Гватемала - республика. Қазіргі конституциясы 1965 жылы қабылданған. Мемлекет пен үкімет (Мин. Советі) басшысы - 4 жылға сайланатын президент, ол - қарулы күштердің де қолбасшысы. Президенттің қасынан консультативтік орган - Мемлекеттік совет құрылады. Заң шығаратын өкіметтің жоғары органы - төте сайлаумен 4 жылға сайланатын құрамында 55 депутаты бар бір палаталы парламент (Ұлттық конгресс). 18 жасқа толған барлық ерлер және оқи, жаза білетін 18 жастаты әйелдер дауыс беруге праволы. Сот жүйесі Жоғарғы сот, 6 апелляциялық сот және 28 бірінші инстанциядағы соттардан құралады.

Табиғаты. Жерінің жартысынан астамы таулы қырат (биіктігі 1000-3000 м) солтүстік бөлігін Петен үстірті (биіктігі 250 метрге дейін) алып жатыр. Жер сілкінуі күшті және жиі болып тұрады. Пайдалы қазындылары: полиметалл, хром, марганец рудалары, алтын, күміс, мұнай. Климаты субэкваторлық, пассатты-муссондық; орташа температурасы: жазық бөлігінде 23, 27°С, таулы қыраты жағында 15-20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мл-ден 3500 мм-ге дейін. Жерінің 3/4-і орман; латерит және қызыл қоңыр топырақты келеді. Маймыл, ягуар, ірі кесіртке т. б. кездеседі.

Халқының жартысына жуығы - испандар мен үндістердің арасынан шыққан будандар; қалғаны соке-майя тілінде сөйлейтін үндіс тайпалары; олардың ішінде саны көбіректері (1967): киче (580 мың), какчикель (350 мың), маме (300 мың), кекчилер (250 мың). Ресми тілі - испан тілі, діні - католицизм. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 46 адамнан келеді; 25%-тен астамы қалаларда тұрады. Ірі қалалары: Гватемала (770 мың, 1970), Кесальтенанго, (47,4 мың), Пуэрто-Барриос (24,6 мың).

Тарихы. Б. з. б. 2-мыңжылдықта Гватемала Жерін көптеген үндіс тайпалары мекендеді. Олар жүгері, мақта т. б. дақылдар өсірумен, аң және балық аулаумен шұғылданды. Сонымен қатар, құрылыс салуда, сәулет өнерінде, астрономияда, жазу ісінде тамаша жетістіктерге жетті. 15 ғасырдың аяғындағы үндіс тайпаларының өзара қан төгіс соғысы экономикалық өмірдің құлдырауына әкеліп соқтырады.

1523 жылы испан отаршылдары Гватемала жеріне басып кірді. Жергілікті халық басқыншыларға қарсы аянбай күресті. Алайда, үндіс тайпаларының өзара алауыздығын пайдаланған басқыншылар ақыры олардың қарсылығын тойтарып, Гватемала жерін басып алды. Көптеген үндіс тайпалары түгелдей жойылды. Гватемала Испанияның отарына айналды. 1560 жылы Гватемала генерал-капитандығы ұйымдастырылып, оның құрамына Орталық Америка (түгелге жуық) және қазіргі Мексиканың бір бөлегі кірді. Испандықтар құнарлы жерлерді тартып алып, жергілікті халықты құлдыққа салды. Шаруашылықтың негізгі саласы - ауыл шаруашылық. Жүгері, какао, индиго, ал 17 ғасырда кофе, қант құрагы өсірілді.

19 ғасырдың басында Гватемалада тәуелсіздік жолындағы күрес өрістеді. Бұған әсіресе Америкадағы испан отарларының тәуелсіздік үшін соғысы (1810-1826) күшті әсер етті. 1821 жылы 15 қыркүйекте Гватемала қаласындағы креол тұрғындары өкілдерінің жиналысы Гватемаланың Испанияға тәуелсіздігін жариялады. Испанияның езгісінен құтылғаннан кейін Гватемалада екі партия - либералдар мен консерваторлар партиясы құрылды. Бұлардың арасында елді қалай басқару керек деген мәселеде өзара қызу күрес туды. Либералдар демократиялық конституция енгізуді, шіркеу меншігін конфискелеуді, жер реформасын жүзеге асыруды талап етті. Консерваторлар ірі жер иелері мен дін басылардың мүддесін қорғап, олардың тәуелсіздік жолындағы соғысқа дейінгі артықшылық жағдайын сақтауды қуаттады. 1823 жылы 1 шілдеде бұрыңғы генерал-капитандықтың провинция өкілдерінің Ұлттық ассамблеясы федеративтік республика - Орталық Американың құрама провинциялары құралғанын (астанасы - Гватемада қ.) жариялады.

Либералдар мен консерваторлардың федерация тұсында да жалғасқан күресі қарулы қақтығысқа айналып, 1829 жылы Ф. Морасан бастаған либералдардың женісі - иен аяқталды. Федерацияның президенті болып сайланған гондурастық Морасан (1829-1838) бірқатар прогресшіл реформаларды жүзеге асырды. 1838 жылы гватемалалық Р. Каррера бастаған консерваторшыл күштер Морасанның әскерін талқандады. 1839 жылы Каррера федерация туралы пакетінің бұзылғанын жариялады. Орталық Американың федерациясы Гватемала, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика сияқты дербес мемлекеттерге бөлінді. Өкімет басына келген диктатор Каррера (1844-1848 және 1851-1865) ірі жер иеленушілерге негізделген әлеуметтік-экономикалық құрылысты сақтауға тырысты. Каррера мен оның ізбасары Висенте Сернаның (1865-1871) тәртібіне наразы болған либералдар 1871 жылы қарулы көтеріліс жасады. Өкімет басына келген либерал Р.Баррьостың үкіметі жүргізген бірқатар реформалар ел экономикасының дамуына себепкер болды. Помещиктердің жерлері конфискеленді, оқу реформасы жүзеге асырылды. 1879 жылы жаңа конституция қабылданды.

19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында Гватемала экономикасына американ мононолиясы ене бастады. Гватемала 1-дүние жүзілік соғыс (1914-1918) кезінде Германияға қарсы соғысты. 20 ғасырдың басында саяси өмірге жаңа қоғамдық күштер араласа бастады. Алғашқы жұмысшы ұйымдары құрылды. Ауыл шаруашылық жұмысшыларының кәсіподақтары Жұмысшы қоғамдарының федерациясына бірікті. 1922 жылы Гватемала Коммунистік партиясы ұйымдасты. 1931 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін өкімет басына келген тен. X. Убико (1931-1944) қанды диктатура орнатты. Оның тұсында буржуазия-демократиялық бостандық атаулының бәрі жойылып, прогресшіл ұйымдар қудаланды, Гватемала Компартиясы өмір сұруден қалды. Елде американ капиталы мықтап орнықты. 1941 жылы АҚШ 2-дүние жүзілік соғысқа қатысқаннан кейін, Гватемала Германия, Жапония және Италияға қарсы соғыс жариялап, өзінің барша теңіз және әуе базаларын АҚШ-тың билігіне берді. 1944 жылы маусымда халық қозғалысы Убико диктатурасын құлатты.

Өкімет басына Гватемаланың барлық демократиялық күштері қолдаған X.Аревало (1945-1951) үкіметі келді. 1945 жылы наурызда буржуазиялық-демократиялық жаңа конституция қабылданды; ол бірқатар прогресшіл әлеуметтік-экономикалық принциптерді жария етті. Прогресшіл ұйымдар астыртын жағдайдан шықты. 1949 жылы қайта құрылған Гватемала Коммунистік партиясы (1952 жылы желтоқсаннан Гватемала еңбек партиясы (ГЕП) маңызды роль атқара бастады. СССР-мен дипломатиялық қатынас (1945) орнатылды. Аревалоның орнына келген X. Арбенс Гусман (1951-1954) Гватемаланың саяси өмірін демократияландыруға, тәуелсіз экономика құруға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Аграрлық реформа жөніндегі Заң (1952) ауыл шаруашылығындағы американ монополиясының устемдігін жойды. Табиғи байлықтар мемлекеттік қорғауына алынды. 1951 жылы Гватемала еңбекшілерінің Жалпыға бірдей конфедерациясы құрылды. Арбенстің үкіметі Гватемаланың ішкі істеріне АҚШ-тың араласуына үзілді- кесілді қарсы шықты. Гватемаладағы демократиялық өзгерістерден және оның Латын Америкасындағы азаттық қозғалысқа тигізер әсерінен сескенген АҚШ империалистері Гватемаланың реакциялық кұштеріне сүйене отырып, 1954 жылы маусымда Гватемалаға қарулы интервенция жасады. X. Арбенс биліктен тайдырылып, елде К. Кастильо Армастың диктатурасы орнады. Бұл төңкеріс Гватемаладағы 1944-1954 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жойды. 1945 жылғы конституция күшін жойып, прогресшіл ұйымдарға тыйым салынды. 1957 жылы Армас өлтірілді. 1958 жылы өкімет басына М. Идигорас Фуэнтес (1963 жылға дейін) келді. Оның үкіметі ірі помещиктер мен буржуазияның мүддесін қорғап, Армастың реакциялық саяси бағытын ұстанды. 1957-1963 жылдар Гватемаладағы американ күрделі қаржысының мөлшері 60% өсті. Фуэнтестің саясаты еңбекшілердің наразылығын өршітті, жұмысшылар, темір жолшылар ереуіл жасады. 1963 жылы Ереуілшілердің қарулы күштері құрылып, партизан қозғалысы өріс алды. Оған ГЕП белсене қатысты. Халық қозғалысының өршуінен қорыққан реакциялық күштер 1963 жылы 31 наурызда мемлекеттік төңкеріс жасап, полк. Э. Перальта Асурдияның (1963-1966) әскери диктатурасы орнады. 1966 жылы Революция партияның (1957 жылы құрылған) лидері X. С. Мендес Монтенегро өкімет басына келді. Ол бір-қатар игі шараларды жүзеге асырды. Алайда, кейін сыртқы және ішкі реакцияның қысымымен саяси бағытын күрт өзгертті. Гватемалада саяси қызметке бірнеше рет тыйым салынды, азаматтық праволар күшін жойды. АҚШ монополияларының қолдауымен ұлттық-патриоттық қозғалысты жаппай террор жолымен жаныштауға ұмтылған ұйымдар құрылды. 1968 жылы солшыл элементтердің әрекеті салдарынан ереуілшілердің қарулы күштері жікке бөлінді. ГЕП өз алдына дербес қарулы ұйым - Революция қарулы күштерді құрды. Мендес Монтенегро үкіметі сыртқы саясатта АҚШ-тың Вьетнамдағы, Үндіқытайдағы агрессиясын қолдады, Латын Америкасындағы реакциялық тәртіппен әскери ынтымақты жақтады.

1970 жылы наурыздағы президент сайлауы аса шиеленіскен саяси жағдайда өтті. Полковник К. Арана Осорио президент болып сайланды. Мұның тұсында да американ монополияларының Гватемалаға енуі күшейді. Арана Осорионың тәртібіне қарсы халық наразылығы өрши бастады. 1970 жылдың аяғында студенттер зорлық-зомбылыққа қарсы күресуші Ұлттық майдан құрды. Сол жылы еңбекшілердің талабын қолдайтын Ұлттық кәсіподақ майданы ұйымдасты.

Экономикасы. Гватемала - мешеу қалған аграрлы ел; негізгі кәсібі - тропиктік дақылдар өсіру. Экономикасы шетел капиталына, оның ішінде АҚШ капиталына тәуелді. Экономикасының негізгі саласы - ауыл шаруашылық. Еңбек етуші халықтың 64%-і ауыл шаруашылығында істейді. Жалпы ұлттық өнімінің 33%-ке жуығы ауыл шаруашылығынан өндіріледі. Ірі жер иеленушілік үстемдік етеді. Басты дақылдары - кофе (1968 жылы 104,4 мың т), мақта (1968 жылы егісі 94 мың га, өнімі 74 мың т). Тағамдық дақылдардан жүгері, күріш, лобия, картоп, овощ егіледі. Егін және плантация шаруашылығы негізінен Тынық мұхит жағалауында. 1967-1968 жылдар 1,4 млн. ірі қара, 0,2 млн. жылқы, 0,8 млн. қой, 0,6 млн. шошқа болды. Бальса, бакаут т. б. бағалы ағаштар (1965 жылы 7 млн. м2) дайындалады.

Өнеркәсібі жалпы ұлттық өнімінің 17%-ке жуығын (1968) береді. Жер қойнауы нашар зерттелген. Аздап мырыш, қорғасын, күміс, тұз өндіріледі. 1969 жылы 570 млн. квт-сағат электрэнергиясы алынды. Мұнай айыру, мата тоқу, тамақ, аяқ киім, ағаш өңдеу кәсіпорындары бар. Негізгі өнеркәсіп орталықтары - Гватемала, Кесальтенанго қалалары. «Интернэшонал никл оф Канада» компаниясы никель кен байыту комплексін салып жатыр (1971). Онда Исабаль көлі атырабындағы латерит қабаттары пайдаланылатын болады.

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 1,3 мың км (1968), тас жолдары 13 мың км (1968). Гватемала арқылы Панамерикан автомобиль жолы (511 км) өтеді. Басты теңіз порттары: Пуэрто-Барриос, Санто-Томас (Кариб теңізі жағасында), Сан-Хосе және Чамперико (Тынық мұхит жағасында). Өзінің сауда флоты жоқ. Гватемала қаласында аэропорты бар.

Сыртқы саудасы. Басқа елдерге кофе, мақта (тазаланбаған), банан, ағаш шығарады; шеттен азық-түлік тұтыну товарлары, автомашиналар, құрал-жабдықтар, мұнай және овощ өнімдері әкелінеді. Басты сыртқы сауда серіктері - АҚШ, ГФР, Орталық американ жалпы рыногының елдері, Жапония. Ақшасы - кетсаль.

Денсаулық сақтау ісі. 1968 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 42,5, адамның өлімі 13,3; тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 93,8. Адам өмірінің орташа ұзақтығы 47,5 жас. Гватемалада көбіне эндемиялық бұғақ, түрлі микоз, жұқпалы ішек-қарын аурулары, балалар арасында кул, көкжөтел, сіреспе жиі кездеседі. 1969 жылы Гватемалада 1,2 мың дәрігер, 200 тіс дәрігері, 205 фармацевт, 760 медсестра және 95 акушер болды. Дәрігерлерді Гватемала мемлекеттік университетінің медицина факультеті дайындайды.

Оқу-ағарту ісі. Гватемалада 1945 жылы жарияланған 7-ден 14 жасқа дейін жаппай міндетті тегін (ақысыз) оқу заңы іске асырылмай келеді. 1964 жылы тұрғын халықтың 15 жастан асқандарының 62,1%-і (селолық жерлерде 87,8%) сауатсыз болды. 4-5 жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер бар. Бастауыш мектептер қалада 6 жылдық, селолық жерлерде 3 жылдық. Орта мектеп 5 жылдық (екі циклде:      3 және 2 жылдық оқу).

1967 жылы мектепке дейінгі мекемелерде мың бала тәрбиеленді. 1967-1968 оқу жылында бастауыш мектептерде 457,1 мың оқушы, орта мектептерде 43,6 мың оқушы болды. Кәсіптіқ дайындықтар 6 жылдық бастауыш мектептер базасындағы 4 және 5 жылдық кәсіптік мектептерде іске асырылады. Бастауыш мектеп мұғалімдерін 6 жылдық бастауыш мектеп базасындағы мұғалімдер дайындайтын мектептер (5 жылдық), ал орта мектеп мұғалімдерін университеттер даярлайды. 1967-1968 жылдар кәсіптік дайындық жүйесінде 10,4 мың оқушы, мұғалімдер дайындайтын қалыпты мектептерде 7,6 мың оқушы оқыды. Жоғары оқу орындары: Сан-Карлос мемлекеттік университеті (1676 жылы құрылған). Гватемала қаласында Рафаэль Ландивар, Мариано Гальвес, дель-Валье сияқты жеке адамдар қарауындағы университеттер бар. 1968-1969 оқу жылында университеттерде 11,4 мың студент оңыды. Гватемалада Ұлттың кітапхана (1879 жылы құрылған, кітап қоры 75 мың дана), Археологиялық және этнографиялық ұлттық музейі (1948), Тарих және әсемдік өнерінің ұлттық музейі (1935) бар.

Әдеб.: Гонионский С. А. Очерки новейшей истории стран Латинской Америки, М., 1964; Томас А. Б. История Латинской Америки, пер. с англ., М., 1960.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-27 16:21:05     Қаралды-2066

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »