UF

ГВИАНА, франциялық (Guyane française) – Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс бөлігіндегі ел, Францияның отары. Суринаммен, Бразилия меншектеседі. Солтүстік және солтүстік-шығыс жағы Атлант мұхитымен жалғасады. Жері 91 мың км2. Халқы 296,7 мың (2019). Әкімшілік жағынан франциялық үкіметі тағайындаған префект билейді; 6 жылға сайланатын Бас советі бар. Франция парламентіне Гвиананың 2 депутаты (бірі Сенатта, екіншісі Ұлттық жиналыста) қатысады. Орталығы - Кайенна қаласы. 2 округқа бөлінеді.

Табиғаты. Гвиана таулы үстіртінің солтүстік-шығыс жағын алып жатыр. Жері белесті жазық. Пайдалы қазындылары - алтын, боксит. Климаты субэкваторлық, ылғалды, ыстық. Кайеннада ауаның айлық орташа температурасы 28°, 29°С. Жауын-шашын мөлшері 3210 мм. Ірі өзендері -Марони, Ояпоки. Жерінің 95%-і мәңгі жасыл орман және саванна. Маймыл, ягуар т. б. аңдар кездеседі. Өзендері балыққа бай.

Халқының 80%-і негрлер мен мулаттар, 10%-і үндістер, қалғаны- француз, қытай т.б. Ресми тілі – француз тілі. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 0,5 адамнан; 50%-і қалада тұрады. Ірі қалалары - Кайенна, Куру.

Тарихи анықтамасы. Гвиана жеріне алғашқы француз отаршылдары 1604 жылы келді. Олар жергілікті үндіс халқы нығыстыра және қырып-жоя отырып, 1634 жылы Кайенна қаласының іргесін қалады. 17 ғасырдан 19 ғасырдың басына дейін Гвиананы иемдену үшін голландықтар, ағылшындар, француздар бір-бірімен қырқысты. Гвиана мезгіл-мезгіл қолдан-қолға өтіп отырды. Ақырында, 1817 жылы мұнда француздар орнықты. 17 ғасырдың аяғынан бастап африкалық негр – құлдарды қанауға сүйенген плантациялық шаруашылық дамыды. 1794 жылы құлдыққа тыйым салынды, бірақ 19 ғасырдың басында қайтадан қалпына келтірілді, құлдық бір жолата 1848 жылы ғана жойылды. Ұлы Француз революциясы кезінен бастап Гвиана «сенімсіздерді» айдауға жіберетін жерге айналды. Париж Коммунасы (1871) құлағаннан кейін, көптеген коммунарлар Гвианаға айдалды.

1946 жылы Гвиана Францияның - «теңіздің ар жағындағы департаменті» статусын алды. Гвиана халық одағы партиясы (1958), Гвиана социалистік партиясы т. б. прогресшіл күштер Гвианаға автономия беруді талап етуде.

Экономикасы мешеу дамыған аграрлық ел. Жерініц 0,1 %-і егістік, 0,6%-і шалғын мен жайылым. Басты ауыл шаруашылық дақылы-қант қамысы, какао, банан. Күріш, жүгері, маниок, көкөніс егіледі. 1967-1968 жылымал саны (мың): іріқара 2, шошқа 6. 1968 ж. 159 кг алтын, 20,3 млн. квт-сағ электрэнергиясы өндірілді. Жылына 100 мың м2 ағаш дайындалады, 3,5 мың тонна балық ауланады. Тас жолы 272 км. Темір жолы жоқ. Теңіз порты - Кайенна. Сыртқа алтын, ағаш, ром шарабы шығарылады. Импорттық товарлары - азық-түлік, жанар май, мата, өнеркәсіп құрал-жабдық. Сыртқы сауда әріптестері: Франция, Суринам, Мартиника, АҚШ. Ақшасы - француз франкі.

Ағарту жүйесі Франция заңына негізделіп жасалған, оқу француз тілінде жүргізіледі. Бастауыш мектебі 5 жылдық, орта мектебі толық емес (коллеж, 4 жылдық) және толық (лицей, 7 жыл) болып бөлінеді. Жоғары оқу орны жоқ. Астанасында шағын кітапхана, музей және Пастер атындпғы тропиктік аурулар ғылыми-зерттеу институты бар.

Гвиана ағысы - Атлант мұхитының Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс жағасындағы жылы ағысы, Оңтүстік Пассат ағысының тармағы. Сан-Роки мүйісі (Бразилия) тұсынан басталып, Солтүстік Пассат ағысына қосылғанға дейін Гвиана жағасын бойлай солтүстік-батысқа қарай ағады. Суының орташа температурасы 27°С, тұздылығы 35,0-36,5%, жылдамдығы 3 км/сағ.

Гвиана таулы үстірті - Оңтүстік Американың солтүстік-шығысындағы таулы үстірт. Ориноко, Амазонка ойпаттары, Анд таулары және Атлант мұхиты аралығында. Биіктігі 3014 м-дей (Неблина тауы). Оңтүстік Америка платформасының ертедегі фундаментінің антеклизасы. Негізінен кей жерлерін протерозойлық кварцитті құм тас, конгломерат жауып жатқан, метаморфизмге шалынған архейлік жыныстардан түзілген. Жоғарғы архейлік жыныстарда темір (негізінен солтүстігінде), алтын, алмас, қалың үгілу қыртысында боксит, марганец (көбінесе шығысында) кендері бар. Рельефі негізінен төбелі жазықты (биіктігі 150-400 м), орталық бөлігі таулы (Серра-Имери, Пакарайма, Парима құмды үстірттері, Ауян-Тепуи, ЛаГран-Сабана т. б. тау массивтері) келеді. Құмды үстірттер (биіктігі 910 м) батыс аймақта да бар. Орталық аймақтың батысында (биіктігі 2400 метрдей), Гвиана-Бразилия шекарасында (1000 метрге дейін), Суринаманың орталығында (1280 м) жақпарлы кристалды массивтер мен бұйраттар кездеседі. Климаты көбіне ыстық субэкваторлық. Айлық орташа температурасы 22°С-тан 28°С-қа дейін. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 3500 мм (орталығында 1200-1700 мм). Батысында үнемі ылғалды экваторлық климат. Гвиана таулы үстіртінің батыс және шығыс аймақтарында ылғалды мәңгі жасыл орман, орталығында жапырағын түсіретін мәңгі жасыл орман өседі. Ықтағы беткейлері - ойдым-ойдым саванна. Үстіртте кең танау маймыл, құмырсқа жегіш, сауыттылар, құстар, бауырымен жорғалаушылар кездеседі.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1978. – Бас редактор М.Қ.Қаратаев. –Т.6. -С.363-378.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-23 11:43:17     Қаралды-3361

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »